95
4. Əңгімеден омоним сөздерді табыңыз.
Үлгі: аш, ас, бір, ақыр, бос .....
АШ І – ІІІ
АШ І
сын. ас ішпеген, тамақ жемеген, тоқ емес.
АШ ІІ
ет. жабық тұрған нəрсенің есігін, бетін шалқайту, аңқайту.
АШ ІІІ
ет. кір қалдырмау, тазарту.
5. Синонимдерді тауып жазыңыз.
(үлкен, ауыр, сұмдық, ала аяқ, сайқал, белдемше, арамдық, тойтарыс,
титтей, қарашадай, кішкене, еріншек, керенау, қырсау, кежір, шабан, илану,
нану, жəрдем, қолғабыс, септік, сеп, шарапат, тумаған, шопан, жазық, күнə,
қылмыс, қисық, қитар, құт, үрей, жанкүйер, жолдас, суайт, оңбаған адам.)
ҮЛГІ :
Ашушаң, ашуланшақ, күйгелек.
Ауқатты, дəулетті, бай, əлді, қуатты.
Алдау, арбау.
Ас, тамақ, дəм, тағам, ауқат.
Мешкей, жалмауыз, обыр.
Соққы, ............................................................................................................
Көмек, ............................................................................................................
Сену, ..............................................................................................................
Кішкентай, ....................................................................................................
Қулық, ............................................................................................................
Қу, ...................................................................................................................
Қиын, .............................................................................................................
Қойшы, ..........................................................................................................
Сұм, ...............................................................................................................
Зəре, ...............................................................................................................
Дəу, ................................................................................................................
Кінə, ...............................................................................................................
Кісі, ................................................................................................................
Алжапқыш, ...................................................................................................
Серік, .............................................................................................................
Қыңыр, ..........................................................................................................
Жанашыр, .....................................................................................................
Жалқау, ......................................................................................................... .
Өгей, ..............................................................................................................
96
6. Əңгімеден төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
1. Өгей баланың əкесі кім?
2. Олардың үйіне қонаққа кімдер келді?
3. Əкесі Джиммиден нені талап ететін?
4. Өгей бала үйінде қандай жұмыстар істейтін?
5. Əкесі Джиммиге өз ыдысынан бірдеңе салып бергенін көрсе, кім
бірден өтірікті соға жөнелетін?
6. Миссис Берктің жомарттығы кімді таң қалдырды?
7. Джимми əкесіне өгей шешесі ненің тарихын айтып үлгерсін дейді?
8. Əкесі Джиммиді не үшін дүрелеп, қараңғы бөлмеге қамады?
9. Джимми өгей шешесі берген бір жарым пенске не сатып алды?
10. Джиммидің жасы нешеде?
11. Джиммиді өгей шешесі қалай алдады?
12. Джимми үйге кіргенде есіктің жанында кім белбеуін ұстап тұрады?
97
Джеймс ГРИНВУД
ӨГЕЙ БАЛА
повесть
Астана, 2002. -144 бет.
Орыс тілінен аударған: Ризабек Əдуов
ТАҒЫ ДА ЖАҢА АЗАП. ҚАШУ
Кішкентай Полли маған түнде де маза бермейтін. Менің төсегіме
оны ымырт үйіріле-ақ жайғастыратын, ал мен ұйқыға жатарда оны
оятып алмауға тырысып бағатынмын. Егер бұл қолымнан келсе,
онда мен үш-төрт сағат тыныш ұйықтар едім. Бірақ түнгі екіге кет-
кенде бала оянып алып, айқайға басатын. Біздің төсегіміздің жанына
қашанда май жағылған бір тілім нан мен бір құмыра сүт қойылатын.
Тамақ ішкенше пəле қыз үндемейді, ал түнде оның тамаққа тəбеті
ашылып, бергеніңді соғып алатын да, қайтадан гөй-гөйге басатын.
Қанша уатсаң да, қанша əн айтсаң да, оны көндіре алмайсың.
– Мама! Мама! Мама! – деп, шырылдағанда даусы көшенің арғы
басынан естілетін.
Мен оны уату үшін тырысып-ақ бағамын.
– Полли, сенің Джиммимен қыдырғың келмей ме? – деп сұраймын
одан. Сүттей аппақ түнде ол кейде келісетін де. Біз, əрине, шынында
да қыдыруға шыға алмайтынбыз, бірақ мұны түсініп жатқан Пол-
ли жоқ. Біз шынында да далаға шығатындай киінетінбіз. Мен оның
басына өгей шешемнің қалпағын кигізіп, иығына өз кеудешемді жа-
батынмын. Менің қыдыруға шығатын киімімнің түрі – төсегімізде
жататын əкемнің ескі тымағы. Киініп болған соң мен өгей шешемнің
даусына салып:
– Джимми, бар Поллимен қыдырып кел. Оған мəмпəсилі дүкенді
аралат! – деймін.
Енді өз даусыммен:
– Біз дайынбыз, қазір шығамыз! – деймін.
Содан кейін біз қыдыруға шығатынбыз, бірақ есікті таба алмай-
тынбыз, əйтеуір. Гəптің өзі осында болатын. Мəмпəси сатып алу
үшін біздің далаға шығуымыз керек, ал біз есікті таба алмай əлек
7–1151
98
боламыз. Поллидің басына ілген үлкен қалпағы бұл жағдайға жақсы
көмектесетін. Менімен осылай жарты сағаттай қыдырған Полли
көбінде қолымда ұйықтап қалатын. Сөйтіп мен оны ақырын төсегіне
жатқызатынмын. Кейде оның мүлдем қыдырғысы келмейтін. Ал ең
қырсығы да сол болатын. Мені оған тəтті əперемін деп уəде бергенім
босқа кететін. Ит болып үргенім, мысық болып мияулағаным, түйе-
құс, торай жəне балапан болғаным да зая кететін. Ол ештеңені де
тыңдамай, ештеңеге де көз салмай, айқайлап «нəн» сұрайтын. «Нəн»
деп май жағылған нанды айтатын жəне айтқанынан қайтпайтын.
Осы кезде қабырғаның ар жағынан дыбыс естілетін, бұл қабырғаны
таяқпен ұрғылаған өгей шешем.
– Құртақандай сəбиге не істеп жатырсың, сорлы бала?
– Ол «нəн» сұрайды.
– Ендеше тұрып бермейсің бе, жалқау неме.
– Беретін ештеңе жоқ, ол бəрін жеп қойды.
– Бəрін жеп қойғаны қалай? Өтірікші. Өзің баяғыңа басып,
жазған баланың бар тамағын жеп қойған шығарсың. Тап қазір уат
оны; менің жыныма тиме, əйтпесе көресің.
Шынында да көресінді көретінімді білемін, сөйтіп жыларман
болып Поллиді көндіруге тырысатынмын. Ол қайдан оңай көне
қойсын. Өгей шешемнің даусын естіген соң ол бұрынғыдан да
қатты жылай бастайды. Қорыққаннан зəрем ұшып, көрші бөлмеден
естілген аяқтың дыбысын, есіктің ашылғанын естимін. Міне, енді
ашуланған өгей шешем түнгі көйлегімен, түнгі телпегімен бөлмеме
шабына кіріп келетін. Бір сөз айтпастан ол маған тап беріп, жалаңаш
күйімде аямай соққыға жығатын. Ол менің басымды жастыққа
тығатын, сөйтіп мен тіпті айқайлай да алмайтынмын.
Əкем оның маған не істейтінін білмейтін: егер балаға əзірленген
тағамды тағы да жеп қоятын болсам, өгей шешем мені таяққа
жығатынын үнемі барқырап қайталай беретін.
– Оны несіне босқа қорқыта бересің? – деп айқайлайды басқа
бөлмеден əкем. – Боққа тұрмайтын мешкейдің дұрыстап сыбағасын
бермейсің бе, əйтпесе ол саған пысқырып та қарамайды.
– Иə, менің де енді шыдамым таусылатын шығар! – дейді өгей
шешем. – Байқа, оңбаған неме.
Содан кейін ол бөлмесіне оралып, əкеме:
– Ұрудың керегі жоқ, Джемс. Баланы ұрып жақсы ете алмай -
сың, – дейді.
99
Маған тиген таяқтан соң, бір қызығы Полли бүрісіп, ештеңе
болмағандай ұйықтап қалатын. Бұған қарап əкем шынында мені
қаласам баланы уата алады деп ойлайтын. Бірде мен шыдай алмай,
өгей шешем жөнінде шағым айта бастадым.
– Мен сені аямаймын, – деп жауап берді əкем. – Сен сияқты
пəлені сілікпесін шығарып үйрету керек.
– Иə, менің басымнан оның таяқ кетірмейтін кезі де аз қалды, –
дедім мен. – Өскен соң оған көрсетемін.
Əкем маған қарап күліп жіберді.
– Егер үлкен болып өссем, – деп жалғастырдым сөзімді оның
күлгеніне ызаланып, – мен оның мұрнын бұзып, аяғын сындырар
едім. Жек көремін оны.
– Жə, болды былшылдамай! – деп тоқтатты мені əкем.
– Ол сізге қашанда өтірік айтады. Менің бір сəтке бос уақытым
жоқ, үнемі Поллиді бағуға тиіспін.
– Бала бағу да қиын болып па. Сенің жасыңдағы балалар өздері
ақша табады.
– Менің де жұмыс істегім келеді, папа.
– Жұмыс істегім келеді. Жұмысті іздеу керек, ол өзі саған
келмейді. Ал мен, сен əлі ұйықтап жатқанда таңғы төртте базарға
барамын. Онда сенен екі есе кіші балаларды көремін. Бір-екі пенни
тауып, тамағына жұмсайды, таба алмаса, аш отырғаны.
– Менің жөні түзу шалбарым да, шұлығым да, етігім де жоқ,
папа. Жұмысты қалай іздемекпін?
– Ақымақ, ақымақсың сен. Жұмыс үшін сəнді киім керек деп
ойлайсың ба? Мен саған айтқан балалардың жалаңаш етінде бір
ғана көйлек бар, ал жұмысты ешкімнен кем істемейді. Балық тасып,
ақтүйнегі бар себеттерді көтереді, қайық күзетіп, тауары бар арбаны
қарайды. Ал саған жұмысқа бару үшін ақ көйлек, былғары қолғап
керек. Сəнқойын мұның.
Əкем маған зілдене қарап, бұрылды да кетіп қалды.
Күн өткен сайын өгей шешем мені азаптауын үдете түсті. Əсіресе
əкем оны мас күйінде көріп, соққыға жыққаннан кейін халім тіпті
мүшкілге айналды. Егер кір жуатын миссис Уинкшип аямағанда мен
күн ұзаққа көбіне аш жүрер едім. Миссис Уинкшип менің шешемді
білетін жəне қашанда мақтап отыратын. «Сенің əкеңнен оның өресі
биік еді, ал əкең мына зымиян, алдамшы миссис Берктен əлдеқайда
жақсы», – дейді ол. Мен əдетте өзімнің бар ренішімді миссис Уинк-
100
шипке айтатынмын. Ол мені ас үйіне шақырып алып, өзінен қалған
тамағын аузыма тосатын. Кейде ол мен бірер сағат ойнап кетсем,
Поллиді өзіне алып, бағатын. Бірде миссис Уинкшиптен «ит болып
үруші» деген кім деп сұрадым. Ол маған тауарды аралап жүріп, сата-
тын саудагер жалдайтын бала екенін түсіндірді. Ол бала тауары бар ар-
баны сүйрейді жəне өз қожасы базардан түрлі заттарды сатып алғанша
оны күзетеді, ал содан кейін өз затының атын айқайлап, айтып жүреді.
– Ал Сіз көрген «үретін» ең кішкентай бала қандай? – деп сұра-
дым.
– Қандай? Сенің иығыңнан ғана келетіндерін де көрдім. Гəп
бойда емес. Бастысы жақсы əуезді даусыңның болуында.
Миссис Уинкшип сатарман үшін құлаққа жағымды дауыспен
қатты айқайлап айта білудің қаншалықты маңызды екенін ұзақ
түсіндірді. Əр заттың атын атап, оны ерекше дауыспен айқайлап
айту керек екенін айтты. Көмір сатушылар олай, ал сүт сатушылар
былай айқайлайды.
Бұдан кейін менің даусым қандай осы деген сұрақ мазалай баста-
ғаны. Өгей шешем əжептəуір əнші деп саналатын. Мен одан бірнеше
əн үйреніп алып, жиі айтатынмын. Өзімше жаман емес тəрізді. Кім
білсін, менің даусым əнге жақсы болғанымен, балық туралы не-
месе қайдағы бір жемістер туралы айқаулауға жарамайтын болар.
Қалай болған күнде де менің өгей шешемнің тоқпағынан құтылғым
келеді, ал ол үшін «ит болып үруден» басқа амал таба алмадым. Мен
бірнеше рет біресе ана, біресе мына таратып сатушының даусына
салып көріп едім, бірақ айқайымның жақсы-жаманын біле алмадым.
Бірде Поллиді қолыма алып баспалдақта отыр едім. Ойға
батқаным сонша сəби қолымнан түсіп кетіп, баспалдақпен домалай
жөнелді. Миссис Берк оның айқайлап жылағанын естіп, маған қарай
жұлдыздай ұшты. Менің түсіндіргенімді де тыңдамай, тіпті бала-
ны да көтеріп алмастан шашымнан ұстап, бірнеше рет қабырғаға
ұрғылады. Ол құлағымнан шап беріп ұстап алмақ болып еді, мен
сытылып кеттім, бірақ ол менің жағымды тырнағымен осып түсті.
Содан кейін жұдырықтың астына алып, мұрнымды былшылдатты.
Мұнысы жаныма батты. Жұлқынып шығып, оның саусағын қыршып
алдым. Жанына батып айқайлаған ол мені босатып жіберді. Осыны
пайдаланған мен сытылып шығып, өкпемді қолыма алып, өзіміздің
шолақ көшені бойлап зытып бердім.
7-10-Б.
101
Сөздік
тілім
кусочек
құмыра
кувшин, ваза
өгей шеше
мачеха
қалпақ
шляпа
əйтеуір
лишь бы, как-нибудь
əлек
возня, хлопоты
уəде
обещание, уговор
зая
зря, напрасно
қабырға
стена
құрттай
крохотный, крошечный
жын
бес, злой дух
жылауық
плаксивый, слезливый
оңай
легко, легкий
зəрем ұшты
испугался
телпек
шапочка
жалаңаш
голый
соққы
побои
əзірлену
готовиться, собраться
шыдам
терпение
шағым
жалоба
жек көру
ненавидеть
үнемі
постоянно, всегда
алдамшы
обманчивый
реніш
досада, обида
сүйрету
волочить, тащить
гəп
смысл, значение
амал
способ, действие
өкпе
обида, огорчение
зыту
быстро уходить, бежать
102
өресі биік
мудрый, высокоразвитый
былғары қолғап
перчатки
сəнқой
модник (модница)
құлаққа жағымды дауыспен
очень приятным голосом
зыту
бежать
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
ЫМЫРТ
зат. Күн батқаннан оның қызылы тарағанға дейінгі аралық,
ақшам мезгілі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 394-бет.
УАТ
ет. 1. Баланың жылағанын қойғызу, жұбату. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 9-т. 434-бет.
ГӨЙ-ГӨЙ
зат. 1. Бір қалыпты сарын, дыбыс, үн. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 2-т. 680-бет.
ШАБЫН
ет. Буырқанып-бұрсану, қатты қайрат көрсетіп долдану,
шамырқану. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 79-бет.
ПЫСҚЫРЫП ТА ҚАРАМАЙДЫ.
Көзге ілмейді, керек те қылмайды.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 25-бет.
БАРҚЫРА
ет. Жағымсыз жуан дауыс шығару. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 2-т. 104-бет.
ЗІЛДЕН
ет. Зіл тастау, ызғарлану. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
4-т. 412-бет.
ЗƏРЕ
зат. Үрей, қорқыныш. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т. 376-
бет.
СІЛІКПЕ:
Ауыс. Əбден қалжырады, титықтады. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 8-т. 512-бет.
ЗЫМИЯН
сын. Сұм-сұрқия, залым, қу. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 4-т. 680-бет.
СЫБАҒАСЫН АЛДЫ (БЕРДІ).
Көресісін көрді, сазайын тартты.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 436-бет.
САТАРМАН
зат. Сатушы адам, саудагер. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 8-т. 200-бет.
ШОЛАҚ
Қысқа, ұзын емес, келте. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
10-т. 247-бет.
ҚЫРШЫ
ет. Тістеп жұлып алу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-т.
14-бет.
103
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
ЖЫНЫНА ТИДІ // ЖЫНЫН КЕЛТІРДІ
Ашуын келтірді, ызалан-
дырды.
ӨКПЕСІН ҚОЛЫНА АЛЫП ЖЕТТІ // ЖҮГІРДІ
Бар пəрменінше
жүгірді, асыға-үсіге жүгіріп жетті.
ЗƏРЕ-ҚҰТЫ ҚАЛМАДЫ, ЗƏРЕСІ ҰШТЫ (ЖОҚ), ЗƏРЕ ҚАЛМА-
ДЫ, ЗƏРЕСІ ЗƏР ТҮБІНЕ ЖЕТТІ
Қатты қорықты, жүрегі ұшты, үрейі
қашты.
БАСЫНАН СЫРЫҚ (ТАЯҚ, ТОҚПАҚ, ҚҰРЫҚ) КЕТПЕДІ
Қысым
көрді, таяқ жеді, аяқ асты болды.
СЫТЫЛЫП ШЫҚТЫ
Құтылып кетті.
ТАЯҚҚА ЖЫҚТЫ
Ұрып-соғып тастады.
СЫБАҒАСЫН (БЕРДІ, ЖЕДІ) АЛДЫ
Сазайын тартты, жазасын
алды.
ЖҰЛДЫЗДАЙ АҚТЫ (ҰШТЫ)
Қатты жүгірді, оқша атылды.
ШАП БЕРДІ
Тарпа бас салып, тұра ұмтылды.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Кеңесбаев І.К.
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Джиммидің қарындасының аты кім?
2. Джиммиге түнде кім маза бермейді?
3. Полли түнде ұйықтамаса, Джимми не істейді?
4. Полли далаға шыққанда басына не киеді?
5. Ол Поллиді жұбата алмаса, өгей шешесі Джиммиге не істейді?
6. Əкесі Джиммиді не үшін мешкей дейді?
7. Өгей шешесі Джиммиді неге жиі ұрады?
8. Ол неге өгей шешесін жек көрді?
9. Джимми не үшін əкесіне жұмыс істегісі келетін айтты?
10. Миссис Уинкшип кім?
11. Миссис Уинкшип Джиммиге оның əке-шешесі туралы не айтатын?
12. Ол Миссис Уинкшиптен не жайында сұрады?
13. Джиммиді қандай сұрақ мазалай бастады?
14. Ол Поллиді не үшін құлатып алды?
15. Полиді құлатқаны үшін миссис Берк не істеді?
16. Өгей бала үйінен не үшін қашып кетті?
104
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз.
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгімеден төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
1. Джимми Полиді жұбату үшін не істейтін?
2. Джимми əкесіне қандай шағым айтты?
3. Базардағы балалар қандай жұмыс істейді?
4. Əңгімеден синонимдерді табыңыз.
ҮЛГІ:
• Кішкентай, кіп-кішкентай, жұдырықтай, қаршадай, кішке-
не, бармақтай, құйттай, құйтымдай, құртымдай, құйтақандай,
құртақандай, құрттай, қылаудай, қылдай, қылдырықтай, қарашықтай,
оймақтай, тырнақтай. Көлемі үлкен емес, тым ұсақ, бір жапырақ.
• Ымырт, іңір, апақ-сапақ, намазшам. Күн батып, қараңғы түскен ала
көлеңке кез.
• Мешкей, жалмауыз, тойымсыз, обыр, құзғын қарам. Тамақты мей-
лін ше көп жейтін, тойымсыз.
5. Əңгімеден омонимдерді табыңыз.
ҮЛГІ: Біз, бос, ақ ...
БІЗ І – ІІ
БІЗ І
зат. жұмсақтау нəрсені тесу үшін жіңішке қатты істіктен жасаған
сабы бар сайман.
БІЗ ІІ
ес.
6. Асты сызылған сөздермен сөйлем құраңыз.
105
Джеймс ГРИНВУД
ӨГЕЙ БАЛА
повесть
Астана, 2002. -144 бет.
Орыс тілінен аударған: Ризабек Əдуов
СМИТФИЛД БАЗАРЫНДАҒЫ КЕШ.
МАҒАН ТӨНГЕН ЗОР ҚАУІП
Миссис Берктің мені қуған-қумағанын білген жоқпын. Көшемен
зытқан бойы тіпті артыма да қараған емеспін. Кір жуушы миссис
Уинкшип мені көріп, үлкен бір қауіптен қашып бара жатқанымды
түрімнен сезіп, маған айқай салды:
– Жүгір, Джимми, жетпесін десең, тезірек жүгір.
Шолақ көшеден Тернмилл көшесіне құстай ұшып, одан Смит-
филд базарына қарай бұрылдым. Ашық жерде мені миссис Берк
қуып жететінін, ал базардың бұрылыстары мен қалтарыстарынан
мені таба алмайтынын түсіндім.
Базар алаңы тыныш та, бос екен. Мен бұл алаңды жақсы білемін,
өйткені достарыммен мұнда талай ойнағам. Енді қазір балалардың
«Шошқа қатарына» баратынын еске түсіріп, тура соған қарай тарт-
тым. Мен бір жабық дүкеннің сəкісіне шығып, жан-жағыма қарадым.
Миссис Берктің қарасы көрінбейді. Қатты жүгіргеннен ентіккен
мен ыза мен ашудан еңіреп тұрмын. Көзімнің жасы миссис Берктің
тырнағы осып түскен бетімдегі жараның қанымен араласып жатыр.
Шашым дудырап кеткен, бас киім болса да жоқ, жалаң аяғыма батпақ
жабысқан, кеудешем жыртық пен жамаудан көрінбейді.
Алғашқы жарты сағатта миссис Берк бір жерде тығылып тұрып,
бір бұрыштан маған тап берер деген ойда болдым. Жан-жағыма
қарағыштап, əрбір сыбдырға құлақ түріп келемін.
Бірақ, уақыт өтіп жатыр, ал менің қас жауым көрінер емес. Ша-
малыдан кейін ептеп сабама түсіп, сағат төртті соққанын естіген соң,
енді не істейтінімді ойлай бастадым. Үйге бару керек пе? Жоқ, бұл
мүмкін емес. Ол мені өлтіреді. Енді ол маған ойына келгенін істей
алады: əкеме мен шайнап тастаған саусағын көрсетеді, ал əкем өзіңе
106
де сол керек дейді. Ал мен не деп ақталмақпын? Оның саусағын
шай нап алдым, бұл енді өрескел-ақ. Оның үстіне баланы да түсіріп
алдым. Маған тыныш отырып, баланы дұрыс ұста деген, ал мен
оны қолымнан түсіріп алдым. Ол жерде домалап қалды, тіпті қатты
соғылған да болар. Бейшара Полли. Ол құлағанда қатты айқайлады:
мүмкін оның сүйектері сынған шығар. Өгей шешем содан да мені
қумаған болар. Жоқ, үйге қайтуды ойлап та керегі жоқ.
Бірақ мен қайда бармақпын? Көше қараңғы. Шамдар жағыла
бас тады. Шошқамен қатар отыра беру жанға жайлы емес. Мен басқа
жаққа өтіп, жайғастым да өз жағдайымды ойластыра бастадым.
Өзіме тиген таяқтың көкесін есіме түсіріп, осындай жазаны
көтере алар ма едім деп, көз алдыма келтіріп отырмын. Кенет біреу
менің қолымнан түрткенде, басымды көтерсем, қолында екі пенсі
бар бір еркекті көрдім.
– Əй, сабалағым-ай, – деді ол жаны ашыған дауыспен, – ала ғой,
өзіңе нан сатып ал.
Есімді жинап үлгергенше, жүргінші көзден ғайып болды. Мен
оған алғыс айтып үлгерген жоқпын, алған ақшама тіпті қуанарымды
да білмедім. Ол маған жай ғана: «Міне, саған екі пенс!» – деп неге
айта салмады. Мені көбі «сабалақ» деп атайтын жəне мен оған ашу-
ланбайтын едім. Бірақ ол маған неге нан сатып ал деді. Мен бір
құдды қайыршыдай. Мен қадірімді кетірмейін деп, жаны ашыған
адам кеткен жаққа қарап, бар даусыммен қатты айқай салдым:
– Нан сатып алмаймын! Ойыма не келсе соны сатып аламын!
Сөйтіп мен өзіме садақа берген адамға қасақана істейін деген
батыл ниетпен жүріп кеттім. Жолда кездескен тоқаш дүкендерін
əдейі көзге ілмей, тек тəтті тағамдар туралы ойлап келемін. Сөйтіп
мен тосап сатылатын шағын дүкенге де келіп жеттім. Бірақ əрбір
банкісінде бағасы жазылған жазу бар. Маған əсіресе өрік тосабы
бар банкі дəмді де тəтті көрінді. Банкіде «Əр фунты 18 пенс» деп
жазылған. Мен саусағымды бүгіп санай бастадым: осы тосаптың
2 унциясы 2 пенс 1 фартинг тұрады екен. Ал менің бір фартингім
жетпейді. Бірақ мен екі пенске тосап сұрай аламын ғой. Екі пенс көп
дүние, мол ақша, қайдағы бір жарты пенс емес қой.
– Маған екі пенске тосап беріңіз! – деп өз-өзіме қайталап, дүкен
есігіне қарай батыл қадам бастым. Табалдырықтан аттай бергенім
сол еді, құлақшекеден біреудің қондырғаны.
– Кет əрі! – деп айқай салды кəрі қожайын əйел. – Мен он
минөттен бері сені қадағалап тұрмын, кəззап ұры.
|