ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Қ А Р М А Л А У Ы Ш С Ы З Д А Р К Л А С С Т А Р М А Ғ Ы -
A T E N T A C U L A T A
Бұларда бір ғана - Beroidea
отряды бар. Тіршілігінің барлық
кезеңінде кармалауыштары болмайды, қорек заттарын кең ашылатын
ауызымен ұстап қоректенеді. Солтүстік және Қиыр Шығыс
теңіздерінде Beroe cucumis түрі кең тараған (50-сурет). Денесі қап
тәрізді. Жыртқыштар, басқа ескектілермен қоректенеді.
Қ А Р М А Л А У Ы Ш Т Ы Л А Р К Л А С С Т А Р М А Ғ Ы -
T E N T A C U L A T A
Бес отряды бар, тіршілігінің барлық кезеңінде, ал кейде дамуының
алғашқы сатысында ғана қармалауыштары болады. Тіршілік жағ-
дайына бейімделуіне байланысты көптеген өзгерістерге ұшыраған.
Cestidea отряды өкілдерінің денесі көлденеңінен созылған ұзын
лента тәрізді. Басты өкілі - Cestus veneris (50,Б-сурет). Жерорта теңі-
зінде мекен етеді. Кемпірқосақтың түсіндей құбылады.
Cydippea отряды өкілдерінің денесі шар немесе жұмыртқа тәрізді,
қармалауыштары жақсы дамып тармақталған, денесінен ұзын
(50, А-сурет).
Bolinopsidea отряды өкілдерінің денесі жұмыртқа тәрізді, оральды
полюсінде екі жүзгіш қалағы жақсы дамыған. Негізгі туыстары:
Belinopsis, Osyropsis, Deiopea.
Tjalfiellidea отрядының Арктика жағалауында кездесетін жалғыз
ғана түрі -Tjalfiella tristome - бекініп тіршілік етуге бейімделген.
Бұлардың жаңа дамыған формалары кәдімгі ескектілер сияқты ескек
тақталары арқылы суда еркін жүзіп, кейін ауыз жағымен субстратқа
бекінеді. Ауызының екі шеткі бөлігі жоғары қарай созылып, ауыз
тесігінен қорек затты ұстауға бейімделген екі қармалауышы шығып
тұрады (50, Г-сурет).
Platyctenea отряды мүлде ерекше, өкілдері тек жүзіп кана қоймай,
сонымен қатар субстратта жорғалап тіршілік етуге бейімделген. Бұ-
ларға 20-ға жуық түрлері жатады, негізгі туыстары: Ctenoplana және
Coeloplana.
Көрнекті ғалым А. О. Ковалевский 1880 жылы Қызыл теңізден
жалпақ пішінді жорғалап тіршілік ететін түрді тауып, оны зерттеп
Coeloplana metschnikowi деп атады. A. А. Коротнев 1886 жылы Кіші
Достарыңызбен бөлісу: