3.2. Сөз. Сөз құрамы туралы түсінік.
Сөз белгілі бір ұғымның атауы болғанымен, тиісті грамматикалық амал-тәсілдерсіз адам ойын жарыққа шығара алмайды. Әрбір сөздің өзіне тән тұлға тұрпаты болады. Осындай өзіне тән мағынасы бар сөздің ең ұсақ бөлшегі морфема деп аталады. Олар қызметтеріне қарай түбір морфема және қосымша морфема деп аталады. Түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады.
Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтады. Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды.
Сөздердің грамматикалық және лексикалық заңдылықтары бір сөздің бойында жарыса жүретіні, олардың үнемі бірлікте болатыны сөйлем құрамын талдау жұмысы үстінде нақтыланады. Талдау жұмысынан шығатын ұғым мынадай болмақ: сөздің мағынасы да, грамматикалық құрамы да күрделі категория, сөз - контексте әр алуан тұлғалық өзгеріске ұшырап тұратын категория; осындай тұлғалық өзгеріске түсуден сөздің лексикалық мағынасына да, семантикалық мағынасына да реңктік мән еніп, грамматикалық мағыналарға ие болатынынан мәлімет беріледі.
Сөз таптарының мәнін ашпас бұрын, алдымен ағылшын тіліндегі сөздердің мағыналық, морфологиялық белгілеріне қарай екі топқа: негізгі және көмекші сөз таптары болып бөлінетіні туралы мағлұмат беріледі. Қазіргі заман ағылшын тілінде 13 сөз таптары бар, оның тоғызы негізгі сөз таптары, ал қалған төртеуі көмекші сөз таптары.
68
Достарыңызбен бөлісу: |