84
85
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
• отбасымен қосылу
мақсатында;
• бұрынғы тұрғылықты жеріне оралу, оның ішінде бас бос-
тандығынан айыру орындарынан босаған адамдардың қыл-
мыс жасағанға дейін Қазақстан Республикасының аумағында
тұрақты тұрған жеріне оралу мақсатында;
• өзінің тарихи отанына оралу мақсатында (оралмандар);
• Қазақстан Республикасының
азаматы болып табылатын
адаммен некеге отыруға байланысты келген адамдар [2].
Бұл
анықтамада «қоныс аударушы» сөзіне қоныс аударған неме-
се жаңа тұрғылықты жерге көшкен иммигрант терминінің
мағынасы сәйкеседі. Мигранттарды иммигранттардан ажыра-
татын басты белгі – елде тұруға ресми тіркелген құқығының
жоқтығы. Осылайша, қазақ тіліне аударылған мигрант сөзі,
ең алдымен, қоныс аударушы сөзінің синонимі ретінде пайда
болады.
Социолингвистикалық тұрғыдан қарастырып,
Қазақстан ау-
мағында иммигрант пен оралман сөздерінің аражігін ажыратуы-
мыз керек. Иммигрант кез келген ұлттың, діннің адамдары, әртүр-
лі тілдерде сөйлейтін, әртүрлі азаматтығы бар адамдар, олар түрлі
саяси партиялар мен қозғалыстардың жақтаушылары бола алады.
Кейбір тарихи жағдайларда байланысты отандастардың біраз
бөлігі әртүрлі елдерде қалып қалуы мүмкін – бұл жағдайға мысал
ретінде Қазақстаннан басқа тыс мемлекеттерде тұрып жатқан қа-
зақтарды, қазіргі жаңа Арменияға қатысты сырттағы армяндарды
атауға болады.
Оралман – жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз рек-
визициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат өзге де әрекет-
тер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және
азаматтығынан
айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты
тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт ада-
мы, сондай-ақ оның ұрпақтары [62]. «Оралман» атауы отанына
қайтқан сыртта жүрген қазақ репатрианттарды атау үшін пайда
болған жаңа термин, мағынасы бойынша бұл сөз мигрант, имми-
грант және эмигрантпен бір елден екінші елге «қоныс аударушы»
ретінде ортақ мағынасы сәйкес келгенімен,
аталған терминдер-
ден «оралман» сөзі «әлемнің әр жерінде қоныс тепкен қазақтың
«қазақ» болып қалуының бірден-бір куәсі – оның сақталған тілі
негізгі айырма факторы болып табылады. Бұған дәлел сол – оның
ана тілінің көптеген елдерде қазақ өмірінің негізгі төрт саласын-
да, атап айтқанда: тұрмыста, қоғамдық өмір мен көркем шығар-
машылық, ауыз әдебиеті саласында тиянақты қолданылуы»
[63, 8]. Демек, ата-жұртына оралған оралман басқа Қазақстанға
қоныстанушылардан қазақ тілін белгілі бір дәрежеде білуімен
ерекшеленеді. Олар тарихи Отанынан жүздеген, ондаған жылдар
бойы сырт жүрсе де, өзінің ұлттық мәдениетін сақтап, ұрпақтан
ұрпаққа жалғастырып, атадан балаға мирас етіп, этномәдени
мұраларының қалпын бұзбай келеді. Бүгінде отандастарымыздың
дәстүрлі мәдениетіндегі кейбір ұлттық нақыштағы дәстүріміз,
өнеріміз қазақ мәдениетінің кейбір ұмыт бола бастаған тұстарын
толықтырып, жандандыруда [64].
«Тіл – әрқашан белгілі
бір этностық генеологиясымен, аза-
маттық тарихымен, өмір сүрген ортасымен, қоғамдық даму
дәуірімен, материалдық және рухани мәдениетімен, шаруашылық
кәсіп түрлерімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен
тікелей байланыс-
ты», – дейді академик Ә. Қайдар [65, 66]. Осыған байланысты
атамекеніне қайтқан қазақтардың ауызекі сөйлеу тілінде тұрған
ортасының әсерінен тіл ерекшеліктерінің кездесуі заңды құбылыс
болып саналады. Олардың тілдік ерекшеліктерінің пайда болуына
әсер еткен төмендегідей үш факторды атап айтуға болады: бірін-
шісі – атамекеніндегі жергілікті тіл ерекшеліктерінің белгілері;
екіншісі – жергілікті қытай, ұйғыр, дүнген сияқты халықтармен
араласудың әсерінен болған кірме сөздер мен тілдік құбылыс-
тар; үшіншісі – басқа тілдік сөздердің бұл «сөйленіске» тікелей
емес, ұйғыр тілі арқылы жанама өтуі [63].
Достарыңызбен бөлісу: