Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет36/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
Байланысты:


4.2. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ
Көпұлттылық пен көптілділік қазіргі барлық мемлекеттер 
үшін, көбінесе, көші-қон арқылы дамып отырған заманауи үрдіс 
болып табылады. Төмендегі мысалдарды қарастырайық:
ІV ТАРАУ. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ. 
КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК. МӘДЕНИ ӘРАЛУАНДЫҚ


86
87
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Бельгияда (халқы шамамен 11,5 миллион адам) голланд, неміс 
және француз тілдері – ресми тілдер болып табылады. Бельгия 
халқының шамамен 60% -ы голланд тілінде сөйлейді (көбінесе 
бұл тіл фламанд тілі деп аталады), ал халықтың 40% -ы француз 
тілінде сөйлейді. Француз тілінде сөйлейтін бельгиялықтарды 
валлондар деп атайды. Неміс тілді қауымдастықта бельгия азамат-
тарының 73000-ы неміс тілінде сөйлейді. 
Швейцарияда (халқы 8.57 миллион) неміс, француз, ита-
льян, романш тілдері – ресми мемлекеттік тілдер болып табы-
лады. 2017 жылы Швейцария халқының 62,6%-ы неміс тілінде,
22,9%-ы француз тілінде, 8,2%-ы итальян және 0,5% романш 
тілдерінде сөйледі. Романш тілінде шамамен 50 мың адам сөй-
лейді. Швейцариялықтар үшін неміс тілі – бұл ерекше нұсқа – 
швицертютш. Бизнес саласында, мемлекеттік басқару саласында 
неміс тілі көбінесе әдеби тіл ретінде қолданылса, швицертютш 
бұл салада сирегірек қолданылады, ал француз тілі Швейцария-
ның оңтүстік-батысында жиі қолданылады. Негізінде, елде төрт 
ұлттық тіл болғандықтан, білім беру саясаты әр адамның екі неме-
се үш тілді жетік меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған.
Германия – Еуропалық Одақтағы ең халқы көп ел (83 милли-
он). Неміс тілі – Германияның ресми және басым сөйленетін тілі. 
Ең көп қолданылатын иммигранттардың тілдері: түрік, араб, күрд, 
поляк, балкан және орыс тілдері. Неміс халқы әдетте көп тілді: 
Германия азаматтарының 67% -ы кем дегенде бір шет тілін және 
27% -ы кем дегенде екі шет тілдерін меңгерген. 
Испанияда (халқы 46,733,038 миллионнан астам) ресми тілі – 
испан тілі. Испания заңды түрде көптілді мемлекет. Испан тілімен 
қатар басқа ресми тілдер қатарына каталан, гали, баск және окси-
тан тілдері кіреді. Испандықтардың 74%-ы испан тілінде, каталан 
тілінде 17%-ы, гали тілінде 7%-ы және баск тілінде барлық испан-
дықтардың 2% сөйлейді. 
Еуропадағы ең кішкентай елдердің бірі Эстонияда, эстондар – 
68%, орыстар – 25%, украиндар – 2%, белорустар – 1,3%, финдер 
шамамен 1%, қалған 1%-дан азы – латыштар, литвалықтар, еврей-
лер, немістер, татарлар, поляктар және т.б. құрайды.
Люксембургте 590 667 мың (2017ж.) тұрғынның 360 мыңынан 
астамы ресми мемлекеттік люксембург тілінде сөйлейді, ресми 
іскерлік сала француз және неміс тілдерінде жүреді, француз 
тілінің рөлі басымдық танытады. 2009 жылы жүргізілген сауална-
маға сәйкес, тұрғындардың көпшілігі француз тілінде (99%), одан 
кейін люксембург тілінде (82%), неміс (81%) және ағылшын тіл-
дерінде (72%) сөйлейді. 
Нидерландыда (халқы 17,424,978 миллионнан астам) голланд 
тілі – ресми тіл. Фризландияда фриз тілінде 400 мың адам сөйлей-
ді, сонымен бірге фриз тілі Германияда да қолданылады. Нидер-
ландыда шет тілдерін үйрену үрдісі жолға қойылған, жалпы ха-
лықтың 90% - 93%-ы аралығында ағылшын, 71%-ы неміс, 29%-ы 
француз және 5%-ы испан тілінде сөйлесе алады.
Финляндияда (халқы 5.513 миллионнан астам адам (2018) 
1919 жылдан бастап ресми тілдер – фин және швед тілдері, фин 
тілі – бұл халықтың 89%-ы сөйлейтін тіл, швед тілі – халықтың 
5,3%-ы қолданатын тіл. Сами тілінде 5,700 адам сөйлейді.
1998 жылы Португалияда (халқы 10.29 миллионнан астам 
адам (2018) мирандезе тілі екінші ресми тіл болып жарияланды. 
Бұл тілде елдің Испаниямен шекаралас солтүстігінде шамамен 
15000 адам сөйлейді.
Индонезияда (халқының саны 264 миллион (2017) 300-ге 
жуық ұлт тұрады. Олардың негізгілері – явандықтар, сундан-
дықтар, мадурлықтар, малайлықтар. Елде 400-ге жуық тілдер мен 
диалектілер бар, ал ресми тілі - индонезия тілі.
Филиппин, Филиппин Республикасы (халқының саны 
104.9 миллион (2017) – 7100 аралдан тұрады. Елдің негізгі халқы 
– бисайлықар (35%), тагалогтар (25%), сонымен қатар биколь-
дықтар және бірқатар басқа ұлт өкілдері. Филиппинде 90 жуық 
тіл бар. Ресми тілі – тагалог тілі. Халықаралық қарым-қатынас 
тілдері – ағылшын, испан және тагалог, сонымен қатар бірқа-
тар жергілікті аймақтық тілдер де бар (илокан, себуан және т.б.).
ХХ ғасырдың басында, америкалық оккупацияның басталуына 
дейін, ресми тілдің рөлін испан тілі атқарған.
ІV ТАРАУ. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ. 
КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК. МӘДЕНИ ӘРАЛУАНДЫҚ


88
89
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Угандада (халқының саны 45.74 миллион (2019) суахили тілі 
күнделікті өмірде қолданылады, араб тілі мұсылман қауымдас- 
тықтарының тілі ретінде қызмет етеді. Негізгі қарым-қатынас 
ағылшын, ганда және суахили тілдерінде жүзеге асырылады, со-
лай бола тұра ағылшын тілі – сот, іскери және ресми қарым-қаты-
нас, жоғары білім алу тілі болып саналады.
Осылайша, аталған тенденциялар барлық елдерге тән. Осыған 
қоса, Азия мен Африкадан келген миллиондаған иммигранттар 
Батыс Еуропаның барлық елдерінде тұратындығын айта кеткен 
жөн.
2-ші кестеде Қазақстанда 1999 жылғы дерек бойынша соңғы 
30 жыл ішіндегі этникалық халықтар мен олардың өзгеру динами-
касы берілген [66].
2-кесте. Қазақстан Республикасындағы
ең ірі этникалық топтардың динамикасы (1970-1999)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет