Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет76/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   250
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
“аборальды мүшесі” орналасқан. Оның негізі - статолит, ол бір- 
бірімен жабысқан фосфор қышқылды кальций дәндерінен құралған. 
Статолитті, рецепторлы клеткаларынан таралған, иілген ұзын төрт 
кірпікше түктері ұстап тұрады. Олар кірпікшелі жіпшелер арқылы 
ескек тақталар қатарымен өзара байланысқан. Статолит жастықша 
тәрізді эктодерма клеткаларынан тұратын қалың жиынтықтың үстін- 
де орналасқан, оны сыртынан ұзын кірпікше түктерден құрылған 
түссіз қалпақша жауып тұрады (48, Б-сурет). Статолитті ұстап 
тұратын кірпікше түктерінің иіліп жазылуынан ол үнемі тербеліс, 
қозғалыс күйінде болады. Бұл тербелу кірпікшелі жіпшелер арқылы 
ескек тақталарына ұласып, олардың да қозғалысын реттейді. 
Аборальды мүшесінен айырылған ескектілердің есу қызметі де 
бұзылады. Осыған байланысты тепе-теңдікті сақтау және жылжуын 
реттеу жұмысын “аборальды мүше” атқарады.
К ө б е ю і ж ә н е д а м у ы .
Ескектілер тек қана жынысты жолмен 
көбейетін қос жынысты жануарлар. Жыныс бездері энтодерма клет­
каларынан дамып гастроваскулярлы жүйесінің әрбір меридиональды 
түтікшелерінің бүйірінде орналасқан. Бір жақ бүйірінде аналық 
бездері, екіншісінде аталық.
Жетілген жыныс клеткалары меридиональды түтікшелерінің 
эпителий қабатын жарып, одан ауыз тесігі арқылы су ортасына шығып 
ұрықтанады. Даму циклы қарапайым, личинкасыз, ұрпақ ауысу 
болмайды. Зиготаның бөлшектенуі толық, біркелкі емес, оның 
анимальды полюсіндегі клеткалары жиі бөлініп, ұсақ бластомера- 
ларды немесе микромераларды, ал вегетативті полюсіндегі клетка­
лары баяу бөлініп ірі макромераларды түзейді (49-сурет). Осылай 
қалыптасқан бластуланың микромерасынан эктодерма, макро- 
мерасынан энтодерма ұрық жапырақшалары жетіледі.
Микромералар макромералардың сыртын айнала қаптап, 
(эпиболия әдісі бойынша) қос қабатты гаструлаға айналады. Гаструла 
сатысының соңында бластопора (гастропора) жағында орналасқан 
эктодерма клеткалары жедел бөлініп, гастроцель қуысына қарай 
бойлай созылады да эктодермальды жұтқыншақты құрайды, ал энто­
дерма клеткаларының біразы эктодерма мен энтодерма аралығына 
кетіп, ерекше крест тәрізді клеткалар тобын құрайды. Олар үшінші 
ұрық жапырақшасы 
мезодерма қабатының бастамасы. Осылардан 
мезоглея клеткалары және қармалауыштарының бұлшықеттері 
қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет