Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет231/244
Дата30.04.2022
өлшемі6,79 Mb.
#32952
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   244
ҚаЙталаУҒа арналҒан сҰраҚтар мен 
таПсырмалар
1.  «Қазақстан тарихы» пәнін оқып-үйренудің 
маңызы қандай?
2.  Қазақстан Республикасының картасынан мем-
лекетіміздің шекарасын, қандай көрші елдер-
мен шектесетінін көрсет. Ол көршілес мемле-
кеттер туралы не білесің?
3.  Дүниежүзі картасынан Қазақстанды және оның 
астанасын көрсет. 
4.  «Елін, жерін сүю» деген сөзді қалай тү сі не сің? 
5.  Қазақстанда тұратын халықтардың жа рас қан 
достығын дәлелдейтін күнделікті өмірден мы-
салдар келтір.
6.  Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрі 
туралы әңгімеле.
7.  Сақ тайпалары өз елін қорғауда қандай ерліктер 
көрсеткенін есіңе түсір. 
8.  «Мөде – ғұндардың құдіретті билеушісі» деген 
тақырыпта әңгіме құрастыр. Еділ патша (Атти-
ла) ғұндардың атағын жер жүзіне танытқан ұлы 
тұлға екенін дәлелде.
9.  Ежелгі түрік тайпаларының өмірі мен тұрмыс 
жағдайы туралы не білесің? 
10.  Көне түркі жазулары бар тас қайда және қашан 
табылды? Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған 
ескерткіштерінде не туралы айтылады?
11. Картадан Қазақстан аумағын және Ұлы 
Жібек жолын көрсет. Ұлы Жібек жолының 
мемлекеттерді сауда-саттық, айырбас қана 
емес, мәдени жағынан да байланыстырға нын 
дәлелде.
12. 
Ортағасырлық қалаларға сипаттама бер. 
 
Отырар қаласы тұрғындарының моңғолдар 
ға 
қарсы күрестегі ерлігі жайлы әңгімеле. 
13. Йасы қаласы туралы оқулық мәтінімен та-
нысып, бейнефильмнен және иллюстра циялық 
материалдан алған білімдерді пайдалана оты-
рып, «Йасы саудагері» атты тақырыпта жоспар 
бойынша әңгіме құра:
 
 
  Жоспар: 
 
Саудагердің бір күнгі өмірі. Саудагер кіммен, 
не туралы сөйлесті?


217
 
Саудагер шет елден келген саяхатшыға 
«Қожа Ахмет Йасауи» кесенесі туралы не 
айтуы мүмкін?
 
Кесене қайда орналасқан?
 
Кесенені суретте. Ғимарат саған қандай әсер 
қалдырды?
 
Саудагер қандай заттар сатып алып, ал 
қандай бұйымдарды сатып жатыр?
14. Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек 
пен Керей хандар туралы әңгімеле.
15.  Абылай және Әбілқайыр хандардың қыз метіне 
баға бер.
16. 1836–1838 және 1837–1847 жылдары болған 
ұлт-азаттық көтерілістерді салыстыр, ол 
көтерілістердің тарихи маңызы қандай?
17.  Қожа Ахмет Йасауиді неліктен барлық түркі 
халықтары қадір тұтады? 
18.  Қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды? 
«Халықтар арасындағы келісім мен достық» 
деген сөздің мағынасын қалай түсінесің? Күн-
делікті өмірден мысал келтір.
19. Қазақ би-шешендерінің өмірі мен қызметіне 
баға бер.
20.  Құрманғазыны неліктен «күй атасы» дейді?
21.  Ауыз әдебиетінің туындылары бізге қалай жеткен?
22.  Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Ду лат-
ұлы, т.б. қайраткерлердің өмірі мен қызметі ту-
ралы әңгімеле.
23.  Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы барысын-
да елде қандай шаралар жүзеге асы рылды?
24. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қалай 
жүргізілді?
25. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ 
стан-
дықтардың ерлігі туралы әңгімеле. 
26. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді 
игерудің нәтижесі қандай болды?
27.  Қазақстандық ғарышкерлер туралы не білесің?
28.  Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен өнерінің 
дамуына үлес қосқан қайрат кер лердің қызме-
тіне сипаттама бер.
29.  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы-
ның маңызы қандай?
30. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қа зақ-
стан Республикасының Кон сти ту циясы  бойын-
ша азаматтардың қан дай құқықтары мен мін-
деттері бар?


218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет