Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
§30. Жеті жарғы
1.   тәуке  хан  (1680–1718 жж. ел билеген) – 
оны халық «әз-Тәуке», «адамзаттың данасы» 
деп атаған. Тәуке ханның билігі тұсында Қазақ 
хандығы 
ның бірлік-берекесі күшейе түседі. 
Тәуке хан уақытша болса да жүздер арасындағы 
тартысты тоқтатып, елде тыныштық орната 
білді. Ол ел дің тыныс-тіршілігін жақсы білетін, 
өмір тәжіри бесі мол, білімді, шешен, көреген 
тұлға еді. 
Тәуке хан қазақ-жоңғар қатынастарын жақ сы 
меңгерген, ол Бұхар ханымен тиімді келіссөз-
дер жүргізді. Сонымен қатар Ресей мен Қазақ 
хандығы арасында елшіліктер алмасып, сауда 
байланыстарын нығайтты. Тәуке хан сұлтандар 
билігін шектеуге тырысты. Үш жүзді билер 
кеңесі арқылы басқаруға ұмтылды.
Тәуке хан тұсында үш жүздің атақты билері: 
Төле, Қазыбек, Әйтекенің қатысуымен «Жеті 
жарғы» заңдар жинағы дайындалды. Билер 
хандықты басқару, заң шығару, сот ісіне ара-
ласты. Билер кеңесінің шешімі міндетті түрде 
орындалып отырды.
2.   «Жеті  жарғы».  Тәуке хан билік құрған 
кезде қазақтың дәстүрлі құқық нормалары бір 
жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Осы құжат 
«Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталды. 
Қазақ хандығының ежелгі заңдары «жарғы» 
деп аталған. «Жарғы» – «ереже» деген мағына-
ны білдіреді.
«Жеті жарғы» ережесінде қазақ халқы 
өмірінің барлық жақтары қамтылған. Ол жеті 
бағыттағы баптан тұрды. Онда жер дауы, жесір 
дауы, құн дауы, мал дауы, мүлік дауы және 
басқа да ережелер енгізілген.
«Жеті жарғы» ережелерінде кісі өлтіру, әйел-
ді қорлау, ұрлық істеу жазалары, отбасы, неке, 
мұра алу және басқа да істер қарастырылған.
Құн төлеу – ең көп тараған жаза түрі. Құн 
мөлшері атақты адам, кедей, мырза немесе 
құл болуына қарай өзгеріп отырған. Ереже-
де ертеден келе жатқан «қанға қанмен» кек 
1.  Тәуке ханды халық 
қалай атаған?
а) ұлы қаған
ә)  адамзаттың данасы
б)  атақты шешен
в) ойшыл-ғалым
г)  тарихтың атасы
2. «Жеті жарғы» бойын-
ша ең жоғарғы билік 
иесі:
а) сот
ә) хан
б) сұлтан
в) қожа
г) би
3.  Тәуке ханның билік 
құрған жылдары:
а) 1680–1718
ә) 1630–1718
б) 1640–1720
в) 1642–1718
г) 1649–1718
сөйлемді аяқта:
1.  Тәуке хан тұсында Қа-
зақ хандығының ...
2. «Жеті жарғы» ере 
же-
сінде қазақ халқы ...
3.  Құн төлеу ...

98
алу заңы сақталды. Бірақ билердің шешімі 
бойынша жауапкердің келісімі арқылы жаза 
жеңілдетіліп, қылмыскер белгілі мөлшерде құн 
төлеп, өмірін сақтап қала алатын болды.
Өлтірілген ер адам болса, кісі өлтіруші оның 
туыстарына 1000 қой төлеген. Әйел адам болса, 
500 қой төлеген. Сұлтан мен қожаның құны жеті 
адамның құнына тең болған. Құл өлтірілсе, оның 
құнына бүркіт, аң аулайтын тазы төленген.
Ұрлық жасағаны үшін иесіне малды «үш 
тоғыз» етіп қайтарған. Егер адам бір түйе ұрласа, 
бір тұтқын қосып, жылқы үшін бір түйе, қой бол-
са – бір жылқы қосып беруге тиісті болған. Жүз 
түйе – 300 жылқыға не 1000 қойға теңелген.
«Жеті жарғы» ережелері бойынша өлім жаза-
сы, құн төлеу, мал-мүлкін тартып алу, елден қуу 
және жұрт алдында масқаралау сияқты жаза-
лар қолданылған.
«Қару асынатын» ересек ер адамның заң 
алдында толық құқығы болды. Ал әйелдер, 
қызметкерлер, малайлар мен құлдар сотқа 
қатыстырылмады. «Жеті жарғы» – ел билеу ші-
лерінің мүдделерін қорғауға, мұсылман дінін 
қолдауға бағытталған заң жинағы.
               
«Жеті жарғы» ережелерінің мазмұнынан қысқаша үзінді:
– қанға – қан, мертіктіргені үшін нақ сондай мертіктіру арқылы кек алын-
сын;
– ұрлық, тонау, зорлық жасағаны үшін өлім жазасына кесілсін;
... – адамды мертіктіруші немесе оның қандай да болсын бір мүшесіне зақым 
келтіруші соған төлем болардай мөлшерде мал санын төлейді. Бас бармақ – 100 
қой, шынашақ – 20 қой тұрады және т.т.;
– сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам өлтірілген адамның туыстарына 
жеті адамның құнын төлейді. Сұлтанға немесе қожайынға тіл тигізіп, ренжітсе –  
9 қой, ал соққыға жықса – 27 қой айып төлейді;
... – құлдың иесі құлды тірі қалдыруға да, өлтіруге де құқықты. Құлдың мыр-
засына шағымы еш жерде қабылданбайды;
– ұрлығы әшкереленген адам ұрлағаны үшін үш тоғыз (27) төлейді, бұлайша 
жазалау «айбана» деп аталады;
– өлтірілген тазы немесе бүркіт үшін иесі құл немесе пұл талап ете алады;
– егер жауапкер сотқа келмесе немесе салынған айыпты төлей алмайтын бол-
са, онда әлгі құн оның туыстарынан немесе ауылдастарынан өндіріп алынады...
 
Тәуке ханға сипатта-
ма бер. 
 
Тәуке хан елді қалай 
басқарды? 
 
«Жеті жарғы» заңдар 
жинағын жасауға 
кімдер қатысты?
 
«Жеті жарғыда» 
қандай жаза түрлері 
қарастырылған? 

99
§31. Қазақ батырлары
1.   XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хан-
дығы.  XVIII ғасырдың басында Қазақ хан-
дығының ішкі және сыртқы жағдайы аса ауыр 
еді. Қазақ хандығы үш жүзге (Ұлы жүз, Орта 
жүз, Кіші жүз) бөлінді. Әр жүзді жеке хандар 
биледі. Олар ұлы ханға бағынғысы келмеді. 
Сұлтандар ұлыстарды дербес билеуге ұмтылды.
Осы жағдайды сыртқы жаулар пайдалан-
ды. Қазақ хандығына оңтүстік-батыстан Еділ 
қалмақтары, солтүстігінен Сібір казактары ша-
буыл жасады. Ал Жайықтың арғы бетіндегі 
башқұрттар жайылым үшін жиі шапқыншы-
лық жасап тұрды. Қазақ еліне Орта Азия 
хандықтары (Бұхар, Хиуа) да үстемдік жүргізуге 
ұмтылды. Осы кезде қазақ халқына ең қатерлі 
қауіп Жоңғар хандығынан төнген болатын.
«Дүниетану» пәнінен 
алған біліміңді еске 
түсір:
 
Қазақ халқының 
жоңғар басқын-
шыларына қарсы 
күресі қай ғасырда 
басталды?
 
Жоңғар хандығы 
неліктен бейбіт 
жатқан қазақ еліне 
шабуыл жасады? 
 
Бұл соғыста қазақтың 
қандай батырларының 
даңқы шықты? Соғыс 
қалай аяқталды?

100
2.   Жоңғар  хандығы.  Батыс Моңғолия мен 
Жоңғария даласын мекендеген тайпалар 1635 
жы лы Жоңғар хандығын құрды. XVII ғасыр дың 
екінші жартысы мен XVIII ғасырдың басында 
жоңғарлар әбден күшейеді. Жоңғар би леушілері 
отар-отар малға, ұлан-байтақ жайылым жерге 
ие болды. 
Жоңғар әскері соғыс өнерін жақсы меңгеріп, 
күкірттен оқ-дәрі дайындап, қылыш, сауыт, 
дулығаны жақсы соға білді. Сібірдегі орыс 
бекіністерімен сауда жасап, олардан отты қару-
жарақ сатып алып отырды. Жоңғар әскерін 
қонтайшы  (хан) мен тайшы, ноян сияқты ақ-
сүйектен шыққан әскербасылар басқарды. 
Әскерде қатаң тәртіп орнатылып, оны бұзғандар 
қатал жазаланды. Сөйтіп, Жоңғар хандығы 
әскери даярлығы мықты, саны жағынан басым, 
«отты қару-жарақпен» қаруланған сұсты күшке 
айналды. 
1723 жылы көктемде жоңғарлар қазақтарға 
қарсы жойқын жорық бастады. Мықты да-
йындалған басқыншыларға қарсы бытыраңқы 
қазақ жасақтары қарсылық көрсете алмады. 
Жоңғарлар бейбіт елді қырып, тонап, малын, 
жерін тартып алды. Түркістан, Ташкент, Сай-
рам және басқа қалаларды қиратты. Қайғы-
қасіретке ұшыраған жұрт жаяу-жалпы босып, 
ата қонысынан ауа көшті. Жетісу мен Сырдария 
өңіріндегі егіншілік пен қолөнер, сауда-саттық 
күйзелді. Бұл қасіретті жылдар 
«Ақтабан 
шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен та-
рихта қалды.
3.   отан  соғысы.  Жоңғарлардың бейбіт елді 
шауып, жерін, малын тартып алуы, адамда-
рын қырғынға ұшыратуы қазақ халқының ар-
намысын оятты. Халық жауға тек үш жүз түгел 
бірлесіп, күшін жиып тойтарыс беру арқылы 
 
Ш. Уәлиханов 
«Ақтабан шұбырынды»  
оқиғасын айта келіп: 
«XVIII ғасырдың 
алғашқы 25 жылы 
қазақ халқының 
өміріндегі сұмдық 
ауыр уақыт болды. 
Жоңғарлар, Еділ 
бойының қалмақтары 
тұс-тұстан қазақ 
ұлыстарын қырғынға 
ұшыратты, малдарын 
айдап әкетті. 
Қазақтарды бүкіл 
отбасыларымен 
тұтқынға алды», –  
деп жазды. 
 
«Елім-ай» деген 
тақырыпта шығарма 
жаз. Басқа балалардың 
жазғандарымен 
танысып,  талдау жаса. 

101
ғана жеңіске жететінін ұғынды. Жоңғар 
басқыншыларына қарсы азаттық пен еркіндік 
үшін әділетті күрес – Отан соғысы басталды. 
Халық жерін жаудан азат ету үшін күреске 
шықты. 1728, 1729, 1730 жылдары қазақ жа-
сақтары жоңғарларға ойсырата соққы берді. 
Осындай ел басына қиын-қыстау күн туғанда, 
ерлігімен аңызға айналған батырлар халықты 
жауға қарсы күреске жұмылдыра білді.
4.  Қазақ  батырлары.
 Халық батыл, ержүрек, 
тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «ба-
тыр» деген құрметті атақ берген. «Батыр» атағы 
ешқашан мұраға қалдырылмаған, ол атаққа 
адам өзінің ерекше қасиеттері, жеке ерлігі 
арқылы жеткен.
Сын сағатта Отанын, жерін жаудан азат етуге, 
ел намысын қорғауға қазақ халқынан атақты 
батырлар шықты. Азаттық соғысының алдыңғы 
шебінде  Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қа-
банбай, Шақшақұлы Жәнібек, Бәсентиін Малай-
сары, Наурызбай, Райымбек және басқа батыр-
лар шайқасты. Ер Есім, әз-Тәуке, Әбілқайыр, 
Абылай сияқты хандар әскердің алдында 
жүрсе, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты билер, 
атақ ты жыраулар жауынгерлерге жырларымен 
рух берді.  
Қанжығалы Бөгенбай (1680–1778). Бөген-
байдың әкесі Ақша заманында әз-Тәуке ханның 
80 мыңдай әскерін басқарған белгілі батыр, ай-
бынды қолбасшы болған. 
1710 жылы күзде жоңғар басқыншыла-
рына тойтарыс беру мә 
селелерін талқылаған 
 
Қарақұм маңындағы жиында барлық қазақ 
жүздерінің өкілдері бас қосты. Жиында 
Бөгенбай батыр ортаға шығып, халықты жауға 
соққы беруге шақырды. Батырға риза болған 
халық оны бүкіл қазақ жасағының қолбас 

 
Батыр деген кім? 
 
Қандай батырларды 
білесің? Олар қандай 
ерлік жасады?
 
Батырлық, ерлік 
туралы қандай мақал-
мәтелдер бар? 
 
«Батыр – ел қорғаны» 
деген сөзді қалай 
түсінесің? 

102
шысы деп жариялады. Бөгенбай – жоңғар 
және қытай әскерлерімен болған шайқаста өзін 
жүректі батыр, даңқты қолбасшы ретінде таны-
та білді.
Бөгенбай батыр шебер дипломат, орақ тілді 
шешен де болатын. Ол Қытай мен қазақ елі ара-
сында бейбіт қарым-қатынас орнауына зор үлес 
қосты. Бөгенбай батыр қайтыс болғаннан кейін 
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи 
кесенесінде жерленген.
Қаракерей Қабанбай (ерасыл) (1692–1770). 
Оның әкесі Қожағұл да батыр болған. 1702 жы-
лы Қожағұл батыр өз адамдарымен қоршауда 
қалып, қатты жараланып, қазаға ұшырайды. 
Қожағұлдай батырынан айырылған Мәмбет 
ауылына жоңғарлар жыл сайын ша 
б 
уыл жа-
сап отырады. Тал түсте жылқыларын айдап 
Қазақ батырлары

103
әкететін. Осындай шабуылдың бірінде жоң-
ғарлар Ерасылдың ағасы Есенбайды қолға 
түсіріп, қорлап өлтіреді. Ерасыл осы кезде неба-
ры он алтыға толған болатын.
Бір күні Зайсан көлі жағасында жылқы 
қайырып жүргенде, қамыс арасынан шыға кел-
ген құнан өгіздей қара қабан Ерасылға қарай 
атылады. Бала осы сәтте тез қимылдап, най-
заны бар күшімен қабанға қарай сермейді. 
Қабан құлап түседі. Ерасылдың бұл ерлігі елге 
тарап, «Қабанбай батыр» атанады. Сол жылы 
күзде Қабанбай жоңғар батыры Долан-Дошыны 
жек пе-жекте жеңіп, ағасы мен әкесінің кегін  
алады. 
Жоңғарлармен болған шайқастарда 1724 жы-
лы Түркіс 
тан 
ды қорғауда және 1725 жылы 
Алакөл, 1726–1730 жыл 
дарда Аңырақай, Бұ-
ланты түбін дегі ұрыс тарда қазақ жасақтарын 
Қабанбай басқарады. Осындай ірі шайқастарда 
Қабанбай тапқырлығы, айлакер ерлігімен 
жеңіске жетіп отырған. Абылай хан Қабанбай 
батырды елден ерекше ардақ тұтып, «Дарабоз» 
деп атаған.
наурызбай Құттымбетұлы (1706–1781)  – 
Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш 
жасында белгілі қалмақ батырлары Жамал-
хан мен Қаскелеңді жекпе-жекте жеңіп, батыр 
атанған.
Батырлардың ерлігін атақты Қазтуған, Дос-
памбет, Ақтанберді, Үмбетей, Бұқар, Тәтіқара 
сынды ақын-жыраулар жырларына қосып, өз-
гелерге үлгі етіп отырды. Әйгілі Бұқар жырау 
Наурызбайға былай деп жыр арнаған:
Наурызбайды көрген жан, 
Мен де осындай болсам деп, 
Іші удай ашыр-ды. –
Таудай Наурызбай батырың 
Қазақтың соғыс 
қарулары: сапы, 
қылыш, зұлпықар 

104
Егескен жауын қайырды. 
Алдына келген торғауыт
1

Аяғына бас ұрды. 
 ...Ала ат мінген Наурызбай 
Алапатты асырды.
Баян батыр (1715–1757). Шоқан Уәлиханов 
«Баян батыр» туралы былай деп жазады: «Абы-
лай хан жоңғармен шайқаста аз ғана топпен  
етқызуымен жау жағына еніп кетеді. Өздерінің 
жау қоршауында қалғанын сезінген хан: 
«Қайсың барсың қоршауды бұзып шығар?» – 
деп үшінші рет ақырғанда, ақбоз атқа мінген 
алып тұлғалы жігіт келіп: «Қазақ жауға шап-
са сенен сұрай ма, хан ием!» – деп, анталаған 
жауға қарсы шабады. Батырдың ерлігін көрген 
жасақтары қосыла шауып, жоңғар қоршауын 
бұзып өтеді. Осыдан кейін басқа қазақ жа-
сақтары да рухтанып, жоңғарларды толық 
талқандап, жеңіске жетеді.
Шайқас жеңіспен аяқталған соң, Абылай 
хан: «Осы ұрыста көзсіз ерлік көрсеткен жігітті 
табыңдар», – деп бұйрық береді. Хан алдына 
бозбала батыр жігіт келеді. Сонда Абылай хан: 
«Жаудан қайтпайтын бетің бар, менің бірінші 
айғайыммен неге шаппадың?» – деген екен. 
Баян: «Алдымен ханға жол бердім. Одан аға ба-
ласы Арғынның жолын кеспедім. Ақыры ажал-
дан басқа жол болмаған соң өзім шаптым», – деп 
тапқырлықпен жауап береді.
Баян Абылай ханның сенімді батырлары-
ның біріне айналады. Ол Баян батырдың ерлігін 
ерекше бағалайды. Үмбетей жырау Абылайға 
былай деген екен:
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, 
Сары, Баян мен Сағынбай 
Қырмап па еді жауыңды, 
Қумап па еді дауыңды...
 
XVIII ғасыр басындағы 
Қазақ хандығының 
жағдайы қандай еді? 
 
Жоңғар хандығы  
туралы әңгімелеп бер.
 
Жоңғар  шапқын шы-
лығынан қазақ халқы 
қандай зардап шекті? 
 
Жоңғарға қарсы соғыс 
неліктен «Отан 
соғысы» деп аталады?
 
Қазақ батырларының 
ерлігін сипатта.
Баян батыр
1
 Торғауыт – Жоңғар хандығының құрамындағы бір 
тайпа атауы.

105
§32. Қазақстан және ресей
1.   Қазақстан  мен  ресей  қарым-қатынас-
тары. Жоңғар шапқын шылығы мен Орта Азия 
хандықтарынан зардап шеккен қазақтар Қазақ 
хандығын нығайту үшін Ресеймен өзара достық 
қатынас орнатуға тырысты. Ресей сыртқы 
саясатында қазақ жерін «Азияның барлық 
елдеріне жеткізетін қақпа мен кілт» деп сана-
ды. Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда жол-
дары Ресейді Азиямен, Еуропамен байланыс-
тыратын еді. Ресей қазақ жерлерін басып алу 
мақсатында әскери бекіністер мен құрылыстар 
сала  бас тады.
XVIII ғасырдың бас кезінде Тәуке ханның 
өлімінен кейін елдің бірлігі әлсіреді. Оның ұлы 
Қайып хан елдің басын құрай алмай, Қазақ 
хандығы бірнеше бөліктерге бөлініп кетті.
Қазақ мемлекеті үшін әсі ресе жоңғарлар аса 
қауіпті еді. Қазақ 
тар үне 
мі жоңғар шапқын-
шы 
лығына ұшырап отыр 
ды. Қауіп-қатер тек 
жоңғар тара пынан ғана емес, сондай-ақ қал мақ-
тар, баш құрттар, казак-орыстар да қазақ тарға 
ұдайы шабуыл жасап тұрды. Орта азия лық хан-
дықтар да қазақ тардың қиын жағ да йын пайда-
ланып қалуға тырысты. Ел сыртқы жаулармен 
болған ауыр соғыстан әбден титықтаған еді. 
Қазақтар осындай күр делі де қиын жағдайдан 
шығудың жолдарын іздестірді.
2.   Кіші жүздің ресей бодандығын қабыл-
дауы. Қазақ-жоңғар соғысында Кіші жүз ханы 
Әбілқайырдың  (1693–1748) батылды ғымен, ай-
лакерлігімен, шабуылды ұйымдасты 
рушы-
лық қабілетімен даңқы шықты. 1726 жылдың 
көк темінде Бұланты өзенінің жағасында Әбіл-
қайыр ханның басшылығымен біріккен қазақ 
жасағы жоңғар 
ларға ойсырата соққы беріп, 
жеңіске жетті. Бұл жеңіс халықтың рухын 
көтерді. Әбілқайырдың қолбасшы ретінде мәр-
тебесін арттырды. Оның есімі бүкіл қазақ дала-
сына аңыз болып тарады.
Әбілқайыр хан
Картадан XVIII  ға сыр-
дағы Ресейдің ау мағын 
көрсет. Қандай мем-
ле кеттермен  шек те сіп 
жат қанын  айт. 

106
Жан-жақтан анталаған жаулармен күрестен 
әлсіреген қазақтар елді аман сақтап қалу үшін 
Ресей империясымен одақтасуға тырысты. 
1730 жы 
лы Әбілқайыр кіші жүз қазақтарын 
Ре сей дің қоластына алуын сұрап, Ресейге ел-
шілік жібереді. 
1731 жылы 19 ақпанда Ресей 
мемлекетінің патшасы Анна Иоанновна кіші 
жүз 
ді Ресей империясының қоластына алу 
 
туралы Жарлық грамотаға қол қойды. Сөйтіп, 
кіші жүзді Ресей империясы бодандығына қа-
былдау жүзеге асырылды. Бұл Ресей империя-
сының қа зақ жерін отарлауының басы еді.
Қазақстанның Ресейге қосылуының сол кез-
дегі себептері мынадай еді:
I  Петр былай деп 
жаз 
ған болатын: «Бар-
лық Азия елдері мен 
жерлеріне кірудің кілті 
мен қақпасы Қазақ 
хандығының өзі ғана. 
Олар арқылы барлық 
Азия елдерімен қатынас 
орнатуымыз үшін ол 
орда (Қазақ хандығы) 
Ресейдің қоластына қа-
рауы керек».
Қазақ елшілері Анна 
Иоанновна патшаның 
алдында

107
1.   XVIII  ғасырдың 1-ширегінде Қазақ 
стан-
ның сыртқы және ішкі жағдайы күрделі болды.
2.   Жоңғар шапқыншылығы елді қаңыра тып, 
күйзеліске ұшыратты.
3.   Орта Азия хандықтарынан, қалмақтар мен 
башқұрттардан зор қауіп төніп тұрды.
4.   Қазақстанның өз ішінде: бір жағынан, ық-
палды сұлтандар мен ақсақалдар, екіншіден, үш 
жүздің тәуелсіз хандары арасында ауыз бірші - 
лік болмады.
Дәл осындай қиын сәтте қазақ жүздерін 
сырт 
қы жаудан қорға 
й 
тын сенімді одақтас, 
қолдаушы табу қажет еді. Ресей Қазақ хандығы-
ның осындай қиын жағдайын өз мүддесіне 
 
пайдаланып қалуға ұмтылды.
Ресей үкіметі қазақтардан ант қабылдау ар-
қылы боданына айналдыруға тырысты. 
1734 жы лы 10 маусымда Ресейдің билігін орта 
жүздің бір бөлігі, кейі нірек ұлы жүз қазақтары 
қабылдады.
3. орыс-қазақ қатынасының дамуы. Қазақ-
стан ның Ресейге қосы луы қазақ халқына жа-
ңа шапқыншылықтың жасалуына жол бер-
меді. Орыс-қазақ арасындағы шаруашылық 
пен мәдени байланыс дамыды. Қазақ жерінде 
өнер 
кәсіп орындары, теміржолдар салынды. 
Бұл Қазақстанды Ресейдің басты қала, аудан-
дарымен байланыстырды. Халықтар бір-бі-
рінен көп нәрсені үйренді. Орыс жазушы 
ла-
рының кітаптары, ғалымдарының еңбектері 
халықтардың ортақ игілігіне айналды. Қазақ-
станға жер аударылған орыстың парасатты аза-
маттары қазақ халқының озық ойлы білімді 
адамдарының қолдауы мен ілтипатына бөленді. 
Сонымен қатар Ресей Орта Азия мен Қа-
зақстанда өз ықпалын күшейте түсті. Патша 
үкіметі халықты қараңғылықта ұстауға ты-
рысып, аз ғана мектеп ашып, онда негізінен 
бай 
лардың балаларын оқытты. Елді патша 
тағайындаған шенеуніктер биледі. Олар жер-
гілікті байлармен бірігіп халықты қанап, жағ-
дайын ауырлата түсті.  
 
Ресейге қосылар 
алдындағы 
Қазақстанның 
жағдайы қандай еді? 
Оған кімдер қауіп 
төндірді? 
 
Ресей Қазақстанды не 
үшін өзінің қоластына 
өткізіп алғысы келді?
 
Кіші жүз Ресей 
құрамына қай жылы, 
кімнің бастауымен 
кірді?
 
Қазақтар Ресей 
қоластына өтуде 
қандай мақсат 
көздеді? Ол мақсатына 
жете алды ма?
 
Әбілқайыр ханға 
мінездеме бер. 
 
І Петр неліктен  
Қазақ хандығы 
Ресейдің қоластына 
қарауы керек деп  
санады?

108
§33. абылай хан
1.   абылайдың  өмір  жолы.  Абылай ханның 
(1711–1781) ата-бабалары Шыңғысханның ұлы 
Жошы ханның бесінші ұрпағы әз-Жәнібек хан-
нан тараған. Абылайдың шын есімі – Әбілман - 
сұр. Оның Абылай есімді атасы кезінде Түр-
кістанды билеген. Жекпе-жекке шыққанда жау 
шақ келмейтін батыр болып, «Қанішер Абылай» 
атанған. Әбілмансұрдың бала кезінде ауылына 
жоңғарлар шабуыл жасап, адамдарын қырып 
кетеді. Әбілмансұрды күтуші аталығы тығып, 
аман алып қалады. Ол кезде қаза тапқан хан 
ұрпағынан біреу тірі қалса, кейін кек алады деп, 
іздеп жүріп өлтіретін әдет болатын. Сондықтан 
жетім қалған Абылай тегін жасырып, Сабалақ 
деген атпен атақты Төле бидің түйесін бағады. 
Соның тәрбиесінде өседі.  
Атақты Аңырақай шайқасы жекпе-жектен 
басталған еді. Жоңғарлар жағынан ержүрек әс-
кербасы, қоян-қолтық ұрыстың шебері Шарыш 
шығады. Қазақ жағынан жекпе-жекке жиыр-
ма жасар Әбілмансұр шығып, атасының атымен 
«Абылайлап» ұран салып, жоңғар батыры Ша-
рышты өлтіреді. Әйгілі батырынан айырылған 
жоңғарлар қашып, қазақ әскері үлкен жеңіске 
жетеді. Соғыста «Абылайлап» ұран салған 
Әбілмансұр содан былай Абылай атанады.
Хан ұрпағы Абылай 1743 жылға дейін Орта 
жүздің сұлтаны болды. Туысы Әбілмәмбет 
хан қайтыс болған соң, оның орнына Абы-
лай Орта жүздің ханы сайланды. 1771 жылы 
үш жүздің ұлы ханы болып жарияланады. 
Қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістан 
қаласында қазақ дәстүрі бойынша Абылай-
ды ақ киізге салып хан көтереді. Жиырма бес 
жасын 
да билікке келген Абылай хандық 
ты 
абыроймен басқарады. Ол ақылды да көреген, 
білікті дипломат, ұлы мемлекет қайраткері 
болды. Абылай Қазақ мемлекетін нығайтты. 
2.   абылай хан – қолбасшы, мемлекет қай-
раткері.  Абылай ханның басты мақсаты – 
қазақ халқының басын қосып, жерін сыртқы 
Абылай хан
Ресей тарихшысы, түр-
кітанушы А.И. Левшин 
Абылайға былай деп баға 
береді: «Сұлтан Абылай 
өте ақыл 
ды және бо-
лашағын болжай білген. 
Жауларының өзара қыр-
қысына  әрқа шан  кө мек-
тесе отырып, өз же 
рін, 
халқын соғыстан құт-
қарып қалды».

109
жаулардан азат ету еді. Ол үш жүздің басын 
қосып, күшті Қазақ хандығын құруға, «ақтабан 
шұбырынды» жылдарында айырылған жерле-
рін қайтарып алуға күш салды. Абылайдың 
 
Орта Азия хандықтарымен жүргізген соғыстары 
сәтті аяқталады. Түркістан, Сайрам, Шым-
кент және басқа қалаларды жаудан босатып, 
қазақтарға қайтарады. Ташкент Абылайға алым 
төлеп тұратын болды. 
XVIII ғасырдың 40-жылдарының ортасын-
да Абылай жоңғар билеушілерінің арасындағы 
талас-тартысты пайдаланып, оларды барынша 
әлсіретуге тырысты. Соның арқасында бұрын 
жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін қайта-
рып алды. 1753–55 жылдары жоңғарларға қарсы 
жеңісті шабуылдарын үдете түсті. 
200 жылға жуық созылған жоңғарлар мен 
қазақтар арасындағы соғыста қазақ халқы же-
ңіске жетті.
Жоңғардан босаған шығыстағы жерлер-
ге қазақ ауылдарын апарып орналастыруы да 
Абылайдың көрегендігі. 1758 жылдан бастап 
Тарбағатай, Іле, Үрімшіде Қытай елі қазақтарға 
арналған сауда жәрмеңкесін ашады. Қазақтар 
жәрмеңкеге жылқы, жүн, тері, т.б. әкеліп са-
тып, өздеріне қажет өнеркәсіп бұйымдарын са-
тып ала бастайды.
Абылай хан күшті мемлекеттермен сана суға 
мәжбүр болды. Ол Қытай және Ресей мемле-
кетімен терезесі тең қарым-қатынас орнатуға 
ұмтылды. 
1765–1770 жылдары Абылай хан көптен 
есесі кетіп жүрген қырғыз ұлысына қарсы ша-
б уыл жасап, Нарынқолдан Қордайға тартылған 
қазіргі шекарасын бекітеді. 1771 жылы Еділ 
қалмақтарын тәубасына келтіреді. «Ақтабан 
шұбырынды» жылдарында азып-тозған қазақ 
халқы есін жия бастайды. Экономикалық жағ-
дайы жақсарып, елде бейбіт өмір орнайды. 
Халықтың рухы көтеріліп, мерейі арта түседі.
Абылай хан 1781 жылы қайтыс болды. Оның 
сүйегі Қазақ хандығының астанасы Түркістан 
қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне 
жерленді.
 
Әбілмансұрдың өмірі 
туралы әңгімелеп бер. 
 
Әбілмансұр қандай 
ерлік жасап көзге 
түсті? 
 
Абылай хан болып 
сайланған соң қазақ 
елін қалай көтерді? 
 
Абылай ханның халқы 
үшін еткен еңбегіне 
баға бер. 

110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет