Буынға бөлу ережесi. 9. Сөз айтылғанда тұтас, бiрден айтылмайды. Сөздегi дауыстының немесе дауыссыз бен дауысты дыбыстардың бөлшектелiп айтылуын буын деймiз. Ағылшын тiлiнде сөздердi буынға бөлудiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Екi буыннан тұратын сөздiң екпiндi буынындағы дауысты әрiп бiр буынды сөздегi дауысты әрiптiң оқылу ережесiне бағынады. Бiрақ буынның түрiн анықтау үшiн екпiндi және екпiнсiз буындарды анықтап алуымыз керек. Буындардың графикалық шекарасын анықтау үшiн мынадай ережелердi қолданамыз:
1. Егер екпiндi дауысты дыбыстан кейiн бiр дауыссыз дыбыс (r әрiбiнен басқа) тұрса, онда ол дауыссыз дыбыс екпiнсiз буынға қалады. Мысалы: Student [‘stju:dent] осылайша, екпiндi буын буынға айналып, алдағы дауысты дыбыс I түрдегiдей оқылады. [ ju:]. Бiрақ ағылшын тiлiнде кейбiр екi буынды сөздер бар, оларда екпiндi буындағы дауысты дыбыс қысқа оқылады. Мысалы: city, pity, copy, very n. t.
2. Егер екпiндi буындағы дауысты дыбыс келесi дауысты дыбыстан 2 не онан да көп дауыссыздар және қосарланған r әрiбi арқылы бөлiнiп тґрса, онда бiрiншi дауыссыз дыбыс бiрiншi буынға кетедi де, бiрiншi буынды жабық буынға айналдырады. Бұл жағдайда дауысты дыбыс II түр бойынша оқылады. Мысалы: dinner [‘dinә], marry [‘ mæri ] Егер екi дауыссыз дыбыстың бiрi сонант болса, онда буынға бөлу бґл ережеге бағынбайды. Мысалы: table [ ‘teibl] бұл жағдайда b дауыссыз дыбыс сонанты жасап тұрған екiншi буынға кетедi, бiрiншi екпiндi буын ашық буын ережесiмен оқылады.
10. Екi және көп буынды сөздердегi екпiн. Ереже бойынша екi буынды ағылшын сөздерiнде екпiн бiрiншi буынға түседi ( егер бiрiншi буын мағынасын жоғалтқан префикс болмаса) Мысалы: office [‘οfis] Ал семантикалық мағынасын жоғалтқан префикстары бар сөздерде екпiн 2 буынға түседi. Мысалы: return [ri’tә:n]
Үш немесе одан да көп буынды сөздерде сөздiң соңынан санағанда 3- шi буын екпiндi болады, ондағы дауысты дыбыс II түр бойынша оқылады. Бұл жағдайда дауыстыны дауыссыздан бөлiп тұрған дауыссыз дыбыстардың саны ескерiлмейдi. Мысалы: factory [ ‘fæktәri]. Егер 3- шi буында u әрібі болса, ол буын ашық буын ережесiмен оқылады. Мысалы: funeral [‘fju:nәrәl]. Екпiндi буынды анықтағанда грамматикалық жалғаулар мен жұрнақтар назарға алынбайды. Мысалы: demonstrate ,demonstrated, demonstrating . Етiстiктен зат есiм жасаушы –ion жұрнағы сөзде болса, онда екпiн осы жұрнақ тұрған буынның алдындағы буын негiзгi екпiндi болады, ал бiрiншi буынға қосымша екпiн түседi. Мысалы: ,demons’tration
57
Ағылшын тiлiнде кейбiр сөздер 2 негiзгi екпiн алады. Олар 13 – 19 дейiнгi сан есiмдер. Мысалы: ‘thir’teen
Достарыңызбен бөлісу: |