Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет58/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   83
Тапсырманы толықтыр Шетел сөзiн үйретудiң негiзгi түрi оның туған тiлге аудару,оның аудармасын бiлу. Аударманы қолданудың кемшiлiктерi де бар. Ал жетiстiгi сөздiң туған тiлден аудармасын жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкiндiк беруi, ал кемшiлiгi кей кезде сөздiң туған тiлде баламасының болмауы. Бұл тiлдердi бiлу деңгейiнiң әр түрлiлiгiне де байланысты. Кей жағдайда сөздiң мағынасын тiке аудармай, сөйлемнiң деңгейiнде аударамыз.

Тiлдi аударып пайдалану оқытудың барлық кезеңiнде жүргiзiледi. Сөз дыбыстан құралады, әрiппен жазылады, оқу ережесi болады, сондықтан мұғалiм сөздiң айтылуын оқылуын, жазылуын және сөздердi тани бiлуге үйретуi керек.

Мысалы: 1.a book [buk]-книга, кiтап (көрсету) This is a book. Give me a book. Take the book Сөздi үйретудiң басқа бiр түрi - көрнекiлiктi пайдалану. Көрнекiлiк сыртқы (заттың немесе суреттi) және iшкi (тiлдiк) болып бөлiнедi. Заттың немесе суреттi көрнекiлiктiң сөздiң мағынасын берудегi қызметi өте төмен, мыс: сыныптағы, үйдегi заттардың атауын бiлу көп көмектеседi, сондай-ақ заттардың суретiн салу да оның мағынасын беруге көмектесе алмайды, кейде оқушылар заттарды суретiне қарап тани алмайды. Сондықтан затты көрсеткеннен кейiн оның аудармасын беру керек.

Тiлдiк көрнекiлiк шетел тiлiн оқытуда кеңiнен қолданылуы керек. Тiлдiк көрнекiлiктерге мыналар жатады:

1. Сөздiң мағынасын сөйлем аясында түсiндiру. 2. Сөздiң мағынасын антонимдерi, синонимдер арқылы түсiндiру. 3.Сөздiң мағынасын сөз жасау белгiлерi бойынша түсiндiру to build-builder-building. 4.Сөздiң мағынасын оның ағылшын тiлiнде берiлген анықтамасы бойынша түсiндiру a book – is a collection of sheets of paper bound together. Ендi осы тiлдiк көрнекiлiктiң мықты және әлсiз жақтарын қарастырайық.

Контекст-мағына. Бұл жолдың басқасымен салыстырғанда пайдалылығы сөздiң сөйлемде қолданылған мағынасы ой туғызады,есте ұзақ сақталады, бiрақ сөйлемдей оның мағынасы негiзгi мағына болуымен қатар, қосымша мағынасы болуы да мүмкiн, осы жағдайда оны қолдану тиiмдi емес. Сондықтан сөйлемдей мағынасын iздеп табу керек, бұл оңай емес, оған қосымша түсiнiктеме берiлуi керек.

Мысалы: T.It was hot.We had nothing to drink.We were thirsty. Do people need water or bread when they are thirsty? P1.They need water. T.What do people need when they are thirsty? P2.They need water (or smth to drink).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет