Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Шет тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы



бет4/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

2. Шет тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы Ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінің алдында үлкен міндеттер қойылды. Шетел тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесінің заңдылықтарын білу үшін көптеген теориялық және практикалық ғылымдармен таныс болуымыз керек. Ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқыту әдістемесі педагогика, лингвистика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Педагогика - жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөнiндегi ғылым. Әдiстеме ғылымында да оқыту және оның әдiстерi негiзгi қағидалар болып табылады. Шетел тiлiн оқытуды үйрену үшiн педагогиканы бiлу шарт. Педагогиканың бiр саласы дидактика деп аталады. Дидактика - мектепте оқытудың негiзгi жолдарын зерттейдi.

Әдiстер - дидактиктердiң айтуы бойынша, белгiлi бiр тақырыпты оқытудың жолдары. Шетел тiлiн оқыту әдiстемесi, математиканы, тарихты оқыту әдiстемелерi сияқты дидактиканың негiзгi қағидаларын қолданады және оны байытады.

Мыс: “көрсету” принципi тұңғыш рет шетел тiлiн оқыту әдiстемесiнде қолданылды. Қазiр ол дидактиканың негiзгi принциптерiнiң бiрiне айналды және басқа да пәндердi оқытуда да қолданылады.

Шетел тiлiн оқыту дегенiмiз - оқушыда тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысы мен бiлiктiлiк қалыптастыру. Шетел тiлiн оқытуда психологияның негiзгi қағидаларын сөйлеу әрекетiне байланыстыра отырып пайдалану қажет.

Көрнектi психолог Н.И.Жинкин сөйлеу әрекетiн зерттей келiп, сөздер мен оларды пайдалану мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатынын айтты.

Егер мұғалiм оқушыға тiлдi үйреткiсi келсе, оқушыға оны тыңдау мен сөйлеудiң бар мүмкiндiктерiн жасау керек. Екiншi тiлдi сөйлеу дегенiмiз жаңа таңбалы бiлiм алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тiлдi үйренуде маңызды орын алады.

Шетел тiлiн үйренуде оқушының есте сақтау қабiлетiнiң орны зор. Сондықтан мұғалiм жаңа тақырыпты қалай есте сақтау керектiгiн, есте ұзақ сақтау жолдарын бiлуi керек.

Есте сақтау қабiлетiнде ерiктi, ерiксiз есте сақтау болады. Бұл проблеманы зерттеген ғалым П.К.Зинченко ерiксiз есте сақтау қабiлетi бiр нәрсенi қайталап жаттағанда емес, керiсiнше осы нәрсе туралы белгiлi бiр қиындықтарды, мәселелердi талдағанда ғана iске қосылатынын айтады. Ол үшiн мынадай эксперимент өткiзiлген. А тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тiзiмi берiлген. Ал Б тобындағы студенттерге сөздер берiлмей, оларға ағылшын тiлiнде мәтiн берiлген және сөздермен жұмыстың түрлерi және сұрақтар берiлген. Келесi сабақта екi топ студенттерi бақылау жұмысын жазған, эксперимент В тобы студенттерiнiң сөздердi есте жақсы сақтағанын көрсеттi.

Психология ғылымы әдiстемеге көп көмек көрсетедi. Шет тiлiн үйренуде ана тiлiнiң орны мен оның шет тiлiн үйрену кезеңдерiндегi қызметi, әр түрлi дағды мен бiлiктiлiк түрлерiнiң сәйкес келуi, жаңа тақырыпқа арналған әдiстер мен тәсiлдердi таңдай бiлу т.б. психология ғылымының негiздерiн бiлмей мүмкiн емес.

Әдiстеме ғылымы нерв жүйесi физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары нерв жүйесiнiң қызметi - сөйлеу және ойлау, нерв жүйесiнiң ерекше қызметi. Бұл қызмет түрi тек адамда ғана дамыған. Павловтың теориясы бойынша сигналдар адамның сезiну органдары арқылы келiп түседi. Адамның әрекетiнiң бiр түрi - сөйлеу әрекетi.

Әдiстеме ғылымы лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебi лингвистиканың негiзгi проблемалары тiл мен ойлау, грамматика мен сөздiк т.б. әдiстемеге де қатысы бар.

7

Әдiстемеде лингвистика ғылымының оқу материалын iрiктеудегi зерттеулерi негiзге алынады. Көптеген атақты лингвистер лингвистика теориясын ғана зерттеп қоймай, оларды тiлдi оқытуда қалай пайдалану керек екендiгiн де зерттеген.



Шетел тiлiн оқыту әдiстемесiнiң басқа ғылымдар сияқты зерттеу проблемалары бар:

1. шетел тiлiн өз елiмiзде, шет елдерде оқыту жолдары; 2. әр түрлi мектептерде алдыңғы қатарлы мұғалiмдердiң тәжiрибесiн зерттеу

және қолдану; 3. тәжiрибелер арқылы жаңа әдiстемелiк тақырыптар енгiзу. Соңғы кезде эксперимент жасау әдiскерлер арасында кең тараған. Шетел тiлiн оқыту әдiстемесiнде зерттеу қажет ететiн проблемалар көп. Жаңа оқыту материалдары және технологиясы жаңа идеяларды, шешiмдердi, әдiс-тәсiлдердi қажет етедi.

Оқу шет тiлiнде оқытылатын мектептерде ағылшын тілі пәнiнiң бiлiмдiк, тәрбиелiк мақсаттары басқа пәндермен байланысты жүргiзiледi. Пәнаралық байланыс 2 бағытта iске асырылады. 1. Шет тiлiнiң орыс тiлi және қазақ тiлi грамматикасымен ұқсас жақтары және

айырмашылықтары түсiндiрiледi. 2. Оқушыларға мәтiндер тарихқа, географияға, әдебиетке, еңбекке қатысты мағлұматтар

ағылшын тiлiнде берiлiп оқытылады. Осының нәтижесiнде сабақта оқушылар аталған пәндерге қатысты материалдарды ағылшын тiлiнде сапалы түрде ұғып, сөздердi қатесiз айтуға, сауатты жазуға үйренедi.

Ағылшын тілі пәнi өзге пәндермен тығыз байланысты өтетiндiктен мұғалiм өзара байланыстыра өткiзуге қолайлы тақырыптарды алдан-ала iрiктеп, анықтап алады. Өйткенi 2- шi тiлдi үйретуде жүргiзiлетiн сөйлеу әрекетi тiл пәнiн басқа пәндермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарады.

Пәндердiң бiр-бiрiмен байланысы төмендегiдей ағылшын тiлi, ағылшын әдебиетi пәнiмен мәтiндер арқылы байланыстырылады. Мұнда сабақ сайын өткiзiлетiн көркем тiлмен жазылған оқу материалдары (әңгiме, ертегi, мақал-мәтел т.б.) оқушының лексикалық сөздiк қорларын молайтып, тiлдiң грамматикалық құрылымын жетiлдiредi, байланыстырып сөйлесуге дағдыландырады. Әсiресе, көп көңiл бөлетiн нәрсе ағылшын тiлiнде айтылатын сөздерге екпiндi дұрыс түсiрiп айту, адамдардын көңiл-күйiн, қуанышын, ренiшiн бiлдiретiн сөздердi дұрыс дауыс ырғағымен айта бiлу .

Көркем шығармалар мазмұнындағы ұлттық дәстүр, салт-сана, тәлiм-тәрбиенi сипаттайтын материалдарды ағылшын тiлi сабақтарында дидактикалық материал ретiнде пайдаланылады. Ағылшын тiлi, қазақ тiлi және орыс тiлi пәндерi тығыз байланыста, бiрлiкте өткiзiледi.

Ағылшын тiлiнiң дыбыстық жүйесi мен орыс тiлiнiң дыбыстық жүйесi септiк жалғауларының кейбiр ұқсастықтары да айтылады. Сондай-ақ оқушы өзiнiң үйренген сөздерiн ағылшынша айтып, сөздiк қорын байытып, тiл байлығын арттырады, ауызша сөйлеу тiлi дамиды, тiлдiк бiлiмi жетiлдiрiледi, оқығанын, түсiнгенiн ағылшынша айту дағдысы қалыптасады.

Ағылшын тiлi мен дүниетану арасында адам мен қоршаған орта, табиғат, өсiмдiктер, жануарлар, аңдар, туған ауыл еңбектерi, мамандық, халықтар достығы туралы әңгiме, ертегi, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш ағылшын тiлiнде оқылып, түсiнгендерiн ағылшынша айтатын болады. Ағылшын тiлi мен математика пәнi бойынша математикалық ұғымдар мен есептеуге байланысты сiздердi үйрету арқылы оқушының сөздiк қоры молаяды. Мысалы: сандарды ағылшынша бiлу, қосу, көбейту, алу сан есiмнiң түрлерiне байланысты, сөз тiркестерi сөйлемдердi ағылшынша айтып дағдыланады.

8

Ағылшын тiлi мен бейнелеу өнерi арасындағы байланыс арқылы табиғат бояулары ұлттық өнер бояулар, өрнек, сәндiк бұйымдарын айтуға қолданылатын сөз және сөз тiркестерi оқушының сөздiк қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады.



Ағылшын тiлi мен еңбек пәнi арасындағы байланыстар жасалып, бұйымдардың көркемдiгiн, қажеттiлiгiн, пайдасын, тиiмдiлiгiн ағылшынша жеткiзе бiлу, ұлттық еңбек түрлерiне: ыдыс-аяқ, тағам дайындау, киiм түрлерi т.б. байланысты сөздер де оқушының сөйлеу дағдысын дамытады.

.

Сұрақтар: 1) Әдістеме дегеніміз не? 2) әдiстеме ғылымының басқа ғылым салаларымен байланыстары бар ма? 3) әдiстеменiң лингвистика ғылымымен байланыстары туралы не айтасыз? 4) әдiстеменiң психология ғылымымен байланысы қандай? 5) әдiстеменiң педагогика ғылымымен байланысы қандай?



Тапсырмалар: 1. әдiстеме ғылымының негiзгi қағидаларын анықтаңыз. 2. әдiстеменiң басқа ғылымдармен байланысу жолдарын анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет