Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова



бет69/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83
3.3. Сөз таптарын оқыту Негізгі сөз таптарының семантикалық-лексикалық және грамматикалық мағыналары мол, әрқилы реңкте түрленіп, сөздердің толық құбылыстарын аңғартатын категория екенінен мәлімет беріледі.

Негізгі сөз таптарына: 1.Зат есім. 2. Сын есім. 3. Сан есім. 4. Есімдік. 5.Етістік. 6. Жәй- күйді білдіретін сөздер (words of category of state). 7. Үстеу. 8. Модал сөздер. 9.Одағай.

Көмекші сөз таптарының тобына енетін сөздердің өздеріне тән арнаулы дербес мағыналары болмайды, олар тіркес сөздер және сөйлем құрамында дербес мағыналы негізгі сөз таптарымен ғана селбесіп, олардың мағыналарын нақтылай түсетін реңктік мағына мен оларды екінші бір сөздермен қарым-қатынасқа түсіретін қызмет атқаратынын нақты мысалдар арқылы мұғалім оқушыларды хабардар етеді.

Көмекші сөз таптарына: 1.Шылау. 2. Септеулік (Preposition) 3. Particle. 4.Артикль жатады. Негізгі сөз таптары өздеріне тән дербес мағыналары болады. Негізгі сөз таптары мейлі контексте болсын, мейлі жеке-жеке сөздік түрінде қолданылсын, әрқашан белгілі бір ұғымдық атауда жұмсалып, арнаулы бір сұраққа жауап болып, сөйлемнің құрамды бөлшегі немесе сөйлем мүшесі бола алады. Негізгі сөз таптары түрлі грамматикалық көрсеткіште түрленіп, қажетіне қарай басқа сөз таптарымен еркін қарым-қатынасқа түсе беретіні мысалмен дәлелденеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет