Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Жаңа сөздердің мағынасын ашуда қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет57/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

2.2. Жаңа сөздердің мағынасын ашуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Шет тілін оқыту әдістемесінде жаңа сөздердің мағынасын ашудың бірнеше әдіс- тәсілдері бар:

1. Жаңа сөз білдіретін заттың өзін немесе суретін көрсетіп түсіндіру. 2. Оқу процесі кезінде жаңа сөздердің мағынасы көбіне синонимдер арқылы ашылады. “Бұл сөзді қандай сөзбен алмастыруға болады?”

3. Сөздің жасалу жолына, түбіріне, қосымшасына көңіл аудару арқылы мағынасын ашу? “Қандай сөзден жасалған?” Сөз мағынасын ашудың бұл жолы балаларды сауатты жазуға дағдыландырады.

4. Сөз мағынасын сөздікті пайдаланып ашу. Бұл әдіс балаларды сөздікті дұрыс пайдалануға үйретеді.

5. Оқытушының сөйлеу іс- әрекеті кезінде жаңа сөзді танудың да ролі зор. Бұл жұмысты төмендегідей тәсілдермен беруге болады:

а) “Guess, what it is”- Мұғалім жаңа сөзді атайды және сол сөздің мағынасын беретін заттың немесе мағынасын бермейтін заттың суреттерін көрсетеді. Балалар “Yes, it is”, “No, it isn’t” деп жауап берулері тиіс.

б) “Find it”- Оқытушы сөзді айтады, оқушы сол затты суреттен немесе, үстелдің үстінен тауып алуы керек.

с) “What is lost”- Оқытушы бірнеше заттарды көрсетіп, сосын бір нәрсемен жабады, қайта ашқанда бір нәрсе “жоқ” болады. Ал, оқушылар “жоғалған” затты табуы тиіс.

в) “Find the unknown words in the text”- Берілген мәтіннен жаңа сөздерді тауып, астын сызады. Жаңа сөзді енгізудің үлгісі.

Оқытушы жаңа сөзді айтып, оқушылардан қай тақырыпқа жататының анықтауды сұрайды. Мысалы: flower сөзін алайық . Бұл жұмыстың соңында, оқушы гүлді табиғаттың бөлігі деп табиғат тақырыбына, келесісі өзінің открытка коллекциясына жатқызады, ал соңғылары гүл жаны бар зат болатын ертегілерді еске түсіреді.

Анықтама бойынша мұғалім тақтаға мынадай үлгі сызады:

Collections

Travelling

Country house Flower

Seasons

Fairy tales

Бұндай тапсырмалар балаларды қызықтырады және жаңа сөзді тез игеруге көмектеседі. Бұл үлгі бойынша балаларға шет тілінде сөйлеу көп қиындық келтірмейді.

Colour


?

? Apple


Kitchen

Grandmother Shop Country house Holiday presents

61



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет