Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет71/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   250
Классификациясы
Маржан полиптер класы бес класс 
тармағына бөлінеді, оның үшеуі құрып кеткен, екеуі ғана бар.
ҮІАРЖАНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ -
OCTOCORALLIA
Бұл класс тармағына жататын полиптердің сегіз қармалауышы, 
сегіз септасы, сегіз камерасы болады. Қаңқасы іштей орналасып, 
мезоглея қабатында түзіледі. Негізгі отрядтары: альционария - 
Аісуопагіа, мүйізді маржандар 
Gorgonaria, теңіз қауырсыны 
Pennatularia.
Альционария немесе жұмсақ маржандар - Alcyonaria отрядына 
қарапайым құрылысты колонияльды полиптер жатады. Қаңқасы әр 
түрлі ізбесті инелерден құралып, бір-бірімен тұтаспай, мезоглея 
қабатында шашыраңқы түрде бос орналасады. Колониялары ағаш 
тәрізді, жұмсақтау болып төселіп жатады, олар Alcyonium терілі 
маржандар және әрбір полиптің айналасында қаңқа түтігі құрылып 
колониялары шомбал пішінді болып келетін 
Tubipora 
мүшелі 
маржандар. Alcyonium, Tubipora, Nephthia туыстастарының өкілдері 
тропиктік теңіздердің жағалауларында кең тараған.
Колониялары сары, қызыл немесе қоңыр тұсті. Germesia туысы- 
ның өкілдері Ресейдің солтүстігі мен Қиыр Шығысындағы теңізде- 
рінде кездеседі.
Горгонария немесе мүйізді маржандар Gorgonaria - отрядының 
ерекшелігі 
ағаш тәрізді колонияларының осінде спикулалардан 
басқа жартылай ізбестелген мүйізді діңгегі (стержень) болады. Олар- 
дың құрамында йодтың мөлшері мол болып келеді, сол себептен орта 
ғасырда горгонариялардың қаңқасын үгітіп дәрі-дәрмек ретінде 
қолданған. Ең маңыздысы қызыл немесе асыл маржандар Corallium 
rubrum. Ол Жерорта теңізінде және Атлант мүхитының Канар аралда- 
рында 50 м тереңдігінде кездеседі. Қаңқасы ізбесті спикулалардың 
бір-бірімен өзара берік қосылуынан пайда болады. Колонияның 
ішінде цилиндр тәрізді ізбесті діңгек өтеді, ал сырты ценосарк деп 
аталатын жұмсақ қабықпен қапталынған. Сыртқы қабығы мен ішкі 
қаңқасы қызыл, кейде алқызыл түсті болады, осындай түсті болуы 
спикулаларына темір тұздарының жинақталуына байланысты. Қызыл
124


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
маржандардың кәсіптік маңызы бар, олардан зергерлік бұйымдар 
жасайды.
Теңіз қауырсыны Pennatularia - отрядына әсем түсті, тарамдал- 
маған ірі колонияльды полиптер жатады. Колонияның негізгі діңгегі 
алғашқы полиптің ұзарған денесінен құралып, оның жоғарғы жағында 
екі қатар параллель тәртіпте өте нәзік полиптері орналасқан. Колония 
төменгі сабақ жағымен су түбіне батып тұрады, Колонияның 
ұзындығы 40-60 см, ал Umbellula encrinus, Um. magniflora-ның 200 
c m

Umbellula туысының өкілдері Атлант мүхитының солтүстігінде, 
терең жерлерде мекен етеді. Атлант мүхитында және Жерорта 
теңізінде 20-40 м тереңдікте Veretillum cynomurium, ал Атлант, 
Тынық, Үнді мұхиттарында әр түрлі тереңдікге Pennatula phosphorea 
кездеседі. Колониялары қызыл сары түсті. Pennatula, Veretillum 
туыстарының өкілдері өз денесінен жарық шығарады. Жарықты 
шығаратын эктодерма без клеткаларының сілекейлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет