Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Қонақтарға тамақтану ұсыну жөнінде қызметтер



Pdf көрінісі
бет15/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Қонақтарға тамақтану ұсыну жөнінде қызметтер әртүрлі үрдістер 
үйлесінен тұрады: өндірістік (ас үйде тағамдарды даярлау), саудалық (дайын 
тағамдарды, алкогольді және алкогольсіз сусындарды сату), сервистік 
даяшылардың қонақтарға мейрамханада, барда, кафеде, қонақ үй нөмірінде 
қызмет көрсетуі).
Қонақ үйлерде ұсынылатын қызметтер негізгі және қосымша болып 
ажыратылады. Олар тегін немесе ақылы болуы мүмкін.
Негізгі қызметтерге тұру және тамақтану жатады. Қонақ үйге келуші 
және кететін тұрғындарын рәсімдеу тәулік бойы жүргізілу керек.
Қосымша төлемсіз келесі қызметтер түрі ұсынылу мүмкін: 
жедел жәрдемді шақыру
 медициналық аптечканы қолдану; 
 нөмірге корреспонденцияны жеткізу; 
 бклгілі бір уақытта ояту; 
қайнаған су, ине, жіп, ыдыстар мен аспаптардың бір жинағын ұсыну. 
Міндетті және тегін қызметтерден басқа қонақ үйлерде әртүрлі қосымша 
қызметтер ұсынылады, оларға қосымша төлем төленеді. Ақылы қосымша 
қызметтер тізімі мен сапасы қонақ үйге тағайындалған категория талаптарына 
сай болу керек.
Орташа немесе жоғары ыңғайлылық деңгейлі орташа және ірі туркешендер 
үшін қосымша қызметтердің үлкен тізімі тән: 
 қоғамдық тамақтандыру қызметтері және оны ұйымдастыру


23 
 дүкендер (сувенирлі, азық-түлік), сауда автоматтары; 
 ойын-сауық инфрақұрылымы (дискотека, казино, түнгі клуб, ойын 
автоматтары залы, бильярд); 
 экскурсиялық қызмет көрсету, гид-аудармашылар қызметі; 
 театрға, циркке, концертке және т.б. билет сатуды ұйымдастыру; 
 көлік қызметтері (барлық көлік түріне билеттерді алдын-ала тапсырыс 
жасау, қонақ тапсырысы бойынша автокөлікке тапсырыс, автомобильді жалға 
беру); 
 гүл сатып алу және жеткізу; 
 севенирлер, ашық хаттар және басқа баспа өнімдерін сату; 
 тұрмыстық қызмет көрсету (аяқ-киім жөндеу және тазалау; киім жөндеу 
және үтіктеу; химтазалау және жуу қызметтері; заттар мен құндылықтарды 
сақтау; жүкті түсіру, тиеу және нөмірге жеткізу; мәдени-тұрмыстық заттарды- 
теледидар, ыдыс, спорт инвентарі және т.б. жалға беру; сағат, тұрмыстық 
техника, радиоаппаратураны жөндеу; шаштараз, маникюр және массаж 
кабинеті қызметтері және басқа тұрмыстық қызметтер); 
 сән салоны қызметі; 
 сауна, монша, бассейн, тренажер залы; 
 сөйлесу жүргізу залдарын, конференц-залдарды жалға беру; 
 бизнес-орталық қызметтері; 
 басқа қызметтер. 
Қонақтардың әртүрлі тұрмыстық және шаруашылық сұраныстарын 
қанағаттандыратын, жоғары ыңғайлылық деңгейін қамтамасыз ететін шарала 
жүйесі қонақ үй шаруашылығында сервис деп аталады. Сервисті сұраныс 
принципі (қонақ не қалайды) бойынша ғана емес, ұсыныс принципі (қонақ үй 
ұсынатын жаңа қызметтер) бойынша да құру керек.
Қызмет көрсететін кәсіпорындар жетімді жерде оналасу керек (көбіне 
бірінші қабатта). Вестибюльде, қабаттарда, нөмірлерде қызметтерді қай жерден 
алуға болатыны туралы ақпарат болу керек және жұмыс істеу уақыты қонақтар 
үшін ыңғайлы болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет