ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Жоғарыда айтылған үқсастық және ерекшелік белгілерінің болуы
ішекқуыстылар кластарының шығу тектерінде туыстык катынастың
бар екендігін көрсетеді. Бұларда эволюциялық даму процесі бірнеше
бағытта жүрген.
Е С К Е К Т І Л Е Р Т И П І - C T E N O P H O R A
Ескектілер
тек теңіздерде еркін жүзіп, кейбіреулері жорғалап
немесе тіркеліп тіршілік ететін, сәулелі симметриялы жануарлар.
Денесі ішекқуыстылардікі сияқты эктодерма, энтодерма қабатта-
рынан және екеуінің арасындағы қалың мезоглея қуысынан тұрады.
Типтің өзіне тән ерекше белгілерінің бірі - атқыш клеткаларының
орнына коллобласт деп аталатын жабысқақ клеткаларының дамуы,
мезоглея қуысында алғашкы мезодерма клеткалар жиынтығының
байқалуы, түрі өзгерген кірпікшелерінің көмегімен қозғалуы.
Ескектілердің 90-ға жуық түрі белгілі. Бұл типке бір ғана класс
ескектілер
Ctenophora жатады.
Е С К Е К Т І Л Е Р К Л А С Ы - C T E N O P H O R A
Қ ұ р ы л ы с ы ж ә н е ф и з и о л о г и я с ы .
Көпшілігінің денесі сопақша
немесе кап, алмұрт тәрізді, ал “шолпан белдігі”
Cestus veneris
лента тәрізді. Денесінің ауызы орналасқан жағын оральды полюс,
оған қарама-қарсысын аборальды деп атайды. Осы екі полюстері
арқылы өтетін басты осьтен өзара перпендикулярлы екі симметриялы
жазықтык жүргізуге болады, осыған орай ескектілердің денесі де екі
сәулелі симметриялы болып келеді. Сонымен катар біраз мүшелері
басты осьтің айналасында, саны сегізге дейін радиальды бағытта
орналасып (ескекті тақталары, радиальды тұтікшелері, жыныс
бездері), сегіз сәулелі симметрияны құрайды.
Оральды полюсінде орналасқан ауыз тесігі бір бағытта
қабыстырылған эктодермальды жұткыншақка, ол жоғары жағында
кеңейіп энтодермальды қарынға ұласады. Қабыстырылған қарын
жұтқыншақтың жазыктығына перпендикулярлы орналасқан.
Қарыннан гастроваскулярлы жүйесінің бес каналы басталады.
Біреуі тік төбеге карай созылып, аборальды полюстің астында торт
қысқа түтікшелерге бөлінеді: екеуі тұйық, екеуі жіңішке тесікпен
аяқталады. Басқа екі түтігі жұткыншақ бойымен оральды полюске
қарай созылып тұйықталады.
128
омыгтклсы цлп юояогиясы
47-cypem.
Ескектілердің құрылыс схемасы (көлденең кесілген): 1 -ауызтесігі,
2 - жұтқыншак, 3 - қармалауыш шүңқыршасы, 4 - меридиональды түтікшелер,
5 - қарын, 6 - оральды полюсіне бағытгалған түтікше, 7 - ескекті тақталар қатары,
8 - кармалауыш, 9 - жіпше бастамасы, 10 - аборальды мүше
Қарынның түбінен дененің басты осіне перпендикулярлы бағытга
екі бүйірлі түтіктер басталып, олардың әрқайсысы тағы да екі рет
дихотомиялы тарамдалып көлденеңінен орналасқан сегіз түтікті
түзейді. Олар тұйық бітетін дененің аборальды полюсінен оральды
полюсіне қарай созылған сегіз меридиональды түтікшелермен
жалғасады (47-сурет).
Меридиональды түтікшелерге сай келетіндей дененің сыртқы
жағында сегіз қатар қыры немесе белдеуі бар. Әрбір қырда көлде-
неңінен қатарласып келген төрт бұрышты шағын тақталар орна-
ласқан. Бұлардың әрқайсысы жұқа, мөлдір, үшы айдарша тарам-
далған, бір-бірімен бірігіп кеткен ірі кірпікшелерден тұрады. Тақталар
көптеген ескекшелер тәрізді суды бір бағытта айдап, жануарды ауыз
9—574
Достарыңызбен бөлісу: