Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4.19 Kb.

бет7/14
Дата15.03.2017
өлшемі4.19 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ  СӨЗДІК
ТАСҚА БАСЫЛДЫ
  көне. Типографиялық əдіспен басылып шықты, 
жарық көрді. 
АҒЫНАН (АҚ) ЖАРЫЛДЫ
  Еш нəрсені жасырмады, ішіне еш сыр 
бүкпей, ашық айтты, бар сырын ақтарды.
АУЫЛ-АЙМАҒЫМЕН (БОТА-ТАЙЛАҒЫМЕН)
 Баршасы түгел. 
СУЫҚ СӨЗ // ХАБАР, СЫБЫС
 Жағымсыз, жаман хабар, алып 
қаштысы бар қауіпті əңгіме. 
ҚАЙРАН ҚАЛДЫ
 Таңданды, таңырқады.
ҚОЛДЫ  БОЛДЫ
  Ұрланды.
ҚУАНЫШЫ ҚОЙНЫНА СЫЙМАДЫ
 Қатты сүйінді, қуанғаннан 
жүрегі жарылып кете жаздады.
КӨЗІ ІЛІНДІ (ІЛІКТІ)
 Ұйқыға кетті, ұйықтап кетті. 
ЕКІ ДҮНИЕ
 Діни ұғымда екі дүние бар деп есептейді: бірі тірліктегі 
кез,  бұл – жалған дүние, екіншісі, адам өлгеннен кейінгі кез, бұл – шын 
дүние. 
КӨЗІ ТІРІСІНДЕ
 Ажал жетіп өлмей тұрғанда, аман-сау күнінде.
ТІС ЖАРМАДЫ //  ТІС ЖАРЫП СӨЗ (ТІЛ) ҚАТПАДЫ // ТІС ЖА-
РЫП СӨЗ АЙТПАДЫ
  Үн-түнсіз қалды, үндемеді, лəм-мим демеді. 
АЯҒЫНА ЖЫҒЫЛДЫ
   Алдына барып жығылды, кешірім сұрады. 
ЖАР САЛДЫ
 Жария етті, хабар таратты. 
ҚҰДАЙДЫҢ (ҚҰДАНЫҢ) ҚҰДІРЕТІ
  діни. Алланың əмірі, тəңірдің 
күші сияқты діни ұғымды білдіреді. 
6–1151

82
БАС КӨТЕРЕР // БАС КӨТЕРГЕН АДАМЫ  // АЗАМАТЫ, КІСІСІ
  
Қолынан іс келер,  басшылық ете алар.
ЖЕЛІНІ ЖЕР  СЫЗАДЫ
  Сүтті, желіні үлкен сиыр.
ҚАРАСЫ КӨРІНБЕДІ
  Көзге түспеді, нобайы көзге шалынбады. 
КӨЗГЕ ҰРДЫ
   Бетке басты.
БАС-ТЕРІСІ КЕЛІСПЕГЕН
 Бет əлпеті, пішімі келіссіз, ұсқынсыз. 
АУЗЫ АҚҚА ЖАРЫМАДЫ
 Тоймады, тимеді; ақты, айран-сүтті көп 
ішпеді, аққа тойынбады. 
ЖАБУЛЫ ҚАЗАН ЖАБУЛЫ КҮЙІНДЕ
 Сырды жасырды, шетке сыр 
білдірмей, не болса да өзі біліп қоя салды, істі əрі қарай  қоздырмады. 
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  Кеңесбаев І.К. 
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Əңгіме не жайында?
2. Оған хат қайдан келді?
3. Хатта не туралы жазылған?
4. Хатты кім жазған?
5. Көк тайыншаны кім ұрлады?
6.  Уақиға қалай болған?
7. Көк тайыншаның ұрланғанын кімге хабарлады?
8. Милиционер не үшін келді?
9.  Кіші лейтенанттың аты кім?
10. Милиционер кімнің үйіне келді?
11. Милиционер шалдың үйіне неше рет келді?
12.  Милиционер оларға қандай сұрақтар қойды?
13. Шал не деп жауап берді?
14. Кемпір не деп жауап берді?
15. Ұрылар қандай затты ұмытып кетті?
16. Ұрыны кім тапты?
17. Қамшының иесі кім екенін қалай білді?
18.  Ұры кім?
19. Шалдан кім кешірім сұрады?
20. Ол шалға қандай зат берді?

83
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз.
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3.  Əңгіме бойынша көк тайыншаның  жасы, түсі, белгілері тағы 
басқа ерекшеліктері жайында суреттеп беріңіз. 
4. Əңгіме бойынша ұрының мінез-құлқын, əдеті туралы айтыңыз.
5.  Əңгімеден омоним сөздерді тауып жазыңыз. 
ҮЛГІ: Құрт, қара, күй,  жаз, жар .... 
ҚҰРТ І – ІІ
Құрт І
   зат. қатықтан (сүзбеден) əртүрлі формада жасалып, кептірілген 
сүт тағамы.
Құрт  ІІ
  зат. денесі ұзынша, жұмыр, ирелеңдеп жүретін, омыртқасыз 
жəндік.
6. Əңгіме бойынша шалдың  мінез-құлқын  суреттеп беріңіз. 
7. Əңгімеден синоним сөздерді табыңыз. 
Үлгі: 
• Уайым, қайғы, күйік, мұң, шер,  қасірет, зар, қамырық, құса, қапа, 
қам, аза, қаяу, құса-мұң, күйініш, күмірем көне.
8. Мəтіндегі асты сызылған сөздердің қарама-қарсы мағынасын 
табыңыз.
9. Əңгімеден  төмендегі  сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
 
1. Ұры сиырды қай жерде жəне  қайтіп сойды? 
2. Тағалы аттың ізі қай жерге түскен? Ұры нешеу?
3.  Шал  бала кезінде бастауды  қалай атайтын?
ОРАЛХАН  БӨКЕЕВ
( 1943-1993) 
Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ау-
ылында туған. Ол көрнекті жазушы, драматург.  Қазақстан Ленин ком-
сомолы сыйлығының (1976), Н. Островский атындағы  Бүкілодақтық 
əдеби сыйлығының (1978) жəне Қазақстан  Мемлекеттік сыйлығының 
лауреаты (1986). Оның негізгі шығармалары: «Қамшыгер» (1970), 

84
«Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным» (1973), «Мұзтау» (1976), 
«Əн салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің 
жақта қыс ұзақ» (1984) əңгімелер мен повестер жинағы, «Өз отыңды 
өшірме» (1983), «Атау кере» (1991) романдары, «Құлыным менің» 
(1974), «Текетірес» (1976), «Қар қызы» (1982), «Зымырайды поез-
дар» (1984) пьесалары, т.б. бар. О. Бөкеевтің шығармалары бұрынғы 
КСРО жəне көптеген шет ел халықтары тілдеріне аударылған.
Шығармаларына адам бейнесі, оның іс-əрекетін əлеуметтік-
қоғамдық жағдайлармен астастыра, реалистік-романтикалық таби-
ға 
тын қанық беру тəн. О. Бөкеев өз қатарынан айқын даралық 
стилімен көрінген суреткер. 
   

85
Джеймс ГРИНВУД  
ӨГЕЙ БАЛА
повесть 
Астана, 2002. -144 бет.
                                                                                          
Орыс тілінен аударған:  Ризабек Əдуов
ӨГЕЙ ШЕШЕ
Мен жетіммін. Алтыға толған кезімде шешем қайтыс болып, 
іле-шала əкем басқа біреуге үйленген. Өгей шешем ашушаң, ке-
ренау жалқау, бірақ қулығына құрық бойламайтын əйел еді. Жұрт 
оны миссис Берк деп атайтын. Мені ол күні бойы ауыр жұмыспен 
титықтататын, бала уатқызып, құдықтан су тартқызатын, үй ішін 
жинатқызып, дүкенге зыр жүгірткізетін жəне тамаққа бір тойғызбай, 
аш құрсақ ұстайтын. Əкей күн сайын ертеңгісін үйдің оны-мұнысына 
деп ақша қалдыратын, бірақ онысы арақтан артылмайтын-ды, 
өйткені шешем маскүнем, арақсыз күні жоқ болатын.
Əкейді алдау үшін мені дүкенге жұмсап, тиын-тебенге көп жа-
тып қалған, талғажау етуге де татымайтын сүйек-саяқ алдыратын да: 
«бұл біздің түскі асымыздан қалғаны!» – деп қарап отыратын.
Əкей бұл үйге тек кешкілік бірақ оралады. Ол шалқыған бір бай 
көкөнісшінің базардағы сатушысы болатын – сөйтіп, күн ұзағына 
қатты шаршайтын.
Оған кешкілік ас əзір тұратын, ал мен көбіне таңсəріден бір тілім 
наннан басқа ештеңе татпайтын болғандықтан, бір кесім ет жегім 
келіп құлқыным құрып тұратын. Өгей шешем маған əкемнің өз ыды-
сынан бірдеңе салып бергенін көрсе, бірден өтірікті соға жөнелетін.
– Жан серігім, Джеймс, – дейді ол, – балаға тамақ бермей-ақ қой. 
Ол асқа бөгіп, ауырып қалар. Тамақсау – өзі. Бүгін түскі аста мен 
оған қойдың етінен үш рет лекілдете салып бердім. Ол үш адамға 
əбден жетер еді.
– Өй, оңбаған! – деп даусын көтереді əкем. – Айналсоқтап 
шықпай, бір ай бойы тісіне ет тимегендей, кісінің аузын бағады. Бар, 
ұйықта, мешкей неме. Əйтпесе таяқ жейсің.
Аш құрсақ күйімде ұйқыға кетемін. Ақталуға да дəрменім жоқ. 

86
Бірде мені өгей шешем оңдырмай алдап соқты. Оған бір əйел 
қонаққа келген. Сөйтіп олар екеулеп əкемнің түскі асы мен кешкі 
асқа тастап кеткен бар ақшасын ішімдікке салсын. Қонақ кетіп, аз-
дап есін жинағаннан кейін өгей шешем сасайын деді: егер əкем үй 
ішінің тамақсыз қалғанын білсе, оңдырмайтыны анық. Оның үстіне 
бір жерден əкемнің асына ақша табу керек. Бірақ, қайдан?
Ол жылап-сықтап, аянышты дауыспен сарнай бастады.
– Жазған басым, мен сорлы енді не істеймін? – деп еңірейді. 
– Қазір əкең келіп қалады, қарғам Джимми. Ет сатып ала қоятын 
ақшам жоқ менің. Неммен тамақ жасай қояйын. Соққыға жығады 
ғой мені. Жазған басым бағы ашылмаған сорлымын ғой.
Оның көз жасы мені тебірентіп, «қарғам» деген жылы сөзі 
жүрегімді елжіретіп жіберді. Мен өгей шешеме жақындап келіп, оны 
жұбатып, қандай көмек керегін сұрадым.
Сен мұны айтып қана тұрсың ғой, Джимми, – деді ол, – ал 
ойлағаның басқа. Əрі мені аямайтының да рас, мен сені еркелеткен 
емеспін. Шіркін, осы қырсықтан бір құтылсам, мен сені саусағымның 
ұшымен де түртпес едім.
Өгей шешемнің мүлəйімсіп, кінəсін мойнына алғаны мені одан 
əрі қатты тебірентті.
– Сіз маған қандай көмек керек екенін айтыңызшы, мен бəрін де 
істеймін, – деп аптыға сендіріп жатырмын.
– Əрине, маған көмектесуге болады, сүйікті Джимми, бірақ менің 
оны сұрағым жоқ. Міне, саған біржарым пенс, қалай жұмсасаң да 
еркің.
Миссис Берктің жомарттығы мені таң қалдырды. Енді мен оған 
қандай көмек керегін сұрап, бəйекпін.
– Иə, жаным, байқайсың ба, – деді ол, ақыр соңында, – менің 
саған ақша бергенімді, кішкентай қарындасыңа дəрі сатып алу үшін 
сені дəріханаға жұмсады деп əкеңе айта аласың ба? Ал сен сол 
ақшаны жоғалтып алдым деп айта аласың ба? Бұл қиын емес қой, 
Джимми.
–  Ал, əкем мені сойып салса қайтемін?
– Жə, достым. Ол бола қоймас. Мен осында боламын ғой. Мен 
алпамсадай біреу саған тап беріп, сені итеріп жіберіп, ақшаңды тар-
тып алып, қашып кетті деймін əкеңе. Ал сенің еш кінəң жоқ қой. 
Əкең сені ұрмайды, соған сен. Ал енді бар, қыдыр, өзіңнің біржарым 
пенсіңе қалағаныңды сатып ал.

87
Көңілім күпті болғанымен мен кете бардым. Бұл кеште мен үйге 
əдейі асыққан жоқпын. Өгей шешем жоғалған ақшаның тарихын 
əкеме айтып үлгерсін деймін.
Мен үйге кіргенде əкем есіктің жанында белбеуін ұстап тұр екен.
– Мында кел, сұм неме! – деп айқайлаған əкем менің құлағыма 
жармасты. – Менің ақшамды қайда құрттың? Айт, жаныңның барын-
да?!
Мен оны жоғалтып алдым, пап! – дедім зəрем ұшып. 
Жалбарынған күйі миссис Беркке қарап қоямын. Маған ара түсер 
деп тұрмын.
– Жоғалттың? Сонда оны қайда жоғалттың?
– Мен Поллиге дəрі алмақ боп бара жатқам, ал дəу бала маған тап 
беріп, оны қолымнан тартып алды.
– Сонда мен сенің ертегіңе сенеді деп ойлайсың ба? – деп ашудан 
қалшылдап кеткен əкем айқайға басты.
Əкемнің маған сенбегеніне аса таңданған жоқпын, бірақ өгей 
шешем сөйлеп қоя бергенде жағамды ұстадым.
– Иə, маған да осы өтірігін айтқан. Ал енді, Джеймс, оның осы 
уақытқа дейін қайда сандалып жүргенін, алжапқышындағы ана май-
лы дақтың қайдан екенін сұрап көрші.
Шынында да менің алжапқышымда өзім біржарым пенске сатып 
алып, қарық болған майлы самсаның дағы қалған.
– Қандай зымиян, ұрысың! – деп айқайлады əкем. – Сен менің 
ақшамды ұрлап, өз қарныңды күйттеп жүр екенсің ғой.
– Иə, мен де  солай болар деп ойлаймын, Джеймс, – деді сұрқия 
қатын, – дұрыстап тұрып сазайын тарттыршы.
Əкем қалың былғары белбеуімен дүрелеп болғанша ол осы жер-
ден тапжылған жоқ. Шамам келгенше ақша жөніндегі бүкіл оқиғаны 
бақырып айтқан болдым, бірақ ол мені тыңдамай, қолы талғанша 
дүреледі. Дүрелеп болған соң мені қараңғы бөлмеге қамап, жарым 
күнге дейін ұстады. Сол кезде өгей шешемді қалай жек көрдім 
десеңші. Ашудың қысқаны сонша, қызыл-жоса таңбаларды да еле-
ген жоқпын.
Əкем осы алдамшы əйелге көзсіз сеніп, оны туған анаңдай сый-
ла деп талап ететін менен. Бірде ол əлдебір жас жігітті ертіп келіп, 
мені бір бөтелке ромға жұмсаған. Мен ромды əкелген соң, қонақ оны 
стақандарға құйды да əкем мен өгей шешемнің денсаулығы үшін, 
оларға зор бақыт тілеп іше бастады. Бұл мені таңдандыра қойған 

88
жоқ, сөйтіп бөлмеден шығуға ыңғайлана бергенімде əкемнің мені 
тоқтатқаны.
– Мында кел, Джим, – деді ол, – мына отырған кісіні көріп 
тұрсың ба?
– Əрине, көріп тұрмын, – деп жауап бердім, – бұл менің өгей 
шешем, миссис Берк.
– Оны өгей деп атаушы болма. Ол саған өгей шеше емес! – деп 
айқай салды əкем.
– Ал сонда ол кім?
– Ол сенің анаң, міне, солай атауың керек. Жəне оны туған 
анаңдай аялауың керек. Бар, тап қазір оны бетінен сүй.
Əкемнің сөзінің еш сөкеттігі жоқ, бірақ оны естіген мен 
кемсеңдеп жылай бастадым.
– Айтыңдаршы осы, мына жексұрын несіне қыңқылдайды? – деп 
айқайлады əкем.
– Қойшы соны, серігім, – деп араласты өгей шешем. – Бұл бір 
қыңыр бала... Əрі өзің де білесің ғой, оның қандай жексұрын екенін.
Мен одан əрі барқырап жылауға кірістім, өйткені марқұм анамды 
жанымдай жақсы көретінмін. Оның үстіне зымиян, алдамшы əйелді 
анам деп жатудың өзі жаныма бататын.
Əкем ашуланып, үстелді қойып қалды.
– Жə, балаға тиісе берме! – деді қонақ. – Қаншаға келді өзі, 
Джеймс? – деп сұрады əкемнен.
– Жетіге шықты.
– Е, онда жақында-ақ өз нанын өзі тауып жейтін болыпты ғой.
– Əлбетте, əлбетте. Баяғыда-ақ жеткен! – деп қыстырылды өгей 
шешем. – Əне қара, зіңгіттей емес пе. Ақша табатын кезі жетті. Бос 
сенделуі жетер.
– Ол онсыз да жұмыс істеп жүр ғой, – деп жақтырмай тіл қатты 
əкем. – Ол күні бойы Поллиді бағады.
– Жұмыс болғанына. Кіп-кішкентай баланы қолына алып уат-
қаны ма, оны жалғыз тастап кетіп, балалармен ойнап кететіні ше?
– Ал мен сіздерге айтайын, – деді қатқыл үнмен қонақ, – дүниеде 
бала күткеннен асқан азап жоқ. Менің өзімді де осындай жұмысқа 
жеккен мен одан алғашқы мүмкіндік болған кезде-ақ құтылғам. Бұл 
үшін тіпті ит болып үруге де тура келген.
Осы сөздерді айтқан кезде жанашыр қонақ менің қолыма бір 
пенниді білдірмей ұстата қойды. Өз ақшамды тезірек жұмсағым 

89
келіп, тезірек тайып тұрсам деп, үлкендердің əңгімесіне құлақ түруді 
қойдым. Бірақ жас жігіттің ит болып үру туралы сөзі ойыма əбден 
қалып қойыпты. Мен бала баққаннан гөрі ит болып үруге оңай көнер 
едім. Бірақ менің үргенім кімге керек? Кейде мен шопандардың 
қойды отарымен айдағанын, ал балалардың оған отарды иіруге қалай 
көмектесетінін, сол кезде олардың ит болып үргенін көргенмін. Бірақ 
мен осындай шаруаға ақша төлейтінін ойлаған да емеспін. Шопанға 
ит болып үру үшін балаларды жалдаудың керегі не? Оған иттің өзін 
ұстау арзан емес пе? – деп ойлаймын. Бірақ қонақ бала уатқаннан ит 
болып үрген жақсы деді. Ал ол менің тұрмысым ауыр, əкем басым-
нан сипамайтынын, зұлым өгей шешемнің мені қалай қинайтынын 
білмейді, əлі. Бала уату оған ұнамаса, бұл мен үшін нағыз азаптың 
өзі болатын.
3-6-Б.
                                        
Сөздік
өгей
неродной
жетім
сирота
шала
наполовину
үйлену
жениться
ашушаң
раздражительный,  вспыльчи-
вый
жалқау
лентяй
қулық
хитрость, обман
құрық
курук (петля для ловли лоша-
дей)
жұрт
общественность, публика
титықтау
замориться, размариваться
уату
успокаивать, утешать
құдық
колодец
тарту
тянуть, тащить
жинау
собирать, убирать

90
жүгіру
бежать, бегать
тойғызу
накормить досыта 
аш
голодный
ұстау
держать 
ертеңгі
завтрашний 
оны-мұны
то-сё
қалдыру
оставить
мас
пьяный
алдау
обманывать
жұмсау
поручить, послать за чем-нибудь
түс
полдень
ас
пища, еда
кешкі
вечерний
оралу
возвращаться, вернуться
шаршау
утомиться, устать
əзір
готовый
көбіне
в основном, чаще всего
оңбаған
непутевый, бессовестный
мешкей
обжора, ненасытный
ақталу
оправдываться, откупиться
дəрмен
сила, мощь
екеулеп
вдвоем
сасу
теряться, прийти в замешатель-
ство
ес
разум, рассудок, память
анық
ясный,  очевидный,  достоверный          
аяныш
жалость, жалко
сорлы
бедный, бедняга
еңіреу
рыдать, плакать 
соққы
побои, удар

91
жас
слеза, слезинка
тебірену
взволноваться
елжіреу
размякнуть, расстаять (о сердце)
жұбату
утешать, успокаивать
еркелету
баловать
қырсық
неприятность, беда
құтылу
избавиться, спастись 
түрту
ткнуть, толкнуть
мүлəйім
смиренный 
аптығу
запыхаться,  торопиться, запи-
наться в словах
сендіру
уверить, убеждать, внушать
еркін
вольно, вольный
жомарттық
щедрость
байқау 
следить, быть осторожным, 
пробовать (о силе)
ақыр
последствие 
асығу
торопиться, спешить 
көңіл
настроение
үлгеру
успеть, успевать 
белбеу
пояс 
сұм
хитрый, ловкий, коварный 
құрту
уничтожать,  истреблять
зəре
испуг, страх 
күй положение, 
состояние
ара түсу
 вмешиваться, поддерживать 
чью-либо сторону
дəу
большой, огромный 
ашу
гнев, возмущение, злоба
жақ
щека, сторона, край                  
сандалу
болтаться, бродить 

92
алжапқыш
передник, фартук                  
дақ
пятно, ссадина, отпечаток 
ұрыс
ругань, ссора
шама
сила 
таңба
метка, клеймо, знак 
елегізу
тревожиться, насторожиться
елеу
заметить, обратить внимание
таңдану
удивляться, изумляться, уди-
виться 
жексұрын
противный, ненавистный 
қыңқылдау
хныкать, ныть
араласу
вмешиваться 
қыңыр
упрямый 
əлбетте
конечно
зымиян
хитрец, плут
дүре
телесное  наказание
үн
голос, звук
мүмкіндік 
возможность,  шанс
құтылу
избавиться, спастись
үру
лаять
зұлым
злодей, насильник
азап
мука, страдание, терзание
шопан
чабан
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС 
КЕРЕНАУ
  сын. Жайбарақат, енжар, самарқау. Қазақ тілінің түсін-
дірме сөздігі.  4-т. 633-бет. 
ҚҰРЫҚ
  зат. Жылқыны ұстау үшін, ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын 
сырық. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т.  522-бет.   
Қулығына құрық бойламас.
 Нағыз ала аяқ, қу, сұм. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі.  6-т.  400-бет.

93
АШ ҚҰРСАҚ
  Тамақ ішпеген, аш қарын. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 6-т.  515-бет.
ШАЛҚЫ
  ет.  2. Ауыс. Мол болу, жер-көкке симай асып-тасу. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 117-бет.
БӨГІП
 ет. Ауыс. Тамақты (жемді) қалыптан тыс артық жеу; шеміршек 
ату. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 2-т.  399-бет.  
ДƏРМЕН
 ир. зат. Күш-қуат, шама. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  
3-т.  82-бет.
ОҢДЫРМА
 ет. Рақым етпеу, аямау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 
7-т. 435-бет.
БАҚ
 ир. зат. Бақыт, талай. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т. 48-
бет.
МҮЛƏЙІМСІ
  ет. Дым білмегенсіп мүсəпірсу, момақансу. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі.  7-т.  267-бет.
БƏЙЕК:
 бəйек болды. а) Жаны қалмай құрдай жорғалады, қыз мет етіп, 
ілтипат көрсетті. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т . 186-бет.
АРА ТҮСТІ
 Ара тұрды, айырды, арашалады. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 1-т.  303-бет.
ҚАРЫҚ БОЛДЫ
 Бір нəрсеге жарыды, кенеліп қалды, жетісті. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т.  114-бет.
ДҮРЕЛЕ
 ет. Дүре соғу, ұрып жазалау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  
3-т. 215-бет.
ҚЫСТЫРЫЛ
. ет.  Ауыс. Өзіне қатысы жоқ іске орынсыз араласу.   
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-т. 27-бет.
ЗІҢГІТТЕЙ
 сын. Дардай, соқталдай, еңгезердей. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 4-т. 413-бет. 
ЗҰЛЫМ
 сын. Залым, сұм, сұрқия, жауыз. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 4-т . 403-бет. 
УАТ
 ет. 1. Баланың жылағанын қойғызу, жұбату. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 9-т . 434-бет. 
СӨКЕТТІК
  зат. Ұяттық, ерсілік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 
364-бет. 
                   
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК 
ҚУЛЫҒЫНА ҚҰРЫҚ БОЙЛАМАЙТЫН
 Нағыз ала аяқ, қу, сұм. 
ЖАҒАМДЫ ҰСТАДЫМ // ЖАҒАСЫН ҰСТАДЫ
 1. Таңдан ды, ай-
ран-асыр болды.
2. Қатты түңілді, күдер үзді, жерге түкірді.
АШУ БИЛЕДІ (БУДЫ; ҚЫСТЫ; КЕРНЕДІ; ШАҚЫРДЫ)
  Ашуы 
келді. Ызалана қаны қайнай, ызалы ренішпен бұлқынды, булықты, долдан-
ды, қаһарға мінді, буырқанды-бұрсанды. 
ҚҰЛҚЫНЫ ҚҰРЫДЫ
  Ындыны ауды.

94
ТАЯҚ ЖЕДІ // ТИДІ
  Өмір соққысын көрді, ұрыс, сөгіс есітті, беті 
қайтты. 
АЛДАП ҰРДЫ // СОҚТЫ, ТҮСІРДІ
 Алдандырып отырғызып кетті, 
қызықтырып жолдан тайдырды.
СОҚҚЫ (ТАЯҚ) ЖЕДІ, СОҚҚЫ КӨРДІ
  Зорлық көрді, тойтарыс 
алды.
БАҒЫ АШЫЛДЫ
  Маңдайы ашылды, ырысы тасыды.
ӨГЕЙ БАЛА
 (қыз, ұл)  Өзінен тумаған бала.
ӨГЕЙ АНА (ШЕШЕ)
 Баланың тумаған шешесі. 
ҚҰЛАҒЫН ТҮРДІ (САЛДЫ, ТОСТЫ, ТІКТІ, ҚОЙДЫ)
 Көңіл 
қойып тыңдады, зейін қойды, елеңдеді, елегізи тыңдады, құлағына құйып 
алды.
КҮН БОЙЫ // КҮН ҰЗАҚ (ҰЗАҚҚА, ҰЗЫН)
 Ертеден қара кешке 
дейін.
ЖҮРЕГІ ЕЛЖІРЕДІ // ЖҮРЕГІ ЕРІДІ (ЖЫЛЫДЫ, ЖІБІДІ)
 Жаны 
ашыды, көңілі түсті, аяды, мейірленді.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Кеңесбаев І.К. 
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.  Джимми  неше жасында жетім қалды?
2.  Джиммидің өгей шешесі кім?          
3.  Өгей шешесі қандай адам болды?
4.  Əкесі қайда жұмыс істейді?
5.  Джиммиді кім алдайды?
6.  Миссис Берк Джиммиге не үшін біржарым пенс берді?
7.  Өгей шешесі берген ақшаны Джимми неге жұмсайды?
8. Оған  өгей шешесі əкесіне ақшаны қайда жұмсадым деп айт деді?
9.   Джиммиді əкесі не үшін ұрды?
10.  Əкесі ұрған кезде өгей шешесі оған ара түсті ме?
11. Оның қарындасының аты кім?
12. Джиммиге əкесі кімді бағуды тапсырды?
13. Өгей шешесі Джиммиді жақсы көрді ме?
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз.
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгіме бойынша миссис Берктің мінезін-құлқын суреттеп 
беріңіз.    


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал