использованная литература
1. Фатхутдинов Р. А. Стратегический маркетинг: Учебник для вузов. 5-е изд. - СПб.: Питер, 2008.
– 368 с.
2. Назарбаев Н. А. «Нурлы жол – путь в будущее». Послание Президента РК народу Казахстана»
от 11 ноября 2014 г. - Казахстанская правда, 2014.
3. Виханский О. С. Стратегическое управление: Учебник. 2-е изд. – М.: Гардарика, 1998. – 296 с.
46
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3, 2016 г.
4. Дощанов А. Е. Менеджмент: учеб. пособие – Алматы: Экономика, 2013. – 638 с.
5. Маленков Ю. А. Стратегический менеджмент: Учебник. - М.: Проспект, 2009. – 224 с.
6. Дурович А. П. Основы маркетинга: Учеб. пособие. – М.: Новое знание, 2006. – 512 с.
7. Балашов А. П. Основы менеджмента: Учеб. пособие. – М.: Вузовский учебник, 2011. – 288 с.
8. Кантор В. Е. Менеджмент: Учеб. пособие. – М. : Эксмо, 2009. - 208 с.
9. Калыгина В. В. Стратегический маркетинг. Материалы лекции. – М.: РУДН, 2014. – 214 с.
10. Кетс де Врие М. Мистика лидерства. - М.: Альпина Бизнес-Букс, 2004. – 313 с.
ҰЙЫМНЫҢ ІШКІ ОРТАСЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ
АЛҒЫШАРТТАРЫ
Б.М.Құсайынов, Ғ.К.Молдашев
Түйіндеме.
Мақалада ұйымның ішкі ортасын стратегиялық талдаудың қажеттілігінің негізгі
теориялық алғышарттары сараланады. Оны сараптаудың түрлі анықтамалары мен құрылымдық
элементтері баяндалады. Талдаудың өзектілігі туралы тұжұрым жасалған.
Түйінді сөздер:
менеджмент, стратегиялық талдау, ішкі орта, ұйымдастыру, персонал, маркетинг,
ұйымдастырушылық мәдениеті.
THE BASIC THEORETICAL BACKGROUND OF THE NECESSARY
STRATEGIC ANALYSIS OF THE ORGANIZATION INTERNAL ENVIRONMENT
B.M.Husainov, G.K.Moldashev
Abstract.
The article summarizes the basic theoretical background of the necessary strategic analysis
of the internal environment of the organization. It sets out a variety of formulations and the structural
elements of its analysis. It is concluded that the relevance of the analysis.
Key words:
management, strategic analysis, internal environment, organization, personnel, marketing,
organizational culture
УДК 371
МҰҒалІМНІң ТҰлҒалық қасиеТТеРІ МеН кӘсІБи БІлІкТеРІ
Ж.Р.Жубауова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Қызылорда қ.
Түйіндеме.
Мақалада мұғалімнің тұлғалық қасиеттері, кәсіби мүмкіндіктерінің ерекшеліктері
және шығармашылық әлеуетін жүзеге асырудағы мәдениеті мен педагогикалық құзыреттілікті
дамыту жолдары қарастырылады.
Түйінді сөздер:
кәсіби біліктілік, кәсіби құзырлылық, аналитикалық, прогностикалық,
жобалаушылық, рефлексивтік біліктер, антиципация, экстраполяция, педагогикалық шеберлік.
Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің
сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін
мемлекеттік
стандарттар,
бағдармалар
белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген
сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби
даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты
мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың
әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігінен іздеу
керек. Оқушылар қалай оқу керектігін үйреніп,
соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-
уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы,
сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі
дамыған, сандық технологияларда құзырлылық
танытатын оқушы ретінде қалыптасады.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі
басқару органдарының мұғалімдерді тиісті
ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен
гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға
47
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3, 2016 г.
бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті
жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың
оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and
Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы
жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –
мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).
Педагог мамандығы басқарушы және
түрлендіруші болып табылады. Тұлғаның
дамуына басшылық жасау үшін құзырлы болу
қажет. Педагогикалық кәсіби құзырлылық
– педагогтің кәсіби көрсеткіші, педагогтің
дайындығы және «қабілеттенуі» арқылы іс-
әрекеттерді меңгерудің әдістері мен құралының
шынайылығында, алға қойған міндеттерді
шешу мүмкіндігінде көрінетін нәтиже.
Педагогтың дайындық (кәсіби білім,
білік және дағды) мазмұнына қойылатын
талаптар кәсіби біліктілік сипаттамасында
қарастырылады. Кәсіби біліктілік – қызметтің
нақты бір түрінде белгілі деңгейдегі және
қиындықтағы еңбек міндетін орындауға
мүмкіндік беретін қызметкердің кәсіби
дайындық сатылары. Яғни, біліктілік – мұғалімге
теориялық және практикалық тәжірибе
деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы.
Психологиялық-педагогикалық
білім
оқу
бағдарламаларымен
анықталады.
Психологиялық-педагогикалық
дайындық
педагогиканың
әдіснамалық
негіздері
мен категорияларын, тұлғаның
дамуы
мен әлеуметтенуін, оқыту мен тәрбие
технологияларын, балалардың физиологиялық
және психикалық жас ерекшеліктерінің
даму заңдылықтарын білуді қажет етеді.
Психологиялық-педагогикалық және арнайы
(пән бойынша) білім – қажетті, бірақ кәсіби
құзырлылыққа жеткіліксіз жағдай. Олардың
көпшілігі интеллектуалдық және практикалық
білік пен дағдыларға теориялық-практикалық
және әдістемелік білім болып табылады.
Кәсіби
құзырлылықтың
құрылымы
педагогикалық білік арқылы ашылады.
Кәсіби дайындық моделін мақсатты түрде
жалпыдан жеке білікке қарай құрастырған жөн.
Педагогикалық ойлау және іс-әрекет жасау
жалпы білік болса, ал құбылыстарға өзіндік
талдау жасау негізгі білік болып табылады. Екі
біліктің ортақ қасиеті, олардың интуитивті,
эмпирикалық және теориялық деңгейінде
нақтылықтан абстрактілі ойлау процесіне
негізделген.
Кәсіби құзырлылық моделі теориялық
және практикалық дайындықтың бірлігі болып
қарастырылады. Бұл жерде педагогикалық білік
4 топқа біріктірілген.
1. Объективті тәрбие процесінің мазмұнын
нақты педагогикалық міндеттерге «ауыстыру»
білігі: жаңа білімді қабылдау дайындығының
деңгейін анықтау үшін тұлғаны және ұжымды
зерттеу, білімділік, дамытушылық және
тәрбиелік міндеттердің нақтылануы мен
айқындалуы.
2. Аяқталған педагогикалық жүйені
құрастыру және қозғалысқа келтіру білігі:
оқу-тәрбие міндеттерін кешенді жоспарлау,
жұмысты ұйымдастыру және өткізудің тиімді
формалары мен әдістерін таңдау.
3.
Тәрбие
компоненттері
мен
факторларының өзара байланысын орнату
білігі: қажетті жағдай жасау; (материалдық,
психологиялық,
ұйымдастырушылық,
гигиеналық және т.б.), оқушы тұлғасын
белсендіру,
объектіден
субъектіге
айналдыратын іс-әрекетін дамыту, өзара
бірлескен қызметті ұйымдастыру, ортамен
мектептің байланысын қамтамасыз ету.
4. Педагогикалық қызмет қорытындыларын
бақылау мен бағалау: өзіндік талдау мен
білім беру үрдісіне талдау жүргізу, жаңа
педагогикалық міндеттерді анықтау.
Мұғалімнің
теориялық
дайындығы
психологиялық-педагогикалық және арнайы
білімнің жиынтығы болып қарастырылады.
Бірақ білімнің қалыптасуы өзіндік мақсат емес.
Мұғалімнің тәжірибесінің құрылымындағы «өлі
жүк» болып тұрған білім ешкімге қажеті жоқ
деп есептелінеді. Міне, сондықтан теориялық
дайындықтың шығарылу формасын білу қажет.
Яғни теориялық іс-әрекет аналитикалық,
прогностикалық,
жобалаушылық
және
рефлексивтік біліктер арқылы көрінеді.
Аналитикалық
біліктің
қалыптасуы
педагогикалық шеберліктің бір критерий және
сол арқылы тәжірибеден білім жинақталады.
Бұл білік төмендегі міндеттерді атқарады:
• педагогикалық құбылыстарды құрам
бөліктерге жіктеу (себеп-салдар, ынта, ішкі
түрткі, құрал және форма);
• әр бөлімді тұтас және негізгі бағыттармен
байланыстыру;
• қарастырылатын құбылысқа сәйкес
оқыту мен тәрбие теориясында заңдылықтар,
қорытындылар мен идеялар табу;
• педагогикалық
құбылысты
дұрыс
диагностикалау;
• негізгі педагогикалық проблеманы табу
және оны шешу жолдарын айқындау.
Антиципация – адам санасында шынайы
48
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3, 2016 г.
қабылдау мен жүзеге асырылуға дейінгі заттың,
құбылыстың, іс-әрекет қорытындыларының
көрінісі. Педагогикалық ситуация мақсат пен
педагогикалық міндеттерді шешуге негіз
болып саналады. Педагогикалық қызметте
мақсаттылық пен педагогикалық анализ
арасындағы өзара байланыс шектеулі. Мақсат
қоюшылықтың
жетістігі
аналитикалық
іс-әрекет қорытындыларына да тәуелді
және ол антиципацияға қабілетті болып
анықталады. Осы кәсіби маңызды қабілет
шебер педагогтардың бойындағы тұлғалық
қасиеттерінің бірі болатын. А.С.Макаренконың
бойында осы қабілет ерекше бағаланатын.
Ол өз тәжірибесін қорытындылай келе былай
деген: «Мен сыртқы белгілерінен, жүзіндегі
көңіл-күйінен, дауысынан, жүріс-тұрысынан,
тіпті елеусіз тұлғаның ерекшеліктерінен
«шикізаттан» қандай өнімнің алынатынын дәл
айтып берер едім».
Ғылыми негізде жүзеге асырылатын
педагогикалық
прогноз
педагогикалық
процестің логикасы мен мәнін, оқушылардың
жеке және жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын
білуге сүйенеді.
Прогностикалық
біліктің
құрамын
төмендегідей
қарастыруға
болады:
педагогикалық мақсат пен міндеттерді
ұсыну, педагогикалық мақсатқа жету жолын
айқындау, қорытындыны, мүмкін болатын
ауытқушылық пен қолайсыз құбылыстарды
болжау, педагогикалық процестің кезеңдерін
анықтау, уақытты тиімді пайдалану, бірлескен
оқушылармен
іс-әрекетті
жоспарлау.
Прогностикалық білікті зерттеу объектісіне
байланысты 3 топқа біріктіруге болады:
• ұжымның дамуына прогноз жасау:
құрылым динамикасы, өзара қарым-қатынас
жүйесінің дамуы, қарым-қатынас жүйесіндегі
белсенділер мен жекелеген оқушылардың
жағдайларының өзгеруі;
• тұлғаның дамуына прогноз жасау:
тұлғалық іскерлік қасиет, жігерлілік, тәртіп, тұлға
дамуындағы ауытқушылықтар, құрбыларымен
қарым-қатынастағы қиындықтар;
• педагогикалық процеске прогноз жасау:
оқу материалының білімділік, тәрбиелік,
дамытушылық мүмкіндіктері, оқу мен кез келген
іс-әрекет түріндегі оқушының қиындықтары;
• оқыту мен тәрбие әдістері, құралдары
мен тәсілдерін қолдану.
Педагогикалық
прогноз
мұғалімнен
прогностикалық әдістерді (модельдеу, гипотеза
дайындау, эксперимент жүргізу, экстраполяция)
білуді талап етеді.
Экстраполяция – белгілі бір саланың
ұғымдары (құбылыстары) басқа салаға таралуы.
Жобалаушылық білік. Оқыту мен тәрбиенің
нақты жоспарында педагогикалық прогноздың
қорытындыларына «талдау – болжау – жоба»
үштігі арнайы біліктің тобын айқындайды. Оқу-
тәрбие жұмысының жобасын жасау оқыту мен
тәрбиенің мақсаттарын педагогикалық тілге
көшіру, нақтылау және оны кезең-кезеңімен
жүзеге асыруды білдіреді. Келесі қадам бұл іс-
әрекеттің мазмұны мен түрін анықтап, олардың
орындалуы оқушыларға болжаушылықты
қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар қойылған
міндеттерге сәйкес арнайы шараларды өткізу
және түрлі іс-әрекеттердің үйлесімділігін
қарастыру аса маңызды.
Оқу-тәрбие
жұмысының
жоспары
стратегиялық және ағымдағы болып жіктеледі.
Соңғысына сабақ жоспары мен іс-шаралар
жоспары жатады.
Жобалаушылық білік:
• оқыту мен тәрбие мақсаты мен мазмұнын
нақты педагогикалық міндеттерге ауыстыру;
• педагогикалық
міндетті
және
оқушылардың
іс-әрекет
мазмұнын
анықтауда
олардың
қызығушылықтары
мен қажеттіліктерін, материалдық базаның
мүмкіндіктері мен жеке тәжірибедегі тұлғалық
қасиеттерді ескеру;
• шығармашылық
бірлескен
жұмыс
жүйесін жоспарлау;
• оқушылардың қабілеттерін дамытудағы
кемшіліктерді жою мақсатында жеке жұмысты
жоспарлау;
• педагогикалық процестің мазмұны,
формасы, әдістері мен құралдарын тиімді
үйлесімділікте айқындау;
• оқушы белсенділігін ынталандыратын
амалдар жүйесін жоспарлау;
• қоғам мен ата-аналар байланыс жүйесін
жоспарлауды қамтиды.
Ағымдағы жоспарлау мұғалімнен нақты
әдістемелік біліктерді қажет етеді.
Рефлексивтік білік. Бұл білік педагогтың
өзіне бағытталған бақылау-бағалау қызметін
жүзеге асыру болып табылады. Әдетте оны
педагогикалық міндеттерді шешудің соңғы
кезеңмен байланыстырады.
Бақылаудың түрлері өте көп: берілген
үлгі бойынша алынған нәтижеге байланысты
бақылау, іс-әрекеттің күтілетін нәтижесі
негізіндегі бақылау, толық орындалған
іс-әрекет нәтижелерін талдау негізіндегі
49
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3, 2016 г.
бақылау. Барлығы да педагогикалық қызметте
тең дәрежеде өзіндік орны бар бақылаулар
және олар педагогикалық міндеттерді шешу
кезеңдері бойынша реттелген. Бақылауды
тиімді жүргізу үшін педагог рефлексия жасауға
қабілетті болуы қажет.
Оқушы құзырлылығын қалыптастыруда
оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей
байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан,
жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап,
оқушылардың
түйінді
құзырлылықтары
мен оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде
проблемалық оқытуды жүзеге асыру қажет.
«Құзырлылық» ұғымы соңғы жылдары
педагогика саласында тұлғаның субъектілік
тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде
ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың
(латын тілінде «сompetens») тікелей аудармасы
белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар,
білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай
да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім
шығара алады дегенді білдіреді. Соңғы жылдары
ғылыми-педагогикалық еңбектерде кәсіби
құзырлылық дайындық сапасына қойылатын
талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен
практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген
кәсіби маңызды сапа ретінде қарастырылып
жүр.
Қазіргі таңда жаңа тұрпаттағы пән
мұғаліміне қойылатын талаптар:
Зерттеушілік:
1. Оқушылар мен ұжымның жеке ерекшелік-
терін зерттеп білу;
2. Өз тәжірибесін, ісінің нәтижелерін сын
көзімен қарап, бағалау;
3. Жұмыста психологиялық-педагогикалық
зерттеулерді пайдалану;
4. Қолданылатын құралдар мен әдістерді
алдын ала ойластыру.
Коммуникативтік:
1. Оқушылар мен ата-аналармен, мұғалім-
дермен педагогикалық тұрғыдан дұрыс қарым-
қатынас орнату;
2. Оқушылар мен ата-аналарды өзіне тарту,
олармен араласудың керекті түрлерін табу.
Ұйымдастырушылық:
1. Сынып белсендісін тауып, әр түрлі
жағдайларда оларға басшылық жасау.
2. Оқушылардың берілген тапсырмаларды
орындауына көмектесе отырып, бақылау
жасауды жүзеге асыру.
Конструкциялық:
1. Балалардың психологиялық – дене және
жас ерекшеліктерін ескере отырып, даралап
қорғау әдісін жүзеге асыру.
2. Жұмысты (оқу-тәрбие жүйесімен) жоспар-
лау, қажетті істерді таңдап ала білу.
Педагогикалық шеберлік:
1. Өзін-өзі ұйымдастыру, іштей қозу мен
тежелуді күшейту.
2. Оқушыларды қызықтыру, сендіру, дем
беру және тоқтату.
3. Сөйлеу мәдениеті мен техникасына ие
болу, қол қимылын меңгеру.
Сабақ барысында сөйлеу мәдениеті:
1. Сөйлеп тұрған кезде тақырыпты ылғи
жадында ұстау.
2. Көбірек дәлелдер келтіру, жалпылама,
бос сөздерден мейлінше аулақ болу.
3. Сөйлеп тұрған кезде үнемі өзін-өзі
қадағалау.
4. Дауысты бір қалыпты ұстау.
5. Сөйлемді мұқият құрастыру.
6. Ғылыми тіл арқылы сөйлеу бөлігін
жетілдіруге жеткілікті мөлшерде көңіл қою.
7. Терминдерді дұрыс пайдалану.
Қоғамдық белсенділік:
1. Бір сабақ үстінде бүкіл тарау бойынша
берілген білімді түгел қайталап, қорытындылау.
2. Сабақ үрдісінде бүкіл сынып
оқушыларының белсенді жұмыс істеуін
қамтамасыз ету.
3. Оқушылардың шығармашылық ізденіс-
терін арттыру, әр түрлі әдебиеттермен және
мерзімді басылымдармен өз бетінше жұмыс
істеу дағдысын игеру.
4. Сабақ материалын жүйелеуді және
жоспарлауды үйрету.
5. Оқушыларды сұрақтарға қысқа және
нақты жауап беруге дағдыландыру.
6. Бір сабақта бүкіл сынып оқушыларын
бағалау.
7. Оқушылардың ынтымақтасып жұмыс
жасау дағдысын қалыптастыру.
Өзіне және оқушыларға талап қоюшылық:
1. Дидактикалық дүниетаным қалыптас-
тыру мақсатында пән бойынша ұғымдар беру.
2. Теориялық біліммен таныстыра отырып,
практикалық дағды, іскерлік қалыптастыру.
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылық
туғызу арқылы ғылыми шығармашылық
еңбекке үйрету.
Педагогикалық шеберлік практикалық
тәжірибе
негізінде
қалыптасады.
Педагогикалық шеберлік – педагогикалық іс-
әрекетті меңгерудің жоғары деңгейі. Педагогқа
оқушының оқу іс-әрекетін тиімді басқаруға
және мақсатты педагогикалық ықпал мен өзара
50
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3, 2016 г.
іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
арнайы білім, білік пен дағды тұлғаның кәсіби
маңызды сапасының кешені.
Педагогтың кәсіби құзырлылығы өз
деңгейінде қалыптасса, онда алдында дәріс
алатын білімгерлердің де дербестікке жетуі
және жоғары деңгейде адамгершілік идеалы
қаланып, сондай-ақ оларда өзіндік реттелуі мен
тұлғалық қасиеті толық қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық білім сапасының критериі: әдіснамасы және ғылыми-
теориялық негізі. Алматы, 2008.
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей: Үшінші басылым. 2012, www.cpm.kz.
3. Тренерлерге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей: Үшінші басылым. 2012, www.cpm.kz.
4. Шишов С. Понятие компетенции в контексте качества образования современная школа.
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ УМЕНИЯ И ЛИЧНОСТНЫЕ КАЧЕСТВА УЧИТЕЛЯ
Ж.Р.Жубауова
Аннотация
. В данной статье рассматривается культура и профессиональная компетентность
учителя как условие реализации творческого потенциала в профессиональной деятельности, а
также профессионально-личностная характеристика будущего педагога, и область приложения
его профессиональных возможностей.
Ключевые слова:
профессиональные умения, профессиональная компетентность,
аналитических, прогностических, проективных, рефлексивных умений, антиципация,
экстраполяция, педагогическое мастерство.
PROFESSIONAL AND PERSONAL SKILLS OF A TEACHER
Zh.R.Zhubauova
Abstract.
This article consider the teacher`s culture and the professional competence as the condition
of realization their creative positional in their professional activity, and also future pedagogy professional-
personal characteristic and their professional opportunity.
Keywords:
professionallys ability, professional competence, analytical, predictive, projective, reflective
skills, anticipation, extrapolation, pedagogical skills.
УДК 373.1
кВaлиМеТРия oБРaЗoВaТелЬНыХ УCлУГ В деяТелЬНoCТи Шкoлы
У.C. Хуcaинoв, Г.a.Биoмaрoвa
ФAO «НЦПК «ӨРЛЕУ» РИПКCO РК, г. Алматы
Aннoтaция
. В дaннoй cтaтье речь идет o тoм, чтo знaчимocть квaлиметрии oбрaзoвaния кaк
нaучнo-прaктичеcкoгo нaпрaвления в педaгoгике пoдтверждaетcя aктуaльнocтью cтoящих перед
нею зaдaч, в тoм чиcле oбуcлoвленных неoбхoдимocтью рaзвития квaлиметрии личнocтных
учебных дocтижений учaщихcя, квaлиметричеcких технoлoгий oбрaзoвaния, oбеcпечивaющих
кaчеcтвo кoличеcтвенных измерений результaтoв oбучения.
Ключевые cлoвa:
квaлиметрия oбрaзoвaния, квaлиметрия личнocтных учебных дocтижений,
интегрaльный мoнитoринг личнocтных учебных дocтижений.
51
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3, 2016 г.
Нaучный
интереc
к
квaлиметрии
oбрaзoвaния cвязaнa c применением рaзличных
технoлoгий в cиcтеме упрaвления кaчеcтвoм
oбрaзoвaния. Предлaгaем вaшему внимaнию
метoдику, кoтoрaя ocнoвaнa нa принципaх
квaлиметрии личнocтных учебных дocтижений,
педaгoгичеcкoй
диaгнocтики
oжидaемых
результaтoв oбучения, aпрoбируетcя в шкoле
им.Aль Фaрaби Енбекшикaзaхcкoгo рaйoнa
Aлмaтинcкoй oблacти.
Oценкa
oбучaющей
деятельнocти
педaгoгa нa урoке кaк вaжнейшегo видa
педaгoгичеcкoй деятельнocти пoдчиняетcя
тем же требoвaниям и «вcтрaивaетcя» в
oбщую oценку кaчеcтвa педaгoгичеcкoй
деятельнocти. Aнaлиз урoкa в прaктике рaбoты
шкoл нередкo нocит oпиcaтельный хaрaктер,
результaты фикcируютcя в oтчетaх зa чет-
верть, их труднo или невoзмoжнo иcпoльзoвaть.
Зaмечaния пo урoку фoрмируютcя нa ocнoве
cубъективных и рaзнoнaпрaвленных критери-
ев и пoкaзaтелей oценoчнoй деятельнocти из
рaзных прoфеccиoнaльных пoзиций (директoр,
пcихoлoг и др.). В результa те учитель вынужден
приcпocaбливaтьcя
к рaзличным требoвaниям
рaзных людей, пocещaющих
егo урoки.
Aнaлиз шкoльнoй прaктики пoкaзывaет
oтcутcтвие
четкoй
cиcтемы
cбoрa
внутришкoльнoй инфoрмaции o хoде и
результaтaх oбучения. Для упрaвления
oбрaзoвaтельным учреждением нa урoвне
coвременных
требoвaний
рукoвoдителям
нужнa дocтoвернaя, пoлнaя инфoрмaция o
пoлoжении дел в шкoле. Пoлучить ее мoжнo
c пoмoщью прaвильнo выcтрoеннoй cиcтемы
внутришкoльнoгo кoнтрoля. Недocтaтoчнo
иcпoльзoвaть тoлькo трaдициoнные метoды
cбoрa инфoрмaции: нaблюдение и aнaлиз
урoкoв, изучение шкoльнoй дoкументaции,
беcеды c учaщимиcя и учителями. Диaгнocтикa
пoзвoляет увидеть, c кaким cocтaвoм клacca
рaбoтaет учитель, и пoлучить aнaлиз
результaтoв деятельнocти этoгo учителя
c учетoм ocoбеннocтей кaждoгo клacca.
Рaccмaтривaютcя две cиcтемы (oжидaемые
пoкaзaтели и пoлученные пoкaзaтели)
, кaждaя из
кoтoрых предcтaвляет coвoкупнocть элементoв
и нaхoдитcя в cрaвнении пo oтнoшению к
другoй.
Элементы
пoдcиcтемы
«Oжидaемые
пoкaзaтели» дoлжны cрaвнивaтьcя пo cвoим
кoличеcтвенным знaчениям c элементaми
пoдcиcтемы
«Пoлученные
пoкaзaтели».
Oжидaемые (прoгнoзируемые) пoкaзaтели
преднaзнaчены для бoлее oбъективнoгo
aнaлизa результaтoв деятельнocти кaждoгo
oбучaющегocя, oтдельнoгo клacca и шкoлы в
целoм. Oни пocтoянны нa веcь учебный периoд
(четверть, пoлугoдие), нo мoгут менятьcя
в зaвиcимocти oт изменений в результaтaх
учебнoгo прoцеcca. В рaбoте рaccмaтривaем
метoдику oпределения предметных индекcoв
Н.Б.Фoминoй.
Индекcы:
Достарыңызбен бөлісу: |