§22. Көне түркі жазуы
1. ертедегі түркі жазуы. Ежелгі түркі тайпа-
лары Оңтүстік Сібір, Алтай өңірі мен Қазақстан
аумағын мекендеген. Ежелгі түркілер – қазақ-
тардың арғы ата-бабалары. Олар көне түркі
тілінде сөйлеген.
Түркі тайпаларының әліпбиі ал ға шында ру-
тай
палардың таңбалары бо
йынша жасалған.
Түркі лердің төл жа з уы руна жазуы деп ата-
лады. «Руна»
– «ескі», «көне» деген мағы наны
білдіреді.
Ежелгі түркі жазба ескерткіштеріне тастағы
жазулар жатады. Мұндай жазуы бар тастар
Сібірдегі Енисей мен Орхон өзендері бойынан та-
былды. Бұл жа зулардың көпшілігі зират басына
қойылған құлпытасқа, жартастарға қа
ша
лып
жазылған.
Ертедегі түркі жазбаларына – Білге қаған,
Күлтегін, Тоныкөктің құрметіне жазылған та-
рихи ескерткіштер жатады.
2. түркі тұлғалары.
Күлтегін (684–731) – бас қолбасшы, атақты
батыр. Шығыс Түрік қағанатының әміршісі
Құт
лық қағанның кіші баласы болған. Әкесі
Құтлық қайтыс болғанда Күлтегін жетіде,
ағасы Білге он жаста екен. Жастайынан жетім
қалған балалар әкесінің інісі Қапаған қағанның
тәрбиесінде өседі.
Әскери өнерді шебер меңгерген Күл
тегін
21 жа
сында қытайлық
тарға күйрете соққы
бе
ріп, 10 мың жауынгерін жойып жібереді.
«Түркінің көк семсері» атанған қаһарман ба-
тыр, қолбасшы Күлтегін қырғыз, оғыз, түркеш
тайпаларымен со ғыста жеңіске жетеді.
Түрік қағанатының әміршісі Білге қаған,
оның кеңесшісі Тоныкөк, әскербасы Күлтегін
Күлтегін ұстынының
қытай мәтіні
72
бол ған кезең қағанаттың ең гүлденген, мерейі
тасыған кезеңі саналды.
Күлтегін, Білге, Тоныкөк мемлекетті көр-
кейту мақсатында көрші елдерге жорыққа
шығып, жеңіске жетіп отырған. Тарихи де-
ректерде: «Білге қаған ұлтын сүйетін, халық
сыйлайтын көсем; Күлтегін – соғыс өнерінің
ұстазы, оған қарсы тұратын күш жоқ, ал Тоны-
көк – беделді де білімді, алғыр кісі» деген
мінездеме берілген.
Олар бар күш-жігерін Түрік мемлекетін
біріктіруге жұмсады. Осы мақсатта ішкі және
сыртқы жаулармен бітіспес күрес жүргізді.
Шайқаста Күлтегін өзін тамаша қолбасшы,
қаһарман батыр ретінде көрсете білді. Күлтегін
47 жасында қайтыс болғанда оның басына
ел тарихы жазылған ескерткіш орнатылды.
Күлтегіннің жауынгерлік жорықтары тура-
лы құлпытасқа ойылып жазылған. Күлтегін
ескерт кі ші деп аталатын ол тас қазіргі Моңғо-
лия мемлекеті
нің астанасы Улан-Батордың
батысынан табылды. Ескерткіш астанадан
400 шақырым жердегі ескі қорғанның маңын-
да орналасқан.
«Күлтегін» жырының авторы – сол кезде өмір
сүрген атақты ақын Иоллығ Тегін.
Тоныкөк (шамамен 646–731 жж.) – Түрік
қағанатының көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері, қолбасшы, ойшыл ақын. Тоныкөк
табғаш елінде дүниеге келіп, білім алған. Жас
кезінде Тоныкөк Қытай елінде 13 жыл тұрып,
сонда тәрбиеленеді. Ол кезде тек ел басқаратын
түркі тайпаларының көсемдері ғана қытай им-
ператорына аманатқа балаларын бере алған.
Тоныкөк қытай императорының сарайында
білім алып, тәрбиеленіп жүрген кезде олардың
еліне жасаған қорлығының барлығын өз көзімен
көріп өседі.
Күлтегіннің
бас мүсіні
Күлтегін (684–731) –
VIII ғасырда қазіргі
Қазақ
стан және Моңғо-
лия же
рінде түркілердің
ірі мемлекетін құр
ған
ұлы түрік қағаны, елба-
сы. Моңғолия жерінен та-
былған өсиет таста Күл-
тегін: «... Түрік халқы
үшін түн ұйықтамадым,
күндіз отырмадым...» деп
жазып қалдырған. Қазақ
халқының дара мемле-
кет болуының жазба та-
рих
тағы бастауы – осы
Күл
тегіннен бастап тара-
тылады.
73
Ол түркілер елінің үш басшысы –
Елтеріс, Қапаған, Білге қағандар-
дың ақыл беретін кеңесшісі болған.
683 жылы Шығыс Түрік қағана-
тының бірінші қағаны Құтлықпен
бірге Тоныкөк қытайларға қарсы
жо
рықта жеңіске жеткен. Тоны-
көк осы Құтлықтың серігі, бас
қолбасшысы болды. Ол өлген соң
Құтлықтың ұлдары Білге, Күл-
тегінмен бірге Тоныкөк түр кештер
мен қытайларға қарсы жорықты
басқарады. Тоныкөк – түріктердің
жауынгерлік даңқын әлемге таныт-
қан батыр қолбас
шы. Ол түрік
әскеріндегі ең жоғарғы мәртебе –
Апа Тархан, яғни, «тү рік әскерінің
жетекшісі» деген лауазымға ие
болған.
698 жылы Қытай императоры
Қапаған қа
ғанға елші жібереді.
Қытай елшісі өз елінің басшыла-
ры айтқан сөзін қайталап тұрып алады. Осы
үшін Қапаған оны өлтірмек болады. Сонда дана
Тоныкөк: «Қытай сияқты алып елдің елшісін
өлтіруге болмайды», – деп қағанды тоқтатқан
көрінеді.
Ертедегі түркі бәдізшілері түркі елінің
ерлігі мен елдігін тасқа қашап, мәңгілік мұра
қалдырған. Тоныкөк – сол ұлы мұраның бірі
«Тоныкөк» эпосының кейіпкері.
Білге қаған (681–734) – Шығыс Түрік қа-
ғанатының билеушісі, Күлтегіннің ағасы.
Түрік қағанатын қуатты мемлекетке айнал-
дырып, еліне бейбіт өмір орнату үшін Білге
інісі Күлтегінді әскербасы, ал ақылгөй ба-
тыр Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші етіп та-
ғайындады. Білге, Күлтегін мен Тоныкөктер
ақылмен іс қылып, түрік елін қуатты мемлекет
қатарына жеткізді.
Күлтегін қандай адам
болған?
Көне түркі жазбала-
ры арттағы ұрпаққа
қандай із қалдырды?
Оларды оқып-білудің
қандай маңызы бар?
Тоныкөк, Білге
қағандар жайлы
әңгімелеп бер.
Түркі тілдес елдерді
ата.
Түрік қағанатында
жазба әдебиеті
дамыған дегенді неге
сүйеніп айтамыз?
Күлтегін ұстыны
74
Білге, Құтлық, Күлтегін мен Тоныкөктердің
түркі елін қорғау жолындағы ерлік істері Білге
қаған ескерткішінде жазылған. Ескерт
кіште
ынтымағы берік болса, түркі халқын жеңетін
күштің жер бетінде жоқ екені айтылады. Бұл
ескерткіш – түркілердің азаттығы мен бірлігін,
батырларының ұлы ерлігін жырлаған мәңгі
өшпес мұра.
Түркі жазба ескерткіштері
1. Күлтегін және Білге қаған жазбалары Байқал көлінің шығыс беткейінде,
Орхон өзенінің аймағында орналасқан.
«Күлтегін» ескерткішіндегі жазу VIII ғасырда жазылған. Оның жоғарғы
жағы бес бұрышты болып келеді. Ескерткіштің қырларында айдаһар мен қаған
таңбалары бейнеленген. Ескерткіштің екінші жағында оның орнатылған күні –
1 тамыз 732 жыл деп жазылған. Онда қытай жазуы да бар. Осы қытай жазуының
оң жағында екі жол ертедегі түркі жазуымен жазылған. «Күлтегіннің» негізгі
бетінде 40 жол жазу жазылған. Сол жағындағы 13 жол түркі жазуының жалғасы
болып табылады. Көне түркі жазуын зерттеген ғалымдардың айтуынша, 40 жол
жазу «Үлкен жазу», ал 13 жол жазу «Кіші жазу» деп аталады. Ескерткіштің
көшірмесі Жапон мемлекетінің жаңа технология сымен жасалып, Астанадағы
Еуразия университетіне орнатылды.
2.
«Тоныкөк» ескерткіші 1897 жылы Моңғолияның астанасы Улан-Батор
қаласынан 36 шақырым жерден табылған. Тоныкөк жыры бір-біріне қарама-
қарсы орнатылған төрт қырлы екі баған тасқа қашап жазылған. Бұл ескерткіш
VIII ғасырда жазылса да, жазуы әлі күнге дейін анық және жақсы сақталған.
Тапсырма. оқулық мәтінін пайдалана отырып, мына кестені толтыр.
Күлтегін
Тоныкөк
Білге
1. Өмір сүрген жылдары.
2. Қандай ұлы істер атқарған?
3. Олар туралы ескерткіште не
жазылған?
75
§23. Ұлы Жібек жолы
1. сауда жолдарының қалыптасуы. Адам-
дар өте ерте заманнан ішкен-жегенінен ар-
тылғанын басқа өзінде жоқ керекті заттары-
на айырбастап алып отырған. Алғашқы кезде
олар тұз, асыл тастар, алтын, емдік және хош
иісті заттарды айырбас жасаған. Азық-түлікті,
малды қола мен темір бұйымдарына, мал, аң
терілерін матаға, т.б. заттарға айырбастады.
Кейінірек біртіндеп өздерінде бар заттарды са-
тып, ал керекті нәрселерді ақшаға сатып алып
отырған. Сөйтіп, алғашқы сау да орындары – ба-
зар мен жәрмеңкелер пайда болды. Ал бұның
өзі қалалар мен халықтарды жақындастырды.
Олардың бір-бірімен байланыс жасауына
мүмкіндік туды. Сауда жолдары қалыптасты.
Жолдар бір мемлекетті басқа елдермен байла-
ныстырды. Қала халқы мен көшпелі тайпалар
көрші елдермен қарым-қатынас жасады.
Оқулықтағы картаға
назар аудар. Карта бо-
йынша Ұлы Жібек жолы
Қазақстанның қан дай қа-
лалары арқылы өте ті нін
анықта.
76
2. Ұлы Жібек жолы – сауда, керуен, елшілік
жолы. Ұлы Жібек жолы деп Еуропа мен Азия
елдерін байланыстыратын сауда, керуен жолын
атаған. Бұл жол Орталық Азия арқылы Қытай-
ды Алдыңғы Азиямен жалғастырып жатты.
Б.з.б. II ғасырда Ұлы Жібек жолы Қытайдан
басталып, Римге дейін 7 мың шақырымнан
астам қашықтыққа жеткен. Осы жол арқылы
Қытайдан бүкіл дүние жүзінде аса қымбат ба-
ғаланған жібек тасылды. Қытайлар жібек өнді-
ру тәсілін өте құпия ұстады. Сол арқылы жібек
саудасынан көп пайда тапты.
Қытай жібегі осы жол арқылы Батыс елдеріне
жеткізілген. Кейіннен жібекпен қатар Шығыс-
тан Батысқа дейінгі көптеген елдерде өндірі-
летін басқа тауарлар да (күміс, алтын, тұлпар,
түйе, бүркіт, піл сүйегі, жеміс-жидектер, т.б.)
тасылды.
«Ұлы Жібек жолы» де-
ген атау 1877 жылы пайда
болды. Бұл атауды неміс
географы Фердинанд фон
Рихтгофен енгізді. Ұлы
Жібек жолы арқылы түр лі
халықтардың сауда, мә де-
ни, елшілік қатынастары
дамыды. Ді ни ілімдердің
таралуына да себепкер
болды.
Сауда керуені
77
3. Ұлы Жібек жолының Қазақстан арқылы
өтетін бағыттары. Ұлы Жібек жолы ертедегі
Қазақстан жерімен де өтті. Басты сауда жолы
Алтай, Тянь-Шань тауларының бөктері, Іле,
Шу, Сырдария алқаптары арқылы өтіп, Қы-
тай
ға д
ейін созылып жатты. Оның тармақ
-
тары Сырдария, Аралдың бойымен Қара теңіз
жаға лауына, Ви зантияға, Батыс Еуропаға жет-
кен.
Ғасырлар бойы бұл жол үнемі өзгеріп отыр-
ған, оның бір бағыттары көркейіп жатса,
екінші бір тармақтары жойылып, қалалар
мен сау
да бекеттері қаңырап қалған. Ұлы
Жібек жолы арқылы Қазақстанға Қытайдан
жібек мата, ыдыс-аяқ, айна, Рим әйнегі мен
теңгелері, Иранның асыл тастары әкелінді.
Осы жолдың арқасында Тараз, Алматы,
Түр
кістан, Сарай
шық және басқа қалалар
бой көтеріп, көркейіп, егіншілік қоныстары
пайда бола бастаған еді.
4. түркістан базарына саяхат. Бір сәт өзіңді
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан
Түркістан қаласының базарын аралап жүрмін
деп елестет. Қаланың ертедегі атауы – Йасы.
Базар ішінде жергілікті тұрғындар да, басқа
қалалардан келушілер де, түрлі киім киіп,
алуан тілде сөйлейтін шетелдіктер де жүр.
Олардың біреуі зат алуға келсе, енді біреулері
заттарын сатуға келген. Базардың оң жағында
сонау араб елінен әкелінген сәйгүліктер, Фер-
ғананың атақты арғымақтары, моңғолдың та-
пал жылқылары мен қазақ жорғалары ауыз-
дықтарымен алысып тұр. Алдыңғы қатарда –
құмырашылардың жалтыраған мыс құ
мы-
ралары мен табақшалары. Сол жерден қытай
қолөнершілерінің күмістен және аса бағалы
фарфордан жасалған ыдыстарын кездестіресің.
Асыл тас шеберлерінің қолымен үнді маржаны,
...Ұлы Жібек жолының
бір тармағы Египет пен
Вавилонда, Иранда өте
қымбат бағаланатын
әдемі көк тас – лазурит
тасымалданған «лазу-
рит жолы» деп аталған.
Екінші тармағы Қытай-
дағы императорлар мен
ақсүйектерге арнап әше-
кейлер жасау үшін нефрит
тасын тасымалдайтын
«нефрит жолы» болды. Ал
үшінші – «бұлғын жолы-
мен» бағалы аң терілері
тасылған.
Байпақов К.М.
« Қазақстанның
ежелгі қалалары» .
Алматы, Аруна, 2005
«Ұлы Жібек жолы»
арқылы сауда жасаған
мемлекеттер
Рим
Франция
Византия
Русь
Иран
Үндістан
Түрік қағанаты
78
ақық, лағыл, гауһар тастардан жасалған әшекей
бұйымдары көздің жауын алады. Ақша айыр-
бастайтындар алтын ақшаны күміске, орыс
ақшасын византия солидіне айырбастап беріп
жатты. Базардың сол жағында аса бағалы
қытай жібектері, Бұхардан әкелінген пүліш,
Рустен келген кенеп, парсы кілемдері қо-
йылыпты. Гректің әсем ыдыстары, хош иісті
жасмин суы мен амбра иісмайы тұр. Киев-
тен келген көпестер қару-жарақ бұйымдарын:
ою сапты семсер, дулыға, сауыт және ешкі
терісінен жасалған қып-қызыл етіктер, шолақ
тон мен бөрік сатып жатыр. Жергілікті қазақтар
табын-табын мал, жүн, тері, металл және басқа
да та уарларын сатып немесе айырбастап, өзіне
керекті заттарын алуда.
§24. әбу насыр әл-Фараби
1. Қазақ даласынан шыққан ғұлама. Әл-
Фараби (870–950) қазіргі Оңтүстік Қазақстан
облысы Шәуілдір ауданының аумағындағы
Отырар қаласында дүниеге келген. Арабтар бұл
қаланы Фараб деп атағандықтан, оның есімі Фа-
рабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады.
Ол Отырарда медресе бітіріп, ондағы аса бай
кітапханадағы қолжазбалармен танысады. Білім
алуды одан әрі жалғастыру үшін ол сол кездегі
аса ірі мәдени орталық саналған Бағдад қала-
сына барады. Бағдадта ғалымдар үйі және әлем-
дегі ең бай кітапхана жұмыс істеген. Өмірінің
көп жылдарын Бағдад қаласында өткізеді.
Әл-Фараби өнер-білім меңгеруде тамаша ең-
бекқорлық пен төзімділік танытады. Ол кейбір
кітаптарды түсіну үшін 100 – 200 рет қайталап
Ұлы Жібек жолы қалай
пайда болды?
Жолмен қандай тауар-
лар тасымалданды?
Ұлы Жібек жолы
Қазақстанның қандай
аумақтары арқылы
өтті?
Ұлы Жібек жолы
арқылы Қазақстанға
қандай тауарлар
әкелінді?
Қазақстаннан қандай
тауарлар саудаға
түсті?
Әбу Насыр әл-Фараби
79
оқыған көрінеді. Бала кезінен оны табиғаттағы
ғажайып құбылыстар таңғал
дырған. Оны
дұрыс түсіну үшін, ғылым-білім іздеп көптеген
елдер мен қалаларда: Хорасан, Каир (Мысыр),
Дамаскіде (Шам) болып, жиі саяхат жасаған.
Сол кездегі белгілі ғалымдармен кездесіп, олар-
мен сырласады. Ол өте қарапайым, қанағатшыл
адам болған. Жұпыны киініп, той-думаннан
бойын аулақ ұстаған. Күндіз қалалық бақта
күзетшілік қызмет атқарған. Ал тапқан
ақшасына кітап сатып алып, түні бойы шырақ
жарығымен оқып, ізденумен болған.
Маңызды еңбектер жазып, бұрын белгісіз
болған көптеген ғылыми жаңалықтарды аша-
ды. Көптеген қиындықтарға да кездеседі. Оның
дүниені танып-білу көзқарасына кейбір адамдар
қарсы шыққан кездер де болған. Сондықтан ол
Бағдадтан алдымен Хорасанға қоныс аудара-
ды, өмірінің соңын Дамаскіде өткізеді. Мұнда
өзінің көптеген еңбектерін жазады. Әл-Фараби
950 жылы 80 жасында Шам шаһарында қайтыс
болды.
2. «екінші ұстаз». Әл-Фарабиді замандас-
тары мен шәкірттері жоғары бағалап, Аристо-
тельден кейінгі «екінші ұстаз» атаған. Өйткені
ол грек ғалымы Аристотельдің еңбектерін көп
зерттеген. Оның шығармаларына өзі түсіндірме
жазған. Ол білімнің әртүрлі салалары: астроно-
мия, философия, логика, музыка, математика,
этика, медицина, психология, тіл білімі, құқық
бойынша зерттеулер жүргізген. 150-ге тарта
еңбек жазған. Оның «Музыканың ұлы кітабы»,
«Бақытқа жету», «Ғылымдар тізбесі», «Ізгі
қала» атты құнды кітаптары бар.
Сонымен қатар әл-Фараби тамаша музыкант,
орындаушы болған және өлең де шығарған.
Домбыра, қобыз сияқты аспаптар жасап, музы-
ка жазған.
Әбу Насыр әл-Фараби
қай жерде дүниеге
келіп, білім алған?
Ол білім алу жолында
қандай еңбекқорлық
танытты?
Ол алған білімін қалай
пайдаға асырды?
Әбу Насыр әл-
Фарабидің тағы
қандай өнерлері
болған?
80
§25. Қазақстанның
ортағасырлық қалалары
1. ортағасырлық қаланың құрылысы. Қа-
зақ жеріндегі алғашқы қалалар Оңтүстікте, Же-
тісу өңірінде және Орталық Қазақстанда пайда
болды. Қалалар қолөнер, айырбас пен сауданың
дамуына байланысты қалыптасты.
Әр қаланың өз билеушісі болған. Қалалардың
көпшілігі бір-бірінен тәуелсіз өмір сүрді, бар-
лығы мемлекет билеушісі – қағанға бағынды.
Қалада су құбыры жүргізілген, мешіт-
медреселер, ел билеушілеріне арналған үйлер
тұрғызылған. Қала үш бөліктен тұрған:
1) Цитадель (орда) – қаланың қамалмен
қоршалған бекіністі орталық бөлігі. Онда патша
сарайы және әкімшілік басқару орындары, қала
билеу шісінің үйлері орналасқан.
2) Шахристан – билеушілер, ақсүйектер,
діни қызметкерлер және қаланың бай халқы
мен қолөнершілері тұр ған бөлік.
3) Рабат – қолөнер шеберханалары орналас-
қан жұмысшы қала бөлігі.
Қаладағы аса маңызды кәсіптің бірі – темір
ұсталығы болды. Олар кен өндіріп, түрлі
бұйымдар: ыдыс-аяқ, шырағдан және асыл ме-
талдан зергерлік бұйымдар жасаған. Іскерлік
кәсібі дамыды, тас қашау, сүйек пен мүйіз өңдеу
ісі кең тарады. Талғар қаласында жүргізілген
қазба кезінде сүйектен жасалған шахмат фигу-
ралары табылды.
Құйрықтөбе – Сырдария бойындағы қала,
ол бірнеше орамнан (орам – квартал) тұрған, әр
орамда 8–10 үйден болған. Әр орам белгілі бір
кәсіппен шұғылданды. Тұрғын үйдің іргесі ірі
тастан қаланып, қабырғасы шикі кірпіш, са-
бан араластырылған балшықтан тұрғызылған.
Қалада мешіт, моншалар да көптеп салынды.
Археологиялық жұмыс кезінде бұл қаладан
Құйрықтөбе (Кедер)
қаласының орнынан
табылған күйдірілген
саздан жасалған
бейнелер. VII–VIII ғғ.
81
қытай мен жапон шеберлері жасаған мыс, фар-
фор ыдыстар табылды.
отырар – қазіргі Оңтүстік Қазақстан
облысының жерінде орналасқан. Отырар
қаласын кезінде Фараб, Тарбанд деп те атаған.
IX–X ғасырларда гүлденген ірі қала ғылым
орталығына айналды. Қаланы биік дуалмен
қоршап, жан-жағынан айналдыра терең ор
қазған. Археологиялық қазба кезінде 15 тон-
на бидай сақталатын қамба табылды. Мұның
өзі қала халқының ауыл шаруашылығымен
айналысқанын көрсетеді.
Отырарда есімі әлемге танылған ғұлама
ғалым Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келді.
Қалада дүние жүзіндегі ірі кітапханалардың
бірі болған.
Отырар қаласының
ұшақтан түсірілген
көрінісі
82
Отырарды 1219 жылы алты ай бойы моңғол-
дар қоршап, ақыры қаланы жермен-жексен
етіп қиратады. Бұдан кейін де қайта жандан ған
Оты рар қаласы шамамен XVIII ғасырдың басы-
на дейін өмір сүрген.
сауран – Түркістан қаласынан 30 шақырым
жерде орналасқан. Араб тарихшысы Макди-
си: «Сауран – үлкен қала, бірінен соң бірі жеті
қабырғамен қоршалған. Рабаты бар, мешіті ішкі
қалада орналасқан» деп суреттейді.
Сауран XVI–XVII ғасырларда мұнаралы биік
дуалмен қоршалған, айнала терең ор қазылған,
мықты қорғанысты қала болған. Қала сыртын-
да жер өңдеумен айналысқан елді мекендер,
бау-бақша және егістік жатты. Қаланы сумен
қамтамасыз ету үшін кәріз – жер асты кана-
лы қазылған. Кәрізді Үндістаннан әкелінген
200 құлға қаздырған көрінеді.
Сауран қаласының
орны
83
Қазіргі таңда, 2004 жылдан бастап Сауран
қаласында археоло гиялық зерттеулер жүргізіліп
жатыр.
Йасы – Түркістан қаласының ежелгі аты.
Қаланың негізі б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта
кезінде қаланған.
Йасы қаласы қамал, шахристан, рабаттан
тұрған. Қала балшықтан соғылған қабырғамен
қоршалды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бо-
йында орналасуы, сауданың дамуы Түркістан
өңірінің гүлденуіне жағдай жасады. Ғұлама
діндар ақын Қожа Ахмет Йасауи қабірінің басы-
на тұрғызылған кесене адамдар мінәжат ететін
қасиетті орынға айналды.
Есім хан тұсында Йасы Қазақ хандығының
астанасына айналды. Сол уақыттан бастап қала
Түркістан деп атала бастады.
сығанақ – Сырдария өзені бойында ор
на-
ласқан. Ертеде Сығанақ қаласы Қыпшақ мем-
лекетінің сауда және саяси орталығы болды.
Сауда-саттық және айырбас қатты дамыған.
Қожа Ахмет Йасауи
кесенесі
Фараб деп қай қаланы
атаған?
Түркістан қаласы
бұрын қалай аталған?
Ертедегі Отырар
туралы тағы қандай
қосымша мәліметтер
білесің?
84
Қаланың базарында күніне 500-дей түйеге
артылған тауарлар сатылатын. Сығанақта көш-
пелілер ең жақсы садақтар мен жебелер әкеліп
сатқан. Ал өздері астық, мата және басқа қажет-
ті бұйымдарды сатып алып отырған.
Сығанақ қаласын 1219–1220 жылдары моңғол
әскері қоршауға алады. Қала тұрғындары жеті
күн ерлікпен күресіп, ақыры жеңіледі, қала
қирайды. Бірақ көп ұзамай қала қайта жанда-
нады. Қазіргі Қазақстан жерін түгел қамтыған
Ақ Орда мемлекетінің ханы Ерден (1320–1344)
Сығанақ қаласын қалпына келтіреді де, өзінің
астанасына айналдырады. Қала XVIII ғасырға
дейін өмір сүрді. Қазір қаланың орны «Сунақ-
ата» деген атпен мәлім.
Қазақстан жеріндегі
қалаларды
кімдер салды?
Онда кімдер тұрды?
Қалалардың
құрылысы
қандай болды?
Қалалар қалай
дамыды?
Қалалар неліктен
жойылып кетті деп
ойлайсың?
Сығанақ қаласының
орны
|