Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет34/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Түсініктер бір затты бірнеше рет қабылдау нәтижесінде туындайды. 
Мысалы, даяшы өз жұмысында жылдам қызмет көрсету мақсатында қосалқы 
үстелді қолданады. Оны әр түрлі жағдайларда қолдана отырып қай жағдайда 
қонақтар үстеліне тақап қояға болатынын, қай жағдайда бір жерге тұрып, 
тұрақты үстел рөлін атқаратыны туралы түсінігі болады. 
Түсініктер көру түсінігі (даяшы ойша заттардың қойылуын елестетеді) 
иіскеу түсінігі (иісі бойынша тағам туралы ойы), есту түсінігі (оркестр 
репертуарын алдын ала біле отырып, музыканы, солист даусын естіп тұрғандай 
болады), ұстап сезілетін (хрусталь ыдысты ұстап сезу ойы).
Түсініктер жалпы (мейрамхана, кафе, даяшы) және бірлік болуы мүмкін. 
Мысалы, егер тұтынушы фирмалық тағам ерекшелігін сұраса, онда ол туралы 
туындаған ойы даяшының толық, дәл және айқын айтуына тәуелді болады.
Естің негізгі үрдістерін шартты түрде салыстырмалы жеке кезеңдерге 
бөлуге болады: есте сақтау, сақтау,қайта еске түсіру, 
Есте сақтау жаңаны бұрын қабылдағанмен байланыстырып бекіту. 
Заттарды, адамдар түрін, қылықтарды, ойлар мен сезімдерді есте сақтау еріксіз 
және ерікті болуы мүмкі.
Еріксіз түрде адамды қызығушылық немесе қажеттілік тудыратын 
нәрселер сақталады. Мысалы, егер адамның тамақ ішкісі келіп тұрса, ол еш 
қиындықсыз қалада немесе аймақта орналасуын түсіндіретін кез келген 
ақпаратты есте сақтайды. 
Еріксіз түрде өткір сюжетті, ерекше берілген газеттегі теледидардағы 
жарнама сақталады. 
Ерікті есте сақтау (мақсатты) есте сақтауды жеңілдететін әртүрлі әдістер 
мен тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асады. Алуан түрлі ақпарат ағыны адам 
есте сақтау қажетісін ғана таңдайды. Айқын эмоционалды тондарға боялған 
оқиғалар есте сақталады: қуаныш немесе күйіну, таң қалу т.б. 


57 
Есте сақтау механикалық немесе мағыналы болуы мүмкін.
Даяшыға, аспазға, барменге, есінде көп ақпарат сақтау керек: тағамдар мен 
сусындар рецептісі, олардың дәмдік ерешеліктері, бағасы, дастарқан жаюдың 
әр түрлі тәсілдері және т.б. 
Механикалық түрде, яғни қайталау арқылы бұл мәліметтерді есте сақтау 
қиын. Мағыналық есте сақтауда көбірек есте сақталады, ол белсенді ми 
жұмысы, ой-өрісті кеңейту арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде санада жаңа 
байланыстар түзіліп, олар жеңіл бекітіледі. Кәсіби қажетті ақпаратты есте 
сақтау кезінде өз кәсібіне қызығушылық, біліктілікті жоғарылатуға ұмтылу , 
сонымен қатар материялды етимулдар үлкен рөл ойнайды. 
Еске түсіру ерікті (еске түсу үшін біраз ойланады) және еріксіз (өздігінен 
еске түседі) болуы мүмкін.
Естің бірнеше типі болады.
Көрнекті- бейнелі- елестету мен бейнелерге ес. Бұндай типі бар адамадар 
өз санасында заттардың бейнесін, пішінін , иісін, дәмін дәл сипаттап еске түсіру 
мүмкін. Бейнелі ес көру, есту ,сезу, иіскеу, дәм сезу иәстері болуы мүмкін.
Эмоционалды- сезімдерді есте сақтау. Мысалы, метрдотель, даяшы, 
бармендер саудалық залда туындаған дауларды есте сақтап , осы оқиғаға 
қатысты эмоционалды күйлерді де жақсы есте сақтайды. Оң немесе теріс 
сезімдермен байланысты өткен тәжірибе туралы ес ұзақ сақталады. Бұл қызмет 
көрсететін персоналға теріс эмоциялармен қатысты оқиғаларды болдырмау 
туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Қозғалу есі - бұл қозғалыстарды есте сақтау. Мысалы, даяшы үшін 
патноспен жұмыс істеу немесе тасып тағамдарды ұсыну кезінде жұмыс тәртібін 
қадағалау үшін қолданылады.
Сөйлеу- логикалық (мағыналық) - сөздердің санағы әсер етумен туындаған 
ес. Бұл ес типі бар адам сөйлеу арқылы хабарламаны жеңіле есте сақтайды 
және еске түсіреді. Даяшы тапсырысқа берілген тағамдардың атын жазып алса 
да, қонақтың ауызша айтқан тілектерін есте сақтау керек.
Яғни ес адамның белгілі бір уақытта есте сақтай алатын заттар мен 
факттер сонымен, яғни көлемімен; еске түсіру дәлдігімен; жылдам есте сақтай 
алуымен; оны ұзақ уақыт сақтауымен; қажет нәрсені тез еске түсірумен 
сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет