Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
§18. алтын киімді адам
1.  сақтардың  наным-сенімдері.  Сақтар да 
басқа халықтар сияқты табиғаттың түрлі құ-
былыстарын түсінбеді, одан қорықты. Таби ғат-
тың әр құбылысының өз Құдайы бар деп есеп-
теді. Олар – Күнге, найзағайға, жел-дауылға, 
жерге табынған. Ата-бабаларының аруақтарына 
сыйынған. 
Сақтар құдайларды қанатты тұлпар, аңдар 
мен құстар, жануарлар бейнесінде елестеткен. 
Олардың қаһарынан қорқып жалбарынған, 
құрбандыққа мал сойған.
Сақтар өлген адамды қорғанға жерлеген. 
Өлікке жақсы киім кигізіп, онымен бірге қару-
жарақ, тамақ, тұтынған бұйымдарын бірге 
көм 
ген. Бұлар оған о дүниеде қажет болады 
деп түсінген. Патша не көсем қаза болса, үлкен 
қорғанға жерлеп, атын да қоса көмген.
2.  Ғажайып  жәдігер. 1969 жылы Алма-
ты қаласынан 50 шақырымдай жердегі Есік 
қаласының маңындағы сақ обасынан «Алтын 
киімді адам» табылды. Қабір ағаш қақпақпен 
жабылған. Темір құрсаулармен бекітіліп, тақ-
тайдан еден салынған. Адам денесінің астына 
алтын төсеніш төселген. Мұнда басын батыс қа 
қаратып, қару-жарағын асындырған 17–18 жас-
тағы жас жігіт жерленген. Оның бойы 165 см. 
Адамның киімі 4 мыңға жуық алтын әше-
кеймен өрнектелген. Биіктігі 65–70 см шошақ 
төбелі болып келетін баскиімі 200-ден аса 
 
алтын әшекеймен безендірілген. Дулығаның 
сыр 
тынан арқар бейнесіндегі тәж кигізілген. 
Әше кейлер  «аң стилімен», яғни түрлі: барыс, 
арқар, таутеке, ат, құс, аң бейнелерімен көр-
кемделген. Баскиімі қауырсын мен масақты 
жебе, алтынмен безендірілген. Мойнына таққан 
алтын алқаның ұшында жолбарыс бастары 
 
Алтын киімді адам

60
бейнеленген. Сауытқа ұқсас қызыл былғары 
бешпенті үш мыңға жуық алтынмен әше кей-
ленген. Беліне алтынмен көркемделген қайыс 
белбеу буынған. Белбеудің оң жағына қызыл 
қынапты темір семсер, сол жағына алтынмен 
апталған темір қанжар ілінген. Саусағына екі 
алтын жүзік кигізілген.
Қабірден отыз шақты ыдыс, күміс қасық, 
кесе, алтын ілгектер, дөңгелек жүзік, бойтұмар, 
алтын масақты жебе, сабы алтын таспамен 
оралған қамшы, қола айна және басқа да заттар 
табылған. Күміс тостағанның сыртына 26 әріп - 
тен құралған екі жол сөз жазылыпты. Ғалым-
дардың пікірінше, Алтын киімді адам Қазақстан 
жерін мекендеген сақ патшасының ұлы немесе 
жас көсемі, әскербасы болуы мүмкін.
«Алтын киімді адам» – Қазақстан Респуб-
ликасының азаттық символы. Ондағы тұлпар 
бейнесі еліміздің гербінен орын алды. «Алтын 
адам» бейнесі Алматы қаласының Респуб лика 
алаңындағы Тәуелсіздік монументінде бейне-
ленген.
 
Алтын адам қай жер-
ден табылды?
 
Алтын адамның 
киімін суретте.
 
«Алтын киімді 
адамның құпиясы» 
деген  тақырып та 
мәлімет жинап,  
әңгіме құрастыр.
 
Табылған Алтын адам 
киімдеріне қарап, 
сақ тайпаларының 
зергерлік өнері туралы 
не айтуға болады?
Есіктен табылған Алтын адам жалғыз емес. 2000 жылы Атырау облысында-
ғы  Аралтөбе деп аталатын қорымның төңірегінен сармат (сақтармен қатар 
өмір сүрген тайпа) көсемі жерленген ескерткіш табылды. «Атыраудың ал-
тын адамының» киімі түгелдей алтын әшекеймен безендірілген. Оның шаш-
бауы, қару-жарағы, қорамсағы, асатаяғындағы самұрық бейнесі де алтынмен 
апталған. Мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құстың сүйектері, жүзден аса 
жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра мен қайқы қылыш табылған. 
Шығыс Қазақстан облысындағы Берел қорғанынан да алтын киімді адам 
табылды. Бұл ғажайып ескерткіштердің барлығы көшпелі сақ, сармат тай-
паларының б.з.б. V–III ғасырлардың өзінде-ақ зергерлік өнерді жоғары деңгейде 
меңгергенін, қолөнері мен мәдениеті дамығандығын көрсетеді.

61
§19. мөде – Ғұн мемлекетінің 
негізін қалаушы
1.  Ғұндар.  Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан 
жерінде ғұн тайпалық ода ғы қалыптаса баста-
ды. Алғашқы кезде ғұн дар Солтүстік Қытай, 
Моңғолия және Байқал маңында қоныстанған. 
Ғұндар – біздің арғы ата-бабамыз. Ғалымдар-
дың пікірі бойынша, ғұндар түркілердің арғы 
тегі болып табылады. Олар түркі тілінде сөйлеп, 
түркі жазуын пайдаланған.
2.  Ғұн мемлекеті. Ғұндар 24 тайпадан тұрған. 
Әр тайпа дербес өмір сүрген. Әр тайпаның көшіп 
жүретін жері болған. Ғұндар жыл сайын үш рет 
бас қосып, Ұлы ордаға жиналатын. Осындай 
жиналыс тарда ортақ мәселелерді кеңесе отырып 
шешкен. Ғұндар Көк Тәңіріне сыйынған. Ата-
баба аруағына бағыштап құрбандық шалған.
  Карта бойынша ғұн-
дардың қандай ел-
дер және тайпалар-
мен көрші болғанын 
анықта.

62
Ғұн тайпалары б.з.б. III ғасырдың соңында 
бірігіп, өз мемлекетін құрды. Ғұндардың құрған 
мемлекеті күшті де қуатты елге айналды. Ғұндар 
батыр да ержүрек, жауынгер халық болған. Атты 
жауынгерлерден құралған ғұн әскері садақ, 
семсер, айбалта, найзамен қаруланып, әрдайым 
шайқасқа даяр тұрған. Ғұндар ысқырғыш 
жебелерін қардай боратып, жеңіске жетіп отыр-
ды. Олар тас қамалды бұзуды жақсы меңгерген. 
Ғұн мемлекетінің нығайғаны сонша, оған сол 
кезде Еуропа мен Азияда тең келер мемлекет 
болған емес.
Ғұндардың жауынгер тайпалары Қытайдың 
солтүстік жағындағы қалалар мен елді ме-
кендерге шабуыл жасап тұрған. Қытайдың 
Цинь патшалығына Ғұн мемлекетінің күшеюі 
ұнамады. Б.з.б. 214 жылы Цинь патшалығының   
билеушісі Ши-Хуанди жүз мың әскермен 
Сарыжазық өңіріндегі Ғұн мемлекетіне қар-
сы жорық бастайды. Қытайлар ғұндарға тұт-
қиылдан шабуыл жасайды. Бұндай шабуылды 
күтпеген ғұндар Сарыжазықты тастап кету-
ге мәжбүр болады. Ғұн әскерінің шабуылы-
Ғұн жауынгерлері
нан қорғану үшін б.з.б. IV–III ға-
сырларда қытайлар 
«Ұлы Қытай 
қорғанын» салдырады.
3.  Ғұндардың 
шаруашылығы, 
өмірі мен тұрмысы. Ғұндардың 
өмірінде мал басты рөл атқарды. 
Мал шаруашылығымен айна 
лыс-
қан, негізінен жылқы мен қой 
өсірген. Жылқы – көшіп-қонатын 
көлігі, жейтін тамағы болған. Ғұн 
жылқыларының дене бітімі ты ғыз, 
шоқтығы аласа, жүріске төзімді 
келген. Тау-жоталарға еркін шы-
ғып, өзен-сулардан қинал 
май 
өтетін. Ғұндар – ат құла 
ғында 
ойнайтын шабандоз, өжет. Сол 
 

63
заманнан бүгін бізге жеткен «Қыз қуу», «Көк-
пар», «Теңге алу» және басқа атүсті ойындары-
ның негізін ғұндар қалаған.
Ғұндардың тіршілігінде отырықшылық 
та, егіншілік те орын алды. Олар тарыны көп 
өсірген, оны тағам ретінде пайдаланған. Мал 
терісі мен жүннен киім, төсеніш жасап, киіз 
үйлерде тұрған. Бай, дәулетті ғұндар Қытайдан 
алдырған жібек матадан киім киген.
Ғұндар аңшылықпен айналысты. Жас ба-
лаларының өзі садақпен құс, аң атып үйренген. 
Соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдарды құлға 
айналдырған. Олар үй қызметшісі, бақташы, 
қолөнерші және жер жыртушы болған.
Ғұндарда қолөнер кәсібі мен бейнелеу өнері 
де дамыды. Олар кен қазып, металл қорытты. 
Металл, сүйек, мүйіз, балшық пен ағаштан 
түрлі бұйымдар жасады. Ғұн қабірлерінен 
Қытай жібегі, айна, нефриттен жасалған заттар 
табылған. Бұл бұйымдар ғұндардың басқа ел-
дермен сауда-саттық жасағанын көрсетеді.
Ғұн тайпаларының бейнелеу өнері аң стилінде 
дамыды. Тас бетіне бұқа, бұғы, аққу бейнелерін 
салған. Бұқа – күш пен биліктің, бұғы – бақыт 
пен жақсылықтың нышаны, ал аққу – отбасын 
қорғаушы кие саналған.
Б.з.б. ІV ғасырдағы ғұн мемлекетінің әмірші-
сі 
Тұман болды. Ол Алтайдан Қырымға дейінгі 
ұлан-ғайыр аймақты мекендейтін ғұн тайпала-
рына 30 жылдай билік етті. Ол басқарып тұрған 
кезде мемлекет әлсіреп ыдырай бастайды да, 
бірнеше ұлыстарға бөлініп кетеді.
Тұман көрші елдермен көп соғысады. Қы-
тайлықтардан жеңіліске ұшырап, ғұн аума-
ғының біраз жерін оларға беруге мәжбүр бола-
ды. Тұманның екінші әйелі қытай қызы еді. Ол  
әйел мемлекет билігіне араласып, қытай 
дәстүрлерін енгізеді. Бұл әйел билік басына 
өз баласын отырғызуды ойлап, ғұн әйелінен 
Ғұндардың  
алтын тәжі
Қола қазан

64
туған балаларынан құтылуды қарастырады. 
Тұманның ұлы Мөдені өлтіруді ойластырып, 
осы ойына әмірші Тұманды да көндіреді. Бірақ 
бұл жүзеге аспай қалады. 
4.  мөде (б.з.б. 230–174) – Ғұн елінің билеуші - 
сі.  Б.з.б. 209 жылы Мөде Ғұн мемлекетіндегі 
билікті өз қолына алады. Ол өзін дара билеуші деп 
жариялайды. Мөде билік басына келісімен бұрын 
жеке-жеке ұлыстарға бөлініп, өзара соғысып 
жататын ғұн тайпаларының басын біріктіреді. 
Тұрақты әскер құрып, оған қатаң тәртіп орна-
тады. Мөде Ғұн мемлекетінің бұрынғы әскери 
қуатын қайта қалпына келтіруге ұмтылады. 
Б.з.б. 200 жылы Мөде Қытайдың Хань 
әулетінің ұрпағы Лю Банды ойсырата жеңіліске 
ұшыратады. Мөде «шаньюй 
(Аспан ұлы) – шексіз би-
лік иесі» деген атаққа ие 
болады. Қытай патшасы 
ғұндарға 23 жыл бойы 
алым-салық төлеп тұрады. 
Содан кейінгі жылдары 
Мө де басқарған, жорыққа 
жақсы дайындалған әскер 
көптеген аумақтар мен көр-
ші  көшпелі  тайпа лар дың 
жерлерін басып алады.
Мөде ел басқарудың жа-
ңа жүйесін жасайды. Елді 
үш 
әкімші лік-аумақтық 
құрылымға бөледі. Өз 
туыс 
қандарынан 24 ғұн 
тай пасын басқаратын бас-
шы  та ғайындайды.  Со лар 
ар 
қылы ел билігі жү 
зеге 
асырылды. Әскери бас-
шы 
лықты да жөнге кел-
тіреді. Әскердің бас қол-
басшысы белгіленіп, оған 
түменбасы, мыңбасы, 
Ғұн елінің  
билеушісі – Мөде

65
жүз басы, онбасылар бағынатын болды. Елдегі 
барлық ер азаматтар жауынгер саналды. Ғұн 
әскерінен жорыққа да йын тұру талап етілді.
Ғұн мемлекеті қайтадан мықты елге айнал-
ды. Мөденің көрші елдерге жеңімпаз жорықта-
ры басталады. Осы кезде ғұндардың қоластына 
қазіргі Кореядан Тибетке дейін және Шығыс 
Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта сағасына 
дейінгі аймақ бағынады. Алтай тайпаларын, 
Тынық мұхиттан Каспий теңізінің жағалауына 
дейінгі жерлерді өзіне қаратты. Ғұн мемлекеті-
нің құрамына қырғыз, үйсін, қаңлы және басқа 
да тайпалар кірді.
Мөде ұзақ жылдар бойы өз халқына тыныш-
тық пен бейбіт өмір сыйлады. Б.з.б. 174 жылы 
Мөде дүние салып, оның ұлы Лау шан  Ғұн 
мемлекетінің билеушісі болып тағайындалады.
Мөде билігінен кейін Ғұн мемлекеті әлсі-
реп, б.з.б. 56 жылы екіге бөлінеді. Кейінірек  
V ғасырда солтүстік ғұндардың бір бөлігі Оңтүс-
тік Қазақстан мен Орта Азияда өз мемлекетін 
құрады. Ал оңтүстік ғұндар Қытайдың Хань 
империясына бағынады.
Қытайдың Цинь мем-
ле кетінің императо ры Ши-
Хуан ди  ғұн дардың  ша-
 
б уы лынан  қорғану  үшін 
ұзындығы 5000 км, биік-
тігі 6 м, кейбір бөліктері 
10 м, ені 5–6 м болатын 
үл кен қорған тұрғызады. 
Бұл қорғанды салу үшін 
қыруар көп шаруа, құл, 
әскер және тұтқындар ең-
бек етті. Ауыр жұмыстан 
қалжырап өлген адам-
ды қорған қабырғасына 
бірге қалап жіберген. Бұл 
құрылыс – 
«Ұлы Қытай 
қорғаны»  деп аталады. 
«Ұлы Қытай қорғаны» – 
көне сәулет өнерінің ес-
керткіші ретінде бүгінге 
дейін сақталған.
Ғұндардың біздің заманымызға жеткен заң-
дарында былай делінген:
– Адамға пышақ не қанжар салып, жаралы ет-
кендер өлім жазасына кесіледі.
– Ұрлық жасаушының мал-мүлкі түгел тәр-
кіленеді.
– Жеңіл қылмыс жасағандардың беті тілінеді.
– Ауыр қылмыс жасағандар өлім жазасына 
кесіледі.
– 
Қамауға алынған қылмыскер он күннің 
ішінде жазалануы тиіс. (Бірақ мемлекетте 
мұндай қамауға алынатын қылмыстар өте 
сирек болған).
 
Ғұндардың өмірі  
мен тұрмысы  
туралы әңгімелеп бер. 
 
Ғұндар қалай  
қуатты  
мемлекетке  
айналды? 
 
Мөде қандай  
билеуші болған? 
 
«Мөде – Ғұн елінің 
билеушісі» деген 
тақырыпта  
әңгіме дайында. 

66
§20. еділ патша
1.  еділ-аттила  (400–453) – Ғұн мемлекетінің 
атақты билеушісі, император атанған қолбасшы, 
адамзат тарихында ерекше орны бар ұлы тұлға. 
Ғұн патшасының баласы Еділ жас кезінен-ақ 
соғыс жорықтарына қатысып, қан майданда 
батырлығымен көзге түскен.
Еділдің Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз 
жорықтары жайлы көптеген аңыз-әңгіме 
тараған. Еуропада Еділді   Аттила, Атыл, Эт-
цель деп те атайды. Венгрлер оны бабамыз деп 
есептейді. 
2.  Батыс  Ғұн  ұлысы.  Ғұндар Еуропаның 
бірқатар жерін жаулап алып, 
Батыс Ғұн ұлы-
сын  құрған. Батыс Ғұн ұлысы II ғасырда Кас-
пий теңізінің жағалауындағы қазақ жерінде құ-
рылды. Б.з. 374 жылы Батыс  Ғұн империясын-
да Балаәмір билік құрды. Балаәмірдің тұсында 
Еділ патша

67
ғұндар Батыс елдерін жаулап алу жорығын 
бастаған болатын. Балаәмірдің басшылығымен 
ғұндар Доннан Днепрге дейінгі жерлерді жау-
лап алып, өзіне бағындырады. Ал Еділ пат-
ша тұсында ғұндардың Еуропаны жаулап 
алуы аяқталды. Олар Ұлы Қытай қорғанынан 
Францияға дейінгі жолды ат тұяғымен басып 
өтті.
Еділ 434 жылы Батыс Ғұн империясының 
тағына отырды. Ол өзінің немере туысы Бледа-
мен билікті бөлісті. Кейін Еділ Бледаны тақтан 
түсіріп, 18 жыл елді жеке өзі басқарады. Еділ 
патшаның тұсында Ғұн империясы өз дамуы-
ның жоғарғы сатысына жетті. Ол өзіне дейін 
билік құрған аталарының ісін жалғастырды.
Еділ білікті қолбасшы, саясаткер әрі көреген 
көсем ретінде танылды. Оны қарсыластары 
«Құдайдың қаһары» деп атаған. Шығыс Рим им-
периясы (Византия) Еділ патшаға тәуелді екенін 
мойындап, ғұндарға алым-салық төлеп тұрады.
Сонымен қатар ол герман тайпаларын және 
Рейн өңірін өзіне бағындырады. Еділдің әділ 
патша деген аты бүкіл Еуропаға тарайды. Ол 
Византияға, Данияға шабуыл жасап, Бургунд 
королін талқандап жеңіске жетеді. Римге қарсы 
Каталун даласындағы шайқаста екі жақтан 
165 мыңға жуық ғұндар мен римдіктер қаза 
табады. Осы шайқастан кейін құл иеленуші 
Рим империя сы құлайды. Рим империясының 
үстемдігінен азат етілген елдер Еуропада жеке 
мемлекеттерін құрады. Ғұндар әлем тарихын-
да ортағасырлық дәуірдің басталуына ықпал 
жа 
са 
ды. Бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірген 
ғұн дардың қаһарлы жорығын басқарған Еділ  
453 жылы қаза табады. Оның орнына таққа ұлы 
Еллақ отырады.
V–VI ғасырларда Ғұн мемлекетінде тақ мұра-
герлерінің билік үшін талас-тартысы күшейеді. 
Ғұн империясы бірнеше иеліктерге ыдырап, бө-
лініп кетеді.
 
Батыс Ғұн мемлекеті 
қай жерде құрылған?
 
Еділдің жорығы тура-
лы әңгімелеп бер.
 
Еділ қандай  
қолбасшы болған? 
Қолбасшылық 
қабілетіне  
сипаттама бер.
 
«Еділ – Ғұн 
мемлекетінің әйгілі 
билеушісі» деген 
тақырыпта әңгіме 
дайындап кел.
Аттила алдына әке-
лінген тұтқын римдік-
терге жаза кесе бастайды. 
Оның алдына қол-аяғы 
байланған римдік жас 
батырды алып келеді. Ол 
шайқаста ғұндарға қарсы 
жан аямай соғысқан екен. 
Ол тұтқынды алдына 
алып келгенде:
–  Ғұндарға  қарсы  неге 
соғыстың, әлде олардан 
жамандық көрдің бе? – 
деп сұрайды.
–  Жоқ,  ғұндардан  еш 
жамандық көрген жоқ-
пын, мен туған қаламды 
қорғап, міндетімді орын-
дадым, – деп жауап береді 
тұтқын.
Еділ патша осы сөзі 
үшін римдік тұтқын Кай-
ге бостандық береді. 

68
§21. ертедегі түріктер
1.  «түрік» атауы туралы аңыз. Ежелгі тү-
ріктердің шығуы туралы Қытай жылнамала-
рында мынандай аңыз бар. Аңыз бойынша, 
Ұлы Ғұн ордасынан бөлінген ел Сарыжазықтан 
көшіп, Алтай тауының қойнауын паналауға 
беттейді. Жолда олар аңдып жүрген жаулардың 
қолына түсіп, түгел қырылады. Жаудан тек 
он жасар бала ғана аман қалады. Осы баланы 
Көкбөрі қасқыр тауып алып асырайды. Кейін 
осы баладан Көкбөрілер ұрпағы тарайды. Көсемі 
Ашина тайпаға өз атын береді, осы Ашина тай-
пасынан шыққан көсемдердің бірі өз жұртын 
Алтайға қоныстандырады. Көкбөріге сиыну 
салтқа айналады. Қасқыр асыраған баладан он 
ұрпақ тараған көрінеді. Түркілер өздерін көне 
сына жазуларында «он оқ будун» деп атаған. 
Ол он ұлдан тараған ел дегенді білдірген. Осы 
жергілікті тайпалар өздерін 
«түркіміз»  деп 
атаған.

69
2.  түрік қағанаты. IV ғасырда түріктер Ал-
тай өңірін мекендеген тайпалар еді. Осы кезде 
олар жужандарға (авар) бағынып, алым-салық 
төлеп тұрған. 
V ғасырда Солтүстік Моңғолиядан Шығыс 
Еуропаға дейінгі орасан зор алқапта түркі тіл-
ді көшпелі теле  тайпалары өмір сүретін еді. 
546 жылы соғыста түріктердің Ашина тай-
па сын  басқарған 
Бумын қаған  сансыз көп 
теле тайпасын талқандады. Олардың 50 мың-
дай үйі түріктерге келіп қосылады. Бұдан 
түріктер күшейе түсті, жерін кеңейтті. Түрік 
тайпаларының күшті әскерін құрды. 552 жылы 
түрік тайпалары бірігіп, түрік қағанаты
  деп 
аталған мемлекетін құрады. Елді басқаратын 
адам    
қаған тек әмірші, әскери қолбасшы ғана 
емес, сондай-ақ барлық жердің қожасы саналды.
Бумын қаған тұсында түріктер күшейіп, 
552 жылы жужандарға қарсы соғыста жеңіске 
жетеді. Осы кезден бастап Түрік қағанаты билік 
құрады. Түріктер алым-салықтан құтылып, 
өз бостандығын алады. Түрік тайпаларына 
азаттық әперген, қағанаттың іргесін қалап, 
шаңырағын көтерген Бумын қаған 553 жылы 
дүниеден өтеді. Оның інісі 
Мұқан қаған  билік 
құрған кезде Түрік қағанаты одан да қатты 
күшейеді. 555 жылы Түрік қағанатына бүкіл 
Орта Азия бағынады.
Қағанаттың нығаюына Бумынның інісі ақыл-
ды, ержүрек, соғыс өнерін жақсы меңгерген 
Естеми қаған да айтар лықтай үлес қосты. Есте-
ми қағанның қолбасшылық қабілеті арқасында 
Түрік қағанатының аумағы сонау Кавказға 
дейін ұлғайып, көптеген тайпаларды өзіне ба-
ғын дырған.
Түрік қағанатының құрамында түркі тілдес 
қарлұқ, қимақ, қырғыз, түркеш, қыпшақ және 
басқа тайпалар болды.
Түріктердің билігін көптеген елдер мойындай-
ды. Қытайдың солтүстік облыстары түріктер-
ге бағынып, алым-салық төлеп тұрды. Керуен 
Түрік жауынгерлері

70
жолдары арқылы Үндістан, Қытай, Орта Азия, 
Иран және басқа елдермен жүргізілген сауда 
қазынаны байытты. Қағанатта үлкен маңызды 
өзгерістер жүзеге асырылды. Мемлекеттегі басты 
тайпалар 10 бөлікке («он оқ будун») біріктірілді.
Он ірі тайпа «оң қанат» және «сол қанат» бо-
лып екіге бөлінді. Елдің ұлан-ғайыр кеңістігін 
қорғауда атты әскер маңызды рөл атқарды.
3.  түрік  қағанатының  ыдырауы.  Түрік 
қағанаты бір орталыққа бағынған күшті мем-
лекет бола алмады. Өйткені орасан зор аймақты 
тәуелділікте ұстап отыру өте қиынға түсті. 
Қағанат аумағын мекендеген түрлі халықтар 
арасында бірлік болмады. Қағандар әулетінің 
арасында билік үшін тартыс басталды. Осы 
тайпалардың алауыздығы, өзара қырқыс Түрік 
қағанатын әлсіретті. Бағынған халықтар өз 
тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрес жүр-
гізді. Ақыры 603 жылы Түрік қағанаты Батыс 
Түрік қағанаты және  Шығыс Түрік қағанаты 
болып екіге бөлініп кетті.
4. 
 
түрік қағанаты халқының кәсібі, тұр-
мысы.  Түрік тайпалары ұлан-ғайыр далада 
көшіп-қонып, көшпелі және жартылай көш-
пелі мал шаруашылығымен айналысты. Қыста 
қыстауға, жазда жайлауға көшіп отырды. Киіз 
үйде тұрды. Көшуге түйе, өгіз жеккен арба-
ны пайдаланды. Сондай-ақ аңшылықпен шұ-
ғылданды. Жолбарыс, барыс, түлкі, құндыз 
және басқа аңдарды аулаған. Олардың терісінен 
киім тігіп киді, айырбас саудаға салды. Металл 
кенінің бай қоры болды, белгілі сауда жолдары 
арқылы басқа халықтармен экономикалық бай-
ланысын күшейтті. 
Негізгі кәсібі мал бағу болғанымен, түріктер 
ішінара егін егумен де айналысты. Суармалы 
алқаптағы отырықшы халық егін егіп, бау-
бақша өсірген. Ұлы Жібек жолының елді ба-
сып өтуі арқасында сауда-саттық өркендеді, 
жол бойындағы қалалар көркейді. Құлан, Та-
раз, Мерке қалалары сауда мен қолөнердің 
орталықтарына айналды. 
 
«Түрік» сөзінің мәнін 
қалай түсіндің?  
 
Ежелгі түрік 
мемле кеті  қалай 
аталды? «Қаған», 
«қағанат» сөздерінің 
анықтамасын айт.
 
Түрік қағанаты 
қалай құрылды? Түрік 
қағанатының негізін 
салушы кім?
 
Қағанаттың  шаруа шы-
лы ғына сипаттама бер.
 
Қағанат құрамына 
қандай тайпалар кірді?
603 жылы Түрік қа-
ғанаты Батыс Түрік қаға на-
ты және Шығыс Түрік қа-
ғанаты болып екіге бөлін ді. 
Батыс түрік қағанаты өз 
билігін не 
гізінен Қаратау 
баурайы нан  Жоңғарияға, 
яғни Шығыс Түркістанға 
дейінгі аралықта жүргізді. 
Қағанаттың жаңа астана-
сы 
Суяб қаласы сол кезде-
гі ірі шаруашылық және 
мәдени орталыққа айнал-
ды. Қағанат билеушісі 
Же гуй  өз мемлекетін біраз 
күшейте алды. 640–657 
жыл 
дары Қытайдың Таң 
әуле 
тінің әскері Жетісуға 
баса-көктеп кіріп, онсыз 
да ауыр жағдайды одан әрі 
қиын датты. 
Шығыс Түрік қаға на-
ты  Қазақстан мен Орта-
лық Азия, Оң түстік Сі бір 
жер лерін  қамтыды.

71


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет