Оқытудың тәрбиелiк мақсаттары. Оқушылардың көпшiлiгi ағылшын тiлiн оқуға үлкен қызығушылықпен кiрiседi. Олар ағылшын тiлiнде қалай сөйлейтiнiн естiгiсi және сөйлегiсi келедi. Олар амандасып, қоштасып үйренедi, заттардың атауларын бiлгiсi келедi. Мұғалiм осы кезде олардың тiлiн тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екi жақты, ол тыңдай бiлуге, сұрай бiлуге үйретедi. Мәдениеттi сөйлей бiлуге шетел тiлi арқылы үйренедi.
Оқушылар білім алуға үйренедi, кiтап оқи бiлудiң тәрбиелiк маңызы зор. Ағылшын тiлiнде оқуды үйрету оқу мәдениетiн үйретуге көмектеседi. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттiлiгiн көрсетедi. Оқыту әрекетінде ақыл – ой еңбегін де дамытуға болады.
Балаларды оқи бiлуге, ақыл-ой еңбегiнiң тәсiлдерiне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшiн қажет. Оқушылар оқулықты пайдалана бiлуi керек, сөздiктi және анықтамалықтарды пайдалана бiлуі керек, оқулықтың белгiлерiн түсiне бiлуі керек. Оқыту эстетикалық талғамды да қалыптастырады.
Ағылшын тiлiнде бiлiм алу мен тәрбие бiр сөзбен [education] сөзiмен берiлген. Бұл бiлiм алу мен тәрбиенің бiр-бiрiмен тығыз байланыста екендiгiн көрсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: |