Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Ағылшын тiлiн оқытудың бастауыш кезеңiнiң тарихы



бет6/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

Ағылшын тiлiн оқытудың бастауыш кезеңiнiң тарихы

Take care of the first two stages and the rest will take care of itself”

Шет тілін оқытудың бастауыш кезеңіне жалпы орта білім беретін мектептің 1-4 сыныптары жатады.Бастауыш кезеңде шет тілін оқытудың негіздері яғни,қарым-қатынас жасау құзіреттілігі қалыптастырылады. Қарым-қатынас жасау құзіреттілігін қалыптастыру ұзақ уақытты қажет етеді, өйткені шет тілін үйрену арқылы оқушы тілдің қарым-қатынас құралы екенін түсіне бастайды.Тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдану дегеніміз- ол тілді тыңдап-түсіну(аудирование), сол тілде сөйлей білу, өз ойын жеткізе білу(говорение), шет тіліндегі мәтінді оқи білу (чтение), ойын жазбаша жеткізе білу , яғни шет тілінде жаза білу (письмо). Бұл қалыптасқан қарым-қатынас жасау құзіреттілігі шет тілін оқытуды әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.Жоғарыда көрсетілген сөйлеу әрекеттерінің негізі қалану үшін оқушыда қарапайым қарым –қатынас деңгейіндегі тілдік бірліктерді пайдалану дағдысы болу керек.

1947 жылы И.В. Рахманов: «Шет тілін оқыту әдістері оқытудың алғашқы кезеңінде ғана түрлі болып есептеледі, жоғарғы сыныптарда әдістердің бір-бірінен айырмашылығы анық емес»- деп жазды. Шет тіліне оқытудың бастауыш кезеңінде тілдік материалдардың көлемі, сабақтың ұйымдастырылуы, жазбаша, ауызша сөйлеуді қалыптастыру жолдары т.б. көптеген жағдайларға байланысты әр түрлі болады.

Ағылшын тiлiн оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. 1947 жылы Министрлер кеңесiнiң “Орта мектепте шетел тiлiн оқытуды жақсарту туралы” қаулысында шетел тiлін оқытудың әрі қарай дамуын көрсетiп берген құжаттар болды.

Сонан кейiн 1961 жылқы “Шетел тiлдерін оқытуды жаңарту” туралы қаулы кейiнгi он жылдықтағы дамуын анықтап бердi. 1977 жылы “Орта мектепте оқытуды, тәрбилеудi дамыту туралы” қаулыдан кейiн де көптеген өзгерiстер болды.

Оқытудың бiрiншi кезеңi қарым – қатынас ретiнде тiлдiң негiзiн қалау арқылы анықталады. Осы бастауыш кезең кезiнде әрi қарай шетел тiлiн оқып – үйрену жалғастырылады. Тiлдi қарым – қатынас құралы ретiнде қолдануға 2 жылдай әзiрлiк курсы керек. Тiлдi пайдалану үшiн тiлдi таңдау, сөйлеу, жазу, оқи бiлуi керек. Бастауыш кезең - тiлдi оқып үйренуде өте маңызды кезең, осы кезенде шет тілін үйрену қалай басталса әрi қарай солай жалғасады. Ағылшын методисi Г. Пальмер бұл кезең туралы былай деген: “Take care of the first two stages and the rest will take care of itself”.

1947 жылқы қаулыдан кейiн орта мектепте ағылшын тiлi III – сыныптан бастап оқытылды және ағылшын тiлiн оқытатын арнайы мектептер ашылды.

Орта мектепте шетел тiлiн оқыту III не V сыныптан басталды. Бұл кездегi бағдарламада қойылған негiзгi талаптар: оқыту, түсiну және шетел тiлдегi мәтiндi аудара бiлу; ауызша сөйлеудi түсiну, ауызша және жазбаша сөйлеу негiзiн қалау.

Бастауыш кезеңде :

- Оқушылар таныс емес сөздердi оқып бiлуге - Сөздiксiз мәтiндi оқып түсiне бiлуге. - Шетел тiлiн ана тiліне ауызша аудара бiлуге - Жазбаша аудара бiлуге үйрету қажет. Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылды.

- Мәтiндi көшiрiп жаза бiлу. - Қысқа сөйлеудi жаза бiлу.

10




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет