Гаврилова екатерина николаевна


инновациялық бағытта жүйелі-әдістемелік қамтамасыздандыру»



Pdf көрінісі
бет12/78
Дата31.12.2021
өлшемі4,75 Mb.
#21205
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78
инновациялық бағытта жүйелі-әдістемелік қамтамасыздандыру» деп алуға 
себеп болды. 
Зерттеудің  мақсаты  -  инновациялық  фундирования  тұжырымдамасы 
негізінде  ЖОО-да  математикалық  пәндерді  оқытуды  жүйелік-әдістемелік 
қамтамасыздандыруды құру әдістемесін ғылыми негіздеу. 
Зерттеу  нысаны  -  инновациялық  бағыттағы  жағдайларда  жоғары 
педагогикалық  білім  беру  жүйесінде  математикалық  пәндерді  оқыту  процесі 
болып табылады.  
Зерттеу  пәні  -  математикалық  пәндерді  оқыту  процессін  әдістемелік 
қамтамасыздандыру жүйесі. 
Диссертациялық 
зерттеу 
болжамы: 
егер 
біз 
білімгерлерді 
инновациялық  фундирования  тұжырымдамасын  ескере  отырып,  білім  беру 
процесін  жүйелік-әдістемелік  қамтамасыздандыру  моделін  ескере  отырып, 
дайындалған  ғылыми  негізделген  әдістеме  бойынша  оқытсақ,  онда  болашақ 
математика  мұғалімінің  кәсіби-әдістемелік  дайындығының  жеткілікті  деңгейін 
қамтамасыз  ете  аламыз,  бұл  әдістемелік  және  математикалық  дайындықты 
фундаментализациялауға,  педагогикалық  университеттің  болашақ  математика 
мұғалімдерінің кәсіби дайындығының сапасын арттыруға ықпал етеді.  
Зерттеудің  мақсаты  мен  болжамына  сүйене  отырып,  зерттеудің  мынадай 
міндеттері қойылды: 
1.  Қазіргі  заманғы  талаптар  негізінде  болашақ  математика  мұғалімдерін 
даярлаудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау; 
2.  Математикалық  білім  беруді  жаңғырту  проблемаларын,  оларды 
фундирование тұжырымдамасына сәйкес шешу механизмің айқындау; 
3.  Математикалық  пәндерді  оқытуды  инновациялық  бағытта  жүйелік-
әдістемелік қамтамасыздандыру моделін әзірлеу; 
4.  ЖОО-да  математикалық  пәндерді  оқытуды  инновациялық  бағытта  жүйелік-
әдістемелік  қамтамасыздандыруды  іске  асыру  жолдарын  эксперименталды 
түрде тексеру. 
 
Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді шешу үшін олардың өзара 
байланысты  және  өзара  іс-қимыл  жасауын  іске  асыратын  принциптерінен 
тұратын мынадай зерттеу әдістері пайдаланылды:  
 
-  теориялық  зерттеудің  жалпы  ғылыми  әдістері:  ЖОО-да  математикалық 
пәндерді  оқыту  процесінде  инновациялық  бағытты  қамтамасыздандыру 
проблемасы бойынша теориялық материалдарды жинау және талдау, сондай-ақ 


12 
 
жалпы  білім  беру  стандарттарын,  оқу  бағдарламаларын,  оқулықтар,  оқу 
құралдары  және  оқу-әдістемелік  кешендері  негізінде  математикалық, 
психологиялық,  педагогикалық  және  әдістемелік  әдебиеттерді  зерделеу, 
математика пәні оқытушыларының тәжірибесін зерделеу, алынған нәтижелерді 
классификациялау және жалпылау. 
 
-  әлеуметтік  зерттеу  әдістері:  математика  пәні  оқытушыларының 
сабақтарына қатысу, оқытушылармен, білімгерлермен, магистранттармен және 
мектеп  мұғалімдерімен  ауызша  және  жазбаша  әңгімелесу,  сауалнама  жүргізу, 
тестілеу.  
 
-  эмпирикалық  зерттеу  әдістері:  зерттеу  болжамын  растау  үшін 
педагогикалық  эксперимент  жүргізу,  статистикалық  зерттеу  әдістерін 
пайдалана отырып, эксперимент нәтижелерін талдау және өңдеу.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет