1.5. Екпінді оқыту Екпін. Сөздік екпін. Фразалық екпін. Сөйлегенде барлық сөздерге бірдей екпін түспейді. Екпін дегеніміз - белгілі бір буынды, сөзді, сөз тіркесін басқа сөздермен салыстырғанда, анық күшті дауыспен бөліп алып айту. Екпін - интонацияның маңызды бөліктерінің бірі.
Сөздік екпін дегеніміз - бір немесе бірнеше буынды бөліп, анықтап айту. Екпін белгісі екпінді буынның алдына [‘ ] қойылады. Мысалы: [‘ k i t i ] .
Фразалық екпін дегеніміз - сөйлемде бір немесе бірнеше сөзді басқа сөздермен салыстырғанда анық бөліп айту. Ағылшын сөйлемінде негізгі сөздер екпінді болады. Негізгі сөздерге зат есім, сын есім, сан есім, етістіктер, үстеулер, сұрау және көрсету есімдіктері жатады. Ал артикльдер, одақтар, предлогтар, көмекші және модальды етістіктер, кейбір есімдіктер екпінсіз болады. Мысалы: The ‘students are ‘always ‘busy on week- days.
Ағылшын және қазақ тілдерінің екпіндік жүйесінің айырмашылықтары үйренушілер үшін көптеген қиындықтар туғызады. Үйренушілер көбіне жіктеу, тәуелді есімдіктерді, көмекші етістіктер мен предлогтарды екпінмен айтады, ал бұл ағылшын сөйлемінің ырғағын және мағынасын бұзады.
Достарыңызбен бөлісу: |