Г. О. Устенова А. Ш. Амирханова


Электроплазма және электрдиализді колдану арқылы экстракциялау



Pdf көрінісі
бет33/132
Дата12.12.2022
өлшемі9,55 Mb.
#56778
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   132
Байланысты:
ТЭП Устенова Г.О

Электроплазма және электрдиализді колдану арқылы экстракциялау.
Электроплазмолиз
— шикізатты төмен және жоғары жиілікте электр 
тоғымен өндеу аркылы протоплазмада плазмолиз үдерісінің жүруі 
жатады. Бұл әдістін ерекшелігі ток әсерінен ұлпадағы акуыз-липидті 
мембрананы бұзып, жасушалық кабатты сактайды. Электроплазмолиз 
жаңа өсімдік және жануарлар шикізатынынан дайындалған препарат- 
тар алу кезінде тиімді болып табылады. Бұл кезде алынған сығындыда 
эсер ететін заттарға бай, тек аз ғана мөлшерде бөгде заттар кездеседі.
Қозғалмалы электроды бар электроплазмолизатор
екі көлденен 
электрод-вальцы бар, бір-біріне карама-қарсы айналады және одан 
220 В кедергімен электр тоғы өткізіледі. Жаңа шикізат бункерден 
вальца арасындағы зазорға түсіп, шырын қабылдағышта жинала- 
ды. Шикізатты токпен өндеу уакыты секүнд үлесінде жүргізіледі. 
Шырынның шығымы дәстүрлі әдістермен салыстырғанда 20—25% бо- 
лады.
14-сурет. 
Электродиализді колдану кондырғысынын сызбанұскасы (түсіндірмесі 
мәтінде)
Электродиализ
жануар және өсімдік шикізаттарында экстракциялау 
үдерісін жылдамдату үшін колданылады (14-сурет). Үдерістің козғал- 
малы кабатында, жартылай өткізгіштің екі жағында экстрагирленетін 
заттардын концентрацияларының айырмашылығы пайда болады, жар­
тылай өткізгіш ретінде шикізаттын жасушалы күрылысыныц жасуша 
кабаты аткарады. Электр тоғынтоғынын әсерінен шикізат бетіндегі 
электрлік потенциал өзгеріп, жасуша кұрылысындағы капиллярлар- 
да және жасуша куысында ББЗ иондарынын козғалысы мен сула- 
нуы жоғарылайды. Нәтижесінде ішкі диффузияның коэффициенті 
көтеріледі. Осы әдіспен экстракциялау электр тоғынтоғын өткізбейтін


Экстракциялық препараттардың жалпы сипаттамасы
49
материал (ағаш, пластика) конустык түбі тот баспайтын темірден жа- 
салынады және оған катод рөлін аткаратын металл перфорирлен- 
ген пластинка (1) орналасады. Фильтрлеуші материалмен коршалған 
пластинкаға (2) алдын ала суланған шикізатты (3) салады, онда жоғары 
жағынан какпағы түсіріледі (4) монтирленген графитті анодпен (5), 
электродтар тұракты ток көзіне 15А, катодтын тығыздығы — 0,6 А/м, 
кедергісі — 0,8 В/см жалғасады. Баска экстракциялау әдістермен 
салыстырғанда экстрагенттің үздіксіз түсуі нәтижесінде дайын өнімді 
алуда уакытты екі есе азайтады. ББЗ шығымы 20%-ға жоғарлайды.
Көмірқышқылды экстракция. Экстракциялаудың тиімді әдістерінін 
бірі сүйытылған газдармен: көміркышқыл газы, пропан, бутан, сұйык 
аммиак, хладондар (көмірсутектердін хлорфтортуындылары) және т.б. 
Сұйытылған көміркышкыл газы эфирлі және майлы гидрофобты зат- 
тарды бөліп алуда колданылады. Гидрофильды заттар сұйытылған газ- 
бен жаксы экстракциаланып, жоғары диэлектрлік өткізгішке ие болады. 
Сұйытылған газбен экстракциялау кысым катысында экстрагент ұшып 
кетеді, ал экстрактивті зат таза күйінде калады. Экстрагент ретінде 
бөлме температурасынан қайнау температурасы томен, сұйытылған 
бутан, пропан, азот, аммиак, көміркышкыл газы, хладондар (фреон- 
дар), жэне т.б,, бағалы заттардың касиеттері және олардың шығымы 
булану кезінде өзгермейді, олар бөлме температурасында ұшып кетеді. 
Дәстүрлі әдістерге карағанда сұйытылған газбен эсер етуші заттарды 
бөліп алу шығымы 88-98% сандык шығымға жетеді.
Қазіргі уакытта хладонды колдану технологиясы аркылы келесідей 
препараттар: шырғанак майы, итмұрын майы, каротолин, аромелин, 
сорбилин және т.б. өндіріс үшін арнайы экстракциялық кондырғылар 
кұрастырылған (15 -сурет).
Бүл кондырғы тұйыкталған жүйеден тұрады: экстракторлар (1); 
газ шығаратын баллон (2); қысымды колем (3), деңгей көрсеткішімен 
жабдықталған манометр және корғанғыш клапан, карайтын фонар (4) 
экстрагент пен шикізаттың араласуын бакылау үшін; (5) экстракты- 
ны тазалау үшін көлемді фильтр; көрсеткіш деңгейі бар буландырғыш 
манометр (6), деңгей көрсеткішімен жабдыкталған манометр және 
қорғанғыш клапан (7); конденсаторды суыту үшін түтікше өткізгіштер 
және арматуралар (8).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет