Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Оқытудың білімділік мақсаты



бет8/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

Оқытудың білімділік мақсаты. Оқытудың білімділік мақсатын түсiну үшiн, шетел тiлi пәнiнiң ерекшелiгiмен танысуымыз қажет. Тiл, ол ана тiлi болсын не шетел тiлi болсын - қатынас құралы, сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы бiлiм алу көзi. Мiне, тiлдi оқытуда осы ерекшелiктi есте сақтаған дұрыс.

Екiншiден, бұл пәндi оқытуда оқушылар химия, физика пәндерiндегi сияқты жаңа заңдармен таныспайды, тек қана бұрыннан белгiлi нәрсенiң шетел тiлiндегi атауларымен, құбылыстарымен танысады.

Танысу екi түрде - ауызша және жазбаша жүредi. Тілді ауызша және жазбаша меңгеру шетел тiлiн игерудiң білімділік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шетел тiлiн ауызша және жазбаша түрде пайдалана бiлуi тиiс. Ауызша сөйлеуге шетел тiлiн тыңдап түсiне бiлу және сөйлей бiлу жатады.

Жазбаша сөйлеуге тiлдiң жазбаша түрiн пайдалана бiлу немесе жазу және шетел тiлiнде жазылған мәтiндi оқи бiлу жатады. Сызба түрiнде былай көрсетуге болады Тiл- қатынас құралы

Ауызша Жазбаша

Тыңдау Сөйлеу Оқу Жазу

11

Тыңдау, жазу, сөйлеу және оқу – бұл оқушыда қалыптасуға тиiстi дағдылар, осыны қалыптастыру арқылы – ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерiне қол жеткiзуге болады.



Бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының берiк негiзiн қалыптастыру қажет. Бұл әрi қарай тiлдi үйретуге көмектеседi. Бастауыш кезеңде не оқып үйренуге болады?

Жоспарланған нәтижелер бағдарламаға талаптар туралы құжатта көрсетiлген. Оқыту – әдiстемесiн комплекстi дұрыс пайдалану, дұрыс жоспарланған жақсы оқыту белгiлi бiр нәтижеге жетуге болатынын көрсеттi. Мысалы: V сыныпта 1 мин ұзақтықтағы мәтінді түсiнуге мүмкiндiк бар. Мысалы: [On a Sunday In Spring] текстiнде 1000 баспалық белгiсi бар мәтiнде Кiм? Қайда? Қашан? сұрақтарына жауап беретiн информация бар және тәрбиелiк мәнi бар. Бастауыш кезеңнiң аяғында оқушы мыналарды бiлу тиiс:

- Амандасу – Good morning! - Халiн сұрау – Hello! How are you? - Қоштасу – Good bye! - Таныстыру – This is Mike. - Жауап беру – Hello! Glad to meet you. - Туған күнiмен құттықтау – Happy! Biгthday! - Жаңа жыл мен құттықтау – Happy New Year! - Рұқсат сұрау – May I...... - Кешiрiм сұрау – I am sorry. - Рахмет айту - Thank you! - өзiнiң кiм екенiн, мекенiн, жанұясы, қызметi туралы, айтып беру, өзiнiң, туғандарының, достарын суреттеу, мектебi, үйi, көшесi, қаласы туралы айтып беру. - Сұрақтарға жауап беру, сұрақ қою. Оқытудың бастапқы кезеңінде оқу мен жазу негiздерi қаланады. Оқушылар ағылшын тiлiнде оқуды үйренедi. Оқу техникасы мен интонациясын қалыптастыру үшiн арнайы жаттығулар жасалады. Дауыстап оқу, жазу бiрiншi оқу кезеңiнде қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет