Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет14/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

Методологиялық компонент. Қазiргi дидактика ғылымы - оқу процесiнде оқушының белсендiлiгiн арттыруға, әдiстердi жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды пайдалануға көп көңiл бөледi. Бұл жағдайда мұғалiм оқу процесiн ұйымдастырушы болады, оқушының белсендiлiгiне басты назар аударылады.

17


Тiлдi үйренудiң нәтижелiлiгi оқушыға тiкелей байланысты, олар мүмкiндiгiнше шет тiлiнде көп сөйлеп, тыңдап, оқып, жазулары керек. Немесе M West сөзiмен айтқанда’’A language is not a subject which can be taught: it is a subject which must be learnt ’’

Тiлдiк ортаның болмауы – тiлдi оқыту iсiнде керi әсер етедi. Сондықтан мұғалiм сабаққа шығармашылықпен әзiрленуi керек, тiлдi үйренудi оқушы тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да ұмытпауы керек.

Тiл сабағы бастауыш сыныптарда аптасына 3- 4 рет болса, жоғары сыныптарда 1 рет болады, сондықтан жоғары сыныпта өзiндiк оқу ерекше маңызды. Ол үшiн оқушыны оқу әдiстерiне, тәсiлдерiне үйрету керек.

Мысалы: Оқушы тiлдiк фактiнi бақылап үйренедi. Белгiлi бiр сөздi айтып үйренуде сөздiң айтылуының айырмашылығын үйренедi, сол арқылы оқылу ережесiн үйренедi, пайдаланады.

Оқыту процесiнде екi тiлдiң ұқсастықтарын да пайдалану қажет. Оқушыны жазу, оқу тәсiлдерiне, оқулықты, оқу құралдарын пайдалануға үйрету қажет.

Осы айтылғандардың барлығы оқытудың 3-шi компонентiн - методологиялық компоненттi анықтайды.

Методологиялық компонент - оқудың тәсiлдерiн үйрену, қарым- қатынас жасау үшiн тiлдiк дағдыны және бiлiктiлiктi қалыптастыру.

Шынында да белгiлi бiр дағдысыз, бiлiмсiз шетел тiлiн оқып- үйрену, сөйлеу, айту, жазу мүмкiн емес. Ол үшiн күнде аз - аздан болса да оқып тұру қажет, сөздердi жаттау қажет. Бұдан басқа тiлдi үйрену жолы жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет