17
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
ордені және Жоғарғы Бас қолбас-
шының алғысхатымен марапат-
талды.
Соғыстан кейін бейбіт өмір тір-
лігіне араласқан майдангер Қаным
Алмағамбетова өзінің жеті жылға
бас бостандығынан айырылғаны
жөнінде ғұмырбаянында былай
деп жазады: «1946 жылдың июлі-
нен 1948 жылдың январына дейін
Қаратөбе ауылында бас бухгалтер
болып жұмыс жасадым. 1947 жыл-
ғы 14 декабрьдегі ақша рефор-
масы кезінде жіберген қателікте-
рім үшін сотталдым. 1955 жылдың
февралінде 1953 жылғы марттағы
указ бойынша құтқарылдым. Сот-
талуыма байланысты 1948 жылы
партия қатарынан шығарылдым»,
- дейді (ол майданда жүргенде,
1943 жылы партия қатарына
алынған еді - Б.Б.). Осылайша тағ-
дыр тәлкегіне түсіп, жазасын өтеп
келген кешегі майдангер Қаным
енді Жымпиты ауданының Ақоба
ауылына есепші қызметіне жі-
беріледі. Кейін 1958-1960 жылдар
аралығында Алматы қаласындағы
кеңшар есепшілерін дайындайтын
екіжылдық курсты сырттай оқып,
тәмамдаған ол зейнет демалы-
сына шыққанға дейін Қаратөбе
аудандық мәдениет бөлімінің бас
есепшісі болып еңбек етті.
Осылайша өмір қиындығын көп
көрген майдангер ана 1995 жылы
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
50 жылдығына арналған мереке-
лік шарада сөйлеген сөзінде «Бі-
реу жетіп, біреу жете алмаған бұл
қуанышты күнді біз, майдангерлер,
көңіліміз толқып қарсы аламыз.
Біз көрген қасіретті кейінгі ұрпақ
көрмесін» деген аналық тілегін
жолдаған еді.
Жоғарыда айтылғандай, Қаным
ананың өз қолымен жазған ғұ-
мырбаянында: «Тайпақ ауданынан
менімен бірге 10 қыз аттандық.
төрт жыл бойы өзіммен бірге
болған Есқалиева Үмітай екеуміз
өмір соқпағын бірдей көрдік»
деп жазған еді. Енді осы дерек
бойынша біз Қаным Алмағамбето-
ваның майдандас құрбысы Үмітай
Есқалиеваны іздестіріп, ешбір
дерек таппай жүргенімізде, біз-
ге қолұшын берген Ақжайық ау-
дандық орталықтандырылған кі-
тапхана әдіскері, ақын Сағынтай
Орынғалиұлы болды. Ол Орал
қаласында майдангер ананың
ҚАзАҚ ҚыздАРы
ұрпақтары тұратындығын айтты.
Осылайша Орал облысының алыс
түкпіріндегі ауылдан 1942 жылы
майданға бірге аттанып, соғысты
Солтүстік Корея елінде аяқтап елге
аман сау оралған тағы бір қазақ
қызының ұрпағына жолықтық.
Сөйтіп, Орал қалалық №3 ем-
хананың рентгенолог дәрігері
Мәжит Халықбергенұлы анасы
Үмітай Есқалиеваның жауынгер-
лік құжаттарымен бірге бізге екі
құнды деректі табыс етті. Оның
бірі – Үмітай Есқалиеваның май-
данда жүріп, 1943 жылдың 2 та-
мызы күні орыс тілінде жазған
ғұмырбаяны. Екіншісі – 1945 жы-
лы 10 қазанда Кореяның Хедзио
қаласында бір топ майдандас-
тарымен бірге түскен суреті. Біз
бұл дерек суретті қазіргі кезде
Орал қаласында тұратын Қиыр
Шығыс майданына қатысқан жа-
уынгер ана Қаламсия Ермековаға
апарып көрсеткен едік. 95 жас-
тағы жады мықты майдангер
ана 40 шақты орыс ұлты өкілде-
рінің арасында тұрған үш қазақ
қызы Алмағамбетова Қаным мен
Есқалиева Үмітайды және шығыс-
қазақстандық (балалар үйінде
тәрбиеленіп өскен) Ерғазиева Сә-
биланы көрсетіп, аты-жөндерін
мүдірмей айтып берді.
Есқалиева Үмітай 1943 жылғы
2 тамыз күні оқушы дәптерінің
екі бетіне жазған ғұмырбаянында
туған жылы, туған жері, білімі,
соғысқа дейін атқарған қызметін
қағазға толық түсірген. Сондай-ақ
ол 1942 жылы Қиыр Шығыстағы
әскери бөлімге келген уақытын
көрсетіп және өзінің командир
мен комсомол ұйымы тарапынан
ешбір сөгіс алмағандығын, әлеу-
меттік тегі кедей екенін, өзінің
және ата-анасының да бұрын-
соңды істі болмағандығын айтып,
шет елмен де байланысының жоқ
екенін жазған. Соған қарағанда ол
бұл ғұмырбаянды штабтың әскери
қажетті талабы бойынша жазған
деп болжам жасаймыз.
Демек, осы дерек бойынша Ес-
қалиева Үмітай 1921 жылы Батыс
Қазақстан облысы Тайпақ ауданы
Калмыков ауылында дүниеге кел-
ген. Бір жасында әкесінен, ал 1934
жылы 13 жасқа қараған шағында
анасынан айырылып, ағасы Ораз-
дың қамқорлығында өседі. 1930
жылы Калмыков ауылындағы мек-
тептің бірінші класына барған
ол 1937 жылы осы мектептен
жетікластық білім алып шығады.
1940 жылы Орал қаласындағы
үшжылдық педагогикалық техни-
кумды бітіріп, ауылға келген Үмі-
тай аудандық тұтынушылар ода-
ғында есепші болып еңбек етеді.
Кейін ол 1941 жылдың тамызынан
бастап, 1942 жылы мамыр айында
майданға аттанғанша, аудандағы
Осоавиахимда нұсқаушы болып,
ауыл адамдарына әуе шабуылы
мен химиялық қару түрлерінен
қорғанудың әдіс-амалдарын үй-
рету жұмыстарымен айналыса-
ды. 1942 жылы 24 шілдеде Қызыл
Армия қатарына алынады. Мәжит
Халықбергенұлының айтуынша,
анасы Үмітай соғыста қаза тапқан
ағасы Ораздың кегін аламын деп
өз еркімен майданға аттанған.
1941 жылы соғыс басталғанда, ал-
дыңғылардың бірі болып майдан-
ға аттанған ағасы Ораз госпи-
тальда жатқаны жөніндегі хаты-
нан соң хабар-ошарсыз кеткен
еді...
Міне, сөйтіп, Қиыр Шығыс май-
данына аттанған Үмітай 35-армия
құрамындағы 120-аэродром қыз-
метін қамтамасыз ету батальо-
нында (БАО) автоматшылар рота-
сында байланысшы болады. 1945
жылы қыркүйек айында Солтүстік
Кореяның Хедзио қаласына ауыс-
тырылып, 1945 жылы желтоқсанда
құрбысы Қаным Алмағамбетова
екеуі аман-сау елге оралады.
Жауынгерлік ерлігі үшін сер-
жант Есқалиева Үмітай Жоғарғы
Бас қолбасшы Сталиннің атынан
мына мазмұнда жазылған: «Прика-
зом Верховного Главнокомандую-
щего Генералиссимуса Советского
Союза товарища Сталина от 23 ав-
густа 1945 года №372, за отличные
боевые действия в боях с японца-
ми на Дальнем Востоке, всему лич-
ному составу нашего соединения,
в том числе и Вам, принимавшему
участие в боях обявлена Благо-
дарность.
Командир войсковой части
Полевая почта № 78751
30 августа 1945 г.» деп жазылған
алғысхатына ие болды. Сондай-
ақ жауынгер қыз ІІ дәрежелі Ұлы
Отан соғысы ордені, «Жапония-
ны жеңгені үшін» және мерекелік
Кеңес Одағының Маршалы Г. Жу-
ков медальдарымен марапаттал-
ды.
Соғыстан кейін бейбіт өмір тір-
лігіне араласқан майдангер ана
Калмыков ауылында ұзақ жыл
бойы сауда саласында еңбек етті.
Соғыс ардагері, сержант Құлшы-
қов Халықбергенмен отау құрып,
бір қыз, екі ұл тәрбиелеп өсірді.
Балаларының барлығы жоғары
білімді. Қызы Светлана мен ұлы
Мәжит – Ақтөбе медициналық ин-
ститутын бітірген дәрігерлер.
Демек, Ұлы Отан соғысына қа-
тысқан тағдырлары бір-біріне
ұқсас майдангер аналардың өмірі
бүгінгі жас ұрпақты адамгершілік-
ке, отаншылдыққа тәрбиелеудегі
маңызды құрал, үлгі-өнеге болып
табылады.
Бақтылы БОРАНБАЕВА,
Батыс Қазақстан иннова
циялықтехнологиялық
университетінің доценті,
тарих ғылымының
кандидаты
Жауынгер қазақ қызы Қаным Алмағамбетоваға берілген Жоғарғы Бас қолбасшы Сталиннің алғысхаты
Жауынгер қазақ қызы Үмітай Есқалиеваға берілген
Жоғарғы Бас қолбасшы Сталиннің алғысхаты
ТАРиХ
18
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
есТелік
Т
арихқа көз салсақ, қазан
төңкерісі, одан кейін аза-
мат, Ұлы Отан соғыстары
болып өтті. ХХ ғасырдың 28-29-30-
жылдары Кеңес одағында жаппай
«коллективизация»
жүргізілгені
мәлім. Сол кезде қазақтың малы
тартып алынып, колхоз бен сов-
хоздар құрылды, бүкіл байлық
үкіметтікі болып шықты. Халықты
байдың баласы не қажының, дін
ұстағандардың ұрпақтары деп бо-
сытып жіберді. Солақай саясаттың
зардабын тартып, бас сауғалаған
аталарымыз Ресей асып, орыс мұ-
жықтарына жалданып күн көрді.
Бірақ 1932 жылы елімізде өнер-
кәсіпті қарқынды дамыту бастал-
ды. Елдегі ірі қалалардағы зауыт-
фабрикалардағы мыңдаған жұмыс-
шыларды азық-түлікпен қамтама-
сыз ету мәселесі бірінші орынға
шықты. Кеңес үкіметінің қаулысы-
мен (төрағасы И. Сталин) 1932 жы-
лы «Аңқаты» ет совхозы құрылды.
КСРО-да таза етті бағыттағы
ірі қара мал жоқ болатын. Елде
қуғын-сүргін саябырсып, жұмыс
қолдары өте қажет болатын. Осы-
ны бетке ұстап елге оралайық деп
атамыз Өте ағалары Ақкерей, Са-
ғыр, інісі Кенжеғалиды (Шошақ)
ертіп, осы «Аңқаты» ет совхозына
аға малшы болып жұмысқа кірісе-
ді. Атамыздың қасында көмекшіле-
рі болып туған ағалары мен бала-
шағасы болған.
Жергілікті қазақтың аналық
сиырларын шетелден алтынға са-
тып алынған герефорд тұқымдас
аталық бұқалармен будандасты-
рып, метис ұрпақтарын алып
өсіріп, олардың тәуліктік салмақ
қосуын әр басына 750 грамға
жеткізеді. Жаңағы бұқалар мұхит,
теңіз арқылы Англия, Канададан
Ленинградқа пароход арқылы
жол тартып, кейін шойын жолмен
атамыздың өзі бас-көз болуы-
мен Оралға жеткізілген екен. Осы
мал «Аңқаты» совхозының №1 бө-
лімшесінде «Новая точка» деген
ауылда бағылып күтілді. Ал жазда
Саралжын көлінің Ащысай, Аңқа-
ты өзендерінің және Шалқар көлі-
нің жағалауындағы жайылымдар-
да жайылатын болған.
Қазақстанның Семей облысын-
дағы «Чалобай» совхозында, Ақ-
мола облысының «Балкашино» сов-
хозында, Ресейдің Чкалов (Орын-
бор) облысының «Броды» совхоз-
дарында да осы жұмыстар қолға
алынып жүргізілген еді. Атамыз
Мусин Өтенің аға малшы ретінде
ғалымдармен бірлесе жасаған жұ-
мысы өз нәтижесін берді. КСРО-да,
осының ішінде Батыс Қазақстан
адал еңбек иесінің есімі
ұмыТылмАсын...
Атамыз Өте Мусин 1886 жылы бұрынғы
Шалқар, қазіргі Сырым ауданының Қособа
елді мекенінде дүниеге келген. Бабамыз
Мұсадан Ақкерей, Сағыр, Өте, Кенжеғали
атты (басының сопақтығынан жеңгелерінің
атауымен Шошақ аталып кеткен) ұлдар
өрбиді. Бабамыз Мұса інісі Қобыландымен
қаражат жинап, Алланың алдындағы
мұсылмандық парызын өтеу үшін Мек-
кеге қажылыққа жол тартып, сол жақта
сүйегі мәңгілікке қалған көрінеді. Бабамыз
Мұсаның үшінші баласының ныспысын Өте
деп қоюы кейінгі ұрпақтарына шешуін таба-
тын тылсым жұмбақ сияқтанады.
облысында «Аңқаты» ет совхозын-
да аға малшы Өте Мусиннің сиыр
табынында ғылыми жолмен етті
бағыттағы қазақтың ақбас сиырла-
ры дүниеге келген еді.
КСРО Министрлері кеңесінің
(төрағасы И. Сталин) 1951 жылғы
14 наурыздағы №981 қаулысымен
бір топ адамға бірінші дәрежелі
Сталиндік сыйлықтың лауреаты
атағы берілді. Оның ішінде «Аң-
қаты» асыл тұқымды ет совхозы-
ның аға малшысы Өте Мусин, ға-
лымдар С. Дудин, К. Акопян және
тағы басқалар (барлығы 14 адам)
бар. Кейінірек бұл атақ мемле-
кеттік сыйлық болып өзгертілді.
Атамыздың бұл жәдігерлері об-
лыстық өлкетану мұражайында
сақтаулы және сирегірек болса
да, көрермендер назарында.
Атамыз 1940 жылы Бүкілодақ-
тақ ауыл шаруашылығы көрмесіне
қатысқан және 1938-1939 жыл-
дары герефорд тұқымдас метис
бұзауларынан (сегіз айға дейін)
тәулігіне 750 грамм салмақ қосуын
қамтамасыз етіп, мал басын 100
пайыз аман сақтаған (құжаты
– 127255. Мақтау қағазы №1992.
1945 жылы 5 ақпан күні).
Бүкілодақтық социалистік жа-
рыстың совхоздар арасындағы ең
үздік стахановшы деген атағы бар.
Атамыз Ұлы Отан соғысы кезін-
дегі ерен еңбегі үшін КСРО-ның
Жоғарғы кеңес президиумының
қаулысымен «Ұлы Отан соғысын-
дағы 1940-1945 ж.ж. ерен еңбегі»
медалімен (Х №055586, 1946 ж.
31 мамыр) марапатталды, ал 1951
жылы «Құрмет Белгісі» орденіне
ие болады. Атамыз бірнеше рет
ауылдық, аудандық, облыстық ке-
ңестің мүшесі болды. Ол 1955 жы-
лы Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасының «Құрметті зей-
неткері» атағымен зейнеткерлікке
шықты. Алайда ірі қара малын ба-
ғып-күтудегі мол бай тәжірибесін
кеңесші ретінде малшыларды ара-
лап бөлісіп отырды.
«Аңқаты» ет совхозының алғаш-
қы директоры А. Писарев болды.
Одан кейін әр жылдары осы сов-
хозды И. Голупов, Г. Петренко, И. Ге-
расимов, Ф. Скобычкин, П. Суворов,
А. Черекаев, Ж. Қоланбаев, Н. Ке-
лексаев, С. Балахметов, М. Зейнул-
лин деген азаматтар басқарды.
Атамыз Өте Мусин – «Аңқаты» ет
совхозының даңқы КСРО-ға тара-
луына аянбай еңбек еткен адам.
Сол кезеңнің біраз аға малшыла-
рын да атап кетуді жөн көрдім.
Олар: Бекебас Қартабаев, Шаян
Өміров, Байғуат Ысқақов, Тілеген
Стамғазиев, Насиха Диярова, Ах-
мет Отарбаев, Ешмұқан Бөкенбаев,
Құлмаш Кенжеғалиев т.б.
Атамыз малшы таяғын Қабекес
Серғалиевке тапсырған. Содан ол
кісі 1966 жылы наурыз айында Со-
циалистік Еңбек Ері деген жоғары
атаққа ие болады. Ал Балтабай
Молдахметов алғаш рет Ленин
орденімен марапатталды. Атамыз
қазақтың ақбас етті бағыттағы
сиырларының авторларының бірі
ретінде 1951 жылдың наурызында
бірінші дәрежелі сталиндік сый-
лықтың лауреаты атағын алса, со-
дан 20 жылдан соң осы «Аңқаты»
асыл тұқымды мал зауыты КСРО-
ның ең жоғарғы наградасы «Ленин»
орденімен марапатталды. Ал сов-
хоз директоры А. Черекаев 1972
жылы Социалистік Еңбек Ері де-
ген жоғары марапатқа ие болды.
Атамыздың үлкен ұлы Мүти
Мусин осы «Аңқаты» совхозында
алғаш рет етті бағыттағы ірі қара
малын қолдан ұрықтандыруды
(1944 жылы) қолға алған. Денсау-
лығына байланысты бұл жұмысын
1953 жылы немере інісі Назар Шо-
шақовқа тапсырған еді. Сол кез-
де ағамыз екі аяқты арбаға ат
жегіп, бүкіл малшылардың табы-
нын асыл тұқымды бұқалардың
ұрықтарымен сиырларды қолдан
ұрықтандыратын еді. Бұл жұмыс
тәжірибесі осы саладағы мал шар-
уашылығында КСРО-да ең алғаш
рет қолданылып, іске асқан бола-
тын. Ағамыз ерен еңбегі үшін Ең-
бек Қызыл Ту орденімен марапат-
талды. Осының арқасында әр 100
сиырдан 90-100 бұзау алуға же-
тіскен еді.
Атамыз сақал-мұрты келіскен
аққұба, орта бойлы кісі еді. Төңі-
регіндегі жақын-жуығына қамқор-
шы бола білді. Атамыздың үлкен
ұлы, менің әкем Мүти Мусин 1915
жылы 3 наурызда дүниеге келген,
ал анам Сағида Аяшева 1925 жылы
3 наурызда туған. Әкем мен анам
1947 жылы 5 мамырда некелескен.
Олардың ұлдары – мен, Орын-
бек, 1948 жылы 27 қыркүйекте
дүниеге келгенмін. Бір құрсақтан
төрт ұл, үш қыз туғанбыз. Өзім де
осы саланың маманымын, қазір
зейнеткермін. Немерелерінің бәрі
де әр саланың мамандары болып
жұмыс істейді.
Атамыз бес мезгіл намазын оқи-
тын, ораза ұстап, наурыз мереке-
сін, құрбан айт тойларын атап өте-
тін. Атамыздың екінші ұлы Сағи-
долла 1919 жылы туған. Ол кісі
офицер не саяси қызметкер бо-
лып Қызыл Армияда Отан алдын-
дағы азаматтық борышын өтеп
жүргенде, совет-фин соғысы, одан
кейін Ұлы Отан соғысы басталып,
сол соғыста хабарсыз кеткен. Ата-
мыз әжеміз Әлима баласы соғыс-
тан аман келеді деп күткен еді.
Бірақ оралмады. Әлима әжеміз
1971 жылы мамыр айында бақи-
лық болды.
Атамыздың 1927 жылы туған
Бәтима деген қызы болды, Жез-
деміз Жұпқалиев Дәулетқалимен
тұрмыс құрған. Екеуінен бір ұл, бір
қыз дүниеге келген. Атамыздың
үшінші ұлы Әзербай 1929 жылы 30
желтоқсанда дүниеге келген. Әсия
деген жеңгеміз болған. Оның қызы
Сәния Өтеева 1953 жылы туған.
Қазір Назарбаев атындағы зият-
керлік мектебінің физика пәнінің
ұстазы. Тәтеміз екінші рет үйленіп,
жеңгеміз Зина екеуі үш ұл, бір қыз
тапқан болатын. Қазір қыздары
Өтеева Роза Әзербайқызы – ма-
тематика ғалымдарының докто-
ры, Ресейдің Тольятти универси-
тетінің профессоры. Атамыздың
төртінші ұлы Оралбай 1939 жы-
лы туған. Аңқатыға Саралжыннан
жаяу барып, оқып жүргенде, ауы-
рып бақилық болған.
Атамыздың Сырым ауданының
Қосаба ауылында әкесінің інісі Қо-
быландыдан туған Мұқаннан Қа-
напия, Жанқожа, Алпысбай, Би-
сенғали деген бел немере інілері
тұрған және оларға ат арба же-
гіп, мені ілестіріп қыдырып бара-
тын еді. Ал облысымызға белгілі
Жұмағалиев Бисен ағамыз орыс-
тың атақты жазушысы, Нобель
сыйлығының лауреаты М. Шоло-
хов жайында көп жазған еді. Со-
ның бірі менің атама қатысты оқи-
ға болатын. Онда жазушының Шал-
қар көлі жағасында балық аулап,
аң-құс атып жүргенде жаңбыр
жауып, көліктері жүрмей қалады.
Тоңып-шашырап жүрген кісілерді
атамыз отырған күркесіне әкеліп,
ыстық тамағын беріп, киімдерін
кептіреді. Сол кездесуді М. Шоло-
хов қазақтың кеңпейілдігін жоға-
ры бағалап, соңынан сол қарапа-
йым малшының сталиндік сыйлық-
тың лауреаты атанғанын естіп,
қатты қуанғандығы айтылған. Осы
оқиғаны бейнелейтін көркемсу-
рет қазір Дарияндағы (Даринский)
М. Шолохов мұражайында тұр.
Жас кезінде атамыз бір бақсы
адамға қаралады, ол кісі «Сен дү-
ниеден 73 жасыңда өтесің» деген.
Содан атамыз 1959 жылдың ба-
сында өңештің обыры ауруымен
ауырып, осы жылдың 15 тамызын-
да бақилық болды. Енді беті бері
қарамасын білген соң немере-
лерін бір-бірлеп қасына шақырып,
маңдайынан иіскеп, сүйіп, «Айна-
лайындар, оқыңдар, жақсы азамат
болыңдар» деп өсиетін айтқан-ды.
Назар інісіне басына қойылатын
құлпытасты құйдырды және үй
тұрғызатын саман тасты әзірлетіп
қойды. Жылдар жылжып өтіп, са-
ман үй құлап қалды, құлып тастың
жазулары түсіп қалды. Жерлеуге
қатысқан атқамінерлер атамыздың
басына мәрмәр тастан белгі қою
қажет деп айтқан еді. Оны есті-
ген әкеміз ауданға, облысқа, тіпті
республикаға арыз жазды, бұл іс
аяқсыз қалды. Сол кезде жергілік-
ті бюджеттен бес мың рубль бөлу-
ге рұқсат еткен. Осы шаралар іске
аспаған соң, өзіміз немерелері бо-
лып қаражат жинап, мәрмәр тас-
тан белгі қойдық. Құран оқытып,
садақасын бердік.
Атамыз қазақтың ақбас етті ба-
ғыттағы сиырларының дүниеге ке-
луіне еңбек сіңіріп, стратегиялық
азық-түлік, соның ішінде сапалы
мәрмәр етті егемен Қазақстанға
мұра етіп қалдырды. Олай бол-
са, ел үшін адал еңбек еткен Өте
Мусиннің есімін кейінгі ұрпаққа
мәңгі үлгі етуіміз керек. Ол үшін
облыс орталығы Орал қаласынан
бір көшенің немесе мектептің
атын сол кісінің есімімен аталса,
орынды болар еді. Осылайша,
өмір-бақи мал бағып, адал еңбе-
гімен елдің құрметіне бөленудің
өнегесін танытқан еңбек ерінің
рухына, жасампаз еңбегіне құр-
мет көрсеткен болар едік.
Орынбек МУСИН,
немересі,
Орал қаласы
19
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
ҚАулы-ҚАРАР
(Соңы. Басы газеттің 13 тамыздағы №100 санында)
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы
2016 жыл 24 маусым №189 Орал қаласы
БҚО әділет департаментінде
21.07.2016 жылы №4488 болып тіркелді
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушілердің мекенжайлары
№
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Заңды мекенжайы
1
«Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттiк мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
Достық-Дружба даңғылы, 179
2 «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1
3
«Ақжайық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесi, 70
4
«Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттiк мекеме
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосы, Т. Жароков
көшесi, 31
5
«Бөрлi ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлi ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесi, 99
6
«Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы
көшесi, 44
7
«Жәнiбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Жәнiбек ауданы, Жәнiбек ауылы, Ғ.Қараш көшесi, 61
8
«Зеленов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесi,
139
9
«Казталов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Шарафутдинов
көшесi, 1
10
«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев
көшесi, 19
11
«Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты аулы, Қазақстан көшесi, 8
12
«Тасқала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк
мекеме
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесi, 23
13
«Теректi ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Теректi ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесi,
18
14 «Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Клышев
көшесi, 95
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Облыстың, аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың мекенжайлары
№
Атауы
Заңды мекенжайы
1
«Батыс ңазаңстан облысының жер ңатынастары басңармасы»
мемлекеттiк мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Орал ңаласы, Чурина кңшесі, 116
2 «Орал ңаласының жер ңатынастары бңлімі» мемлекеттiк мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Орал ңаласы, Достың-Дружба даңңылы,
182/1
3
«Аңжайың ауданының жер ңатынастары бңлімі» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Аңжайың ауданы, Чапаев ауылы, ңонаев
кңшесi, 73
4
«Бңкей ордасы ауданының жер ңатынастары бңлімі» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Бңкей ордасы ауданы, Сайңын ауылы,
Берңалиев кңшесi, 1
5
«Батыс ңазаңстан облысы Бңрлi ауданының жер ңатынастары
бңлімі» мемлекеттiк мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Бңрлi ауданы, Аңсай ңаласы, Советская
кңшесi, 60/2
6
«Жаңаңала аудандың ауыл шаруашылың жңне жер ңатынастары
бңлімі» мемлекеттiк мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Жаңаңала ауданы, Жаңаңала ауылы,
Халыңтар Достыңы кңшесi, 44
7
«Батыс ңазаңстан облысы Жңнібек ауданының жер ңатынастары
жңне ауыл шаруашылыңы бңлімі» мемлекеттiк мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Жңнiбек ауданы, Жңнiбек ауылы, Г.ңараш
кңшесi, 35
8
«Зеленов аудандың жер ңатынастары бңлімі» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный селосы,
Мирный кңшесi, 3
9
«Батыс ңазаңстан облысы Казталов ауданының жер ңатынастары
бңлімі» мемлекеттiк мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы,
ңңрманңазы кңшесi, 1
10
«ңаратңбе ауданының ауыл шаруашылыңы мен жер ңатынастары
бңлімі» мемлекеттiк мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, ңаратңбе ауданы, ңаратңбе ауылы,
ңңрманңалиев кңшесi, 19
11
«Сырым аудандың ауыл шаруашылыңы жңне жер ңатынастары
бңлімі» мемлекеттiк мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, ңазаңстан
кңшесi, 15
12
«Тасңала аудандың жер ңатынастары бңлімі» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Тасңала ауданы, Тасңала ауылы, Абай
кңшесi, 23
13
«Теректі ауданының жер ңатынастары бңлімі» мемлекеттiк
мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Теректi ауданы, Федоровка ауылы,
Юбилейная кңшесi, 20
14
«Шыңңырлау ауданының жер ңатынастары бңлімі» Мемлекеттiк
мекемесi
Батыс ңазаңстан облысы, Шыңңырлау ауданы, Шыңңырлау ауылы,
Клышева кңшесi, 93
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Достарыңызбен бөлісу: