72
73
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Сыртқы шеңберде (The Outer Circle) ағылшын тілі ерек-
ше мәртебеге ие елдер кіреді. Бұл елдерде ағылшын тілі екінші тіл
ретінде оқылады және lingua franca ретінде қолданылады: Сингапур,
Индия, Малайзия, Филиппин және одан да басқа 50-ден астам ел-
дер жатады. Бұл шеңбер бұрын ағылшын тілді халықтарға тәуелді
болған елдерден тұрады. Бұл аймақтарда
ағылшын тілі жергілікті
және байырғы тіл емес, осы елдер үшін сырттан әкелінген тіл. Мұн-
дай елдердегі тілдік жағдай екі модель бойынша дамыды. Мысалы,
Нигерия мен Үндістанда халықтың аз ғана жоғары білімді пайызы
оны қарым-қатынас жасау үшін қолданатын болғандықтан, ағылшын
тілі – қоғамда тек элитаның тілі. Барбадос, Ямайка елдері сияқты құл
саудасы болған аймақтарда ағылшын тілінің жаңа формалары мен
нұсқалары, пиджин және креол тілдері осылай пайда болды. Сыртқы
шеңбердегі елдер тұрғындарының жалпы саны 150 миллионнан 300
миллионға дейін жетеді. Сыртқы шеңберге қатысты елдерде ағыл-
шын тілінің нормалары өзгеріп, жергілікті тілге бейімделу үдерісі
жүруде.
Кеңейтілетін шеңберге (The Expanding Circle) ағылшын тілі шет
тілі ретінде оқытылатын елдер кіреді: орталық және шығыс Еуропа
елдері, Қытай, Жапония, Израиль, Грекия, Ресей, Қазақстан және
басқа елдер. Бұл шеңберге тарихи не білгілі бір саяси және т.б. се-
бептермен ағылшын тілінің таралуына қатысы жоқ елдер жатады.
Бұл аймақтарда ағылшын тілі тек
мәдениетаралық қарым-қаты-
нас құралы ретінде жаппай меңгерудің нәтижесі болып табылады,
жоғарыда аталған елдерде ағылшын тілінің ресми мәртебесі жоқ.
Шеңбер тұрғындарының саны алдыңғы екі шеңбер санынан жоға-
ры және есептеу қиынға соғады. Себебі бұл мемлекеттердің барлық
азаматтары ағылшын тілінде сөйлей алмайды, көбінесе тіл бизнесте
тек қарым-қатынас құралы қызметін атқарады. Мәліметтерге сүйен-
сек, бұл шеңбердегі елдердің халықтарының саны 100 миллион мен
1 миллиардтан астам адамды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: