Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет46/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Байланыс 
аймағы 
жұмысшысы іс-әрекетінің 
психологиялық 
құрамдас бөлігі. Байланыс аймағы жұмысшысының психологиялық 
сипаттамалары көп мөлшерде қызмет көрсету кезінде психикалық құбылыстар 
мен үрдістерді өту ерекшелігімен анықталады. 
Тұлға ретінде мейрамхана және қонақ үй қызметкеріне қойылатын 
талаптар қызмет көрсету психологиясымен құрылады. Байланыс аймағы 
жұмысшысының кәсібі қонақтар сөзін қабылдау үшін есту және көру қабілеті 
жақсы дамуын талап етеді. 
Мейрамхана және қонақ үй қызметкеріне шығармашылық ойлау көмек 
көрсетеді. Ол қиялда келушімен байланысы «көрінісін» құруға, яғни келушіге 
қызмет көрсету моделі құрылуына ықпал етеді. Бұл модель келушілердің 
дербес-психологиялық ерекшелігі мен күйі, оның сұраныстары, қызмет көрсету 
жағдайы туралы ақпараттар жиынтығы болып табылады. Бұл модель негізінде 
байланыс аймағы жұмысшысы келушілерге қызмет көрсетудің оңтайлы 
нұсқасын таңдайды. 
Қызмет көрсету жетістігі (қызмет көрсету мәдениеті) көп мөлшерде 
байланыс аймағы жұмысшысының өз-өзін бақылауға байланысты. Өз-өзін 
бақылау қызмет әдістері мен нәтижелерін жедел талдау, жұмыстағы 
кемшіліктер себебін анықтау және оларды жоюдан тұрады. Өз-өзін бақылауды 
жүзеге асыру қонақ үй немесе мейрамхананың байланыс аймағы 
жұмысшысының өз-өзін ұстау, байсалдылық, табандылық және т.б. сияқты 
қасиеттерді қажет етеді.


74 
4.6. Мейрамхана және қонақ үйде келушілерге қызмет көрсету 
үрдісінің психологиясы 
Мейрамхана және қонақ үйге келушілердің тапсырыс беруі үш кезеңде 
жүреді: 
Бірінші кезең – тұтынушының қонақ үйге немесе мейрамханаға келуі. 
Қонақ үйге немесе мейрамханаға келу қажеттілікпен туындалады.
Қонақ үйге келу қонақтың қонақ үйге келу үшін тудырушы мотив болып 
табылатын тұру, демалу және ойын сауықтар алу қажеттілігімен туындалады. 
Мотивте қонақ қонақ үйге не үшін баратыны нақтыыланады.
Ал мейрамханаға бір адам сүйікті тағамына тапсырыс беру үшін, екіншісі– 
ас мәзірінде жаңа тағам пайда болғанын білу үшін және т.б. келеді. Қонақ үйге 
немесе мейрамханаға келушінің мінез-құлық ерекшелігі бойынша оның келу 
себебін анықтауға болады.
Көбінесе қонақ қонақ үйге не үшін баратынын біледі. Көбіне белгілі-бір 
орнатылған мақсат бар. Мақсат деп қажетті өнімге (қызметке) тапсырыс жасау 
дайындығының ішкі күйін айтамыз. Шартты түрде бұл мақсатты өнім (қызмет) 
туралы ойы деп айтамыз. Бұл ой нақты (белгілі-бір тағамға немесе нөмірге 
тапсырыс беру) немесе белгісіз (белгілі-бір жаңа жол немесе белгілі бір жаңа 
тағам) болуы мүмкін.
Өнім (қызмет) туралы ойы нақты болған сайын, тапсырыс тез жасалады. 
Қандай тапсырыс беруіне екі ойлы тұтынушы өнім (қызмет) таңдау үшін 
көбірек белсенділік таныту қажет. Бұл кезде қонақтың көңілін жарнама 
құралдарына тез аударуы мүмкін. Егер ұсынылатын өнім (қызмет) қонақ 
көңілінен шықса, онда тапсырыс жасау тілегі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет