4. түрік қағанаты халқының кәсібі, тұр- мысы. Түрік тайпалары ұлан-ғайыр далада
көшіп-қонып, көшпелі және жартылай көш-
пелі мал шаруашылығымен айналысты. Қыста
қыстауға, жазда жайлауға көшіп отырды. Киіз
үйде тұрды. Көшуге түйе, өгіз жеккен арба-
ны пайдаланды. Сондай-ақ аңшылықпен шұ-
ғылданды. Жолбарыс, барыс, түлкі, құндыз
және басқа аңдарды аулаған. Олардың терісінен
киім тігіп киді, айырбас саудаға салды. Металл
кенінің бай қоры болды, белгілі сауда жолдары
арқылы басқа халықтармен экономикалық бай-
ланысын күшейтті.
Негізгі кәсібі мал бағу болғанымен, түріктер
ішінара егін егумен де айналысты. Суармалы
алқаптағы отырықшы халық егін егіп, бау-
бақша өсірген. Ұлы Жібек жолының елді ба-
сып өтуі арқасында сауда-саттық өркендеді,
жол бойындағы қалалар көркейді. Құлан, Та-
раз, Мерке қалалары сауда мен қолөнердің
орталықтарына айналды.
«Түрік» сөзінің мәнін қалай түсіндің?
Ежелгі түрік мемле кеті қалай аталды? «Қаған», «қағанат» сөздерінің анықтамасын айт.
Түрік қағанаты қалай құрылды? Түрік қағанатының негізін салушы кім?
Қағанаттың шаруа шы- лы ғына сипаттама бер.
Қағанат құрамына қандай тайпалар кірді? 603 жылы Түрік қа-
ғанаты Батыс Түрік қаға на-
ты және Шығыс Түрік қа-
ғанаты болып екіге бөлін ді.