Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4.19 Kb.

бет10/14
Дата15.03.2017
өлшемі4.19 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

119
–  Бірақ бұл оған тиімді болмаса керек, Моулди, –  деді күліп оның 
досы. – Жоқ, бұл баланың ұрып-соққаннан қашқанына сенбеймін. 
Ол бірдеңе ұрлаған немесе бірдеңені өртеп жіберген шығар. Бірақ 
біз айтып қояды деп қорқады. Бұл түсінікті де, өйткені ол бізді 
білмейді ғой.
Осылай əңгімелесе отырып, біз тез жүріп келеміз. Дегенмен біз 
жиі тоқтай да береміз, өйткені Моулдидің аяғынан үлкен етігі түсіп 
қала береді. Мен өмірімде көрмеген бұралаң да ирелең көшелермен 
келеміз. Тіпті күндіздің өзінде мұндай көшелермен жүру оңай емес. 
Ал қазір түн, көзге түртсе көргісіз тас қараңғы, бірақ мен қадам 
басқан сайын үйден алыстап бара жатқанымды сезіп келемін. Менің 
үйдегі өмірім итке бергісіз, ал жаңа серіктерімнің айтуына қарағанда 
оны тастап кеткен мен ақымақпын. Мен өкіне бастадым, сөйтіп 
көзіме жас үйірілді. Біз одан əрі жүріп келеміз, сөйтіп ақырында шам 
жарығы мол, кең көшеге шықтық.
Вестминстр –  ағылшын королдігінің ордасы.
15-19-б.
Сөздік
базардың тұсына 
около (возле) базара 
бұрынғыдан да қараңғы
темнее, чем раньше
ессіздік
глупо; глупость
сыбағамды беруге асыққаны 
сонша
так спешил меня наказать
бүтіндей
 целый  
толы себет
полная корзина
қиял
мечта, воображение
тығылғанын байқап қалдым
заметил,  как он спрятался         
гүл
цветок
жеміс
фрукт
ұйқыға кетер алдында
перед сном
қойбүлдірген
костяника

120
əжептəуір
довольно, достаточно
жар салу
оповестить                                           
мазақтау
обзываться, посмеиваться
шу көтеру
поднимать шум
əзілін жалғастырды
продолжил шутку
қолынан босанбақшы болдым
хотел  высвободиться (вырвать-
ся) из рук
серігіне
товарищу
желімше жабысып алып
привязался, пристал
үйсіз
без дома (без крыши)
оралу
возвращаться, возвращение
соққыға жыққанда
когда побил, когда наложил 
руки
қадам басқан сайын
с каждым шагом
салқын
прохлада
сыңғырлауық  дауыс
звонкий голос
жеміс сатпақпын
собираюсь (хочу) продать фрук-
ты 
өтімді
ходкий, ходовой (о товаре) 
бұрыш
угол 
қойма
склад 
қарсыласы
соперник, противник
шашымнан  жұлқып қояды
подёргивает за волосы
өзіңіз тартыңыз
сами  тащите
таңырқай  сұрады
спросил удивленно
батыл үнмен
уверенным (смелым) голосом
сыр
секрет
уəде
обещание       
жағдай
условие
жиі
часто
өкіне бастадым
начал жалеть

121
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
ЖАРМАС
 ет. Шап беріп ұстау, тырмысып айрылмау, жабысу. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 696-бет.  
ЖҰЛҚУ
 ет. Сілке тарту, жұлқылау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  
3-т. 215-бет.   
ЖЫМҚЫР
  Ауыс. Жасыру, тығып қою, ұрлау. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі.  4-т. 307-бет.  
БҮРІС
  ет. Құнысып, бір уыс боп қуырылу. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі.  2-т. 578-бет.  
ҰСАҚТЫҚ
 зат. Оншалықты маңызы жоқ, уақ-түйек, мəнсіз мəселемен 
шұғылданушылық. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  9-т.  495-бет.   
САБА
 ет. Ұрып-соғып жазалау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.  8-т. 
82-бет.   
БҰРАЛАҢ
 сын. Бұлтақ, ирелеңі мол, қисық-қисық. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі.  2-т. 536-бет.  
 
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
СЫБАҒАСЫН АЛДЫ // БЕРДІ  
 Сазайын тартты.  
ЖАНЫ КӨЗІНЕ КӨРІНДІ
  Қатты қиналды, ауырды.
ЖЫМҚЫРЫП КЕТТІ
 Ұрлады.
КӨЗГЕ ТҮРТСЕ КӨРГІСІЗ ҚАРАҢҒЫ
 Тас түнек қараңғы, жеті 
қараңғы түн. 
ТІЗЕ ҚОСТЫ
  Бірікті, ұйымшылдық көрсетті. 
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  Кеңесбаев І.К. 
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ  СҰРАҚТАРЫ
1. Өгей бала не үшін үйінен қашып кетті? 
2. Ол үйінен қашып кеткеннен кейін қайда барды? 
3. Өгей бала базарға келгеннен соң не істеді?
4. Ол  өзіне қандай жұмыс табуды ойлады?
5. Базарда оған бейтаныс балалар не үшін  тиісті?
6. Баланың жаңа таныстары кімдер?
7. Олар өгей баладан  үйінен неге қашқаны жөнінде  сұрады ма?
8. Оның жауабына  Рипстон мен Моулди сенді ме?
9. Жаңа таныстарымен ол қайда бет алды?

122
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз.
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3.  Əңгімеден төмендегі сұрақтарға қатысты  деректерді табыңыз. 
1.  Бала не сатуды үйренді? 
2.  Қойбүлдіргенді қалай сатты?  
3.  Сарыбасгүлді қалай сатты?
4.  Базарда Моулди оны  қайтіп мазақтады? 
4. Əңгімедегі асты сызылған сөздердің қарама-қарсы мағынасын 
табыңыз.
5. Əңгімеден синонимдерді табыңыз.
ҮЛГІ: 
• Тез, жылдам, шапшаң, шалт,  дереу, лезде, сəтте, заматта, демде, 
шұғыл, жедел, зəуметте, іле, əудемде, əндемде, əп-сəтте, қас-қағымда
6. Əңгімеден біріккен сөздерді тауып жазыңыз.
7. Əңгімеден омоним сөздерді табыңыз.
Үлгі:
Жар, біз, жай, жас.......
ЖАР І – ІV
Жар І
 зат. табиғат əсерінен (жел үрлеу, су шаю) пайда болған биік 
қабақ,  тік жаға.
Жар ІІ
 зат. некелі  ерлі-зайып,  жұбай, қосақ.
Жар ІІІ
 ет. балта т.б. құралдармен ағашты кіші бөлшектерге бөлу; 
жаңқалау. 
Жар  ІV
  зат. бұйрық, жарлық. 
                                                         
              

123
Джеймс ГРИНВУД 
ӨГЕЙ БАЛА
повесть 
Астана, 2002. -144 бет.
                                                                                          
Орыс тілінен аударған:  Ризабек Əдуов
ДАРБАЗА
Кеш түскен, он бір шамасы болатын, бірақ көшеде халық көп. 
Бізді əр қадам сайын итермелейді, бірақ біз қиналсақ та ілгері 
келеміз.
– Тезірек жүрейік! – деп ескертті маған қарай бұрылған Рипстон. 
– Енді көп қалған жоқ.
Бұл ескерту мені қуантып тастады. Біз кең жарық көшеге 
шыққанымызда: «Менің серіктерім қандай жерде тұрады, мен 
де осында қуана өмір сүрер едім» – деп ойладым. Бірақ кейіннен 
ішіме күмəн енді. Олар үйге барамыз деді, бірақ мені өздерімен 
бірге шақырған жоқ. Олар өздері тұратын үйге еніп кетеді де, мені 
көшенің ортасында қалдырады. Рипстонның «Жүрейік, енді алыс 
емес» деген сөздері қуантты, демек, олардың мені үйге шақырғаны 
деп ойладым.
Кенет менің екі серігім жоғалып кетті. Олар қайда кетті? Байқа-
май мен оларды басып озған шығармын? Бұл шындыққа жанаспаса 
да мен артыма бұрылып, олардың атын атап шақыра бастадым. Мен 
тағы да алға қарай жүгіріп, бар даусыммен: «Рипстон» деп айқай 
салдым. Жауап жоқ.
Тағы да түңіліп кеттім. Балалар менімен осылай əзілдеген шы-
ғар. Олардың менімен бірге жүргісі келмей, көшенің ортасында 
қалдырған болар. Олар мені Ковентгарденнен мүлдем басқа жерге 
əкелген шығар. Сөйтіп мен Ковентгарденнен оларға кездескенге 
дейінгіден де алыста шығармын. Барлық осы ойлардың күйінішті 
екені соншалық, мен өз қайғымды баса алар емеспін. Мен шам 
бағанасына сүйеніп, қатты жылай бастадым. Кенет мен таныс дау-
ысты естідім:
– Смитфилд, сен қайдасың?

124
Менің атым Смитфилд емес, бірақ жолдастарым мені кездестірген 
жердің аты осылай болғандықтан, əрі атымды білмеген соң мені осы-
лай атаса керек. Менің естігенім Моулдидің даусы болатын. Бұған 
еш күмəнім жоқ.
– Мен мұндамын, – деп жауап бердім. – Ал сендер қайдасыңдар?
– Біз осындамыз. Сен көрмей тұрсың ба?
Мен ешкімді де көрген жоқпын. Дауыс жер астынан шыққандай. 
Қазір мен тап болған сөрелермен қатар аласа дуал созылып жатыр. 
Жерге таяу тұсында дөңгелек тесіктер жасалыпты. Ол ішке қарай 
бастайды. Дауыс сол жерден шыққан шығар?
Кенет мені біреу қолымнан ұстай алды.
– Сен Моулдисің бе? – деп сұрадым мен.
– Əрине, мен, – деп асыға жауап берді ол. – Жүр енді, жүргің 
келсе.
Сөйтіп Моулди қабырғадан дөңгелек тесіктердің біріне енгізіп 
жіберді. Мұрныма сырдың исі келіп, бетіме салқын ауа лебі келген-
дей. Айналаның тас қараңғылығы сонша, аяқ астындағы көрінбейді. 
Аңның ініндей ішке бастаған осынау қорқынышты жолмен бірнеше 
қадам басқан соң менің үрейімнің ұшқаны сонша, тоқтауға мəжбүр 
болдым.
– Сендер осында тұрасыңдар ма, Моулди? – деп сұрадым.
– Осында, төменде, – деп жауап берді ол, – тағы да біршама 
төмен түсу керек. Жүр, несіне қорқасың?
– Мұнда тастай қараңғы, Моулди.
– Сен құс мамықта үйренгенсің ғой, ал біз мұндай əлпешті 
көрмегенбіз. Жүр, əйтпесе қолымды жібер, мені ұстамай.
Мен бар күшіммен оның қолына жармастым. Не істерімді 
білмеймін. Ол менің қолымның қалай дірілдегенін сезсе керек.
– Жə, қорқатын несі бар, балапан, – деді ол маған жылы сөйлеп. 
– Тезірек жүрейік, сонда біз арба немесе фургон тауып бір құшақ 
сабанға ие боламыз. Жайғасатын нəрсе сонда табылады. Мен оны-
мен бірге қараңғы, əрі дымқыл өтер жолға қарай одан əрі өте бердім. 
Бұл өтер тұстың төмен құлдилағаны əрі тайғанақ екені сонша менің 
аяғымда башмақ болса, талай рет құлайтын едім. Осы өтер жолдың 
соңында Моулди айтқан сабаны бар арба табылса, соған жатып 
тынықсақ қой деп ойлап, мен өзімді жұбатып келемін. Өзімен бірге 
жатуға шақырған Моулди қандай қайырымды бала. Біз төмен түсіп 
келеміз, түсіп келеміз, ал бетке соққан жел салқын бола түсуде. 

125
Ақырында біз Рипстонды қуып жеттік. Ол бізге бұрқылдап сөйлей 
жөнелгенде, біз сасқалақтап қалдық. Ол енді бірде бос арба табыл-
майды, деп айтты.
– Біз қайда барамыз? – деп сұрадым мен жасқана. – Бұл жол 
қайда апарады?
– Егер тура жүре берсең де дəл өзенге шығарады, – деп күле жа-
уап берді Рипстон.
– Оны неге қорқытасың? – деп араласты Моулди. – Иə, Смит-
филд, егер тура жүре берсең жол өзенге алып шығады. Бірақ, біз 
тура жүрмей, бұрыламыз.
Менің үрейім ұшып, кері қайтар болсам жолды таба алмаспын 
деп еріп келемін. Айнала бұрынғысынша қап-қараңғы. Моулди мені 
қолымнан жетелеп келді, ал Рипстон қайдағы бір əнді айтып, артта 
келеді. Біз бір жағына бұрылдық та, басқышпен төмен қарай түстік. 
Ең төменгі басқышқа жеткен соң, Моулди:
– Міне, енді жеттік. Рип, сен оның тағы бір қолынан ұста, əйтпесе 
ол бірдеңеге соғылып, басын жарып алар, – деді.
– Аяғыңды көтер, Смитфилд, – деп ақыл айтты Рипстон. – Егер 
жып-жылы, жұп-жұмсақ бірдеңені бассаң, тон екен деп қалма, 
əйтпесе тістеп алады.
– Кім тістеп алады? – деп қорқа сұрадым да шошқалы базарда 
қалмағаныма өкіндім.
– Кім? Егеруқұйрық! – деп жауап берді Рипстон менің 
үрейленгеніме масаттанып. – Мұнда үлкендігі мысықтай егеуқұйрық 
өріп жүреді.
– Бос қылжақты қой. Алға жүрейік, – деп тоқтатты досын Моулди. 
Біз қайда келдік? Тастай қараңғы əрі қорқынышты. Кірпіш қа-
быр ғадан бу шығып жатыр. Май шырақтың əр тұстан жарығы көрі-
неді. Осындай майшам қалдығы біз төмен түскен баспалдақтан жи-
ырма қадамдай жерде ескі пышаққа орнатылыпты. Оның жарығы 
етігін жөндеп жатқан үсті алба-жұлба шалға түсіп тұр. Шал балық 
себетінің үстінде отыр. Оның құралы – ескі шанышқы мен бір үзік 
жуан жіп. Шанышқымен етігін тесіп, ернімен жіпті ұштап, оны 
кіргізу үшін майшамға жақындатып ұстайды. Мұрнына көзілдірік 
ілінген. Қолы дірілдейді, сондықтан тесікті көрсе де, оған жіпті 
бір ден енгізе алмайды. Шалға жарық түсіріп тұрған майшамның 
сəулесі бірнеше бала жайғасқан арбаның алдыңғы тұсына да жетіп 
тұр. Олар шалдың шырағына балшық кесек лақтырып қояды. Бір 
лай кесек шалдың маңдайына тиді.

126
– Ха-ха-ха. Қара, Смитфилд, – деді күлді Моулди. – Қатып кетті. 
Сол керек шалға.
– Керегі сол дегенің не? Не істепті сонша? – деп сұрадым мен.
– О, ол барып тұрған сараң! – деп жауап берді Моулди. – Ана 
тастың астында көп ақша, көп алтын мен қымбат тастар тығылған 
дейді. Эх! Соны біз тауып алсақ қой.
Дəл осы сəтте дөп тиген лай кесек тесікке жібін жаңа ғана өткіз-
ген шалдың етігін ұшырып түсті. Енді ол еденнен етігін іздеп əуре, 
еңбектеп жүр. Балалар отырған арбадан көңілді күлкі естіледі.
– Балалар-ау, маған шаруамды бітіруге мұрсат берсеңдерші, – деп 
жалынады шал. – Менің бес-алты ілуім ғана қалды, сосын сендерге 
шырақты беремін. Сонда карта немесе басқа бірдеңе ойнайсыңдар.
– Ал, ағай, сен бізге əн айтып бер! – деген дауыс естілді арбадан. 
– Сонда біз саған тиіспейміз.
Шал дірілдеген даусымен əн айта бастады. Осы бір татулық 
жолындағы ісін бітіріп тастауға тырысып бағуда. Ол бірінші шумақ-
ты айтып болып, қайырмасына келгенде, балалар іліп əкетті. Осы 
сəтте дөп сілтенген лай кесек шалдың көзілдірігіндегі жалғыз əйнек-
ті бітеп тастады. Тағы бір кесек шырақты сөндіріп, еденге құлатты. 
Арба жақтан бұрынғыдан да қатты күлкі естілді.
– Жүр, – деді Моулди, – мұнда біз істейтін ештеңе жоқ. Біздің 
арба ана жақта, артқы тұста.
Моулдиден мықтап ұстап, жолдастарымның соңынан ердім. 
Екеуі осы жерге əбден үйреніп алған сияқты. Олар епті қимылдап
алға озып бара жатыр, ал мен болсам қараңғыда ештеңені де көре ал-
май, арбалардың тертелеріне сүрініп келемін. Тек шалдың шырағы 
ғана төңірекке əлсіз жарығын төгіп тұрған. Ал қалғандарын балалар 
мен үлкендер қоршап алып дымқыл еденде сабанның үстінде карта 
ойнап, темекі тартып, неше түрлі боғауызды сыпыртып жатыр. Ақыр 
соңында тоқтадық-ау.
– Тоқта, Смитфилд, міне біздің арба, – деді Моулди.
Мен ештеңені де көріп тұрған жоқпын, бірақ Моулди доңғалақ 
шыбықтары арқылы көтеріліп жатқанын естідім.
– Қалай, ана жақта? – деп сұрады Рипстон.
– Тамаша, – деп жауап берді Моулди арбадан.
– Ендеше көтеріл, – деді Рипстон маған. – Аяғыңды доңғалаққа 
қой, мен көтеріп жіберейін.

127
Ол шынында да мені демеп жіберді, бірақ күштеп жіберсе керек 
мен арбаның ішіне етбеттей құладым.
– Тамаша деп едің ғой, мұнда сабан да жоқ, – деп күңкілдеді Рип-
стон.
– Бір талы да жоқ – деп қостады Моулди.
Мен осылай боларын біліп едім,  –  деп күңкілдеп жүр Рип-
стон. – Мен доңғалаққа аяғымды салғанда-ақ бұл арбамен көмір 
тасығанын бірден сезгенмін.
– Ал сен, – деді Моулди, – арбакешке көмір тасуын қойып, əр кеш 
сайын бір құшақ сабан қалдыр, əйтпесе біз пəтерімізді өзгертеміз 
деп, жазып кетпейсің бе?
– Сабанның жоғы да ештеңе етпес-ау, – деді Рипстон. – Ең бас-
тысы қарғыс атқыр көмірдің шаңы мен тозаңы ауыз бен мұрынға 
толады ғой.
– Қалай, Смитфилд, саған бұл жер ұнай ма?
– Біз осында жатамыз ба?
– Біздің пəтеріміз осы. Төрлет, үйіңдегідей сезін! – деп мейірлене 
сөйледі Моулди.
– Ал, төсектерің қайда? Сендердің төсектерің бар емес пе?
– Болғанда қандай. Мамық төсек, жайлы жастық пен ақ жайма-
лар. Бізде бəрі де бар, бірақ соның қайда кеткенін білмеймін.
Сөйтіп Моулди жоғалған нəрсені іздегендей арбаның ішін сипа-
лай бастады.
– Эх! – деді содан кейін. – Төсек жайлы соға түс. Міне, біздің 
төсек! – деп ол өкшесімен арбаның жақтауын теуіп қалды. – Қатты 
десең жерге түс, онда лай көп. Сен тыңдама оны, Смитфилд, – деді 
Рипстон. – Бүгін бұл жерде əдеттегіден нашарлау, өйткені сабан жоқ. 
Ал сабан барда мұнда тамаша. Дірдек қаққан салқын түнде қандай 
бейшара екеніңді ойлап, тағы да жайдақ тақтайда, ұйықтаймын ғой 
деп келесің. Кенет арбадан құп-құрғақ сабанды көресің де басыңмен 
бірге көміле түссең де өзің білесің.
Осыны есіне түсіргенде Рипстон дəмді тағам жегендей, таңдайын 
қақты.
– Сендер шешінгенде тоңбайсыңдар ма? – деп сұрадым мен.
– Білмеймін! – деп қысқа қайырды Рипстон. – Ешқашан шешініп 
көрген жоқпыз.
– Мен соңғы рет өткен жылдың тамызында шешінгем, – деді Мо-
улди. – Дегенмен, ұйықтайтын кез болды, ал жатайық. Кім жастық 
болады? Смитфилд, сен болмайсың ба?

128
Менің əбден күйзелгенім сонша, не болсам да маған енді бəрібір 
еді. Сондықтан мен келісе салдым.
– Мүмкін сенің «жастық» болғың келмейтін шығар? Онда сен 
солай деп айт, ұялма! – деп ескертті Рипстон. – Өйткені əркімнің өз 
қалауы бар ғой. Біреуге басының жұмсақ, ал басқа біреуге бойының 
жылы болғаны ұнайды. Саған ұнайтыны не?
– Мен өзіме жылы əрі жұмсақ болғанын ұнатамын, – дедім жы-
ламсырап.
– Қарай гөр өзін. Екеуін де тауып бер оған! – деп мысқылдады 
Моулди. – Ал, тыңда жастық болғың келсе, мында шық жəне қыңқыл-
дама. Бізге жылауықтың керегі жоқ. Сені босқа ерткен екенбіз, өзі.
Мен көз жасымды тыя алмағандықтан ғана жылап тұрғаныма, 
егер маған қалай жастық болуды көрсетсе, бұған да əзір екеніме 
Моулдиді сендіруге тырысып жатырмын.
– Көрсететін түгі жоқ, – деп жауап берді Моулди жұмсара түсіп. 
– Біреу үстіне басын салсын деп жатқан адам – жастық. Бұдан оған 
жылы, басқаларға жұмсақ болмақ.
– Былай кетіңдер жолдан, мен жастық боламын! – деп айқайлады 
Рипстон, сөйтіп арбаның арт жағына құлай кетті. – Жатыңдар!
– Мен сияқты жат, Смитфилд, – деді Моулди жайғаса беріп. 
Бірақ ол сияқты жата қою оңай емес: ол Рипстонның бүкіл дене сін 
ала жастанды да маған тек аяқ жағын ғана қалдырды. Күң кіл деген-
нен ештеңе шықпайтын болған соң, əйтеуір, жайғасуға тырыстым. 
– Ұйықтағың келмей ме, Рип? – деп сұрады Моулди бірнеше 
минөт үнсіздіктен кейін.
– Келеді. Ал сенің ше?
– Мен бүгінгідей шайқастан кейін мүлдем ұйықтар алар емеспін. 
Мынаны көз алдыңа келтіріп көрші: сенің кемеңе үш қарақшы ба-
сып кіреді, ал сенің үстіңде жалғыз көйлек пен шалбар ғана бар жəне 
екі пышағыңнан басқа еш қаруың жоқ.
– Иə, театрда талай қызықты көрсете береді! – деді Рипстон 
ұйқылы ояу. – Қайырлы түн.
Тағы да тыныштық орнап, оны тағы да Моулди бұзды:
– Ұйықтап жатырсың ба, Рип? Рип.
– Егер осылай былшылдай берсең ендігəрі мені жастық ете 
алмайсың! – деді Рипстон ашулы үнмен. – Саған не керек?
– Қызық адамсың сен. Не жатқанды, не көргендерімізді айтсақ 
жаратпайсың.

129
– Соған бола мені ояттың ба?
– Сенен мынаны сұрайын деп едім: қалай ойлайсың, қарақшылар 
құдыққа кəдімгі адамның денесін тастады ма?
– Əрине. Қаптағы тесіктен мен оның қолын көрдім, – деді Рип-
стон мысқылдап.
– Сен ол жерде нағыз терең құдық болды деп ойлайсың ба?
– Болғанда қандай. Əрине.
– Ал мен судың шолпылдағанын естіген жоқпын, – деп Моулди 
қояр емес.
– Сен дұрыс естімегенсің. Өйткені құдық өте терең, бірден ести 
алмайсың, ал мен үш минөттен кейін естідім.
Моулди үнсіз қалды, бірақ ол жиі дем алып жатыр. Оның 
əңгімелескісі келетінін байқалып тұр. Ол Рипстонды сөзге тартпақ 
болып еді, жауап ретінде қатты қорыл естілді. Ол маған да бірдеңе 
айтып еді, мен ұйықтап жатқан сыңай таныттым.
Ал шынында менің ұйқым келер емес. Көзімнің жасын тыя алмай, 
Рипстонның тізесіне басымды салып, өзімнің өткенім туралы, үйден 
қашып кеткенім туралы жəне болашақта өзімді не күтіп тұрғаны ту-
ралы ойладым. Бұдан да миссис Берктің тоқпағына шыдағанымның 
өзі дұрыс еді. Əкем мені белбеумен соғар еді. Сөйтіп, қазір бəрі де 
артта қалып, жылы төсекте жатып, кішкентай Поллиді уатар едім. 
Əрине, жеген соққының ізі де, оны ауырсынғаным да əлі кете қойған 
жоқ, бірақ мен осы сəтте біздің шолақ көшедегі 19-шы үйге өзімді 
қайта апарып, барлық кінəмді кешіретін болса, қандай азапқа да шы-
дап беруге əзір едім.
Бейшара кішкентай Полли. Мен ол туралы көзіме жас алмай ой-
лай алмаймын, тіпті ойымнан кетер емес.
Мүмкін ол баспалдақтың тас басқышына құлаған сəтте өліп 
қалып, қазір бөлмеде жалғыз, жансыз жатқан шығар. Соңғы ойдың 
үрейлі болғаны сонша, менің көз жасым сап тыйылды. Мен өзімнің 
анамды, ол қайтыс болған кешті, оны жерлеген күнді еске түсірдім.
Кенет біреулердің жүрген дыбысы естілді. Карта ойнап отырған 
жастар мен балалар арбаларға қарай айқайлап жүгіріп келді:
– Шырақтарды сөндіріңдер! Қармақтар келе жатыр.
Қармақтар деп полицейлерді атайтынын білетінмін. Сөйтіп кенет 
менің үрейім ұшып кетті. Сірə, миссис Берк менің қашып кеткенім 
туралы полицияға айтса керек, енді мені іздеп жатыр. Мен неге 
жастық бола салмадым? Сонда басқалардың астынан көрінбес едім 
9–1151

130
ғой. Жүрген адамдар жақындап келеді. Үш полицей біздің арбаға 
таяп келді. Бүкіл денем дірілдеп, маңдайымнан суық тер бұрқ етті. 
Полицейлердің бірі доңғалаққа шығып, қолшамымен біздің арбаға 
жарық түсірді.
Ол төменге секіріп түскенде ғана мен еркін дем алдым. Өз 
жұмыстары туралы əңгімелесіп, үшеуі де кетіп барады. Олардың 
аяқта рының дыбысы алыстай түсті. Біртіндеп барлық у-шу басылып 
ұйқтағандардың қорылы мен егеуқұйрықтардың шиқылы ғана есті-
леді. Мен ұйқыға кеттім.
19-26-Б.
Сөздік
дарбаза
ворота
қадам
шаг 
итермелейді толкает
ілгері
впереди
ескерту
предупреждение
серіктерім
спутники, друзья 
күмəн
сомнение, подозрение 
еніп войдя
кенет
вдруг, внезапно 
түңіліп кеттім
разочаровался 
əзілдеген
подшутил
қайғы
печаль, горе 
күмəнім
сомнение, подозрение
мұндамын
я здесь
сөрелер
полки
дуал ограда 
сырдың исі
запах  краски
ауа лебі
зной                          
аңның ініндей
как нора зверя

131
үрейімнің ұшқаны
сильно  испугался, пришел в 
ужас
əлпешті көрмегенбіз
не видели забот
дымқыл
влажный
өтер тұстың
направление перехода
сабан
солома
жасқана
стесняясь
басқышпен
по лестнице, ступени, ступеньке
егеуқұйрық
крыса
қылжақты қой 
прекрати кривляться, прекрати 
нести чушь
алба-жұлба (киім)
рваная одежда, лохмотья 
шанышқы
вилка
үзік жіп
оборванная веревка
сəуле
луч, сияние
шырағына
на свечу, осветительную лампу
сараң
скупой, жадный человек, скряга
дөп тиді
прямо попал (в цель)
демеп
помогать, поддерживая  друг 
друга
күңкілдеді пробормотал, 
буркнул 
қарғыс атқыр 
проклятый
тозаң
пыль
арбаның жақтауын
косяк    телеги
дірдек
дрожать от холода
қыңқылдама
не ворчи, не ной, не хныкай
судың шолпылдағанын естіген 
жоқпын
не  слышал  плеск  воды                                               
шолақ
короткий
үрейлі
грозный, страшный                 
қарақшы
разбойник                  


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал