Үдемелі индустриалдық-
инновациялық даму
бағдарламасы, бірінші-
ден, ел экономикасын
әртараптандыруға, екінші-
ден, қазақстандық үлесті
арттыруға, үшіншіден,
шағын және орта бизнестің
дамуына серпін берді.
дан астам жоғары сапалы отын
өндірілмек, сөйтіп, аймақтың жа-
нар-жағармай импортына тәуел-
ділігі жойылады. Яғни ендігі жер-
де облыс пен көршілес өңірлер
енді Ресейдің жоғары сапалы жа-
нармайына тәуелді болмайды. Жо-
баның заттай қуаттылығы жылы-
на 200 мың тонна экокласты К5
бензинін өндіруге және 380 мың
тонна өзге де өнімдер өндіруге
қажетті 600 мың тонна шикізат-
ты құрайды. Кәсіпорын өнімі на-
рықтағы бағадан қымбат болмай-
ды.
Алғашқы жартыжылдықта жү-
зеге асырылған екінші жоба да
тұрғындар үшін аса маңызды сана-
лады. “Фирма Родник” ЖШС-ның
жобасы бойынша биыл Зеленов
ауданының Мичурин ауылдық ок-
ругінде бөтелкедегі ауыз су өн-
діретін кешен құрылысы жүргізі-
ліп, ол жақында іске қосылды.
Қазіргі кезде таза су даярлайтын
кәсіпорын тұрақты жұмыс істеу-
де. Биылғы жылдың алты айы
ішінде бұл кәсіпорын 5 мың литр
су шығарды. Биыл жүзеге асқан
үшінші жоба – «Батыс Нық» ЖШС-
ның етті қайта өңдеу кешені.
Қазіргі таңда мұнда жабдықтар-
ды тексеру мақсатында мал сою
бойынша тексеру жұмыстары жүр-
гізілуде. Өнім тамыз-қыркүйек ай-
ларында шығарылады деп күтілу-
де. Жалпы, 2016 жылдың 6 айы-
ның қорытындысы бойынша 24
жоба толық жоспарлы қуатқа
шықты, қалған жобалар қуатқа
шығу бойынша жұмыстануда.
Бұдан басқа тағы 4 жоба жыл
аяғына дейін жүзеге қосылуы тиіс.
Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін
барлығы 5,8 млрд. теңге тартыл-
ған. Осы жобалар жүзеге асырыл-
ған жағдайда, жылдың екін-
ші жартысында тағы жаңа 122
Айша ӨтЕБӘЛІ,
«Орал өңірі»
“Батыс Пауэр” ЖШС-ның «ГТЭС 200 МВт. 100 МВт бірінші іске қосу кешені»
«Конденсат» АҚ-ның жобасы бойынша экологиялық К5 класты мотор майын өндіретін зауыты
10
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
Жымпиты ауылы орталығында тұратын
зейнеткер ұстаз, Сырым ауданының құрметті
азаматы Ким Николайұлы Федянинді әр кезде
де жасыл желекке толы ауласы ішінде, әр түрлі
жеміс ағаштарын баптап жүрген сәтін көруге
болады.
Ауыл-АймАҚ
Жымпитының
БАғБАны
Ж
ақында ардагер ұстаз,
бағбан Ким Федянин-
мен әңгімелесудің сәті
түсті. Ол былай дейді:
- 1986 жылдың қараша айында
осы қара шаңыраққа қоныс ауда-
рып келгенімізде, аула ішінде бір
де ағаш түрі жоқ болатын. Сөй-
тіп, қаңырап тұрған кең ауланың
ішіне 1987 жылдан бастап ағаш
көшеттерін отырғызуды қолға ал-
дым.
Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округінде
18 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Солардың
ішіндегі 1996 жылы құрылған «Самал» шаруа
қожалығының төрт түлік мал өсіріп, оның игілігін
көріп отырған жайы бар.
Қымыз иісін
АңҚыТыП...
Ш
аруашылық округ орта-
лығынан, Жайық бойы-
нан, шығысқа қарай 16 шақырым
қырлықтағы Қарамектеп қыстағын
атақоныс еткен. Малжанды ауыл
жыл сайын төрт түліктің басына
бас қосып, жылқы байлап дәру-
менді сусын - қымыз өндіріп отыр-
ғаны көрер көзге көрікті, айтар
ауызға лайықты. Әрине, қымыз
болса, ішер ауыз табылады. Бұдан
3-4 жыл бұрын Теректі ауданы Ақ-
жайық ауылындағы аурухананы
қымызбен қамтыды. Қазір Орал қа-
ласындағы орталық базарға апа-
рып, пұлдап отыр.
Қожалық жетекшісі Ерлан Сұл-
танов пен оның зайыбы Мая Тө-
леуқызының шаңырақ көтерген-
деріне биыл он тоғыз жыл болған.
Әуелгісін аула ішіне үш жыл-
да биіктігі 7-8 метрге дейін же-
тетін, оттегіні көп бөліп, ауаны
тазартып тұратын үйеңкі ағашын
отырғыздым.
Шынында да, бұл жылдары ау-
данға Қаратөбенің «Тышқантай»
су құбыры арқылы ауыз су ағыл-
тегіл келіп жатушы еді. Сондықтан
судан тапшылық көрмегендіктен,
отырғызған ағашым да тез бой
көтеріп шыға келді.
Ал 1991 жылдан бастап жеміс
ағаштарын отырғызуды қолға ала
бастадым.
Ким ағамыз айтқандайын, 1991
жылдан бастап аула ішінде отыр-
ғызылған үш түп алма ағашы,
10 түп қара өрік ағашының өнімі
тек өздеріне ғана емес, көрші-кө-
лем, тума-туыс, таныстарына мо-
лынан жетуде.
Сондай-ақ бұл аталмыш жеміс
ағаштарынан өзге аула ішінде ас-
қабақ, қызанақ, қияр, долана, қа-
ра қарақат, дәмдеуіш (укроп), ит-
мұрын, бөртегүл ағаштары, әдемі
гүлдердің небір шұрайлы түрлері
көрген жанның көздерін қызық-
тырады.
Бағбан ағамызға зайыбы, ол да
зейнеткер ұстаз Сафура Құсайын-
қызы үлкен сүйеу, ақыл қосар де-
меушісі.
- Адам баласы ерінбей, тынбай
еңбектенсе, жер-анаға не ексең,
содан өнім алуға әбден болады.
Бұған өз басымнан өткерген соң,
көз жеткізе айтып отырғаным ғой.
Сосын уақтылы арамшөптерін та-
зартып, әбден тойдыра суарып
отырған жөн. Және өзімнің тәжі-
рибем ретінде айта кетейін, ірі қара
малының қиын терең шұңқырда екі
жылдай шірітіп, тыңайтқыш ретін-
де пайдалануға болатындығы.
Бұйыртса, алдағы жылдары ау-
ладағы жеміс ағаштарымның қа-
тарына жүзім, сары өрік түптерін
егуді де қолға алғалы отырмын,
- дейді бағбан ағынан жарыла.
Ким Николайұлы зайыбы Сафу-
ра Құсайынқызымен ұл-қыз өсіріп,
бүгінде немере-жиеннің қызық-
тарына бөленіп отыр.
Сондай-ақ Кимекең 80-ге тая-
лып қалса да, әлі тың. Ол – облыс-
тық Қазақстан халқы ассамблея-
сының мүшесі ретінде алқалы
жиындарда халықтар достығын
насихаттау, ел бірлігін сақтау ба-
ғытында салиқалы ой-пікірлерін
мінбеден майын тамыза айтатын
көкірегі ояу азамат.
Мүсірбек АЙтАШЕВ,
Сырым ауданы
Олар үш бала тәрбиелеп өсірді. Ал
ата-аналары Сабыржан Сұлтанов
пен Гүлжиян Қалмұрзақызы неме-
ре-жиен сүйген, шүкіршілігі мол
зейнеткерлер. Қазір олар Орал
қаласына жақын Подстепный ауы-
лында тұрады. Келісті үй салып
алып, немерелерін оқытуда. Мұн-
да апта арылтпай келіп тұрады.
Ынтымағы жарасқан, ықылас-
тары ұштасқан үлкен әулеттің ең-
бек жолы да әріден басталады.
Отағасы Сабыржан - кезіндегі Ораз
Исаев атындағы ұжымшардың ма-
лын да баққан, техникасын да
жүргізген, темірін де жонған бес-
аспап жан. Қайда жұмсаса, сонда
«Сәкең» атанған азаматтығын ауыл
жақсы біледі. Ал қосағы бес бала-
ны өмірге әкеліп, оларға тәрбие
беріп, қазақтың салт-дәстүріне,
әдет-ғұрпына, атакәсібіне мейлін-
ше молынан сусындатыпты. Ұл-
дың да, қыздың да, кейін келіннің
де тәрбиесін уысынан шығармай
үлгілі жолды үкілей біліпті. Соның
айғағы дерсің, Мая келіні, міне,
жиырма жылға жуық осы шаңы-
рақтың қиындығын бөлісіп, қуаны-
шын еселеп келеді. «Келін ененің
топырағынан жаратылады» деген
бар, енесінің үйреткенін жүре
тыңдамай, құлағына құйып өскен
оның тұрмыстағы қазақылығы қы-
зықтырады. Үй ұстауы, ыдыс-аяқ,
көрпе-көпшіктің тазалығы, қо-
нақ күтуі, ас пісіруі – бәрін-бәрін
тәптіштеп үлгі етуге болады. Әсі
-
ресе, қолда барды ұқсатып, қы-
мызды балдай етуі мақтауға тұ-
рарлық. Бие саууы шапшаң, қолы
қолына жұқпайды. Себебі иісініп
тұрған жануардың сүт беруі де
шапшаңдықты қалайды. Киелі жа-
нуардың келісті тұрысынан-ақ
иесіне еміренгені байқалады. Ба-
сын шұлғып, бауырына жақында-
ған жанға мейірімді мінез көр-
сетеді. Желінге қолы тигенде сау-
лап қоя беретін саумалдың өзі де
төңірекке хош иісін төгіп жібереді
екен. Қырмызы қымыз шашуы та-
науыңды қытықтайды. Келін бұл
сусынның түр-түрін де бір кісідей
біледі екен. Уыз қымыз - биені
алғаш байлағанда бапталатын
қымыз. Мұны «бие бау» деп те
атайды. Бал қымыз - әбден піскен
және бойына жылқының майы
сіңген бапты, жұмсақ қымыз. Түсі
сары келеді. Бесті қымыз - төрт
түн асып, ашуы әбден жеткен қы-
мыз. Қысырақ қымыз – бірінші рет
құлындаған жас биеден сауыла-
ды. Міне, әрі қарай жалғастырып,
білгіңіз келсе, Мая айтуға әзір.
Жылқы түгіл, сиырдың бауырын
ұмытқан ауыл келіндері осындай-
да есіңе түседі. Бәрі де үйретуден,
үйренушінің құлықтылығынан. Де-
мек, үйренгеннің жемісі еңбекке
құлшыныстың адал көрінісі.
Қожалықта 384 гектар жер
бар. Сан түрлі шөпке бай алқапта
120 ірі қара, 200-дей қой-ешкі, 60
шақты жылқы бағылуда. Биыл 42
бұзау , 12 құлын өріске қосылыпты.
Сөйтіп, түлік төлден көбейеді. Де-
мек, атакәсіп нәсіпті еселейді де.
Оған да мысалымыз әзір. Сабыр-
жан да «Лифан», Ерлан да жаңа
«Нива» автокөліктері қай шаруаға
да әзір. Бір «МТЗ-82», бір бесас-
пап «МТЗ – 82 - 1» жаңа тракторы,
шөптайлағыш, басқа да техника
бабында. Бәрі де малдың арқасы.
- Осы шаруа қожалығы жылда
да мал азығын дер кезінде жи-
нап алады. Иісі бұрқыраған көк
шөп жануарға жұғымды. Қазірдің
өзінде 2500 центнер тайланған
шөп үйілді. Айналасы берік қор-
шалған. Мал азығын дайындау
жұмысы жалғасуда. Бұл да еңбек-
қор жанның өзіне пайдасы, өзгеге
өнегесі, - дейді Көнеккеткен ауыл-
дық округінің бас маманы Мұхтар
Бұланаев.
- Ауыз суды өзімізге жақын
Жаман деген жерден тасып ішіп
отырмыз. Жерасты суы таза,
жақсы. Малды сусорғымен құдық-
тан суарамыз. Су көздері тарты-
лып барады. Болашақта іргеміз-
де жатқан Азынабай – Тайпақ су
жүйесін жөндеп, іске қосса, су
келсе, малды өңірдің өңі кірер еді,
- дейді еңбекпен есейген Ерлан
Сабыржанұлы.
тілес ЖАЗыҚБАЙ,
Ақжайық ауданы
Суреттерді түсірген автор
●
«Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам»
11
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
дАлА-ҚАлА
«Әлемді бірге көркейтейік!»
атты әлеуметтік жарнама конкурсының
ЕРЕЖЕСі
1. Жалпы ережелер
1.1. «Әлемді бірге көркейтейік!» атты әлеуметтік
жарнама конкурсы (бұдан әрі - конкурс) облыстық
деңгейде өткізіледі.
1.2. Конкурстың ұйымдастырушылары Батыс Қа-
зақстан облысының дін істері басқармасының «Дін
мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мем-
лекеттік мекемесі.
2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республика-
сында діни экстремизм мен терроризмге қарсы
іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының 36-тармағы «Жастар
ортасында Қазақстан халқының дәстүріне және
мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыруға ба-
ғытталған діни экстремизм және терроризмнің про-
филактикасы жөніндегі әлеуметтік жобаны дайындау
және іске асыру» бағыттарын орындау.
Сонымен қатар шығармашылық конкурс арқылы
қатысушылардың білімдерін, ой өрістерін кеңейту,
толеранттылық сананы қалыптастыру, отансүйгіш-
тікке, адамгершілікке, ұлттық-мәдени құндылықтарды
сақтауға, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
• діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу;
• деструктивтік діни ағымдардың идеологиясына
қарсы иммунитет қалыптастыру;
• қоғамда конфессияаралық және ұлтаралық
келісімін нығайту, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық
патриоттық идеясын насихаттау.
3. Конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары
3.1 Конкурсқа жарнама агенттіктері, арт-студия-
лары, шығармашылық ұжымдар, көркем-сурет үйір-
мелері, жас суретші-дизайнерлер, соның ішінде кол-
ледж студенттері, мектеп оқушылары қатыса алады.
3.2 Конкурс 2016 жылдың 15 тамыз – 25 қыркүйек
аралығында өткізіледі.
3.3 Конкурсқа ұсынылған материалдарға келесідей
талаптар қойылады:
- мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Конс-
титуциясына, заңнамаларына, дін мәселелері бойын-
ша мемлекет саясатына қайшы келмеуі тиіс;
-
конкурс материалдары деструктивті діни
ағымдардың жеке тұлғаға және қоғамға теріс
әсерін көрсететін, олардың қызметін әшкере-
лейтін, рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін, ді-
ни экстремизм мен терроризмнің алдын алу да
қатысушының азаматтық ұстанымын білдіретін
мазмұнда болуы керек.
-көрсетілген кестеге сәйкес өтініш беру:
- баспа мен сыртқы жарнама, яғни плакат пен
билбордқа қойылатын талаптар:
• Билборд эскизі: СD диск электронды түрде, jpg
немесе tiff форматында, сапасы 400-600 dpi кем емес,
суреттер анық және ашық болуы тиіс;
• Плакат: А3 форматында жасалған қысқа тұ-
жырымды мәтіні бар көрнекі (көбіне түрлі түсті) бей-
неленген өнер шығармасы конкурстың мазмұнын
аша білуі тиіс.
- бейнероликке қойылатын талаптар: СD диск
жазылған AVI, MP4 форматында дайындалған бей-
неөнім, ұзақтығы 1-5 минут, конкурстың мазмұндық
талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
- интернет-ресурстарында орналастыруға ар-
налған мотиваторлар мен демотиваторларға*
қойылатын талаптар: электронды түрде 4 мотива-
тор мен демотиватордан кем емес, векторлық не-
месе расторлық бағдарламалар (adobe photoshop,
coreldrow) арқылы жасалған, jpg форматындағы са-
пасы жоғары материал болуы тиіс.
- конкурсқа қатысушы бұрын жарияланбаған
туындыларын ғана ұсына алады.
- конкурсқа жіберілген материалдарға рецензия
берілмейді, кері қайтарылмайды, үздік деп танылған
материалдар интернет ресурстарында (БҚО дін іс-
тері басқармасының ресми сайтында, facebook және
vk әлеуметтік желілерінде) орналастырылып, ақпа-
раттық-түсіндіру жұмысында пайдаланылады.
4. Қазылар алқасы
- Қазылар құрамын ұйымдастыру алқасы тағайын-
дайды;
- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қай-
та қарауға жатпайды;
- Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең
бөлінген жағдайда төраға дауысы шешуші болып та-
былады;
- Конкурсқа қатысушылардың жұмысы макси-
малды 5 балдық жүйемен бағаланады.
5. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау
Жүлделі орындарға ие болған қатысушы үстіміздегі
жылдың қыркүйек айында болатын салтанатты мара-
паттау рәсіміне қатысып, ұйымдастыру комитетінің
атынан бағалы сыйлықтармен және дипломдармен
келесі аталымдар бойынша марапатталады:
1. «Үздік әлеуметтік баспа мен сыртқы жарнама»
аталымы
(і, іі, ііі орын).
2. «Үздік әлеуметтік бейнеролик» аталымы (і, іі, ііі
орын).
3. «Үздік мотиваторлар мен демотиваторлар» ата-
лымы
(і, іі, ііі орын).
6. Ұйымдастыру комитеті
Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі жанынан ұйымдастыру коми-
теті құрылады. Оның құрамына теологтар, суретші-
дизайнерлер, БАҚ өкілдері кіреді.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Орал қаласы, Мұхит 45 Б;
Байланыс телефондары:
8 (7112) 24-44-11, 26-75-88 ф.
E-mail: dinkgu@mail.ru.
*Мотиватор (мотиваторлық постер) – тұлғаны ша
быттандыратын, қандай да бір өзгерістерге ынталанды
ратын, белсенді ісәрекетке шақыратын қысқаша мазмұнды
мәтінмен сүйемелденген, насихаттық, жарнамалық, ақпа
раттық, танымдық мақсатта жасалған сурет.
*Демотиватор (демотиваторлық постер) – қоғамдағы
жағымсыз, деструктивті үрдістердің кері әсерін көрсете
тін, қысқаша мазмұнды мәтінмен немесе ұранмен
сүйемелденген, қара түсті жиектемеде орналасқан сурет.
Қатысушының
аты-жөні, тегі
Ұсынылып
отырған
материалдың
жанры
(плакат/билборд;
бейнеролик;
мотиватор/
демотиватор)
Туған күні,
айы, жылы
Жұмыс орны,
лауазымы
Тұрақты
мекенжайы
Байланыс
телефондары,
e-mail
біріктірілген
БАҚылАу БолмАҚ
Облыстық мәслихаттың мәжіліс залында «2016-2025
жылдарға арналған Қазақстанда туберкулезді біріктірілген
бақылау үлгісіне енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Оған ҚР туберкулез проблемаларының Ұлттық орталығы-
ның директоры Жұмағали Исмаилов, облыстық денсаулық
сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов,
облыстық туберкулезге қарсы диспансер қызметкерлері
мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының
мамандары қатысты.
Д
үниежүзілік денсаулық сақ-
тау ұйымының «End TB»
стратегиясына сәйкес елімізде
2016-2019 жылдарға арналған
«Денсаулық» мемлекеттік бағдар-
ламасына туберкулезді біріктіріл-
ген бақылау үлгісі енгізілген. Яғни
барлық туберкулезге қарсы ұйым-
дардың диспансер бөлімдері (ту-
беркулез кабинеттері) біріктіріліп,
медициналық-санитарлық алғаш-
қы көмек ұйымдарына бағыныш-
ты болады. Бұл науқасты емдеу
шараларының нәтижелі болуына
әсер етеді.
- Жыл басынан мамандары-
мыз республика бойынша жаза-
тайым оқиғалардан бала өлімінің
көрсеткіші жоғары деген аймақ-
тарға мониторинг жүргізуді қолға
алған болатын. Зерттеу Орал қа-
ласында бір апта бұрын бастал-
ды. Дәрігерлердің жұмысы жақсы
жолға қойылған, сауатты маман-
дар жеткілікті. Соған қарамастан,
жазатайым оқиғалардан бала өлі-
мінің көрсеткіші жоғары екендігі
өкінішті. Менің ойымша, балалар-
дың жазатайым оқиғаларға тап бо-
луын азайту үшін қажетті шаралар-
ды денсаулық сақтау саласының
қызметкерлері ғана емес, соны-
мен қатар білім саласының маман-
дары мен ата-аналар да алдын ала
қолға алу қажет, - дейді медицина
ғылымының докторы Риза Боран-
баева.
темірболат ӘНУАРҰЛы
меже – екіжылдық қор
Ақжайық ауданындағы
Бударин ауылдық окру-
гіндегі шаруалар, пішен-
шілер «жасыл орақты»
ырғақты жүргізуде.
Бүгінге дейін 18748 тонна
шөп қоры дайындалды.
Б
ұл малға алдағы қыс кезеңі-
не қажетті пішен межесі-
нің бүгін-ертең орындалатынын
айғақтайды. Ал биыл шабындық-
шалғындардың шырайы кіріп, шөп-
тің бітік шығуы тек біржылдық
емес, кемінде екіжылдық қорды
қамдап алуға мүмкіндік бергені
мәлім. Сондықтан қыр төсіндегі
қимыл бәсеңсіген емес, бударин-
діктер нысанасы – 35800 тонна.
Айталық, бүгінге дейін шаруа
қожалықтары бойынша 13658 тон-
на, жеке тұрғындарда 4391 тонна,
«Бірлес» ЖШС-да 699 тонна мал
азығы дайындалды, бұл екіжыл-
дық меженің 53 пайызын құрай-
ды. 12 тұрғын науқанды қолорақ-
пен жүргізуде.
«Аманер», «Атамұра», «Дархан»,
«Даяна», «Нұр-Тілек», «Жет-тал»,
«Маруа», «Бек-Нұр», «Атырау» ша-
руа қожалықтары қора-қопсыны
қыс маусымына ықтиятты дайын-
даумен қатар, орақ науқанын
қарқынды жүргізуде. Ауылдық ок-
руг бойынша 40-тан астам қора,
ықтасын жөнделіп, тазартылды.
Сондай-ақ, мысалы, «Есболат»,
«Дала», «Ізбасар», «Өркен» шаруа
қожалықтары және «Бірлес» ЖШС
жұмысшылары шөпті саттыққа да
шығаруда.
Шабындықтарда, мысалы, 10
тиегіш, 13 шөмелейлегіш, 11 тыр-
мауыш, 17 шалғы жұмыс жасауда.
Бекем БЕКҰЛы,
Ақжайық ауданы
12
oral_oniri@inbox.ru
сПоРТ
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
еңсеп бабаны
еске Алды
Тамыздың
11-13-і күндері
киелі Қаратөбеде
осы өңірден шыққан
даңқты палуан Еңсеп
Досқалиевті еске
Достарыңызбен бөлісу: |