алуға арналған қазақ
күресінен екінші
республикалық
турнир оздырылды.
Қ
азақ күресі өнерінде та-
лай белестерді бағынды-
рып, республикамыздың
тұңғыш абсолюттік чемпионы
атанған Еңсеп бабамыздың есімі
еш ұмытылмақ емес.
1905 жылы Егіндікөл ауылын-
да дүниеге келген Еңсеп атамыз
жастайынан қазақ күресіне, ала-
ман бәйгелерге қатысып, шыңдала
түседі. Жігері мен табандылы-
ғы арқасында 1939 жылы Семей
қаласында өткен республика бі-
ріншілігіне қатысып, орта сал-
мақта бірінші орынға, сондай-ақ
барлық салмақ дәрежесі бойынша
қарсыластарын жеңіп, абсолют-
тік чемпион атағына ие болған.
1941 жылы Фрунзе қаласындағы
одақтық жарысқа қатысып, Ресей,
Украина, Беларусь және басқа
мемлекеттердің палуандарымен
белдесіп, чемпион атанады. Ұлы
Отан соғысы басталғанда Е. Дос-
қалиев өз еркімен майданға атта-
нып, 1944 жылы Украина жерін
-
де ерлікпен қаза табады. Ұлттық
спорт – қазақ күресін дамытуға
өлшеусіз үлес қосқан спорт саң-
лағының өмір жолы бүгінгі ұр-
паққа үлгі боларлық.
Өткен жылы Қаратөбе ауданы-
ның әкімі Асхат Шахаровтың қол-
дауымен Еңсеп бабамызды еске
алуға арналған турнир алғаш рет
республикалық деңгейде ұйым-
дастырылып, баба рухы ұлықтал-
ғаны баршаға мәлім.
Осы жылғы жарыстың алғашқы
күнінде турнир қонақтары мен
қатысушылар Мұхит Мерәлиев
атындағы аудандық тарихи-өлке-
тану музейіне саяхат жасап, жер-
гілікті көркемөнерпаздардың кон-
церттік бағдарламасын тамаша-
лады. Екінші мәрте өткізілген рес-
публикалық турнирге еліміздің
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыс-
тарынан және Орал қаласынан,
сондай-ақ облысымыздың бірне-
ше ауданынан барлығы тоқсанға
жуық палуан қатысты.
– Еңсеп бабамыздың турнирі-
не алыс-жақыннан келген қаты-
сушылар мен ұрпақтарына қош
келдіңіздер дегім келеді. Осын-
дай айтулы додалардың жастар
арасында бұқаралық спортты
дамытуға, қазақ күресін наси-
хаттай түсуге зор ықпалы бола-
ры сөзсіз. Жарысқа қатысушы
спортшылардың биік тұғырдан
көрінулеріне тілектеспін, - деді
турнирдің ашылу салтанатында
сөз алған Қаратөбе ауданының
әкімі Асхат Шахаров.
Е. Досқалиевтің немересі Ай-
дар Досқалиев пен жарыстың бас
төрешісі Ибат Еришев те қазақ
күресінің дами беруіне тілектес-
тіктерін жеткізіп, жарыс жолы-
на шыққан палуандарға сәттілік
тіледі.
күш атасын танымас
С
порт күніне орай Қазақ-
стан Республикасы Тәуел-
сіздігінің 25 жылдығына және
Рио-де-Жанейро қаласында өтіп
жатқан жазғы олимпиада ойын-
дарына қатысушы Қазақстан құра-
ма командасына қолдау көрсету
мақсатында қол күресінен жасөс-
пірімдер мен ересектер арасында
Жаңақала ауданының ашық бірін-
шілігі өткізілді.
Аталмыш сайысқа Бөрлі, Жәні-
бек, Қаратөбе, Орал қаласы №4
балалар және жасөспірімдер
спорт мектебі және Жаңақала ау-
данының білекті жастары қатысты.
Барлығы 60-қа тарта қара күш
иелері қатысқан жарыс тартысты
өтті. «Күш атасын танымас» деген-
дей, спортшылардың бірі күшінің
басымдылығын көрсетіп, айқын
басымдылықпен жеңіп жатса, бі-
рі айла-тәсілге арқа сүйеп, ал ен-
ді бірі спорттық ережеге сай қу-
лықтарын жүзеге асырып жатты.
Жарыс соңында күш атасы Қажы-
мұқан аталарын пір тұтқан жеңім-
паз спортшыларға арнайы дип-
ломдар табысталды.
Н. ҒАББАСОВ,
Жаңақала ауданы
Айбек СЕРіКБАЕВ,
турнир жеңімпазы:
– Айтулы додаға қатысу үшін Қызыл-
орда облысынан келдім. Палуандар жа-
рысқа тыңғылықты дайындықпен келген.
Оларды жеңу оңайға соқпады. Турнир
жоғары дәрежеде ұйымдастырылған.
Соңғы белдесуде қазақ күресінен әлем
чемпионы, шымкенттік палуан Әділжан
Ыстыбаевты ұтып, жеңіс тұғырына көтерілгеніме қуанышты-
мын. Еңсеп бабамыздың турнирі дәстүрлі түрде өткізіліп
тұрса деген тілегім бар.
Зумрад ДОСҚАЛИЕВА,
Еңсеп Досқалиевтің немересі:
– Турнир жоғары деңгейде өтті.
Ұйымдастырушыларға, аудан әкімі Асхат
Шахаровқа осындай ізгілікті іс жасап, тур-
нирді республикалық дәрежеде өткізуге
ұйытқы болғандығына алғысымыз шексіз.
Атамыздың есімін ұлықтау мақсатында
өткізілген турнир жас спортшыларды
қанаттандырары сөзсіз. Өңірімізден әлемді мойындатар жас
палуандар шығуына тілектеспін.
Дүбірлі додада палуандар 55,
60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі
және абсолюттік салмақ дәрежесі
бойынша белдесулер өткізіп, жа-
рыс көрігін қыздырды.
Салмақ дәрежелері бойынша
белдесудің ақтық сынына шыққан
палуандар арасындағы күрес тар-
тысты өрбіді. Күрес десе, делебесі
қозатын қалың жұрт қиқуға ба-
сып, сайдың тасындай іріктелген
палуандарды қолдаумен болды.
Жарыстың ақтық сынында 55
келі салмақ дәрежесі бойынша
оралдық Данияр Ұзақбаев, 60 ке-
лі салмақта атыраулық Азамат
Едігеев, 66 келіде Сырым ауданы-
нан келген Айбол Оразғалиев, 74
келіде атыраулық Нұрбек Қожаға-
лиев, 82 келіде қазталовтық Ерна-
зар Хамзин, 90 келі және 100 келі
салмақ дәрежесінде шымкенттік
палуандар Ерсұлтан Мұзаппаров
пен Әділжан Ыстыбаевтың бағы
жанса, 100 келіден жоғары сал-
мақта қызылордалық Айбек Серік-
баев жеңімпаз атанды.
Абсолюттік салмақ дәрежесі-
не белдесуге шығып, шымкенттік
қарсыласы Әділжан Ыстыбаевты
үш минутта таза жеңіспен ұтқан
қызылордалық Айбек Серікбаев
турнирдің «түйе палуаны» атанып,
бас жүлдеге тігілген 250 мың тең-
гені иемденді. «Түйе палуандық-
қа» талас барысында Бөрлі ауда-
нынан келген Темірлан Көлібай
жүлделі ІІІ орынға табан тіреді.
Турнир соңында салмақ дәре-
желері бойынша жеңімпаздар мен
жүлдегерлер арнайы дипломдар
мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Еңсеп Досқалиевтің немересі Ай-
дар Досқалиев жарысқа қатысушы
жекелеген палуандарға түрлі ата-
лымдар бойынша сыйлықтар та-
быс етті.
Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы
зеленовтың «күмісбегі»
Соңғы кезде ауыл спортына айтарлықтай көңіл
бөлініп жатыр. Соның арқасында жарқырай көрінген
талантты жастар баршылық. Солардың бірі – Зеленов
ауданы орталығындағы Қасым Аманжолов атындағы
мектептің оқушысы Расул Төлеуов. Гір тасын көтерумен
айналысатын ол – бүгінде інілеріне үлгі, аудан
мақтанышы, мектебінің абыройын асқақтатушы.
Р
асулдың спорттағы алғашқы
қадамы жайында оның бап-
кері Қанат Жұмағалиев: «Оқушы-
лар бос уақыттарында көше кезіп
сенделгенше, пайдалы іспен шұ-
ғылдансын деген оймен мектеп-
те гір спорты үйірмесін аштым.
Спорттың бұл түріне қызығушы-
лар көп болғанымен, сол кезде
8-сыныпта оқитын Расулдың тал-
пынысы ерекше болды. Оның
жауапкершілігі, берілген тапсыр-
маны бұлжытпай орындап, жат-
тыққан сайын көрсеткіштерін жақ-
сартуға ұмтылатыны қуантатын.
Кез келген бапкер шәкіртінің осын-
дай болғанын қалар еді», - деген
жылы пікір білдірді. Тынымсыз
жаттыққан жас спортшы алды-
мен аудандық жарыстарда жүлде
ала бастайды. Өзімен қатарлас
аудан оқушылары арасында бі-
рінші нөмірлі спортшы атанған
Расул алғаш бағын сынаған об-
лыстық сайыстан жүлдесіз ора-
лады. Бірақ сәтсіздікке мойымай,
жаттығуларын үдетіп, кейін өзі
қатысқан жарыстардың барлығы-
нан олжамен қайтуды әдетке ай-
налдырады. Облыс құрамасының
сапына енген соң алғашқы бай-
рақты бәсекесіне жол тартады.
«Тараз қаласында оқушылар мен
колледж студенттері арасында
ұйымдастырылған жазғы спарта-
киадада төртінші орынға табан
тіредім. Алайда мені сәтсіздіктер
ширата түседі. «Бүгін бағынбаған
белесім ертең бағынады». Міне,
менің спорттағы ұстанымым»,
- дейді ол. Білегіне бұлшық ет,
бойына намыс түйген Расул бұл
додадағы есені Шымкент қаласын-
да оздырылған ел чемпионатын-
да қайырды. Күміс медальға ие
болған ол облыс құрамасының
толыққанды мүшесі атанады.
2014 жылдан бері талай жарыстан
жүлде алып жүрген жас спортшы
дәл осындай нәтижені Қостанай
және Ақсай қалаларында өткен
біріншіліктерде қайталаған. Көп-
сайыстан гөрі гір көтерудің ұзақ
циклін көбірек ұнататын спорт-
шының
қоржынындағы
күміс
жүлденің үшеуі де алысқа шапқан-
да ғана арқасы жіпси бастайтын
арғымақтың жолын таңдағанын
дәлелдеп тұрғандай.
Болашағын спорттан көргісі ке-
летінін айтқан Расул елішілік қа-
на емес, әлемдік сындардың жүл-
десіне қол жеткізуді армандай-
ды. Сол үшін барлық қиындыққа
төзбек. Үш жыл ішінде жас спорт-
шы бойындағы қуатын, қарымды-
лығын танытып үлгерді.
...Ойымызға спорт саңлақтары-
нан еліміздің күмісбегі аталып кет-
кен атақты боксшымыз Әділбек
Ниязымбетовтің әлем көз тіккен
рингтен қайтпас қайсарлығы еске
түсті. Шегіністі білмей, ширыға тү-
сетіндігіне сүйсініп, жерлестері Зе-
леновтың «күмісбегі» атандырған
Расулдың да ертең-ақ құрыш білек-
ті спортшыға айналып, алтыннан
алқа тағатынына сенімдері кәміл.
Бисен түГЕЛОВ,
Зеленов ауданы
oral_oniri@inbox.ru
13
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
ГҮлдәуРен
Ән айтып, тіл үйренуде
Т
әуелсіздік алғалы еліміз-
де тұрып жатқан өзге ұлт
өкілдерінің қазақ тіліне, өнеріне
деген қызығушылықтары арта
түсті. Қазір Зеленов ауданын-
да қазақша ән шырқап, көптің
көңілінен шығып жүрген өнер-
паздар аз емес. Солардың бірі
- махамбеттік Анастасия Сафина.
Жастайынан өнерге құмар боп
өскен Анастасияның әнге деген
махаббатын мектепте музыка пә-
нінен сабақ берген ұстазы оятқан.
Ол жайында Настяның өзі:
- Маған музыкадан сабақ бер-
ген Мағаз Досаев деген ағайым-
ның сабақтары қатты ұнайтын. Ол
үнемі қазақ әндерін айтып жүру-
ші еді. Басқа сабақты оқымасам
да, музыка сабағын жібермеуге
тырысатынмын, - деп еске алады.
Осылайша ұстазының арқасын-
да қазақ әндерін үйрене баста-
ған Настя ең алғаш аналар ме-
рекесінде «Анашым» деген әнді
орындап, көпшіліктің көңілінен
шыққан. Ол сәтті әлі күнге дейін
есіне алып отыратын кейіпке-
ріміз бұдан кейін барлық мере-
келік шаралар мен концерттер-
де тек қазақ әндерін шырқайтын
болыпты. Мектеп жасынан өнер-
ге құмар боп өскен ол ауыл-
дық, аудандық мәдени шаралар
мен конкурстардың жеңімпазы,
жүлдегері атана бастайды.
Настя мектепті аяқтаған соң
Жәңгір хан атындағы агротех-
никалық университетіне оқуға
түседі. Аталмыш оқу орнын хи-
мик-технолог мамандығы бойын-
ша аяқтаған соң оқуын магис-
тратурада жалғастырады. Бұл
күндері өзі оқыған жоғары оқу
орнындағы биотехнология және
табиғатты пайдалану ғылыми-
зерттеу институтында маман-
дығы бойынша еңбек етіп жүр.
Студент кезінде де қоғамдық
жұмыстарда белсенді болған
оны «Грамада» беларусь этно-
мәдени орталығының басшысы
Михаил Беляев байқап, бірге жұ-
мыстануға шақырған. Қазір ол –
аталмыш этномәдени бірлестік-
тің жастар қанатының жетек-
шісі. Өз мамандығы бойын-
ша жұмыс жасап жүрсе де, қо-
ғамдық шаралардан қол үзгісі
келмейтін Настя түрлі мәдени-
көпшілік, жиындар мен фести-
вальдерде өзін жақсы қырынан
көрсетіп жүр. Өңірімізге Елба-
сымыз келіп, Қазақстан халқы
ассамблеясының форумы болған
кезде Президентіміздің алдында
ән шырқағанын да мақтаныш-
пен еске алады. Сондай-ақ үс-
тіміздегі жылдың сәуір айында
Беларусь Республикасына тәжі-
рибе алмасу мақсатында бар-
ған-ды. Сол жақта еліміздегі бела-
русь этномәдени бірлестігі мен
қазақ халқы жайында жергілік-
ті «Кніга ноша» аталатын газет-
ке сұхбат беріп, алыстағы бела-
русьтарға елімізді жаңа қыры-
нан танытыпты.
Бүгінде домбыра үйреніп
жүрген ол "Қазақстан-Орал" те-
леарнасында өтіп тұратын Нина
Павлычеваның «Звучи домбыра
дружбы» атты бағдарламасына
да түсіпті. Аталмыш бағдарла-
маның түсірілімдері уақытша
тоқтағанымен, ұстазы Айгүл Нұх-
қызының үйреткендерін үйінде
қайталап тұратын көрінеді. Тіпті
интернеттен домбыра үйрену
курстарын алып, білімін жетіл-
діріп тұруды әдетке айналдыр-
ған. - Мен қазақ халық әндерін
айтқанды ұнатамын. Тамара
Асар мен Алтынай Жорабаева-
ны сүйіп тыңдаймын. «Саржай-
лау», «Ариайдай», «Туған жер»,
«Қарлығаш» әндерін орындай-
мын. Сондай-ақ беларусь, татар
халықтарының әндерін де айта
аламын. Мен мемлекеттік тілді
осы ән айту арқылы үйренгім
келеді. Өйткені мемлекеттік тілді
меңгеру әр азаматтың борышы,
- дейді ол.
түгелбай БИСЕН,
Зеленов ауданы
С
ол кездегі тұлымды ұл мен
бұрымды қыздар бүгінде өз
өмірлерінің ұстасы, бір-бір
отбасының тірегі мен шырағы болып
отыр. Солардың бірі – біздің сыныпта-
ғы ең қайсар қыз, ұлдың өзін екпінімен
ығыстырып, үнемі асық ойнау, ләңгі
тебудің ортасынан табылған ерке сы-
ныптасым Салтанат. Төрт ағасының
Бала кезгі қызықты
сәттерді ойға алған кезде
сағыныш толы естеліктер
арасында тәтті шақты
бір бөліскен бала күнгі
достардың бейнесі жанға
ерекше әсер сыйлайды.
ортасында еркелеп, еркін өскен құр-
бымның әкесі, марқұм Мақсот аға – көп
жыл совхоздың малын баққан нағыз
еңбек адамы. Ұл-қызын еңбек етіп, тер
төгу арқылы адал ас табуға тәрбиеле-
ген абзал жан «төрт ұлын бір төбе,
Салтанатын бір төбе» санап өтті. Ана-
мыз Қымбат бүгінде бала-шағасының
ортасында көзайым болып, ұрпағының
қызығына кенеліп отыр.
Салтанатпен Теректі ауданының Ша-
ғатай ауылдық округіне қарасты Қы-
зылжар ауылында бірге өстік, Қызыл-
жар негізгі мектебінде тоғыз жыл бойы
білім алып, бір партада отырдық. Туған
ауылымыздағы тоғыз жылдық мектепті
бітіргеннен кейін әркім әр тарапқа жол
тартқанда, Салтанат Орал қаласындағы
Құрманғазы атындағы саз колледжін-
де 2005-2009 жылдары драма актері
мамандығы бойынша оқуға түсіп, бала
кезгі актриса болсам деген арманы-
на алғашқы қадамын жасады. Кейін,
2009-2013 жылдары білімін Алматы
қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қа-
зақтың ұлттық өнер академиясында
театртанушы мамандығы бойынша жал-
ғастырды. 2014 жылдан бастап Т. Жүр-
генов атындағы Қазақ ұлттық өнер
академиясының
магистратурасында
театртанушы мамандығы бойынша
оқып, биылғы жылы көптен күткен дип-
ломына қол жеткізді.
Армандар мекені – Алматы қала-
сында құрбым білім алып қана қоймай,
сонымен қатар жанына жақын қызмет
тауып, өзін білікті маман ретінде мойын-
дата білді. Айта кетсек, менің Салтанат
құрбым 2012 жылдан бастап 2014 жыл-
ға дейін М. Әуезов атындағы Қазақтың
мемлекеттік академиялық драма теат-
рында сайт редакторы болып қызметін
бастаса, 2014 жылдан көрермендер-
мен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі
болды, 2015 жылы Баспасөз қызметі
бөлімінің жетекшісі қызметіне ауы-
сып, қазір осы лауазымды лайықты
атқаруда. Қызметтік сатысында жет-
кен жетістіктері де аз емес. 2011 жылы
театртану бойынша өткен республика-
лық пәнаралық олимпиадада ІІІ орын
иеленді, «Театртану» мамандығынан
курстағы ең үздік ғылыми мақала ата-
лымының иегері (2011-2012 оқу жы-
лы), магистратурада оқып жүргенінде
көптеген шетелдік курсқа қатысып, сер-
тификаттар иеленген, сонымен қатар
сұхбат, сын мақалалары республикалық
газет-журналдарға жүйелі түрде жа-
рияланып келеді.
Өмірдегі жетістіктері туралы сөз
қозғағанда, Салтанат әр қол жеткен
биік үшін әуелі Аллаға, ата-анасына,
содан соң ұстаздарына шексіз қарыз-
дар екендігін үнемі айтып отырады.
Қайсар қыздың биікке ұмтылып, өнер
шыңына нық қадам басуына Қызылжар
негізгі мектебінде бастауыш сынып-
та жетекшіміз болған марқұм Зауре
Қадырғалиқызы Байнешованың, жоға-
ры сыныпта қамқорлығына алған Жа-
наргүл Байнешованың, Құрманғазы
колледжінде білім берген ұстазы – ҚР
еңбек сіңірген қайраткері Асхат Мае-
мировтың, Т. Жүргенов атындағы бі-
лім ордасында бағыт-бағдар берген
өнертану ғылымдарының докторы,
марқұм Бағыбек Құндақбаевтың, өнер-
тану ғылымдарының кандидаты Анар
Еркебайдың рөлі зор. Ал өмірдегі,
өнердегі ұстазы, жанашыры ретінде
жүрегіне жақын тартатын жан – елге
танымал театр сыншысы Әлия Бөпежа-
нованы анасындай сыйлайды. Әлия
Қаһарманқызы кезінде Салтанаттың
театрға қызметке орналасуына септігін
тигізіп, өмірінің маңызды сәттерінде
қасынан табылып, бар ақыл-кеңесін ая-
мастан, аялы қамқорлығын көрсетіп ке-
леді.
Кішкене ғана ауылдан алыстағы
алып қала Алматыға арман қуып аттан-
ған қайсар қыздың әлі талай биікті
бағындырып, туған ауыл-аймағының
мақтанышына айналарына сенім мол.
Аяужан КЕРЕЕВА,
Орал қаласы
Біздің Салтанат
14
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
өміР-өзен
Кітаптың кіріспесінде бұл ең-
бекте Оралбек Қожагелдиннің
өмір жолы, тұлғалық қалыптасу
кезеңдері, отбасылық өмірі, қоғам-
дық қызметі және қасіретті қазасы
туралы нақты куәгерлердің есте-
лігі жинақталғаны жазылған. Біздің
өңірде (Сырым ауданы) Оралбек
жайлы әркім екі ауыз әңгіме айта
алады. Ол әңгімелердің нұсқала-
ры мен бояуы түрліше, бірақ маз-
мұны бір. Олай болуы орынды да.
Себебі әрбір қазақтың жүрегін-
де өзінің Оралбегі бар. Оралбек
жайлы әңгіме айтылса, әркім ол
әңгімеден өзінің Оралбегін іздей-
ді. Өзінің Оралбегіне тән мінезді,
өзінің Оралбегіне тән қылықты
көргісі келеді. Жаңа айтқандай,
мазмұн біреу, қазақ үшін Орал-
ел үшін туған ер
ҚР Журналистер одағының мүшесі Нұрлан Сәдірдің
«Оралбек батыр» атты кітабы шыққаны, оған белгілі
заңгер Абзал Құспанның бастамашы болғаны туралы
жергілікті басылымдар, әсіресе, әлеуметтік желі бет-
терінде жиі жазылуда. Кітап кейіпкерінің ҚР
спорт шебері, дзюдо мен самбодан облыс
чемпионы, қазақша күрестен Батыс
Қазақстан облысының бірнеше
дүркін абсолюттік жеңімпазы,
республикалық, халықаралық
сайыстардың жүлдегері Орал-
бек Қожагелдин екендігін
анықтап айтудың қажеті
шамалы. Себебі біздің елде
Оралбек Қожагелдинді біл-
мейтін адам кемде-кем.
бек Қожагелдин – батыр. Кітап-
ты
құрастырушылар
еңбекке
тақырып берер кезде осыны ес-
керген. «Оралбек батыр» кітабы
– елдің аузындағы Оралбек жай-
лы айтылатын әңгімелерді хатта-
ған алғашқы басылым. Кітаптың
жаңалығы деп осыны айтайық.
Жуырда Қособа ауылдық ок-
ругінде, Оралбек Қожагелдиннің
туған ауылы Жырақұдықта, өзі
оқыған мектептің акт залында
Нұрлан Сәдірдің «Біздің елдің
жігіттері» сериясымен шыққан
«Оралбек батыр» кітабының та-
ныстырылымы өтті. Бұл шараны
өткізуге ауыл тұрғындары өз-
дері ұсыныс берген. Кейін ок-
руг әкімі Жұмабай Сатаев, ел
азаматтары Серік Тоқмамбетов,
Жеңіс Шапешов, Марат Халиол-
лин сынды ауылдықтар бірлесіп
ұйымдастырды. Таныстырылымға
кітаптың авторы Нұрлан Сәдір,
«ДАНА.kaz» тарихи-танымдық жур-
налының бас редакторы, өлке-
танушы Қазбек Құттымұратұлы,
белгілі заңгер, «Оралбек батыр»
кітабының идея авторы Абзал
Құспан арнайы қатысты.
Осы шарада «Оралбек батыр»
кітабы қолыма тиді. Үйге келгесін
шамалап қарап шықтым. Байқа-
ғаным, кітап авторы жазған дү-
ниесін асыра әсірелеуге барма-
ған. Кей авторлар оқырманды
баурау үшін суреттеуді көбейтіп,
әдеби әдістердің небір шұрайын
қолданады емес пе. Бұл кітап
олай жазылмаған. Бірақ оқыған-
да бас алғысыз. Оқырман ретінде
кітаптың бір тартымдылығын жа-
зылу тілінің табиғилығынан деп
түйдім. Еңбектің ең басты ерек-
шелігі – тастүйін фактілігі де сияқ-
ты. Кітаптағы деректердің түгел-
дей жете зерделенгені, сауатты
адамдармен сарапталғаны көрініп
тұр.
Шарада аталмыш еңбек тура-
лы, Оралбек туралы әркім жылы
пікірлер айтты. «ДАНА.kaz» тари-
хи-танымдық журналының бас ре-
дакторы, өлкетанушы Қазбек Құт-
тымұратұлы «Оралбектің өмірінде
өкініш жоқ!» деп айтты. Белгілі
заңгер Абзал Құспанның аузынан
«Ол – күрделі тұлға! Оралбек – өз
заманының өнімі!» дегенді естідік.
«Оралбек жайлы жазуға мастық-
пен кірістім. Мен Оралбек деген
тұлға туралы түсінікке масайдым.
Масаймасам, «сау» болсам, ең-
бек халықтың ықыласын туғызбас
еді. Оралбекті жазу – маған бұйыр-
ған бақыт!» деді кітап авторы
Нұрлан Сәдір. Есімізде қалған
осындай есті сөздерді мақаланың
ішінде қамти кеткенді дұрыс са-
надым.
ҚР Жазушылар одағының мү-
шесі, ақын Бауыржан Халиолла
кітаптың шығармашылық ұжы-
мының еңбегіне елдің атынан
алғыс білдірді. Шарада округ әкі-
мі Жұмабай Сатаев, батырдың жа-
ры Сәуия жеңгей, ауыл қариясы
Мәдина Жұмағұлова сөз алды.
Осы күні «Тұмар» мейрамхана-
сында Оралбек батырдың рухына
арналып ас берілді.
Таныстырылым шарасының ба-
рысында Оралбек Қожагелдинді
мәңгі есте қалдыру мақсатында
оның атын көшеге, не болмаса бір
әлеуметтік нысанға беру туралы
ұсыныстар да айтылды. Қособадан
Жымпитыға жеткенше «Оралбек
батыр есімін Жымпитыдағы дене
шынықтыру-сауықтыру кешеніне
берсе, қалай болар екен?» деген
оймен келдім...
Достарыңызбен бөлісу: |