Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Сөздi айтуға қалай үйрету керек



бет49/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83
Сөздi айтуға қалай үйрету керек. Сөздiң айтылуын үйретуде мұғалiмге 2 әдiстемелiк проблеманы шешуге тура келедi: 1. Жай елiктеуге арналған сөйлеу органдарын пайдалануды. 2. Жаттығулардың түрлерiн анықтап, оның орындалуын түсiндiру. Оқушыларды ағылшын тiлi мен туған тiлдегi ұқсас дыбыстарды айырып, салыстыра бiлуге үйрету керек:

t - T, n - н, h - x Шетел тiлiнiң дыбысы туған тiлдегi дыбыстармен шатастырылады, мысалы: It – eat; spot – sport; wide – white; cut – cart; full – fool; boat – bought.

52

Бұндай айырмашылықтар аудио тыңдау арқылы берiледi. Немесе айырмашылығы бар дыбыстары бар сөздердi, заттарды көрсету арқылы берiледi.



1. Мыс: ship – sheep 2. Iс-қимылды көрсету арқылы. He rides – He writes 3. Карточкада жазылған дыбыстық белгiлер арқылы беруге болады. e - æ; i - j; a:

- Λ Шетел тiлiн үйретушi өзiнiң сөйлеу органдарын жаңа тiлдiң дыбыстары мен әуенiн айтуға икемдейдi. Мысалы: is – this; veal – wheal.

Айтуға үйретуде елiктеудiң маңызы зор, мұғалiм балалардың елiктеушiлiк қабiлетiн толық пайдалануы керек. Бiрақ сөздi айту кезiнде сөйлеу органдарының орналасуын толық көрсету мүмкiн емес. Әуендi де елiктеу арқылы оқытады, бұнда қимылмен түсiндiру де қолданылады.

Мұғалiм дауыстың қозғалысын қолдың жоғары - төмен көтерiлуiмен көрсете алады. Сонымен бiрге үйретiлген фонетикалық белгiлердi де қолданады. Оқушылар тек қана мұғалiмнiң сөзiне елiктеп қоймай магнитофон таспасына пластинкаға жазылған сөйлеу үлгiсiне де елiктейдi.

Кiрiспе курс кезiнде қалыптасқан тыңдау -айту дағдылары оқушының болашақ айту бiлiктiлiгiн анықтайды. Сондықтан мұғалiм осы кезеңде әр оқушының жеке қиындықтарын анықтап дыбыстарды айтуға қателiктерiн түзеуi қажет.

Айту дағдысын дамыту жаттығулары екi топқа бөлiнедi. Таныстыру жаттығулары оқушылардың дыбысты, дыбыс тiркестерiн тани бiлу қасиетiн дамытады. Жұмыстың бұл түрiнде оқушыдан тыңдап түсiну қабiлетi талап етiледi. Жаттығу арқылы осы қабiлеттi әрi қарай дамытуға болады. Мысалы: мұғалiм бiрнеше ағылшын сөзiн айтып оқушыны осы сөздерден жаңа дыбысты тануға тапсырма бередi. Ол дыбыс æ. Мұғалiм мынадай сөздердi айтады: a desk, a nest, a pen, a pan. Оқушы жаңа дыбысты естiгенде ол қолын көтередi, мұғалiм оқушының жаңа дыбысты үйренгенiн тексередi.

Тапсырманың тағы бiр түрi. Егер сөздiң мағынасы түсiнiктi болса, ол сөздердiң iшiнен сын есiмдердi табуға тапсырма берiледi. Етiстiктердiң қайсысы еңбектi, қайсысы демалысты бiлдiретiнiн анықтауға тапсырма берiледi немесе мынадай сөйлемде “They left for Kiev yesterday”, екпiндi сөздердi табу. Егер олар екпiндi сөздердi дұрыс атаса, жаттығудың табысты болғаны.

Интонацияны оқытуда мұғалiм тiркестi дауыс ырғағын жоғары көтерiп, төмен түсiрiп айтып үйретедi, оқушыларды дауыс ырғағын көтергенде қолдарын көтертiп, түсiргенде қолдарын түсiрiп жаттықтырады. Мысалы: on the⁄ table - on the \table,

in his\ hand - in his ⁄ hand

Егер оқушылар қолдарын уақытында дұрыс көтерсе олардың интонацияны түсiнгендiгi. Үйрету жаттығулары - ағылшын тiлi дыбыстарын, тiркестерiн, сөйлемдерiн жеңiл айтып сөйлеп, оқи алатындай деңгейге жету үшiн қолданылатын айту дағдыларын дамыту жаттығулары қазақ немесе орыс тiлдi оқушылар үшiн қиын дыбыстарды бiрнеше минут бойынша әр сабақта жаттықтыру керек.

Дауыстап оқу кезiнде тiс аралық дыбыстардың айтылуынан көп қате кетедi, сондықтан мәтiндi оқып болғаннан кейiн, мұғалiм осы дыбыстарды жеке және хормен қайталатады. Ол сөздер мыналар: this, that, with, without, other, another, thing, think, thought.

Оқушыларға таныс сөздер алынғаны дұрыс. Үйрету жаттығуларының iшiндегi ең пайдалысы фонетикалық жаттығу, ол әр сабақта ұйымдастыру кезеңiнен кейiн мiндеттi түрде болады. Кейде фонетикалық жаттығуды мұғалiм орнын өзгертiп оқылатын тақырыпты түсiндiру үшiн қолданады. Сабақта алынатын фонетикалық жаттығулар жаңа сабақтың тақырыбымен байланысты болуы керек. Бұлар дыбыс, сөз, сөз тiркесi, сөйлем, тақпақ, өлең немесе диалог түрiнде берiледi. Фонетикалық жаттығу оқытудың кезеңiне, оқушының бiлiм деңгейiне, жасына, сабақтың түрiне байланысты болады.

Мысалы:оқушы [ou] дыбысы бар сөздердi айтуы керек. Бұл үшiн мұғалiм осы дыбыс бар сөздер кiретiн фонетикалық жаттығуды алады: Don’t go home alone. Немесе [æ]

53


дыбысына берiлген жаттығу. A black cat on a mat and ate a fat rat. [w] дыбысына Why do you cry, Willy? Why do you cry? Why, Willy? Why, Willy? Why, Willy? Why?

Егер мұғалiм Present Continuous шағын түсiндiрсе [ŋ] дыбысын айтуды жаттықтыруы керек. Бұл дыбыс ,әсiресе, орыс тiлдi оқушылар үшiн өте қиын.

Мысалы: English, song, sing, drink, thing, think, write-writing; read-reading; set-setting. Мұғалiм фонетикалық жаттығуға [ŋ] дыбысы бар сөздердi енгiзiп, осы дыбыстың айтылуын жаттықтырады. Сондай ақ Past Indefinite шағын өткенде де дұрыс етiстiктердiң жалғауының –ed айтылуын жаттықтыру керек. Ол үшiн етiстiктер –ed жалғауының оқылуына байланысты 3 топқа бөлiнедi.

[t]- wash-washed, thank-thanked, stop-stopped. [d]- open-opened, close-closed, like-liked. [d]- want-wanted, skate-skated, decide-decided. Бұл жаттығулардың маңызы: 1.Оқушы айтып үйренуге икемделедi. 2.Айтудағы қатенi түзеп, дұрыс айтуды үйренедi. 3.Кейде өз қатесiн өзi тауып, түзейдi. Оқушының сөздi айтуына назар аударып, оны үзбей бақылап отыру қажет, ол оқытудың барлық кезеңiнде мiндеттi.

Көбiне жас мұғалiмдер бiрден жақсы нәтиже күтедi, ол нәтижеге бiрден жету мүмкiн емес, сондықтан олар айтуға ендi назар аудармай онымен жұмысты тоқтатады. Бұл дұрыс емес. Сөздердi дұрыс айтуға тек үзбей еңбектену, жаттығу арқасында ғана жетуге болады. Ол үшiн оқушы да, мұғалiм де тынымсыз еңбектенуі қажет.

Тыңдап-айту дағдысы оқытудың алғашқы жылында, екінші сыныпта қалыптастырылады. Тәжірибе көрсеткеніндей 7-8 жастағы балалардың көпшілігі еліктеу қасиетіне ие, сөйлеу қабілеті жақсы, қарым-қатынасқа әзір тұрады. Осы жастағы баланы акцентсіз айтуға үйрету оңай, ол үшін оқушы сол тілде сөйлеушімен видео – фоно жазбаларды таңдауы керек.

Жаңа тілдік материалға, текст, әндер, өлеңдер, бейнелеулер, диалогтар, санамақтар, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі сабақтарда енгізіледі. Фонетикамен жұмыс ашық түрде хабарланып берілмеуі керек. Мысалы: «Біз бүгін фонетикаға үйренеміз», «Бүгін жаңа дыбыспен танысамыз» деген сөйлемдерді мүлдем қолданбау керек. Тілдік құбылыспен жұмыс оқушы үшін табиғи қарым-қатынас түрі болып қалуы керек. Оқудың аяғында ғана алынған білім жүйелене бастайды.

Фонетикалық жаттығуларға ойын элементтері енгізу қажет: А. Дыбысқа еліктеу ойындары. Мысалы: [ż] дыбысын араның дыбысымен, [h] – қолдарды үрлегендегі дыбыс т.б.

Б. Сөздерді әртүрлі жылдамдықпен, әртүрлі эмоционалдық бояумен айту. В. Дыбысты айтқанда қимылды бірге қолдану.

Фонетикалық жаттығуларды тек оқулықпен жүргізуге болмайды. Мысалы: «Ұстап ал» ойынын қолдануға болады.Оқушылар қысқа және ұзақ дыбыстары бар сөздерді таңдайды және сөздерді белгілі бір қимылмен «ұстап алады».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет