Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
§54. Ұлы жеңіс
1.   Берлин  үшін  шайқас.  1945 жылдың ба-
сында шығыстан кеңес әскерлері, батыстан аме-
рикан, ағылшын әскерлері Германия жеріне 
шешуші шабуылға шықты. Фашистер астанасы 
Берлин қаласын күшті бекініске айналдырды. 
Метроның есіктерін оқ өтпейтін қалқандармен 
жапты. Байланысты метро арқылы жүргізді.
Кеңес әскерінің мыңдаған ұшақтары аспан-
нан бомба жаудырса, ондаған мың зеңбіректері 
Берлинді жан-жақтан атқылап, жауынгерлер 
тіке шабуылға шықты. Қала ішінде жеті күн 
ұрыс болды. Кеңес әскерлері қала орталығына, 
рейхстагқа да жетті. Рейхстаг төбесіне ержүрек 
жауынгерлер Егоров пен Кантария Қызыл ту 
тікті. Рейхстаг қабырғасына алғашқы ту тіккен 
жа уынгерлердің бірі қазақстандық Рақымжан 
Қошқарбаев болды.
1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алын-
ды. Ұлы Отан соғысы аяқталды. 1945 жылы 
 
9 мамыр күні кеңес халқы салтанат-
ты түрде жеңіс күнін тойлады.
Бұл соғыста кеңес халқы фа шизмді 
жеңіп шықты, олар елі мен жерін 
қорғап қалды және басқа халықтарды 
фашистік құлдықтан құтқарды.
2.  рақымжан  Қошқарбаев  (1924–
1988) – Ұлы Отан соғысының және 
еңбек ардагері. Соғыс басталғанда 
Рақымжан небәрі он жетіге тол 
ған 
болатын. Ол майданға өзі сұ ранады.  
1942 жылы Фрунзе жаяу әскер учили-
щесін кіші лейтенант дәрежесінде 
бітіріп шығады. Польша мен Герма-
ния ны азат етуге қатысады. Қошқар-
баев 1945 жы лы Рейхстагқа алғашқы-
лардың бірі болып жеңіс туын тікті. 
Рейхстагқа ту тігу
 
Фашистік Германияға 
қарсы соғыстың Ұлы 
Отан соғысы аталуы 
неліктен?  
 
Ладога көлін ленин-
градтықтар неге «Өмір 
жолы» деп атады? 
 
«Бүкіл ел біртұтас 
әскери лагерьге  
айналды» дегенді  
қалай түсінесің?
 
Кеңес Одағының  
екін ші  дүниежүзілік 
со ғыста  жеңіске   
жету себебі неде?

174
Лейтенант Р. Қошқарбаев пен қызыләскер 
Булатов күндізгі сағат 11-ден кешкі 6-ға дейін 
Рейхстагқа дейінгі 300 метр жерге жеті сағатта, 
үздіксіз жауған оқтан қорғана отырып әрең 
жетеді. Жау мықты қорғаныс бекінісін жасаған 
Рейхстаг қабырғасына жеңіс туын қадайды. 
Ол кезде Рақымжан 21 жасқа да толмаған еді. 
Р. Қошқарбаевтың ерлігі фотосуретімен майдан 
газеттерінде жарияланады.
Ол Қызыл Ту, Бірінші дәрежелі Отан соғы сы 
орденімен марапат 
талған. 1999 жылы Халық 
Қаһарманы атағы берілді.
3. 
 
екінші дүниежүзілік соғыстың аяқ 
та-
луы. Фашистік Германия талқандалған соң да 
екінші дүниежүзілік соғыс жалғаса берді. Осы 
соғыста фашистік Германияның негізгі одақ-
тасы болған Жапония АҚШ пен Англияға, Қы-
тайға қарсы соғысты тоқтатпады. Жапония көп 
жылдар бойы Кеңес Одағына қауіп төнді ріп, 
миллионға жуық таңдаулы армиясын шекара-
да жауынгерлік әзірлікте ұстап келген еді. 
Кеңес Одағы 1945 жылы 6 тамызда Жапо-
нияға соғыс жариялады. Германияны жең ген, 
жауынгерлік рухы жоғары кеңес жауынгер-
лері жапон әскерлерін ойсырата талқандады.  
1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония әскері қа-
руын тастап, жеңілгенін мойындады.
1945 жылы 2 қыркүйекте Жапонияның 
тал 
қандалуымен екінші дүниежүзілік соғыс 
аяқталды.
Рақымжан Қошқарбаев
 
Қаһарман қалаларды 
ата, оларды карта-
дан көрсет. Неліктен 
бұлар «қаһарман қала» 
деп аталады?
 
Қызыл Армия фашис-
терден азат еткен 
елдерді картадан 
көрсет.
 
Кеңес Одағы Ұлы Отан 
соғысында неліктен 
жеңіске жетті?
 
Қазақстандықтар 
Ұлы Отан соғысының 
жеңіспен аяқталуына 
қандай үлес қосты?
 
Р. Қошқарбаев қандай 
ерлік жасады? 
 
Екінші дүниежүзілік 
соғыс неше жылға  
созылды?
Тапсырма. оқулық мәтінін пайдалана отырып, мына кестені толтыр.

Негізгі оқиғалар, ірі шайқастар
Болған жылдары

175
§55. тың игеру
1.  соғыстан кейінгі халықтың жағдайы. 
Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтаған кеңес 
халқына соғыстың зардаптарын жою, бейбіт 
өмірге көшу оңайға түспеді.  
Елге қажетті азық-түлік пен тауарлар 
жетіспеді. Нан, май, ет, қант, мата, аяқкиім 
қатаң түрде карточкамен берілді. Ендігі міндет 
соғыстың зардабын жою болды.
Қазақстан фашистік басқыншылардан күй-
зелген аудандарға өз көмегін аяған жоқ. Қуаң-
шылық, ашаршылық жайлаған аудандарға 
астық беріп көмектесті. Бірақ республикада 
 
ауыл шаруашылығы артта қалған еді. Өнді-
рілетін астық көлемі халықтың қажетін толы-
ғымен қамтамасыз ете алмады.  
1950 жылы республикамызда 3696 колхоз 
құрылды. Ендігі мақсат – мол астық өндіру, 
сапалы бидай өсіру болды. Кеңес мемлекетінің 
басшылары тың және ты ңайған жерлерді игеру 
қажет деп тапты.
2.  тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың 
жер   өмірі жыртылмай бос жатқан жер, ал 
тыңайған  кезінде егін өсірілген, бірақ көптен 
бері ол да бос жатқан жер. 1954 жылы тың 
жерлерді игеру басталды. 
Республиканың тың 
иге ретін 
аудандарына 
Ақ мола, Солтүстік Қазақ-
стан, Қостанай, Көкшетау, 
Торғай, Павлодар облыс-
тары жатты. Қазақстанға 
одақтас  рес публикалар дан 
ауыл шаруашылығына 
қа жет ті  техникалар,  трак-
тор, жүк таситын ма 
ши-
налар әкелінді. Шет 
тен 
640 мыңдай жұмыс шы мен 
механизатор көшіп келді. 
Тың игеруші

176
Республикаға келген тың игерушілер жаңа сов-
хоздар құрып, үй салып, сонда тұрақты жұмыс 
істеді. 
Мыңдаған адамдар тыңда жемісті еңбек етті. 
Олардың қатарында Михаил Довжик, Кәмшат 
Дөненбаева, Дмитрий Нестеренко, Жансұлтан 
Демеев, т.б. есімдерді атап өтуге болады.
Довжик Михаил Егорович – Запорожьеден 
Торғай облысы Ярославский совхозына тың 
игерушілердің бірі болып келді. Артта қалған 
совхозды озаттар қатарына қосты. Еңбектегі та-
быстары үшін Социалистік Еңбек Ері атағымен 
және көптеген орден, медальдармен марапат-
талды.
Дінмұхамед Ахмет ұлы Қонаев (1912–1993) – көрнекті мем лекет және қоғам 
қай 
раткері, академик. Ол Алматы қала 
сында дүниеге келген. 1936 жылы 
Мәскеудегі түсті металл және алтын институтын бітіріп, тау-кен инженері 
мамандығын алған. 
1942 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төр аға сының орынбасары қыз метіне 
тағайын да лады.  1952  жылы Қа зақ КСР ҒА президенті, академик, 1955 жылы Қа-
зақ КСР Министрлер Ке ңесінің төр ағасы. 1960–1962 жылдар мен 1964–1986 жыл-
дар аралығында Қазақстан Ком партиясы Орталық Ко митетінің бі рінші хатшысы 
міндетін атқарды.
Қазақстан Компартиясы 
Орталық Комитетінің  
бірінші хатшысы  
Д. А. Қонаев  
астықты алқапта

177
Дөненбаева Кәмшат Байғазықызы – 1961 
жыл дан бастап Харьковский совхозында трак-
торшы болып жұмыс істеген. 1972 жылы әйел 
механизаторлар арасында өткізілген облыстық 
жарыста 1-орынды, республикалық жарыста 
3-орынды жеңіп алды. Атақты механизатор жер 
жыртуда жылдық міндеттемесін үнемі асыра 
орындады. Еңбектегі ерлігі үшін Социалистік 
Еңбек Ері атағы берілді.
Тың игерушілерден 272 адам Социалистік 
Еңбек Ері атағын алды, мыңдаған адам медаль, 
ордендермен марапатталды.
Елімізде астық өндіру көлемі артып, Одақта 
екінші орынға шықты. Тың игерілген жерлер-
де 15 жаңа қала, 86 кент салынды. Көптеген 
мектептер ашылып, мәдениет орындары пайда 
болды. Жаңадан кәсіпорындар мен әуежайлар 
ашылды. 
3.  тың  игерудің  салдары.  Тың жерді игеру 
қатты қарқынмен жүргізілді. Есепсіз аударыл-
ған жердің құнарлы қабатын жел ұшырып 
әкетіп, 9 млн гектардан астам жер жарамсыз  
болып қалды. Жер құнарының азаюы экология-
лық жағдайды нашарлатты. Жердің көп жыр-
тылуынан мал жайылымы мен жем-шөп дайын-
дайтын жерлер азайды. Соған байланысты ет, 
сүт өнімдерінің көлемі де кеміді. Жыртылған 
жердің ылғалы аспанға ұшып, дала өзендері мен 
көлдерінің көбі құрғап қалды, жыл құстарының 
саны азайды.
Қазақстанға басқа ұлт адамдары қаптап 
келді. Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айнал-
ды. Барлығы ортақ орыс тілінде сөй 
леген-
діктен, қазақ халқының тілі, әдет-ғұрпы мен 
мәдениетінің дамуы ескерусіз қалды. Қа 
зақ 
халқы өз жерінде отырып, саны аз ұлтқа ай-
налды. Қазақ тілінде оқытатын мектептер, 
балабақшалар, жоғары оқу орындарының саны 
кеміді. Қазақ тіліндегі газет-журналдар тара-
лымы қысқарды. Осының барлығы тың игеру 
кезінде ескерілмеген кем шіліктер болатын.  
Кәмшат Дөненбаева
 
Тың игеру деген сөзді 
қалай түсіндің?
 
Тың игеру 
Қазақстанға не берді?
 
Қазақстанның қай 
өлкелерінде тың жер 
игерілді?
 
Тың игерушілердің 
еңбектегі табыстары 
туралы әңгімелеп бер.
 
Тың игерудің қандай 
салдары болды?

178
§56. Қазақстан – ғарыштық  
мемлекет
1. Байқоңыр ғарыш айлағы. Әлемдегі тұңғыш 
ғарышкер Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде 
Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет 
ғарышқа жол салды.
Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағының 
құрылысы 1955 жылы басталып, 1957 жы лы 
пай 
далануға берілді. Ғарыш айлағын салуға 
адам сирек орналасқан және өндіріс орталық-
тарынан қашық, Алматы-Мәскеу теміржолының 
Қызылқұмнан өтетін аймағы таңдап алынды.
Байқоңыр ғарыш айлағынан дүниежүзінің 
түрлі  мемле кет терінен  150-ден  астам  ғары ш - 
кер ғарышқа сапар шекті. Олар түрлі ғарыш 
аппараттары арқылы ғарышты, шағын пла-
неталарды зерттеді. Осы жерден «Космос», 
«Про тон», т.б. жердің жасанды серіктері ұшы-
рылды. Бейбіт мақсатта ғы 
лыми жұ 
мыстар 
жүр гізілді.
Қазіргі кезде Байқоңыр ха лықаралық ғарыш 
айлағына айналды. Бұл алаңнан АҚШ, Фран-
ция, Үндістан, т.б. мемле кеттердің ғарышкерлері 
мен ғарыш кемелері ұшырылды.
2.    тұңғыш  қазақ  ғарыш кер лері. 
Тоқтар 
Әубәкіров (1946) – Кеңес Одағының Батыры, 
Қазақстанның Халық Қаһарманы, авиация 
генерал-майоры, қазақтан шыққан тұңғыш 
ғарышкер.
1969 жылы Краснодар өлкесіндегі Армавир 
қаласында әуе шабуылынан қорғанатын әскери 
авиациялық училищені бітірген соң, әскери әуе 
күштерінде қызмет атқарады.
Т. Әубәкіров 1976 жылы сынақшы ұшқыш-
тар мектебін тәмәмдап, сынақ жұмыстарымен 
ай налысады. 50-ден аса жаңа ұшақ түрлерін сы-
нақтан өткізген. 
Тоқтар Әубәкіров
Тоқтар Әубәкіров: «Ға-
рыш Сізге не берді?»  деген 
сауалға былай деп жауап 
берді: «Ғарыш мені туған 
еліммен табыс тырды. Мен 
ғарыштан елімнің ұлан-
байтақ да ласын, асқар тау-
ларын, көлдерін, өзендер 
мен егістік алқаптарын, 
көк ала түтін астында тұн-
шыққан қалалары мен 
өнеркәсіп орталықтарын 
көрдім. Елімнің қуа 
ны-
шын, сүйінішін, көз жа-
сын көрдім. Шексіз-шетсіз 
ғарыш кеңістігінен кіп-
кішкентай әдемі глобус 
тәрізді адамзат мекен ет-
кен жерді көрдім. Жерге 
жарақат салмайық, жара-
сын жазайық».
Әзиев Ә.
Ұлы дала ұлағаттары. –  
Алматы, 2001, 315-бет.

179
1979 жылы Мәскеудегі С. Орджоникидзе 
атындағы авиация институтын үздік бітіреді. 
Оған 1990 жылы «КСРО-ның еңбек сіңірген 
ұшқыш-сынақшысы» атағы берілді. 
1991 жылы Ю.А. Гагарин атындағы ғарыш-
керлер даярлау орталығында жаттығуға кірісті. 
«Союз ТМ» кемесінде және «Мир» орбиталық 
кешенінде халықаралық экипаждың  зерттеуші 
ғарышкері ретінде ұшу үшін дайындықтан 
өтті. 
Ол 1988 жылы Кеңес Одағында алғашқы бо-
лып жерге қон бастан, әуеде ұшаққа 2 рет жа-
нармай құйдырып, солтүстік полюске ұшып 
барып қайтты. «Тбилиси» кемесінің палуба-
сына «МИГ-29» әскери әуе ұшағын алғаш рет 
қондырды. Тоқтар Әубәкіровке бейбіт өмірдегі 
осындай ерліктері үшін Кеңес Одағының Баты-
ры атағы берілді. 
1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз 
ТМ-13» ғарыш кемесі ұшырылды. Халықаралық 
экипаж құрамында үш ғарышкер: Александр 
Волков, Тоқтар Әубәкіров, австралиялық Франц 
Фибек болды. Олар ұшу міндеттерін ойдағыдай 
орындап, 10 қазанда Қазақстанның Торғай да-
ласына ке ліп қонды.
Ғарышкер 
Талғат Мұсабаев (1951) – Ресейдің 
батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы. Ол – 
Тоқтар Әубәкіровтен кейін ғарышқа ұшқан қа-
зақ ғарышкері. Азаматтық авиацияның Ри 
га 
инженерлер институтын аяқтаған. 1991 жы-
лы ғарышкерлер да 
йындау орталығында да-
йын 
дық курсынан өтеді. Талғат Мұсабаев 
1994, 1998 және 2001 жылдары үш мәрте 
ға 
рышқа самғады. Ол ғарышта 127 тәу 

лік болып, екі рет ашық кеңістікке шықты. Т. Мұ-
са баев жалғыз өзі 11 сағат бойы ғарыш ке ше нінің 
(стан циясының) тағдырын шешетін өте қауіп-қа-
терлі жұмысты ойдағыдай орындады.
Талғат Мұсабаев
 
Т. Әубәкіровтің қандай 
ерлік жасағанын әңгіме-
леп бер.
 
Талғат Мұсабаев қай 
жыл дары ғарышқа ұш-
ты?
 
Т. Әубәкіров пен Т. Мұ-
сабаевтың өмірі мен 
қыз 
метінен сен өзіңе 
қан дай үлгі алар едің? 
 
«Т. Әубәкіров, Т. Мұса-
баев – батырлық пен 
ер жүректілік үлгісі» де-
ген тақырыпта шығар-
ма жаз.

180
§57. Қазақстанда ғылым мен 
өнердің дамуы
1. Ғылымның дамуы. Ғылым қоғамның 
барлық саласын қамтыды. Табиғатта жоқ жаңа 
материалдар жасалды. Адам ғарышқа ұшып
белгісіз планеталарды зерттеді. Ғылымның 
жаңа салалары қалыптасты. Түрлі электрон-
ды есептеу машиналары (ЭЕМ) іске қосылды. 
Ол адам еңбегін жеңілдетіп, ғарышты игеруге 
мүмкіндік берді. 
Өнеркәсіп орындарында түрлі автоматты ма-
шиналар мен автоматты желілер пайда болды. 
1946 жылы 1 маусымда Қазақ КСР Ғылым 
Академиясы құрылды. Ғалымдар әлемдік мәні 
зор жаңалықтар ашты. 
Академик
 Қаныш Сәтбаев  (1899–1964) – 
қо 
ғам қайраткері, геолог, Қазақ КСР ҒА-ның 
бірінші пре зиденті, академик. Ол он бес жыл 
бойы Жезқазған мыс кен орнында геологиялық 
барлау қызметіне басшылық жасайды.
Ғалым республика өңірінде көптеген кен 
орын 
дарын ашып, барлау жұмыстарын жүр-
гіз ді, оның болашағы туралы маңызды қоры-
тын ды лар жасады. Ғалымның ерекше еңбекте - 
ріне –  Қазақ КСР Геология институтын ұйым-
дастыру, Қазақ КСР Ғылым Академиясын ашу, 
Жезқазған кен металлургия комбинатын салу, 
республикамызда металлогендік зерттеулерді 
ұйымдастыру, т.б. жатады.
2. Жазушылар шығармашылығы. Соғыстан 
кейінгі жылдарда көркем әдебиет жақсы дамы-
ды. 1947 жылы Мұхтар Әуезов «Абай» романы-
ның екі кітабын аяқтады. Еңбегі жоғары бағала-
нып, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды.  
1955 жылы жазушы «Абай жолы» шығарма-
сының төрт томын толық жазып бітірді. 
 
Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев 1946 жы- 
лы 
Англияда 
У.  Чер-
чилльдің  қабыл дауында 
болғанда:  «Қа зақ тардың 
бәрі сіздей алып тұлға-
лы әрі бойшаң жа ралған  
ба?» – деп сұ рапты. Сон-
да ол: «О, жоқ, Черчилль 
мырза, халқым менен 
 
әл 
деқайда биік!» – деп 
 
жауап берген екен. 
«Ғалымның өмір жо-
лы, өз елінің ғылымын, 
мәдениетін дамытудағы 
істері келешек үшін үлгі-
өнеге» деген сөздің мәнін 
түсіндір.

181
М. Әуезов Абай арқылы қазақ халқының та-
рихын, өмір-тіршілігін, күрес-тартысын, әдет-
ғұрпын аса шеберлікпен суреттейді.
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» рома ны  – 
тарихи шығарма. Романда ежелден азаттық қа 
ұмтылған, тәуелсіздік үшін ерлікпен күрескен 
қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, тарихы ба-
яндалады. Жазушы былай деп жазады: «Ке-
несары ханға қатысты XIX ғасыр оқиғаларын 
зерттей келе, мен осы өткен тарихи оқиғалардың 
бәрінен де қасіретті адамның тұлғасын көрдім. 
Ол маған бүкіл күрделі мінезімен, табыстары-
мен, сәтсіздіктерімен көрінді де, мен ол жайында 
роман жазып шықтым. Ақтаған да, қаралаған 
да жоқпын, өмірде қалай болса, солай етіп 
жаздым», – дейді. Бұл кітап көп таралыммен 
шығарылып, отыз тілге аударылған.
Елімізде жыл сайын 30 млн.-нан астам кітап 
шығарылды. 13 мыңға жуық кітапхана жұ мыс 
істеді. А.С.  Пушкин атындағы (бүгінгі Ұлттық) 
кітапханада 95 млн. дана кітап қоры болды. 
Қазақ, орыс, ұйғыр, корей, неміс тілдерінде 
газет-журналдар шығып тұрған.
3.   Өнер.  Қазақ кино өнерінің қалып тасуына 
соғыс жылдары Алматыға көшіп келген «Мос-
фильм» және «Ленфильм» студия-
лары кино 
шеберлерінің ықпалы 
 
зор болды. Қазақ киносының өр-
кенде уі талантты режиссер әрі ак-
тер  Шәкен Аймановтың есімімен 
тығыз байланысты. Ш. 
Айманов 
«Ма 
хаббат туралы аңыз», «Біз 
осын 
да тұрамыз», «Алдар Көсе», 
«Та 
қиялы періште», «Атаманның 
ақыры»,  т.б. фи льм де рін түсірді.
КСРО және Қазақ КСР Мем 
ле-
кет тік  сый лықтарының  ие герлері,  
көр нек ті  өнер  қай рат керлері  Нұр-
мұхан Жантөрин, Ыдырыс Но-
Мұхтар Әуезов
Қазақ КСР халық әртісі 
Шәкен Айманов фильм 
түсіру үстінде. 1960 ж. 

182
ғайбаев, Серке Қожамқұлов, Зәмзә 
гүл Шәрі-
пова, Әмина Өмірзақова, Кәукен Кенжетаев, 
Торғын Тасыбекова, Фарида Шәріпова және т.б. 
қазақ киносының айтулы шеберлері халыққа 
танымал болды. 
Алматы театрларынан басқа облыс орта-
лықтарында орыс, қазақ, корей, ұйғыр театр-
лары жұмыс істеді. Сахна шеберлері Күләш 
пен Қанабек Байсейітовтер, Шара Жиенқұлова, 
Роза Жаманова, Роза Бағланова, Ермек Серкеба-
ев, Бибігүл Төлегенова сияқты атақты әншілер 
шығармашылық табыстарға жетті.
Күләш Байсейітова  (1912–1957). К. Байсе-
йітованың әншілік шеберлігінің шыңы – 
Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы 
Жібек бейнесін сомдауы болды. «Жалбыр», 
«Ер Тарғын», «Көгілдір көл» және т.б. опера-
ларды бойындағы барша талантымен орындап, 
халықтың сүйікті әншісіне айналды. КСРО 
Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Е. Г.   Брусиловскийдің
«Қыз Жібек» опера-
сынан көрініс.
Жібек – Күләш  
Байсейітова

183
 
Соғыстан кейінгі жыл-
дары ғылым саласын-
да қандай өзгерістер 
болды?
 
Соғыстан 
кейінгі кезеңдегі 
жазушылардың қандай 
туындыларын білесің?
 
Қазақстанның өнері, 
театры, бейнелеу 
өнерінің дамуы туралы 
әңгімеле.
 
Қазақстанның 
өнер және мәдениет 
қайраткерлерінен 
кімді білесің? 
Әбілхан Қастеев
Шара Жиенқұлова (1912–1991) – биші, педа-
гог. Белгілі бишінің алғашқы рөлі – Б. Майлин-
нің «Майдан» атты пьесасындағы Пүліштің 
бейнесі болды. М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» 
музыкалық драмасында, Е.Г. Брусиловскийдің 
«Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операла-
рында халық билерін орындады. 
Бейнелеу өнерінде 
Әбілхан Қастеев  (1904–
1973) – «Амангелді сарбаздары», «Түркісіб», т.б. 
картиналарын салды. Ғылым мен мәдениет 
қай 
раткерлері портреттерінің (Н. 
Сауранбаев, 
С. Мұқанов, т.б.) авторы. 
Осындай жетістіктермен қатар мәдениет сала-
сында кедергілер де кездесті. 50-жылдардың бас 
кезінде Мұхтар Әуезов, Ахмет Жұбанов, Қаныш 
Сәтбаев, т.б. белгілі адамдар қуғын көріп, айып-
талды. Белгілі ғалым, тарихшы Ермұқан Бек-
маханов «Кенесары қозғалысын ақтауға ты-
рысқан ұлтшыл» деген айыппен 25 жылға бас 
бостандығынан айырылды. 
Республикада қазақ тілінің жағдайы нашар 
болды. Іс қағаздарының басым көпшілігі орыс 
тілінде жүргізілді. Қазақ мектептерінің, қазақ 
балабақшаларының саны азайды. Қазақстан 
тарихын оқытуға жете көңіл аударылмады, сон-
дықтан кеңестік кезеңдегі ұрпақ өз хал қы ның 
тілін, тарихын, салт-дәстүрін жөнді білмей өсті.
Тапсырма. әрбір тұлғаның өзіне сәйкес 
анықтамасын тауып, дәптеріңе жаз.
Тұлғалар
Анықтама
1.   Қ. Сәтбаев
а)  тұңғыш қазақ ғарышкері
2.   О. Сүлейменов
ә)  академик, ғалым
3.   Т. Әубәкіров
б)  әйгілі ақын, қоғам 
         қайраткері
4.   К. Дөненбаева
в)  екі мәрте Кеңес Одағының
         Батыры
5.   Т. Бигелдинов
г)  Социалистік Еңбек Ері, 
         тың игеруші

184
V бөлім
тәУелсіз 
ҚазаҚстан
§58. Қазақстан республикасы – 
тәуелсіз, егемен мемлекет
1.  Қазақстан  республикасының  құрылуы. 
1991 жылдың желтоқ 
санында аса маңызды 
тарихи оқиғалар болып өтті. Олардың ең бас-
тысы – аса қуатты мызғымас держава болып 
саналатын КСРО-ның ыдырауы. Бұдан кейін 
Кеңес Одағы деп аталатын бір мемлекеттің ор-
нына 15 дербес егемен республика пайда бол-
ды. КСРО құрамында болған республикалар 
еркіндік алды, әрқайсысы өз алдына тәуелсіз 
мемлекеттерін құрды.
«Тәуелсіз» деген сөз толық ерікті, бағынышты 
емес деген ұғымды білдіреді. Тәуелсіз мемле-
кет – ешкімге бағынышты емес, жеке-дара еге-
мен мемлекет.
1990 жылы 25 қазанда «Қазақ Кеңестік Со-
циа листік Республика сының егемендігі туралы 
Декларация» қабылданды. 1991 жылы 16 жел-
тоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемле-
кеттік тәуелсіздігі туралы» маңызды құжат 
қабылданды. Осы күннен бастап респуб 
ли 
ка-
мыз – дербес, егемен мемлекет. 1991 жылғы 
 
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланған күн. 
Бұл айтулы дата жыл сайын Тәуелсіздік күні 
ретінде атап өтіледі. 
Қазақстан Республикасының және оның 
атқарушы үкіметінің басшысы Президент бо-
лып саналады. 
Қазақстан Республикасының 
тұңғыш Президенті –  Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев.
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н. Ә.   Назарбаев

185
Қазақстан Республикасының Президенті – 
мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы. 
Қазақстан Республикасының Конституция-
сында: «Президент халық мүддесін қолдау үшін 
халық атынан әрекет етеді» деп жазылған. Пре-
зиденттің еліміздің Конституциясына сәйкес 
құқықтары мен міндеттері бар. Ол Үкіметті жа-
сақ тайды, Парламенттің келісімімен Премьер- 
министрді тағайындайды. Сондай-ақ заңдар мен 
заң күші бар жарлықтарға қол қояды.
2.   Қазақстан  халқы.  Қазақстан Республи-
касында 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың 
өкілдері тұрады. Елімізде 16 миллионнан аса 
халық мекен етеді. Оның 63,6%-ы қазақтар. 
Сондай-ақ орыс, украин, өзбек, ұйғыр, ко-
рей, дүнген, түрік, неміс және басқа да ұлт 
өкіл дері тұрады. Ұлтына, дініне, тіліне, салт-
дәстүріне қарамастан, республиканың барлық 
аза 
маттары бірдей құқықты иеленеді, бірдей 
міндеткерліктерге ие.
Еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ-
станда түрлі ұлттар мен ұлыстар бейбіт шілікте, 
достық пен өзара түсіністік жағдай да өмір сүріп, 
еңбек етеді. Елімізде бейбіт өмір мен тыныштық-
ты сақтауға барлық жағдай жасалған. 
Құрметті оқушылар! Халықтар арасындағы 
татулық пен ынтымақтастықты сақтауға әр қай-
сысымыз жауапты екендігімізді ұмытпа йық. 
 
«Қазақстан Республикасы – егемен мемлекет» дегенді қалай түсінесің?
 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы әңгімеле. 
 
Егемендік пен тәуелсіздікке байланысты қандай құжаттар қабылданғанын 
мәтіннен тауып оқы. 
 
Осы оқулық бойынша Қазақстанның дербес ел болуы жолында күрескен та-
рихи тұлғаларды есіңе түсір.
 
«Н. Ә. Назарбаев – мемлекет және қоғам қайраткері» деген тақырыпта 
шығарма жазып кел. Шығарма жазуда сабақта және сабақтан тыс түрлі 
ақпараттардан (теледидар, бейнефильм, радио, баспасөз, т.б.) алған біліміңді 
пайдалан.
2 наурыз 1992 жыл.
Бұл қазақ халқының 
ғасырлар бойы армандап 
келген тәуелсіздігін бүкіл 
әлемге әйгілеп, Қазақ-
станды дүниенің барша 
еліне танытқан күн бол-
ды.  Елбасы  Н.Ә.  Назар-
баевтың атына Қазақ стан 
Республикасын  Бірік кен 
Ұлттар Ұйымына мүше-
лікке қабылдау жөнінде 
жеделхат келіп түсті.
Әлемдегі ең беделді 
ұйымдардың бірі – БҰҰ-
ның штаб-пәтері орна-
лас қан Нью-Йорктегі зәу-
лім ғимараттың алдын да 
Қазақстан Туы  Еуразияда 
жаңа 
дан жас мемлекет-
тің өмір 
ге келгенін паш  
етіп, жел біреп тұрды.

186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет