Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет225/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   244
2.  сарайшық  қаласына  саяхат.  Сарайшық – 
Жайықтың оң жағалауында, бүгінгі Атырау 
қаласынан солтүстікке қарай 55 шақырым 
жерде орналасқан. Тарихи деректерге қараған-
да, Сарайшық қаласының негізі ХІІІ ғасырда 
қаланған. Қала Алтын Орда ханы Батудың 
(Батый) бұйрығы бойынша 1227–1254 жылда-
ры салынған. Сарайшық қаласы Еуропа мен 
Азияны жалғастыратын көпір сияқты. Араб 
сая хатшысы Ибн Баттута: «Сарайдан шығып, 
бірнеше күннен соң біз Сарайшық қаласына 
келдік, мұндағы «шық» – кішкене деген сөз, 
яғни Сарайшық – кішкене сарай деген мағы-
наны білдіреді» деп жазған. 
Сарайшықтағы 
қазба жұмысы кезінде 
табылған бұйымдар
 
Өзің туып-өскен 
өлкенің атауы, тарихы 
туралы не білесің? 
 
Өзің тұратын өлкеде 
қандай тарихи 
ескерткіштер бар?


209
Сарайшық қаласы Қазақстан жерінде моң-
ғолдар құрған Алтын Орда мемлекетінің (бұл 
мемлекет туралы кейінгі сыныптарда оқып-
білесің) рухани орталығы болды. Ол Ұлы 
Жібек жолының бойында жатқан үлкен сауда 
орталықтарының бірі. Қалада қолөнер дамып, 
тамаша ғимараттар: мешіт, кесене, монша, ке-
руен сарай салынған. Мыс ақша, кейіннен күміс 
теңгелер де жа салған. 
Сарайшық Қасым ханның тұсында Қазақ 
хандығының астанасы болған. Сарайшық қа-
ласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 
шұңғыл табақ, тостаған, жайпақ табақ, құмыра 
мен қыш ыдыстар табылды.Қыш ыдыстар оюла-
нып, бедерленіп, ақ, көгілдір, жасыл, сарғыш 
қоңыр және түссіз шыңылтырмен қапталған. 
Тіпті алтын жалатылған керамика да кездесті. 
Ыдыстар гүл түріндегі өсімдік, жапырақтар-
мен және жануарлар бейнесімен өрнектелген. 
Толқынды сызықтармен, құс және балық су-
реттерімен безендірілген. Сонымен қатар Хо-
резм, Самарқан және Иран елінде соғылған 
бірқатар теңгелер табылған. Бұның өзі қалада 
сауданың жақсы дамығанын көрсетеді. 
Сарайшық қаласында Алтын Орданың кей-
бір хандары мен белгілі адамдары жерленген. 
Қазір Сарайшық қаласы орнында көне қаланың 
ұлылығы мен көркемдігін дәлелдейтін музей 
салынған. Бірақ Орал өзенінің арнасы жыл са-
йын құлап, мәдени қабаттары біртіндеп жо-
йылуда. Сарайшықтың мәдени мұраларын жас 
ұрпақ үшін сақтап қалу маңызды міндет болып 
отыр. 
Туған жер жайлы жинақталған мәліметтер 
біздің өлке тарихы туралы білімімізді ке-
ңей 
теді. Өлке тарихын оқып-үйрену – өзіміз 
тұратын өңірдегі халықтардың салт-дәстүрін 
құрметтеуге, ана тілімізді жақсы меңгеруге, 
мәдени ескерткіштерін қорғауға және оларға 
қамқорлық жасауымызға көмектеседі. Тари-
хи көне мәдениет ескерткіштері – біздің ата-
бабамыздан қалған асыл мұра.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет