Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет55/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83
Логикалық екпін – фразалық екпіннің бір түрі. Логикалық екпін –ол сөйлемдегі бір сөзге ерекше назар аударғанда қолданылады.

Мысалы: This book is not mine, it’s yours.



1.6.Интонацияны оқыту Интонацияның негізгі компоненттері фразалық екпін мен ритм, тембр мен темп. Ағылшын тілінің интонациясын меңгеруде, әсіресе, ағылышын сөйлемінің ырғағын меңгеруі керек. Ағылшын сөйлемі ырғағының өзіне тән ерекшеліктері бар. Екпінді буындар белгілі бір уақыт аралығында қайталанып келіп отырады. Мұның нәтижесінде екпінді буындар аралығындағы екпінсіз буынның дауысты дыбысының ұзақтығы кемиді. Егер екпінсіз буындар көп болса, олар жылдамырақ айтылады, аз болса жайрақ айтылады. Осы қасиет ағылшын сөйлеміне өзіндік ырғақ береді. Ағылшын сөйлемінде қанша екпінді буын болса, сонша ырғақтық топ болады. Ырғақтық топ бір екпінді 2-3 екпінсіз буындардан тұрады. Мысалы: It is a lovely day.

He is very busy. Интонация сөйлеушінің сөзінің мағыналық және көңіл – күйінің өзгеруін көрсетеді. Ол сөйлеушінің дауыс ырғағы мен қарқынын, әуенінөзгертуі арқылы жүзеге асады.

Бастауыш сыныптарда интонацияны үйрету үшін мұғалім мыналарды білуі керек: 1. қабылдау мен кері айтудың байланысын сақтау керек. 2. сөйлемді жай айту керек. 3. жаттығуларға сөздік және сөздік емес тіректерді пайдалану керек 4. бірнеше рет қайталау.

Интонацияны үйретуге арналған жаттығулар: - бірнеше сөзді тыңдап, [æ ] дыбысы бар сөзді естісеңіз қол шапалақтаңыз. - сөздердің қатарынан[ е] дыбысы бар сөзді табыңыз. -2-3 фразаны тыңдап, дифтонгтардың неше рет кездесетінін анықтаңыз. - берілген сөздердің транскрипциясын жазыңыз. -ұзақ және қысқа дыбыстары бар сөздерді айырып жазыңыз. - мұғалімге еліктеп қайталау. Сұрақтар:

1. Фонема, транскрипция дегеніміз не ? 2. Палатализация құбылысын қалай түсінесің? 3. Дұрыс айту дегенiмiз не?

58


4. Оқушыларды дұрыс айтуға үйрету үшiн мұғалiм қандай әдiс-тәсiлдердi қолдануы

керек? 5. Сөздi айтуға үйренуде оқушы қандай қиындықтармен кездеседi? 6.Сөздi айтуға үйретуде қандай жаттығуларды қолдану керек? Тапсырмалар:

1. Бастауыш сыныптың бiр сабағына арналған айту жаттығуын құрастыр және оны

қалай пайдаланатынын көрсет. 2. Мұғалiм кiтабынан және оқулықтан бiр сабаққа арналған айту жаттығуларын көрсет

және оны талда.

59




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет