Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4.19 Kb.

бет13/14
Дата15.03.2017
өлшемі4.19 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

154
– Əне!.. – деді бір бала. – Қос көк тастың астында. Енді біз де 
көрдік, алып алма ағаштың желке тұсында, біздің теріскей жағы-
мызда аумағы екі үйдің орнындай жалпақ екі көк тас болатын, 
солардың астыңғы  жағында төрт-бес көк ит бұта-бұтаның арасын-
да  бірі шоқиып, бірі тұмсығын көтере ауаны иіскелеп, енді бірі біз 
жаққа сазара қарап тұр екен. 
– Ойбай-ай, апа-а!. – деп шарылдай жөнелді балалардың бірі. 
Оған екінші, үшінші ойбай қосылды. Тау үстінде шулап кеттік. 
– Не істейміз? – деген Əжібек. 
– Тек қашпайық, бəріміз топтасып бірге тұрайық, – деді Санат.
– Дұрыс. Кəне, кетпендеріңді алып менің қасыма жиналыңдар. 
Кетпеннің шүйдесімен тасты соғып, бəріміз бірдей аттандайық!
– Ат-тан!...Ат-тан! 
Шақ-шұқ тасты соғып, біріміз бақырып, біріміз шыңғырып аттан 
сап, ойбайлап бердік. Кенет қасқырлардың шоқайып отырғаны төмен 
қарай ырши секірген. Анық көрдік, үлкендігі тайыншадай, нағыз 
көкжал екен. Секірген күйі біздің көзімізден таса тұрған алып алма 
ағаштың тұсына батып көрінбей кетті. Төменгі ауыл жақтағылар   
бұрынғыдан да қатты шуылдасып  кетті. 
–  Бəрің түгелсің бе? – деді үрейленген Əжібек. 
– Түгелміз. 
Көкжалдың соңын ала басқа  қасқырлар да көрінбей кеткен. Құз 
жақтағы жаңғырықтырып иттің жанұшыра үргені, одан қатты бір 
қаңқ еткені естілді. Ауыл жақтағылар əлі шулап тұр. Сəлден кейін 
алып алма ағаштың арғы жағындағы қарлы беткейді қиялап əлгіндегі 
қасқырлар ұмар-жұмар орталарындағы қараңдаған бірдеңені кезек-
кезек созғылап сүйрелеп бара жатты. 
–  Қарақаншықты əкетті! ...
Жанұшыра қаңсылап бара жатқан сол Қарақаншық екен. Əрқай-
сы сына бұл да ауыз салмақ болып азу тістерін сақылдатып айбат жа-
сайды,  бұлқына арпалысады,  көмек сұрап жанұшыра қаңсылайды, 
бірақ əлуетті күші басым қасқырлар оны жан-жағынан қақпақылдай 
қағып, көкпарға салғандай бірінен-бірі жұлқа тартып кергілеп ба-
рады. Əрқайсысы бар екпінімен ағып кеп, қанға боялған арандай 
ауыздарын салып өткенде, Қарақаншықтың бір мүшесін жұлып 
əкеткендей болды. Аппақ қардың үстінде судай шашылып бара 
жатқан Қарақаншықтың қаны,  шарылдай қаңсылағаны керемет ая-
нышты еді, тау-тасқа жаңғырығып аза бойды қаза тұрғызды. Бүкіл 

155
ауылға, шуылдаған халыққа құтқарыңдар дегендей шырқырайды. 
Ал қасқырлар болса өршелене, құтырына түсіп жұлқып-жұлқып 
əке теді. Біртіндеп Қарақаншықтың қаңсылы басылайын деді, сəлден 
кейін мүлдем үні өшіп, қасқырлардың аузында жұлмаланған жан-
сыз затқа айнала бастады. Тағы бір жұлқыласқан   кезде, кеуде жағы 
əлгіндегі тайыншадай көкжалдың аузында қалды да, бөксе жағын 
басқа қасқырлар бөлісіп əкетті, осылайша Қарақаншықты бүкіл 
ауыл 
дың алдында пəре-пəресін шығарып олжалаған қасқырлар 
жұлқыс-тартыспен қыратты асып көрінбей кетті. 
Біз,  балалар, зəре-құтымыз ұшып, қалтырап қалш-қалш  етіп 
үні міз шықпай, бір-бірімізді қаға-маға төмен ауылға қарай домалап, 
біріміз сырғанап безіп жөнелдік. 
Келесі күні қорқыныш-үрейіміз басылған соң, Əжібек шана сы 
бар балаларды өзі бастап жүріп, кешегі таудан домалатқан үлкен екі 
арқа тобылғымызды Ырысбектің үйіне жеткізіп бердік. Егер өгіз 
шанаға тиер болсақ, мұнымыз дəу бір шана отын еді. Он шақты бала 
жан теріміз шыға жүріп əлгінің бəрін Ырысбектің қорасына кіргізіп, 
тап-тұйнақтай етіп бір жағына жинап қойдық. Өз үйлерімізде 
шыбық басын сындырсақ шыңқылдап тұратын,  бір құшақ отын 
бұтаудың өзінде үйдегі үлкендерді заржақ қып барып əзер тіл ала-
тын шіркіндер Ырысбек пен Əжібектің алдында өстіп мөнтең 
қағатынбыз. Біз тобылғыны  тегіс кіргізіп болған кезімізде, Ырысбек 
үйінен шыққан, бəрімізге жағалай бір қарап өтті де:
– Əй, адъютант Əжібек! –  деді. 
–  Иə, жолдас командір! – деп Əжібек қарсы алдына жетіп барды. 
– Мынау балалар бүгінен бастап жай əскер емес, ең сенімді, ең ба-
тыр, алдыңғы шепте өзімнің төңірегімде ғана жүретін төлеңгіттерім   
болады, – деді. 
Біз ол сөздің мəніне түсіне қоймай бір-бірімізге, одан Əжібекке 
қарағанбыз.
– Обшым, төлеңгіт болғаннан ұтылмайсыңдар. Басқа балаларға 
сендер камандірсіңдер, – деп түсіндірді Əжібек.
 Дұрыс айтады, – деді Ырысбек оның сөзін қостап.
– Ертең мен мына Əжібекті МТС-қа темекі əкелуге жібергелі 
отырмын. Темекі əкелген соң, бəріңе шылым тартуды үйретеміз.
Біз төбеміз көкке жеткендей боп қуанып қалдық, бір-бірімізге 
жымыңдаса қарап, шылым тартуды үйренетінімізге мəз боп тұрмыз. 
Шылымды құшырлана тұрып сорып, оның түтінін мұрыннан, көз-
ден, құлақтан шығару деген керемет қой! 

156
*     *     *
Бар тілегім, Ырысбек қашан үлкейтіп болғанша, көкем мен апам-
ның  суретін алғанымды Нəзира əпкем білмесе  екен деймін, кешкісін 
жұмыстан келгенде, сандықтағы альбомын алып қарай көрмесе екен 
деп қыпылдап отырам. Абырой болғанда, ол қырманнан діңкелеп 
шаршап келеді де, кешкі  тамағын іше сап, ештеңеге қарауға шамасы 
келместен  мұрттай ұшады. Бар айтатыны: 
– Қанатай, қол диірменді өзің айналдырарсың, – дейді.
– Мақұл, əпке, алаң болма, – деп, мен осы үйдің онан кейінгі 
естияры ретінде ертеңгі ішім-жем талқанды тас диірменге  тартуға 
кірісем. Тас диірменді айналдыру ауыр, қолдың қарын талдырады, 
бірақ амал қанша, əжемнің шамасы жетпейді, басқа балалар əлі 
кішкене, сондықтан қолымның қаншама талып, иықтарымның тал-
маусырап қарысқанына қарамастан, бар күшімді жинап, əбден əлім 
құрып діңкелегенше, күшене отырып айналдырам. Маңдайымнан 
тер бұршақтап, көзім қарауытып кетеді, сонда да əжеме, інілерім 
мен қарындасыма сыр білдірмеймін. 
Əжемнің: 
– Болды, қарағым, алдыңдағы ауыр тас, иығыңды ауыртып ала-
сың, – дегеніне қарамастан, ылғи да қос уыс бидайды артық тартам. 
Бүгін де сөйтіп күшене отырып ертеңгі күннің талқанын тар-
тып боп қалған кезімде, тарс-тұрс есік  ашылып, үйге Ырысбек пен 
Əжібек кіріп келді. Есіктің қатты ашылып, қатты жабылғаны сонша
үйдің ортасындағы дөңгелек үстелдің тұрған май шам жалп-жұлп 
етіп өшіп қала жаздады. 
– Кеш жарық, əже, – деді Ырысбек даусы гүр етіп. 
– Қарағым, Ырысбекпісің? – деп əжем келгендерге сығырая 
қара ған. 
– Ия, мен ғой, əже. 
– Қасында тағы біреу бар ма?
– Əжібек қой. 
– Ə-ə... Мына беймезгіл уақытта жай жүрсіңдер ме? 
– Балаңыз бен келініңіздің суретін үлкейтіп едім, соны əкелдім,  
– деді Ырысбек даусын көтере сөйлеп. 
Сөйтті де өзі қолындағы  ораулы қағаздың бір жағын Əжібекке 
ұстатып шамның жарығына тосқан; əнеугүні өзім берген суреттен 
айна қатесі жоқ көкем мен апамның үлкейтілген суретін көргенде, 

157
басы əжем болып, бəріміз есіміз шығып аңырып қараппыз да қалып-
пыз, кəдімгі көкем мен апам тіріліп үйге кіріп келгендей. Əжем өз 
көзіне өзі сенбегендей жақындаңқырап кеп үңіле қарады да: 
– Қарғаларым, қос қарашығым.... тіріліп келгендей боп қатар 
тұра қалғандарын... О, менің айым мен күнім ... – деп, айналып-тол-
ғанып, есі шығып кетті. 
– Əже, қай жерге ілейін? – деп сұрады Ырысбек. 
–  Төрге іл, – деді əжем.
Абыр-дабырға Нəзира əпкем де оянып кеткен. Əуеліде түкке 
түсінбей басын көтеріп ап одырая қарап жатты  да, Ырысбек ойқастап 
барып төрге суретті ілген кезде ғана, істің мəніне түсінгендей орны-
нан  тұрды. Əжемде ес қалмады. 
– Ағаларыңа төрге көрпе салыңдар... Əй, Болатжан, от жаға қой-
шы, құлыным.... – деп, бəйек боп шəугімге су құйып, шай қойып, 
Ырысбек пен Əжібекке елжірей қарап: 
– Төрге шығыңдар. Отырыңдар. Айналып қана кетейін сендер-
ден. Өлгенді тірілтті деген осы, мың жасағырлар. Өркендерің өссін, 
қос қарағым... Əй, Қанат, ауыз үйдегі сүтті əкелші. 
Бұл енді əжемнің ағынан жарылғанының белгісі. Əне-міне 
суалуға таяған қоңыр сиырымыздан күніне екі кеседей ғана сүт 
шығады. Соның бір кесесін шайға да, бір кесесін күніне бір рет 
жасайтын атала көжеге қататын, қазіргі маған алғызғаны ертеңгі 
көжеге қатуға алып қойған сүт еді. Сол сүтке əлгінде ғана ақ тер-көк 
тер боп ертеңгі азыққа деп мен тартқан талқанды түгел бір табақ қып 
шылап,  Ырысбек пен Əжібектің алдына қойды. 
– Алыңдар, айналайындар, – деп бəйек боп жүр. – Əй, Нəзира, 
ағаңа шай құй. 
Нəзира əпкем де төрдегі суретке қарап қойып, риза көңілмен шай 
құйып беруге кірісті. Біз, балалар да, əке-шешеміздің суретіне қайта-
қайта жалтақтай қарап,  онан шыланған талқанды көсей асаған Ырыс-
бек пен Əжібекке көз саламыз, аузымызға  үйірілген сілекейді тамса-
на жұтынып қойып, ернімізді жалаймыз. Үйеме табақ талқан лезде 
сап болды. Маңдайлары тершіген Ырысбек пен Əжібек бір-біріне 
қарап жымыңдасып қояды. Əжібек кекірініп те алды, тойғанының 
белгісі. Ыстық суды сораптата ұрттап бірер шыныаяқ  ішіп тоқтарын 
басқаннан кейін, Ырысбек Əжібекке ымдап қол созған. Əжібек ұшып 
тұрып, келгендерінде қабырғаға сүйеп қойған домбыраны қолына 

158
алып, құлақ күйіне келтіре бебеулетіп қағып-қағып жіберді де, онан 
соң əжеме:
– Əже, сізге бір əн салып берейін, – деді, көзінің қиығымен 
Нəзира əпкеме де қарап қояды. 
– Сала ғой, қарағым, – деді əжем елжіреп.
– Сол-ақ екен, Ырысбек домбырасын безілдетіп-безілдетіп алып, 
төбе құйқаңды шымырлатар ғажап əуендердің бірінен кейін бірінің 
басын тез-тез қайыра отырып бір кез: 
«А-хо-ау-у-у, хайли-лау, ли-лəй-лау...» – деп əдемі, зор қоңыр да-
усымен бастап кеп жіберген кезде, күп-күңгірт боп көлеңкелеріміз 
ербиіп, үрейді ұшырып отыратын жадау-жүдеу үйдің іші самалдай 
боп жарқырап сала берді. 
Қыз емес қыздың аты қызыл асық,
Жігіттер қыз балаға болған ғашық.
 
Сырттағы дүниені сықырлатып уысына қысқан ызғарлы қыс 
та, көзің түскен жерде мен мұндалап екі иығыңнан зілдей боп ба-
сып тұратын жадау-жүдеу тұрмыс та, əркімнен бұғып, жасқанып, 
именшек отыратын күйкі тірлік те – бəр-бəрі де ысырылып кейін 
қап, дүние түгел əсем əнге, сəн-салтанатқа толып, жартыкеш көң-
іл  
дің кем-кетігі тегіс жазылған, жайраңдаған жаз өмір орнады. 
Шіркін, өмір деген қандай сұлу, қандай жарқын! Өмір сүру, тірі 
жүру қандай бақыт! Адамдардың бір-біріне көрсететін сый-құрметі, 
сүйіспеншілігі қандай ғажап! 
«А-хо-оу-у хай-ли-лау ли-ли-лау лəй-лəй-лау...» 
Шіркін, осындай да ғажап əн, ғажап дауыс болады екен-ау?! 
Бүкіл болмысыңды сиқырлап алып, өзімен бірге елітіп, тіл жеткісіз 
ғаламат сезімге бөлейді. 
Сөйтіп, бір əннің сиқырлы дүниесіне еніп, соның өзінен ес жия 
алмай езіліп отырғанымызда, Ырысбек екінші əнді бастап кетті. 
Тағы да алғашқыға ұқсас, одан артып түспесе кем түспейтін əсем 
дүние есігін ашты... 
Онан кейін үшінші əн, төртінші əн, ... бесінші əн... Ырысбектің 
əндері көбейе түспесе, азаюшы ма еді. Көзін жұмыңқырап ап, бет-
аузы əннің ырғағына қарай сан құбылып, əдемі зор даусымен бүкіл 
дүниені сиқырлап қойғандай.

159
Көптен бері, сонау өзі əскерден қайтқан күнгі кештен кейін 
оның дəл бүйтіп əн салғанын көрмеп едім; өңі керемет сұлуланып, 
нұрланып, əншейіндегі жексұрындығынан, иттігінен із де қалмаған. 
Əжем алдындағы жұлық-жұлық жабағы жүнді  жібекше талдап түте 
отырып, əрбір жаңа əннің тұсында басын көтеріп ап, көзі жасаурай 
сығырайып Ырысбекке айналып-толғана елжірей қарайды, көңілінің 
көптен бері бір жадырағанын жасыра алмайды; кішкене балалар 
болса əншейіндегі бірін-бірі түртпектеп отыратын қылықтарынан 
пышақ кесті тыйылып, бағжырайған көздерін Ырысбектен алмас-
тан ауыздарын ашқан күйде  демдерін іштерінен  алғандай тым-
тырыс отыр; Нəзира əпкем пеш жақтан кеп үстелге бір қырын сəл 
теріс қарап отырып шай құйған əлгіндегі қалпында тас боп мелшиіп 
қатып қалған, əн тыңдап отыр ма, жо əлде қалғып кетті ме, белгісіз. 
Қанша уақыт өткенін кім білсін, бір кез бет-аузын  қара тер басқан 
Ырысбек шаршағандай əнін тоқтатып, барлығымызға күлімсірей 
қарап шықты да:
– Осымен болған шығар,  – деді. 
– Өркенің өссін, қарағым, көңілімізді бір көтеріп тастадың 
ғой, – деп, əжем шын көңілден ризашылдығын білдірді.
Жанар мен Жанат əжемді төңіректеп барып ұйқтап қалған, олар-
дан ересектеу Болат қалғып-мүлгіп есінеп отырса, намысына тыры-
сып ұйқыға жеңдіргісі  келмейді. Менің де ұйқым келіп отыр, бірақ 
үйдегі естияр еркек өзім екенім есіме түссе-ақ, ұйқым шайдай ашы-
лады. Нəзира əпкем тұрып төсек салып, əжемнің екі жақ етегін ала 
жатқан Жанар мен Жанатты жатқызды. 
–  Көзің қызарып кетті, сен де енді жат төсегіңе, – деді Болатқа. 
Нəзира əпкем балаларға төсек сала бастаған соң, Ырысбек пен 
Əжібек енді өздері де тым кеш отырып қалғандарын түсініп кететін 
шығар деп ойлағам. Олай болмады. 
– Əже, от жағылмаған суық үйге барғым келмей отыр. Рұқсат 
болса осы үйдің бір бұрышына қона кетсем деймін,  – деген Ырыс-
бек самбырлай сөйлеп. Əжем сəл үндемей қалды да, алдындағы 
түтілген жүнін жинастырып, етегін қағып орнынан тұрды. 
– Қонам десең қона ғой, қарағым. Қонақты қуып шығу салты-
мызда жоқ қой,  –  деді. Маған əжемнің бұл жауабы Ырысбектен гөрі 
Нəзира əпкеме арнап айтылғандай көрінді. 
Нəзира əпкем үн-түнсіз төрге балалардың  төсегіне қатарластыра 

160
қонақтарға да төсек сала бастады. Ырысбек пен Əжібек сыртқа 
шығып келуге кеткен. 
– Əже, мен көрші үйдің біріне барып қонайын,  – деген Нəзира 
əпкем. 
– Сөйтсең сөйт, қарғам,   – деді əжем күрсіне тұрып, Ырысбек 
пен Əжібек  кіріп, киімдерін шешініп жатуға ыңғайланған кезде
сырт киімін желбегей жамылып Нəзира əпкем далаға шығып кетті. 
Əжем жатқан соң, жыпылықтап тұрған  шамды өшіріп мен де кеп 
орныма жаттым. Көзім енді ілініп барады екен, біреу бүйірімнен 
нұқып қалды. 
– Əй, Қанат, əлгі Нəзира əпкең қайда кетті? – деп сұрады Əжібек 
сыбырлап.
– Білмеймін.
– Немене, сонда ол бүгін үйге қонбай ма?
– Көршілердің біреуінің үйіне қонам деп кетті. 
Əжібек дереу сырғып барып менің айтқандарымды сыбырлап 
Ырысбекке жеткізді. Сəлден кейін Əжібек сырғып қасыма қайтып 
келді. 
– Əй, Нəзира əпкең кімнің үйіне кетті?
– Білмеймін.
– Неге білмейсің?
– Кімнің үйіне кеткенін айтқан жоқ.
– Қап! 
Енді қараңғы үйде Ырысбек пен Əжібектің күбір-күбір сөзі 
көбейейін деді. Екеуі қараңғыда отырып киіне бастады.
–  Əй, Қанат, киін, сен бізді шығарып саласың! – деді Əжібек 
əмірлі үнмен. Өзімнің де күткенім сол еді, осы пəлелерден тез құты-
лайық деген оймен оңайда тұрған киімдерімді лып-лып еткізіп 
үстіме іле сап, қараңғыда жандарына бардым. 
– Бұ қайсың, қараңғы үйде түрегеп жүрген? –  деп сұраған əжем.
–  Əже, біз ғой, қазір далаға шығып келеміз, – деді Ырысбек. 
– Ə-ə, – деп əжем онан əрі қарай күбірлеп құдайға сиынып кетті.
Мен қараңғы үйде сипаланып жүріп есікті ашып, екеуін бастап 
сыртқа алып шықтым. Түн тастай қараңғы екен. Аспан бұлттанып, 
оңынан желемік соғып тұр; күн бұзылып, қар жауардың алдында 
өститін. Иттердің ғана үргені болмаса, ауыл үйдің арасы тым-тырыс, 
бірде-бір үйде шам жоқ, бəрі де тегіс ұйқыға кеткен. 
– Нəзира кімнің үйіне кетті?  – деп енді Ырысбек сұрады.
– Білмеймін. 

161
– Қалайша білмейсің? – деп ол шап етіп жағамнан ұстай алды. 
Менің зəрем ұшып кетті, «əжелеп» аттан салуға шақ қалдым. 
– Маған айтқан жоқ.
– Жоқ, сен білесің. Қазір бар да, əжем шақырып жатыр деп ертіп 
кел.
– Рас айтам, ағатай, кімнің үйінде екенін білмеймін, бізге айтпай 
шығып кетті,  –  деп, мен шыжкөбелек боп тұрмын. 
– Онда білмегенің үшін жаза тартасың, – деп Ырысбек дір-дір 
етіп тұрған күйімде тік-тік көтеріп алды да, шыркөбелек айналды-
рып əкеп есік алдындағы қалың күресінге басымды төмен қаратып 
қойып қалды. Түнге қарай беті сіресіп  жатқан қатты қардың төбеме 
қатты тигенін білем,  бет-аузымды қалың бөргездей осып жібергенін 
білем, онан əрі сəл есім ауытқып кетіпті. Басым төмен қарай шан-
шылып күресін қарда қанша тұрғанымды білмеймін, бір кез есім 
кіргендей боп, аяқ-қолымды тыпырлата бастағам, көрім болғанда, 
күресіннің жарбақ жағы опырылып кетіп, есікке қарай домалап 
түстім. Жан-жағыма үрейлене қарасам, Ырысбек те, Əжібек те жоқ 
екен, домалай ұмтылып үйге кіріп, жан-дəрмен есікті жауып, ілгегін 
салып алдым. «Уһ» деп осы жерде ғана есімді жиғам. Ішкі есік ашы-
лып, қолына жалп-жұлп еткізіп май шамды ұстап əжем шықты. 
– Қанатпысың? Тыныштық па?
 – Тыныш... – дедім мен əжемді қорқытпайын деп түк болмағандай 
жайбарақат үнмен. 
– Əлгілер қайда?
– Үйлеріне кетті.
– Тыныш кетті ме, əйтеу?
– Иə, тыныш кетті, – дедім, өне бойым дір-дір етіп, енді сəл 
тұрсам, əжемді құшақтап еңіреп жіберуге дайын тұрмын.  –  Ұйқым 
келді, əже, жатайықшы...   
3-30-Б.
Сөздік
қытымыр 
суровый, морозный  
жетімдік
сиротство
сырқырайды
ломит кости, все кости болят
11–1151

162
жота(-ланып)
взгорье, гребень горы, горка
жазалау
наказывать
сирақ
ножки
тыпырлап тұрғанымыз
дрожали, было невтерпёж
қорлық
позор, унижение
қиқарланып
сопротивляясь, упрямствуя
тірідей көміп өлтіріп тастаса
если убьет, похоронив заживо
шықпыртып ұра түседі
начинает бить, стегать
соққы
удар
үшті-күйді жоғалыпты
исчез бесследно
жан
душа, дух
жын
бес, злой дух 
шайтан
черт, сатана
бəкі
перочинный нож, складной но-
жик
зікір
зикр, радение дервишей (до-
ведение себя до экстаза путем  
бесконечного  повторения 99 
эпитетов аллаха)
көзі алақ-жұлақ етіп
глаза бегали во все стороны
алқым
горло, глотка
қылғындыру
душить, придушить
əзер құтылады
еле избавляется
жексұрын
гадкий, противный, мерзкий
ашпастан қақ бөліп айырып
порвать не открывая
қалқа
милая, дорогая,  душенька (ла-
сковое обращение к молодым 
девушкам)
түсі бұзылып
переменившись в лице              
түтіге
замыкаясь
қызылкөз пəле
бука, драчун, неистовый

163
ығыр бол 
избегать чего-л. надоедливого
ығыр  болған
надоевшие, измученные
шүңірейген көз
ввалившиеся глаза                             
доңайбат
угроза 
алқымға алды
схватил за глотку
əуселе
сила, мощь (человека)
шылқытып  жағу
пропитывать чем-либо, обильно 
намазать
паңданып
гордясь (горделиво),  высоко-
мерно 
сыриып өсіп кеткен
вытянулся во весь рост
қарақшы сияқты қалқиып тұр
торчит как разбойник (или как 
пугало)  
көзі аларып шатынап шыға келді глаза засверкали
шекпен
чекмень (домотканный кафтан)
ұрттары томпиып тұр
щёки набухли (наполнились)
сараң
скупой, жадный, скряга
аңқа-шоңқа құладым
упасть кувырком, полететь ку-
барем
тесік
дыра (дырка)
сандық
сундук
көгерген иіс
заплесневелый запах (запах 
плесени)
буып-түйіп қояды
упаковывает, заворачивает
кəкпір
шумовка (сетчатая)
телмір
1. уставиться на кого-л. 
2. смотреть, вызывая жалость у 
кого-л.
телміре қалғанымызды
уставившись       
баттиып-баттиып
бросаться в глаза, быть видным 
очень резко 
шұңқыр
впадина, яма, выбоина

164
көзіне көк шыбын үймелет
замучить кого-л.
шақшабас
маленькая голова
қаскүнем
вредитель, злоумышленник 
кеще
тупой, бестолковый
құлан құдыққа құласа, 
құлағында құрбақа ойнайды 
если кулан упадет в колодец, то 
на его ушах резвятся лягушки 
(т.е. злобно насмехаться, глу-
миться  над  былым  авторитетом)     
қалжа
этн. калжа, горячая пища, при-
готовляемая из свежего мяса 
для роженицы или для больного 
человека
табала(-п)
злорадствовать, ехидничать
құйыршық
прихвостень, угодник                            
боқмұрын
сопляк, молокосос
бетімізге басып айтып
говоря откровенно в лицо
көксоққан
о проклятый!
серке
кастрированный козел (пяти-
шести лет) козел-валух 
тобылғы
таволга (кустарник с очень 
крепкой деревесиной багрового 
цвета)
қараған
караганник (кустарниковое рас-
тение)
таудан домалатамыз
спускаем с горы
таудан домалату
спустить с горы
күс-күс
мозоль
күнгей
солнечная сторона 
кетпен
кетмень, мотыга
шұбырып жүріп кеттік
пошли все вместе (друг за дру-
гом)
сілекей
слюна

165
үңгір
пещера                        
айбат
свирепый,  грозный вид
киелі
свещенный 
дөң
возвышенность, холм, бугорок 
// возвышенный, холмистый, 
бугристый
көзді қарықтырады
ослепляет глаза
тостаған
тостаган (небольшая круглая 
чашка)
арлан
самец (животных, чаще хищных);
бəтуа(-ға) келді
пришли к единому решению
порешили
қорым
корым (груда мелких гладких 
камней, отвалившихся от скал)
қиялап
идти (ехать) по склону, косо-
гору, идти по серпантину (при 
подъеме на крутую  гору или 
при спуске)
бөксе
нижняя часть туловища, тазо-
вый пояс
діңкелегенше
до усталости  (перен. до смер-
ти)
беймезгіл
некстати, невовремя 
одырая
смотреть исподлобья 
атала көже
болтушка (из похлебки и воды, 
муки и айрана)  
ымдап
намекая
жадау-жүдеу
неухоженный, обтрёпанный, 
обнищавший
желбегей
нараспашку, внакидку (о верх-
ней одежде) 
желбегей жамылып
накинуть на себя (о верхней 
одежде)

166
уыс
горсть                      
сыр білдірмеймін
не выдаю себя, не подаю вида
көзім қарауытып кетеді
глаза темнеют (мутнеют)
бүйірімнен нұқып қалды
ударил в бок
жазалау
наказывать    
намыстанып
оскорбившись, обидевшись (от 
унижения чести и достоинства)
ірімшік
сыр домашнего приготовления
жетесіз
1. незнатный, неродовитый; 
2. неумный
қақбас
проклятый, вредный, против-
ный, ненавистный старик
өктем
властный, повелительный
бұлдырап
мутнея, помутневшие                           
сұрғұлт
сероватый
төңірегімізге қарағанбыз
оглянулись вокруг
өң
лицо, облик, вид
естияр
ставший сознательным, по-
взрослевший                             
аузынан түсіп қалғандай
как две капли воды 
көзіне көк шыбын үймелету
показать ему, где раки зимуют  
зəресі зəр түбіне  кету
душа ушла в пятки              
із
след
даусымен бүкіл дүниені 
сиқырлап  қойғандай
голосом заворошил весь мир 
(все вокруг)
көзі жасаурай 
слезливыми глазами (наполня-
ясь слезами)
жасқану
бояться, пугаться, стесняться 
тас боп мелшиіп қатып қалған
застыл как окаменевший (за-
стыл как онемевший)
есінеу
зевать           
құз
отвесная скала, крутой утес


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал