кім – лауазымды қызметкер, аймақ басшысы.
әскер – халықты жаудан қорғайтын мемлекеттің
қарулы күші.
Б ағыну – өз еркінен айырылып, біреуге тәуелді болу.
Барымта – жауласқан елдің малын күштеп қуып
әкету, кек қайтару түрі.
Батылдық – ерлік, ержүректік.
Батыр (баһадүр – ержүрек, батыл) – әскери өнерді
жақсы меңгерген, ерлігімен аты шыққан қаһарман
адамға берілетін құрметті атақ.
Бек – әскери және мемлекет қызметіндегі түрік
ақсүйектеріне берілетін атақ.
Би – Қазақ хандығында дау-жанжалға билік айтушы
әділқазы, бітімгер адам.
Д ағдарыс – тұйыққа тірелу, күрт құлдырау, шиеленісті
кезең.
Дастан – ауыз әдебиетінің жанры.
Демография – халықтың өсу санын, құрамын
зерттейтін статистика саласы.
Держава – қуатты, ұлы мемлекет.
Диаспора – өз Отанынан басқа жерде тұратын ұлттың
бір бөлігі.