23
дүкендер (сувенирлі, азық-түлік), сауда автоматтары;
ойын-сауық инфрақұрылымы (дискотека, казино, түнгі клуб, ойын
автоматтары залы, бильярд);
экскурсиялық қызмет көрсету, гид-аудармашылар қызметі;
театрға, циркке, концертке және т.б. билет сатуды ұйымдастыру;
көлік қызметтері (барлық көлік түріне билеттерді
алдын-ала тапсырыс
жасау, қонақ тапсырысы бойынша автокөлікке тапсырыс, автомобильді жалға
беру);
гүл сатып алу және жеткізу;
севенирлер, ашық хаттар және басқа баспа өнімдерін сату;
тұрмыстық қызмет көрсету (аяқ-киім жөндеу және тазалау; киім жөндеу
және үтіктеу;
химтазалау және жуу қызметтері; заттар мен құндылықтарды
сақтау; жүкті түсіру, тиеу және нөмірге жеткізу; мәдени-тұрмыстық заттарды-
теледидар, ыдыс, спорт инвентарі және т.б. жалға беру; сағат, тұрмыстық
техника,
радиоаппаратураны жөндеу; шаштараз, маникюр және массаж
кабинеті қызметтері және басқа тұрмыстық қызметтер);
сән салоны қызметі;
сауна, монша, бассейн, тренажер залы;
сөйлесу жүргізу залдарын, конференц-залдарды жалға беру;
бизнес-орталық қызметтері;
басқа қызметтер.
Қонақтардың әртүрлі тұрмыстық және шаруашылық сұраныстарын
қанағаттандыратын, жоғары ыңғайлылық деңгейін
қамтамасыз ететін шарала
жүйесі қонақ үй шаруашылығында сервис деп аталады. Сервисті сұраныс
принципі (қонақ не қалайды) бойынша ғана емес, ұсыныс принципі (қонақ үй
ұсынатын жаңа қызметтер) бойынша да құру керек.
Қызмет көрсететін кәсіпорындар жетімді жерде оналасу керек (көбіне
бірінші қабатта). Вестибюльде, қабаттарда, нөмірлерде қызметтерді қай жерден
алуға болатыны туралы ақпарат болу керек және жұмыс істеу уақыты қонақтар
үшін ыңғайлы болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: