Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


ПИДЖИН, КРЕОЛ ЖӘНЕ ГИБРИДТІК ТІЛДЕР



Pdf көрінісі
бет32/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67
Байланысты:


3.6. ПИДЖИН, КРЕОЛ ЖӘНЕ ГИБРИДТІК ТІЛДЕР: 
DENGLISH, HINGLISH, SPANGLISH
Әлемнің әр түпкірінде глокализация үрдісінің әсері қа-
рым-қатнас тілдері ретінде пиджин және креол тілдерінің, сон-
дай-ақ нақты мәртебесі анық емес гибридтік тілдердің (мысалы, 
Denglish, Hinglish, Spanglish т.б.) пайда болуымен сипатталады. 
Мұндай тілдер «ағылшын тілі әлемінен» шеткері орналасқан, 
өйткені бұл тілдер ағылшын тілімен тікелей байланысқа түскен 
басқа тілдерден ерекшеленеді. Олардың ағылшын тілінен айыр-
машылық деңгейі де әртүрлі болады.
де грек, көне француз, португал, окситан, испан, араб және түрік 
тілдерінен алынған кірме сөздер басым болды. 
Lingua Franca-да (арнайы тіл) lingua португал және итальян 
тілдерінде «тіл» дегенді білдіреді, ал Franca гректің phrankoi 
және араб тілінің faranji сөзімен де астарлас. Franca-ның тура 
мағынасы «франктердің тілі» деп аударылады. Кейінгі Византия 
империясы кезінде «франктар» деп барлық Батыс Еуропа халқына 
қатысты айтылатын термин болатын. Кейіннен Lingua Franca тер-
минінің мағынасы өзгеріп, ол пиджиндер, креолдар сияқты жер-
гілікті тілдердің барлық түрлеріне қолданатын жиынтық термин 
ретінде қолданылды. Мағынаның бұлай ауысуына себеп болған 
Америка, Африка және Азия құрлықтарын Еуропаның отарлауы-
на байланысты пиджин тілдерінің тек 16 ғасырдан бастап таны-
мал болуында деген пікірге негізделді. Осы уақыт аралығында 
пиджин тілдерін ортақ бір терминмен атауға қажеттілік туындады, 
сонымен бұл терминның пиджин тілдерінің үлкен тобын қамти-
тын жалқы зат есімнен жалпы зат есім болып, мағынасы өзгерді. 
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ


76
77
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Көмекші делдал тіл ретінде қолданылатын пиджиндер этно-
саралық қатынас құралы ретінде тілдік байланыстар нәтижесінде 
пайда болды, олардың әлеуметтік және коммуникативті функция-
лары шектеулі және бұл тілдер өз сөйлермендері үшін туған тіл 
емес. Пиджиндер, әдетте, әлеуметтік тең емес тілдер ара қатына-
сынан, көбінесе жоғары әлеуметтік мәртебеге ие еуропалық тілдер 
мен беделі төмен жергілікті тілдер арасында пайда болған. Қазіргі 
уақытта ағылшын тілі негізінде қалыптасқан оннан астам пид-
жин тілдер бар: Ghanaian Pidgin English, Togolese Pidgin English, 
Micronesian Pidgin, English New Caledonian Pidgin English, Fulani 
Pidgin English және т.б.
Уақыт өте келе пиджиндер белгілі бір ортадағы қарым-
қатынас жасаудың негізгі құралы бола отырып, өз функцияларын 
кеңейтеді. Бұл жағдайда пиджин креол тілінің мәртебесіне ие бо-
лады. Бұл процесс нативизация немесе пиджиндік креолизация 
деп аталады. Ағылшын тіліндегі пиджиндердің негізінде пайда 
болған креол тілдерінің мысалдарына мына тілдер жатады: Джу-
ка, Сранан Тонго және Сарамакка (Суринам), Ягвататак (Ямайка), 
Крио (Сьерра-Леоне, Гамбия және Экваторлық Гвинея), Ток-Пи-
син (Папуа Жаңа Гвинея). Тәуелсіз тіл мәртебесін ала отырып
креол тілдері сөйлеушілердің этникалық бірегейлік құралына ай-
налады және жаңа этникалық қауымдастықтардың қалыптасуына 
ықпал етеді.
Камерунда ерекше тілдік жағдаят қалыптасқан. Орталық Аф-
риканың батыс бөлігінде орналасқан бұл республикада 280-тен 
астам тіл бар. Бұл елдегі негізгі ресми тілдер – ағылшын және 
француз тілдері, кейбір зиялы тұрғындар ағылшын, ал кейбіреу- 
лері француз тілінде сөйлейді. Сонымен, елде ұлтаралық қа-
рым-қатынас үшін бірыңғай делдалдық тіл жоқ, алайда бұл рөл 
үшін жергілікті тілдердің бірін ұсыну ұлтаралық шиеленістің 
өсуіне алып келеді. Бұл ретте тіл мамандары мен қоғам қайрат-
керлері жалпыға ортақ мемлекеттік тілдің рөлі үшін «этникалық 
бейтарап» ағылшын пиджинін ұсынады, Камерунда ағылшын 
пиджині этносаралық қарым-қатынас үшін күнделікті ауызекі тіл-
де, саудада, радиода қолданылады, бұл пиджинде көркем әдеби-
ет пен түрлі әндер жазылған; оның үстіне қала тұрғындарының 
біразы үшін бұл – ана тілі. Камерун пиджинінің өте қарапайым 
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
грамматикасы да бұл тілдің рөлін арттырады. Алайда, пиджиннің 
өз ішінде өзгеруі кейбір мәселелерді тудырады. Сондықтан, ағыл-
шын тіліндегі пиджин интегративті функцияны орындау үшін ол 
стандарттау және кодификация үдерістерінен өтуі керек [57].
Егер креол тілдері толыққанды тілдер болып саналса, онда 
төменде талқыланатын гибридтік түзілімдер мұндай мәртебеге 
ие емес. Бұлар – Германиядағы Denglish, Франциядағы Franglais, 
Мексика мен АҚШ шекарасындағы Spanglish, Үндістандағы 
Hinglish, Филиппиндегі Taglish т.б. Олар сонымен қатар ағыл-
шын тілінің аймақтық нұсқалары туралы жазған Б.Качрудың үш 
шеңберіне де сәйкес келмейді, олардың стандартты ағылшын тілі-
нен ерекшеленетін айырмашылықтарының болуына қарамастан, 
ағылшын тілінің түрлері болып қала береді. Қарастырылып отыр-
ған тілдер – ағылшын тілінің басқа тілмен кіріккен гибридтік тіл-
дік түзілімдері. Бұл тілдердің табиғаты гетерогенді, яғни әртекті. 
Сонымен, Франциядағы Franglais француз тілінің ағылшын тілі 
сөздерімен «шұбарлануын» білдіреді. Franglais-тің типтік мысал-
дарына кодтарды алмастыру жатады: Je care pas (I do not care);
Je suis tired (I am tired); Je vais driver downtown (I’m going to drive 
downtown) [58, 102 б.]. 
Franglais терминін алғаш рет Р. Этамбл қолданған. Францияда 
Franglais француз тіліне шамадан тыс кірме сөздер қосқаны үшін 
сынға ұшырады. Француздар бұл құбылысқа өте сезімталдықпен 
қарайды, Францияда ағылшын тілі ауызекі тілде қолданыста бол-
са да, оның үстемдігіне саяси деңгейде қатты қарсылық бар.
Германиядағы Denglish термині неміс тілі сөйлеушілерінің өз 
тілінде ағылшын сөздерін шамадан тыс қосып қолдануынан пай-
да болған. Ағылшын тілінің неміс тіліне әсері, әсіресе, маркетинг, 
бизнес және жарнама терминдерінде айқын көрінеді. Көбінесе бұл 
неміс тілінде грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлемдерге енетін 
ағылшын сөздерінің қолданылуына қатысты, бірақ кейбір жағдай-
ларда олар грамматикалық құрылымдар және тыныс белгілерінде 
де кездеседі (мысалы, неміс сөздерін тәуелдеу үшін ‘s қосады, бұл 
құбылыс Deppenapostroph – ақымақ апостроф деп аталады). Сөй-
леушілер ағылшын тілі сөздерін жиі қолданады (der Dressman – киім 
көрсететін ер адам, der Talkmaster – ток-шоу жүргізушісі).


78
79
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Ал Hinglish тілінде сөйлейтін негізінен ағылшын тілін (оның 
классикалық ағылшын немесе америкалық нұсқасын, я болмаса 
аймақтық үнділік ағылшын нұсқасын да) жетік білмейтін Үн-
дістанның қала тұрғындары болып табылады. Hinglish терминін 
бір жақты түсіну қиын, себебі ол хинди тілінің сөздерімен ара-
ласқан ағылшынша сөйлесімге де, ағылшын тілі сөздерімен шұ-
барланған хинди тіліне де қатысты. 
Әрине, бұл Hinglish түрлері бір-бірінен түбегейлі ерекше-
ленеді, оларды кейде Hinglish А (ағылшын тілі қосылған хинди) 
және Hinglish B (хинди араласқан ағылшын) деп атайды. Hinglish 
А тілін тек хинди тілін жақсы білетін адам түсінеді. Мәселен, 
«She was bhunno-ing the masala-s jub phone ki ghuntee bugee» де-
ген сөйлем «She was frying the spices when the phone rang» дегенді 
білдіреді. Hinglish зерттеушілері Үндістанда екі тілділік деңгейі 
айтарлықтай көтерілген деп санайды, алайда үндістердің қалың 
бұқарасы үнділік ағылшын тілінде емес, онша беделі жоқ Hinglish 
тілінде сөйлейді. Сонымен, кейбір мәліметтер бойынша, Hinglish 
тілінде сөйлейтіндердің саны 350 миллион адамға жетеді. 
АҚШ-тағы Spanglish – бұл испантілді мексикалықтар және 
латынамерикалық иммигранттардың күнделікті ауызекі тілде 
кеңінен қолданатын арнайы білім алмаған қалалықтардың ауыз-
екі тілі. Hinglish сияқты, Spanglish те біртекті емес, оған ағылшын 
және испан тілдерінің ерекшеліктерін, әртүрлі үйлесімдерді бірік-
тіретін тұтас диалектілер тобы енеді. Бұл өз ішінде мигранттардың 
АҚШ-қа қайдан келгеніне байланысты да айтарлықтай өзгереді. 
Иммигранттар өздерінің жерлестері тұратын аудандарда тұруға 
тырысады, бұл тығыз қоныстану Spanglish-тің пайда болуы мен 
таралуына қолайлы анклав құрылуына ықпал етеді, Spanglish өз 
кезегінде Нью-Йорктің ағылшын және испан тілдерінен кейінгі 
үшінші «тілі» болып табылады. Бұл әсіресе жастар арасында кеңі-
нен танымал. Бір қызығы, көптеген испан тілділер испан немесе 
ағылшын тілдерінде сөйлейді, кейде тіпті екі тілде де сөйлесе ала-
ды [59, 75 б.].
Spanglish тіліне деген көзқарас біркелкі емес. Кастилиялық 
испан тілділер Spanglish тіліне теріс пікір танытуда. Солтүстік 
Америкалық испан академиясының президенті Spanglish тілін екі 
тілдің ұнамсыз және жалған «араласуы» деп атады, және де бұл 
ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
тіл испандық америкалықтардың мәдени деңгейі көтерілгеннен 
кейін жоғалатындығын атап өтеді [60]. Spanglish тіл мәртебесін 
талап ете алмайды, жарамсыз жаргон болып қалады деген пікір 
көпшілік арасында қалыптасуда. Алайда, Spanglish тіліне деген 
теріс көзқарас болса да, бұл тілді миллиондаған АҚШ тұрғында-
ры белсенді қолдануда. Сонымен қатар, бұл тілде әдеби туынды-
лар (романдар, өмірбаяндар, өлеңдер) жазылып, «Spanglish» Аме-
риканың музыкалық мәдениетіне енуде.
Филиппинде тагалог және ағылшын тілдерінен шыққан 
Taglish (Englog деп те аталады) тарады. Taglish сөйлеу тілі тагалог 
тілінің грамматикалық ережелеріне бағынып, сол тілдің зат есім-
дері мен етістіктерін қолданады. Мысалы, «Please, call the driver» 
сөйлемі Taglish тілінде «Pakí-call ang driver» болса; «Have you 
finished your homework?» сөйлемі «Finished na ba yung homework 
mo?», «Could you explain it to me?» сөйлемі «Paki-explain mo sa 
akin» болып өзгереді. Лингвистер гибридті тілдердің табиғатын 
айтарлықтай әркелкі түсіндіреді, кейбір авторлар оларды жаргон, 
пиджин, макарон сөйлесімі ретінде қарастырса, басқалары олар-
ды қалыптасу процесінде деп, мәдени байланыс пен өркениеттер 
тоғысуындағы толыққанды тілдер ретінде қарастырады.
Осылайша, жаһандану глокализацияға айналады және бұл 
үдеріс ағылшын тілінің әртараптануына және гибридті тілдердің 
қалыптасуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет