Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


ІV ТАРАУ. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет34/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Байланысты:


ІV ТАРАУ. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ. 
КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК. МӘДЕНИ ӘРАЛУАНДЫҚ
Тарауда қарастыратын ұғымдар мен терминдер: 
Автохтондар – кез-келген елді мекеннің байырғы халқы.
Аборигендер – жаңадан көшіп келушілермен салыстырғанда 
кез-келген елдің, елді-мекеннің байырғы тұрғындары.
Босқындар – апаттан (соғыс, аштық, табиғи және т.б.) қашып, 
тұрғылықты жерін тастап кеткен адам.
Миграция – халықтың қоныс аударуы, қозғалысы; халықтың 
ел ішіндегі ішкі көші-қоны; халықтың бір елден екінші елге 
қозғалысы, сыртқы көші-қоны.
Оралмандар – өзге мемлекеттің аумағында тұрған қазақ ұл-
тының ұрпақтары, егемендік алғаннан кейін Қазақстан жеріне 
тұрғылықты тұру мақсатымен келгендер.
Репатриация – әскери тұтқындарды, босқындарды, эмигрант-
тарды туған еліне қайтару.
Иммигрант – басқа елге тұрақты немесе ұзақ мерзімге тұруға 
келген шетелдік. Бұл сөз im- «ішінде, ішіне» префиксі арқылы 
жасалады: immigrate - ішке ену, ауысу.
Эмигрант – бұл отанынан басқа елге саяси, экономикалық не-
месе басқа себептермен көшкен адам. Иммигрант және эми-
грант сөздерінің мағынасында «ресми түрде басқа елде тұру 
құқығын алған адам» деген семантикалық рең бар.
Ирридент – шет мемлекеттерде тұрса да, өз атамекендерінде 
тұрып жатқан этностық топ өкілдері. 
Көпмәдениеттілік – позитивті әлеуметтік құбылыс. Бұл 
қоғамның дамуына оң жағдай жасайды. Бұл этникалық 
қақтығыстардың дамуына жол бермейді және адамдар арасын-
да өзара сенімділік, түсіністік орнатады.
ІV ТАРАУ. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ. 
КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК. МӘДЕНИ ӘРАЛУАНДЫҚ


82
83
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
4.1. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН
ХХІ ғасырда адамдардың бір елден екінші елге жаппай қоныс 
аударуы негізгі этноәлеуметтік үрдіске айналуда. Қазіргі мемле-
кеттердің басым көпшілігі, белгілі бір дәрежеде, әртүрлі этника-
лық элементтерден, шоғырлардан, қауымдастықтардан, топтар-
дан тұрады, ал олардың қолданатын тілдеріне интерференция, 
тілдердің өзара әсері және қос тілділік, кей елдерге көптілділік
құбылыстары тән болып отыр.
Миграцияның тарихына үңілетін болсақ, әлемдік миграция-
ның басталған уақыты деп негізінен XVI ғасырды айта аламыз. 
Батыс капитализмнің техникалық және экономикалық жаңалық- 
тарынан кейін жедел түрде өскен шикізат пен тауарлар айналы-
мы оларды әлемге сату қажеттілігін тудырған болатын. Алдымен 
мұхитты кесіп өту арқылы жүретін сауда жолдары пайда болып, 
кейіннен әуе жолдары да алғаш қолданысқа енген еді. Ал қазіргі 
жаһандану кезеңінде әлемдік шекаралар бұрынғыдай «өте берік» 
деуге келмейді, адамдардың қозғалыс еркіндігі, тек кейбір ерекше 
жағдайларға байланысты болмаса, негізінен, шектелмейді. Әрбір 
адамның заңмен қорғалған белгілі бір елден екіншісіне қоныс ау-
даруға құқығы бар. Алайда қазіргі таңдағы әлемде қалыптасқан 
халықаралық саяси, экономикалық жағдайларға байланысты 
әлемдік миграция асимметриялы түрде жүруде: мигранттардың 
басым бөлігі тұрақты түрде әлемнің бір бөлігінен екінші бір бөлі-
гіне ғана ағылуда. Бұл, өз кезегінде, мигранттар кризисін тудыра-
ды [61]. Әсіресе, соңғы онжылдықта көші-қон ағыны күрт өсті. 
Қазіргі көші-қон сипаты бойынша бұрынғыдан өзгеше. Бірінші-
ден, тілі ортақ халықтың бір елдің ішіндегі ірі қалаларға қоныс 
аударуы. Мұндай көші-қон әлемнің барлық елдерінде кеңінен 
таралған, олар диалектаралық шатасуға және біртұтас ұлттық 
тіл негізінде ауызша сөйлесімнің әртүрлі формаларының пайда 
болуына алып келеді. Екіншіден, жеке адамдардың, отбасылар-
дың жаңа жұмыс орнына шақыртылуына, жақсырақ жұмыс орын-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет