60
бейнеленген.
Сауытқа ұқсас қызыл былғары
бешпенті үш мыңға жуық алтынмен әше кей-
ленген. Беліне алтынмен көркемделген қайыс
белбеу буынған. Белбеудің оң жағына қызыл
қынапты темір семсер, сол жағына алтынмен
апталған темір қанжар ілінген. Саусағына екі
алтын жүзік кигізілген.
Қабірден отыз шақты ыдыс, күміс қасық,
кесе, алтын ілгектер, дөңгелек жүзік, бойтұмар,
алтын масақты жебе, сабы алтын таспамен
оралған қамшы, қола
айна және басқа да заттар
табылған. Күміс тостағанның сыртына 26 әріп -
тен құралған екі жол сөз жазылыпты. Ғалым-
дардың пікірінше, Алтын киімді адам Қазақстан
жерін мекендеген сақ патшасының ұлы немесе
жас көсемі, әскербасы болуы мүмкін.
«Алтын киімді адам» –
Қазақстан Респуб-
ликасының азаттық символы. Ондағы тұлпар
бейнесі еліміздің гербінен орын алды. «Алтын
адам» бейнесі Алматы қаласының Респуб лика
алаңындағы Тәуелсіздік монументінде бейне-
ленген.
Алтын адам қай жер-
ден табылды?
Алтын адамның
киімін суретте.
«Алтын киімді
адамның құпиясы»
деген тақырып та
мәлімет жинап,
әңгіме құрастыр.
Табылған Алтын адам
киімдеріне қарап,
сақ тайпаларының
зергерлік өнері туралы
не айтуға болады?
Есіктен табылған Алтын адам жалғыз емес. 2000 жылы Атырау облысында-
ғы
Аралтөбе деп аталатын қорымның төңірегінен сармат (сақтармен қатар
өмір сүрген тайпа) көсемі жерленген ескерткіш табылды. «Атыраудың ал-
тын адамының» киімі түгелдей алтын әшекеймен безендірілген. Оның шаш-
бауы,
қару-жарағы, қорамсағы, асатаяғындағы самұрық бейнесі де алтынмен
апталған. Мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құстың сүйектері, жүзден аса
жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра мен қайқы қылыш табылған.
Шығыс Қазақстан облысындағы
Берел қорғанынан да
алтын киімді адам
табылды. Бұл ғажайып ескерткіштердің барлығы көшпелі сақ, сармат тай-
паларының б.з.б. V–III ғасырлардың өзінде-ақ зергерлік өнерді жоғары деңгейде
меңгергенін, қолөнері мен мәдениеті дамығандығын көрсетеді.