Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ТӨРТ СӘУЛЕЛІ МАРЖАНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ -



Pdf көрінісі
бет73/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   250
ТӨРТ СӘУЛЕЛІ МАРЖАНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ -
TETRACORALLA НЕМЕСЕ RUGOSA
Өліп біткен полиптер. 
Палеозой эрасында кең тараған. Ордовик 
пен силур дәуірінде жиі кездескен, бірақ ең басты өркендеу дәуірі 
тас көмір. Олар риф құрушы полиптердің бірі болған. Негізінен жеке, 
ал кейде колониальды формалар да тіршілік еткен, пішіні бокал тәрізді 
(Omphiuma туысында). Төрт склеросепталары жақсы дамыган, осы- 
тан орай полиптерді төрт сәулелілер деп атаган. Rugosa деп аталуы 
қаңқасының сыртқы бетінде сақиналы әжімдерінің болуында.
ТАБУЛЯТА КЛАСС ТАРМАҒЫ - TABULATA
Өліп біткен полиптер. 
Кембрий дәуірінің қазбаларынан белгілі. 
Ордовик, силур және девон дәуірлеріңде кең тараған, маржан 
рифтерінің түзілуіне қатысқан, ал мезозой эрасының басында 
түгелімен құрып кеткен. Колониялы формалары басым болып, жеке 
түрлері сирек кездескен. Склеросепталары алтыта еселеніп келген, 
бірақ олар толық жетілмей, қатар-қатар орналасқан.
ГЕЛИОЛИТИДА КЛАСС ТАРМАҒЫ 
HELIOLITIDA
Өліп біткен полиптер. 
Палеозой эрасында кең тараған, сол 
себептен палеозойдың геологиялық қабаттарының жасын зертте- 
уіндегі негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Тек колониальды 
формалары тана болтан, склеросепталарының саны 12.
126


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ІШЕКҚУЫСТЫЛАР (COELENTERATA) ТИПІНІҢ
ФИЛОГЕНИЯСЫ
Нағыз көп клеткалы жануарлардың тобындағы ең қарапайым 
құрылысты - ішекқуыстылар. Олардың ересек кезінде де айқын 
сақталған 
эктодерма мен энтодерма деп аталатын екі ұрық 
жапырақшаларының болуы. Құрылысы жағынан олар гаструлаға 
ұқсас және радиальды симметриясы жақсы дамыған. Даму кезіндегі 
пайда болған паренхимула личинкасы И. И. Мечниковтың “фагоци- 
телласына” ұқсас. Осылардың барлығын ескере отырып, ғалымдар 
алғашқы ішекқуыстылардың арғы тегі И. И. Мечниковтың “фагоци- 
телла” тәрізді еркін жүзетін организмдер болтан, олар субстратқа 
бекініп гидроидты полиптерге бастама берген деп жорамалдайды.
Ішекқуыстылардың филогенетикалық байланыстарына қарасақ, 
олардың ішінде ең қарапайым гидрозоа (Hydrozoa) класы болып 
табылады. Бұлардың гастраль қуысы энтодерма клеткаларымен 
астарланған, жұтқыншағы дамымаган, құрылысы қарапайым.
Гидрозоа (Hydrozoa) класының ішінде орталық орынды гидроид­
ты полиптер (Hydroidea) алады. Оларды даму циклындағы метагенез 
процесі арқылы сцифомедузалармен жақындастыруға болады.
Гидрозоа класының ерекше тобы сифонофоралар. Денесіндегі 
әр түрлі особьтарының - зооидтарының құрылысы мен физиология- 
льщ ерекшеліктеріне байланысты олар полиморфты колонияны құрап, 
күрделі формаларға айналып, эволюциялық дамуы жағынан гидроид­
ты полиптерден жоғары тұрады.
Сцифомедузалар (Scyphozoa) мен маржан полиптер (Anthozoa) 
класы эволюциялық даму және филогенетикалық байланыстары 
жағынан гидрозоа (Hydrozoa) класынан шыққан деп жорамалдайды. 
Бірақ, бұлар ерте кезде екі эволюциялық бағытта дамыған, яғни 
сцифомедуза және маржан полиптер кластарының өкілдері өзінің 
тіршілік ету формаларына байланысты елеулі өзгерістерге ұшыраған. 
Сцифомедузалардың полиптік кезеңі әлсіздеу, ал медузоидты кезеңі 
күшті дамып негізгі тіршілік рөлін атқарады. Ac қорыту жүйесі 
гастроваскулярлы жүйеге айналып, ас қорыту жұмысын және қоры- 
тылған асты сіңіру қабілетін арттыруына мүмкіндік береді. Маржан 
полиптердің медузоидты кезеңі түгелімен жойылып, күрделіленген 
полипоидты кезеңі гана калган. Ac қорыту жүйесі эктодермалық 
жұтқыншаққа және септалармен бөлінген гастраль қуысына бөлініп 
күрделілігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет