§21. ертедегі түріктер 1. «түрік» атауы туралы аңыз. Ежелгі тү-
ріктердің шығуы туралы Қытай жылнамала-
рында мынандай аңыз бар. Аңыз бойынша,
Ұлы Ғұн ордасынан бөлінген ел Сарыжазықтан
көшіп, Алтай тауының қойнауын паналауға
беттейді. Жолда олар аңдып жүрген жаулардың
қолына түсіп, түгел қырылады. Жаудан тек
он жасар бала ғана аман қалады. Осы баланы
Көкбөрі қасқыр тауып алып асырайды. Кейін
осы баладан Көкбөрілер ұрпағы тарайды. Көсемі
Ашина тайпаға өз атын береді, осы Ашина тай-
пасынан шыққан көсемдердің бірі өз жұртын
Алтайға қоныстандырады. Көкбөріге сиыну
салтқа айналады. Қасқыр асыраған баладан он
ұрпақ тараған көрінеді. Түркілер өздерін көне
сына жазуларында «он оқ будун» деп атаған.
Ол он ұлдан тараған ел дегенді білдірген. Осы
жергілікті тайпалар өздерін
«түркіміз» деп
атаған.