использованная литература
1. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе.
Учебно-методическое пособие для учителей. – Алматы: ННПООЦ «Бобек», 2013
2. Педагогика: Учебник для вузов: Стандарт третьего поколения / Под ред. А.П. Тряпицыной. –
СПб.: Питер, 2014. 304с.
3. Кудышева Б.К., Калиева Г.И., Сейтаков А.С. Предмет «Самопознание» как воплощение
ценностно-смысловой педагогики / Ценности и смыслы современного образования: Васильевские
чтения в Казахстане-2015. Сборник научных статей / под ред. Г.К. Нургалиевой. Алматы: АО
«Национальный центр информатизации», 2015. – 346с.
4. Роботова А.С., Галицких Е.О. Виртуальный диалог бывшего докторанта кафедры с научным
консультантом // Вестник диссертационного совета. – СПб.; Тюмень. - 2003
5. Гонгало В.М. Метафизика любви и песни: Монография. – Петропавловск: СКГУ им. М.
Козыбаева, 2011. – 288с.
6. Янгирова В.М., Фаткуллин К.Ф. Влияние телевидения на формирование духовно-нравственных
ценностей школьников. Уфа, 2004
7. Мурзалинова А.Ж., Ахметова Г.М. Компетентностный подход в изучении предмета
«Самопознание» (4 класс). Методическое пособие. Петропавловск, 2011. - 241с.
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» КУРСЫНЫҢ
ТӘРБИЕЛІК ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ
А.Ж. Мурзалинова, Г.М. Ахметова
Түйіндеме. Мақалада қазақстандық білім дамуының, оның мазмұнын жаңартудың қазіргі кезеңінде
мектептік «Өзін-өзі тану» курсының роліне негіздеме берілген. Пәндік-құндылық мазмұн негізінде
оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері түсіндірілді. Оқушының өз өмірлік тәжірибесін меңгергенін
сабақты ұйымдастыру әдістемесінің кейбір ерекшеліктері ретінде қарастырылды.
Түйінді сөздер: білім мазмұнын жаңарту, рухани құндылықтар, адамгершілікті ойлау, адамгершілік
мінез-құлық, интерпретация, сөйлеу әрекеті, әрекетте зерттеу.
EDUCATION AND DEVELOPING THE POTENCIAL OF THE SUBJECT "SELF-KNOWLDGE"
IN THE CONTEXT OF THE UPDATED CURRICULUM
A. Murzalinova, G. Akhmetova
Abstract. The article deals with the role of the school course entitled 'Self-Knowledge' in the context of the
present stage of the development of Kazakhstan education; and brings its content up to date. This is presented in
terms of the understanding of students in relation to object-value content. The examples discussed cover some
features of lesson planning whereby the student examines their personal experience of life and learns to enrich the
experience of others in this area.
Keуwords: updated curriculum content, spiritual values, moral awareness, moral conduct, interpretation,
speech act, a study in action.
задумались о том, что надо остановиться на
бегу, чтобы отличить истинное от ложного,
проявить свои самые лучшие человеческие
качества. –
С.К. Муканова, руководитель МО
истории, географии и экономики.
Таким образом, различными методами и
приемами на уроках самопознания создается
ситуация саморазвития учащегося нашей
школы, любящего свою Родину и обладающего
духовными ценностями.
Самопознание
как
образовательная
программа,
востребованная
временем,
«основывается на общечеловеческих духовных
ценностях, направлена на ребенка, гуманна,
толерантна, коммуникабельна, открыта и
способствует общему развитию личности,
изменяя, насыщая и обогащая разум и душу
подрастающего гражданина» [7]. Самопознание
– это модель современного образования,
учитывающего необходимость обновления
на личностном уровне и актуализирующего
духовное измерение в системе знаний, умений,
способов деятельности.
18
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3, 2016 г.
УДК 37:372.8
қаЗақсТаН РесПУБликасыНда ОРТа БІлІМ МаЗМҰНыН ЖаңаРТУ
аясыНда БасТаУыШ сыНыП МҰҒалІМдеРІНІң БІлІкТІлІГІН аРТТыРУ
кУРсыНың МаЗМҰНы
Б.Б.Ғаббасова
БАҰО «Өрлеу» АҚ филиалы, Орал қ.
Жеке өз басым қаймақ қосылан бүлдіргенді жақсы көремін, алайда, неге екені белгісіз,
балық құрттарды жақсы көреді. Сондықтан да, балыққа бара жатқанда өзімнің
жақсы көретінімді емес, балықтың жақсы көретінін ойлап барамын.
дейл карнеги
Түйіндеме.
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында
бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсының жалпы мақсаты мен жаңа әдіс-
тәсілдері туралы айтылады.
Түйінді сөздер:
бастауыш сынып, бағдарлама, жоспар, оқу мақсаты, жаңа мазмұн, технология,
белсенді оқу, критериалды бағалау, рефлексия.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің
мақсатының бірі – әлемдік білім беру
кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам
қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім
берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында орта білім
мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде
оқытатын мектептердегі бастауыш сынып
пəндері бойынша педагогика кадрларының
біліктілігін арттыру курсының білім беру
бағдарламасы
аясында әзірленген осы
«Мұғалімге арналған нұсқаулық» атты
әдістемелік құрал мұғалімдер біліктілікті
арттыру курсы барысында және одан кейін
қолданатын негізгі оқу құралдарының бірі
болып табылады. Бағдарлама материалдары
Қазақстан Республикасының мектептеріне
арнап әзірленген мектеп пәндерінің оқу
бағдарламаларына, оқу жоспарларына және
бағалау моделіне негізделген. Біліктілікті
арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның
ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа
білім беру бағдарламасымен таныстыру болып
табылады. Бағдарламаның оқу-әдістемелік
кешені бастауыш сынып мұғалімдерінің өз
сабақтарын жоспарлау мен өткізуі барысында
көмектесетін
болады.
Сонымен
қатар,
мұғалімдерге сабақты модельдеу арқылы
Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде
сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп,
рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға
барынша қолдау көрсетуге бағытталған
жаттығулар мен тапсырмаларды әзірлеуге
мүмкіндік беріледі. «Мұғалімдердің біліктілігін
арттыру бағдарламасында» Қазақстанда жүріп
жатқан білім беру саласындағы өзгерістер
мен білім беру бағдарламасын жаңартудың
өзектілігі туралы ақпаратпен таныса аласыз.
Ал Нұсқаулықта бастауыш сыныптарда
қолданылатын педагогикалық тәсілдер мен
бағалау моделі, сондай-ақ осы теориялық
материалдарды мұғалім өз тәжірибесінде қалай
қолдана алатындығы туралы тәжірибелік
кеңестер ұсынылған.
Бағдарламаның мақсаты:
Бастауыш сынып пәндері бойынша білім
беру бағдарламасын жаңарту және критериалды
бағалау
жүйесін
енгізу
тұрғысынан
мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін
жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
• бастауыш сынып пәндері бойынша
жаңартылған білім беру бағдарламасының
құрылымымен,
ондағы
материалдардың
күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және
мақсаттарымен таныстыру;
• бастауыш сынып пәндері бойынша
жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес
келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және
қолдана білуін қамтамасыз ету;
• бастауыш сынып пәндері бойынша
жаңартылған білім беру бағдарламасындағы
оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында
19
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3, 2016 г.
критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана
білуін қамтамасыз ету;
• мұғалімдердің бойында орта білім
мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш
сынып пәндері бойынша жаңартылған білім
беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті
дағдыларды қалыптастыру.
Оқудан күтілетін нәтижелер
• мұғалімдер жаңартылған білім беру
бағдарламасының
құрылымын,
ондағы
материалдардың күрделілігінің өсу ретін,
мазмұнын және мақсаттарын біледі және
түсінеді;
• бастауыш сынып пәндері бойынша
жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес
педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын
қолдана біледі;
• бастауыш сынып пәндері бойынша
жаңартылған білім беру бағдарламасындағы
оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында
критериалды бағалау жүйесін түсінеді және
қолдана біледі;
• мұғалімдердің орта білім мазмұнын
жаңарту жағдайында бастауыш сынып
пәндері бойынша жаңартылған білім беру
бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері
мен дағдылары қалыптасқан.
→
Бастауыш сынып пәндеріне арналған
оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары
оқушылардан
шынайы
проблемаларды
анықтап зерттей білуді талап етеді. Сондай-
ақ, «Бастауыш сынып пәндері бойынша
критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау»
тарауында бағалау және жоспарлау әдіс-
тәсілдері анағұрлым толық қарастырылатын
болады. Сонымен қатар педагогиканың түрлі
аспектілері қарастырылады: қарым-қатынас
жасау дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен
жүретін оқылым және жазылым, дәлелдеу),
белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу.
Бастауыш сынып пәндерінің аясындағы
педагогикалық тәсіл белсенді оқуды көздейтін
сындарлы оқуға негізделеді. Осы әдіс-тәсіл
аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді
атсалысады, сол арқылы өздері үшін оқудың
маңызын өздері анықтайды. Бұл мұғалім селқос
қана тыңдап отырған оқушыларға өтіліп жатқан
тақырыпты хабарлағанға қарағанда, анағұрлым
қуатты құрал болып табылады.
Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде
қолданылатын педагогикалық тәсілдердің
басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу әдіс-
тәсілдерінен тұрады.
Мұғалімдер
өз
оқушыларының
қызығушылықтары туралы білімдері мен бүкіл
білім беру бағдарламасын ескере отырып,
орындалатын жаттығуларды өзі таңдауға ерікті.
Осы Бағдарлама мұғалімдерге белсенді
оқу жаттығуларына қатысып, бастауыш
сыныптарды оқытуды тиімді жүргізуге ненің
көмегі бар деген мәселе тұрғысынан кәсіби
әңгімеге қатысуға мүмкіндік береді. Осы тәсілді
қолдана отырып, мұғалімдердің дағдылары
мен білімін арттыруға қол жеткізуге болады.
Оқытуда осы қарым-қатынас тәсілін қолдану
арқылы мұғалімдер барлық оқушылардың
оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында
көрініс тапқан оқу мақсаттарына жетуге
ынталандыратын
жаттығуларды
қалай
жоспарлауға болатынын көре алады. Топтағы
(мектеп аясындағы және мектептер арасындағы
мұғалімдер топтары) бірлескен жұмыс
бөлінген таным қағидатына негізделеді, оның
ауқымында мұғалімдер бір-бірімен білімімен
және түсінігімен бөлісе отырып, бірлесіп жұмыс
істейді. Олар түсініктеме беріп, болжамдарын
ұсынады, осылайша әсіресе бірлескен сұрақ-
жауап кезінде өз түсінігін кеңейтеді. Біліктілікті
арттыру курсы барысындағы кері байланыс
ұсынып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беретін
топтық жұмыс пен бірлескен тәсіл мұғалімдерге
кәсіби құзыреттілікті жетілдірудің кез келген
саласын түсінуге көмектеседі.
Сыныптан сыныпқа ауысқан сайын
оқушылар анағұрлым жақсы нәтижелерге
қол жеткізу үшін өз бетінше әрекет етуге
үйрену керек. Оқушыларға оқу жоспарындағы
жаттығулар
аясында
көзделген
оқу
мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін
бірқатар педагогикалық тәсілдерді пайдалануда
мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстары
арқылы қолдау көрсетіледі.
Белсенді оқу
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар
тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа
тартылуын көздейтін оқыту және оқу
әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер
оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны
орындау барысында жүзеге асырылатын
құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта
қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық
жұмыс, ойын «баламалары» және пән бойынша
белгілі тақырыптағы ойындар кіреді. Бастауыш
сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі
бір аспектілерін модельдеу және зерттеу
үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады.
Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар
математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен
ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы
20
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3, 2016 г.
болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру
немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар –
тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны
көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды
тәсілдерінің бірі.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін
арттыру курсы аясында қолданылатын тағы да
бірқатар тәсілдер:
• Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін
оқылым мен жазылым;
• Қарым-қатынас жаттығуларын пайдалану;
• Проблема шешу мақсатында жеке және
топта жұмыс істеу;
• Орындау арқылы білім алу (әрекет ету
арқылы);
• Ашық сұрақтарды пайдалану;
• Дәлел ұсынуға ынталандыру;
• Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу;
• Зерттеуге негізделген оқу, оның барысында
оқушылар мәселені жеке өздері зерделейді.
Табиғаты бойынша оқу үдерісі ойлаудан
тұруы керек және ми құрылымында өзгеріс
жасауға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді
жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым
қарқынды жүзеге асады. Хэтти (2014) адам
миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге мүмкіндік
беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға
шамадан тыс аса көп ақпарат «жүктемелейтіні»
және ол оқушылардың қызығушылығын
жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол сәтте оқудың
нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні
туралы біздің хабардар екенімізді мәлімдейді. Ал
белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсенді
қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген
ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін
есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз
етуді көздейді.
Хэттидің мидың қызметін талдай отырып
жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту
шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет
арқылы жүзеге асатынын, демек, оқушылар тек
тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді
әрекет етуі керек екендігін көрсетеді.
Тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау
дағдылары
→
Оқушылар қарым-қатынас жасауда
өзінің тілді тиімді қолдана алатынын көрсету
үшін мұғалімдердің оқушыларды түрлі
мәнмәтіндермен таныстыруы маңызды болып
табылады. Оқылым, жазылым, айтылым
және тыңдалым
– бастауыш сыныптардағы
барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын
қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан
оқушыларға осы 4 дағдыны барынша жетілдіруге
мүмкіндік берудің маңызы зор. Тақырыпты
талқылау тиісті лексиканы қолдануды
көздейді, сол арқылы оқылым бойынша
тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан
кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма
орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды
осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы
– аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал
көрсетуге болады, содан кейін пікірталас
жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға
болады.Жаңартылған білім беру бағдарламасы
оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты
қолдайды, ол оқушыларды мұғаліммен және
бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды
көздейді. Диалог аясын кеңейту үшін мұғалім
сабақты оқушылар оны тыңдап қана қоятындай
емес, нақты пән немесе тақырып туралы
ойлана алатындай белсенді етіп жүргізу керек.
Мұғалім сұрақ қоюды ойластырған кезде ол
сұрақтарға берген оқушының жауабы жаңа
сұрақ тудыратындай болуы тиіс. Салмақты
жауап беруді қажет ететін тиісті сұрақ қою үшін
мұғалім алдымен қойылған сұраққа қандай
жауап ала алатынын ойластыруы керек. Егер
мұғалімнің сұрақтары бұлыңғыр болса, онда өзі
де бұлыңғыр, екіұшты жауап алады. Сонымен
қатар, сұрақтар оқушылардың жауаптарын
шектемеу керек, керісінше, оқушыларға
мәселені мейлінше зерделеп, жауапты өз
бетінше қалыптастыруға еркіндік ұсыну керек.
Оқушылар өзінің жауабымен белгілі үлес
қосатындығын сезінуі үшін мұғалім жауаптарды
зейін қойып, айқын қызығушылықпен тыңдауы
керек. Бастауыш сыныпта оқитын оқушылар
анағұрлым жан-жақты және күрделі жауап бере
алады.
дәлелдеу
Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын
қалыптастыру және оларды қолдану – бастауыш
сыныптың білім беру бағдарламасының
өзекті аспектісі. Осы ойлау дағдыларын
қалыптастырудың ең басты тәсілдерінің бірі
– дәлелдеу. Дәлелдеу бастауыш сыныптарда
кез келген пікірталас бастау, жүргізу және оны
бағамдау үшін маңызды, әсіресе, математика
үшін оның маңызы өте зор, себебі онда бір
есептің бір ғана шешімі болғанымен, оған
жетудің тәсілдері толып жатыр. Бұл сондай-
ақ Қазақстандағы жаңартылған білім беру
бағдарламасында басым болып табылатын
бірнеше құндылықтар мен дағдыларды,
мысалы, шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлау, қарым-қатынас жасау дағдыларын
дамытудың негізгі тәсілі (NIS, 2011).
Бастауыш
сыныптарда
кеңінен
қолданылатын оқудың екі саласы бар; бұл
21
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3, 2016 г.
монологтік және диалогтік. Монологтік
көзқарас заттарды абсолюттік материя ретінде
түсінеді және де бұған дейін алынған білімнің
негізінде қалыптасады, ал диалогтік көзқарас
болса білімді оқу барысында жүретін үдеріс
ретінде, дәлелдеу барысында, яғни пікірталас
пен келіссөз барысында қалыптасатын білім
ретінде қарастырады.
Дәлелдеумен
бір
қатарда
тұрған
дағдылардың бірі – проблемаларды шешу.
Поляның
(1945)
тұжырымдауынша,
проблемаларды шешу – бұл: шынайы
проблемамен айналысу; мәселе туралы
болжам жасау, зерттеу және мағынасын түсіну;
рәсімдерді есте сақтау ғана емес, сонымен
қатар, шешімдерді іздеу; формулаларды есте
сақтау ғана емес, сондай-ақ үлгілерді зерттеу;
жаттығуларды орындау ғана емес, сондай-ақ
жорамалдар жасау.
Дәлелдеу тәсілінің төрт кезеңі бар; әр кезең
бірнеше сабақты қамтуы мүмкін:
• Елестету;
• Салыстыру;
• Түсіндіру және дәлел келтіру;
• Мақұлдау.
Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген
оқу тәсілін толықтырады. Зерттеу тақырыбы
белгіленгеннен кейін мұғалім оқушыларға
шағын топтарда жұмыс істеп, сурет, диаграмма,
график немесе алгоритмдерді пайдалану
арқылы
зерттеу
немесе
проблеманы
«елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар
өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен
«салыстыруы» керек. «Түсіндіру және дәлел
келтіру» деп аталатын келесі кезең оқушыларға
өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге,
ретке келтіріп, кез келген қате пайымдауларды
анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ
идеяларды талқылау және «мақұлдау» үшін
барлық сыныпқа өз шешімдерін ұсынады.
Оқыту үшін мұның маңызы қандай?
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі
бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасы
спираль тәріздес құрылымға негізделген.
Оқушылар бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы
аясында игерілетін негізгі дағдыларға мезгіл-
мезгіл қайта оралып отырады. Мысалы, оқу
бағдарламаларындағы кейбір оқу мақсаттары
оқушылардың шынайы өмірде кездесетін
проблемаларды анықтап, оларды зерттеуін
талап етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа
ауысуына қарай бұл проблемалар күрделене
түседі. Жаттығуларды орындаған кезде
оқушылардың алдыңғы сыныптарда және
басқа пәндер бойынша алған білімдерін еске
түсіруі және қолдана алуы маңызды болып
табылады. Бұл оқушыларға өздерінің қол
жеткен жетістіктерін бекітуге және бастауыш
сынып пәндері арасында байланыс орнатуға
көмектеседі. Бұған көмектесетін бірнеше тәсіл
ұсынуға болады:
• Математиканы қоспағанда, 1 және
2-сыныптардың оқу жоспарларындағы ортақ
тақырыптар бұл пәндердің арасында пәнаралық
байланыс орнатуға мүмкіндік береді:
1-бөлім: Өзім туралы
2-бөлім: Менің мектебім
3-бөлім: Менің отбасым және достарым
4-бөлім: Бізді қоршаған әлем
5-бөлім: Саяхат
6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
7-бөлім: Тағам және сусын
8-бөлім: Дені саудың – жаны сау
қорытындылай келгенде, мұғалім үшін
мыналар маңызды болмақ:
• сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы
материалдарды енгізу;
• оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы
ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық
ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу;
• оқушыларға өздеріне қызықты салаларда
сұрақ құрастыруға көмектесу;
• топтық жұмыс жүргізуді көздейтін
жаттығуларды енгізу;
• оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас
жасап, диалог құруға ынталандыру;
•
оқушылардың
қызығушылықтарын
қанағаттандыру;
• оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;
•
оқушылардың
логикалық
ойлау
дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою;
• оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары
мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды
ескертіп отыру;
• жекелеген оқушылармен «көзбе-көз»
кездесу ұйымдастыру;
•
оқушыларға
өзіндік
жұмыстарда
жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды
жоспарлау және ұйымдастыру.
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағат-
тандыру және кері байланыс
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау
және қанағаттандыру жаңартылған білім беру
бағдарламасының оқу жоспарын әзірлеуде
маңызды болып табылады. Оқу бөлмесі
негізінен күрделі орта болып табылады және
оқудың дәстүрлі түрлерімен салыстырғанда,
белсенді оқу мен жекелеген оқушылардың
қажеттіліктерін анықтау осы күрделіліктің
артуына ықпал етеді. Мұғалім «сыныптағы
22
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3, 2016 г.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде
оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін
арттыру курсының білім беру бағдарламасы
2. Бодди Д., Пэйтон Р. Основы менеджмента: Пер. с англ. СПб.: Питер, 1999.
ахуалды жақсы білуге тиіс» сондықтан
сыныпты тыныштандырудың (оқушылардың
тыныш отыруы, мұғалімнің сөйлеуі) орнына,
мұғалімдер оқушылардың мағынаны түсіну,
заңдылықты байқау, шешім тұжырымдау және
қабылдау, олардың орындалуын бақылау
құзыреттіліктерін арттыруға тиіс. Мұндай
хабардарлық мұғалімдер өздерінің тәжірибесі
туралы және оқушылардың үлгеріміне
тигізетін ықпалы туралы ойланған жағдайда
ғана дамитын болады. Сол себепті біліктілікті
арттыру курсы осындай рефлексия дағдысын
дамыту үшін және білім беру бағдарламасындағы
белсенді оқу жаттығуларына дағдыландыру
үшін ықшамсабақ жүргізуді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |