2) Tay етегінде қысым 670 мм, ал ауа температурасы +8"C. Tay
шыңында температура -130C. Tay шыңындағы қысымды тап.
540 мм
760 мм
400 мм
320 мм
380 мм
17 г- 100%
10 г-X
Кентау қаласында жылдық
ылғалдану коэффициенті 0,4-ке тең
мөлшерін тап. 860 мм
705 мм
760 мм
Д) 650 мм
Е) 590 мм
жауын-шашын мөлшері 282 мм,
болса, жылдық буланушылық
+30 градус температурада 1m3 ауаның құрамында 9 г су буы бар.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын тап. 30%
96%
45%
Д) 10%
Е) 14%
+10 градус температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
50% болса, 6 м3 ауаның құрамында неше грамм су буы болады?
32 г
27 г
30 г
Д) 15г
Е) 8 г
6) Төмендегі кестеде 12 айдың орташа температуралары көрсетілген.
Осы арқылы жылдық орташа температураны жіне температураның
жылдық амплитудасын тап.
Айлар
Жылдық
орташа
температура
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
-29°
-18°
-6°
+1
+10°
+23°
+25°
+20°
+12°
+6°
-5°
-15°
9
Орташа температура +20C , жылдық амплитуда 540C
Орташа температура -20C , жылдық амплитуда 40C
Орташа температура +30C, жылдық амплитуда 40C
Д) Орташа температура -30C , жылдық амплитуда 540C
Е) Орташа температура +2,50C, жылдық амплитуда 540C
§3. Гидросфера қабаты бойынша есептер
§3.1. Мүхиттың тереңдігін анықтау
Мұхиттың тереңдігін анықтайтын құралды
эхолот деп атайды. Эхолот арқылы кемеден мұхит
түбіне қарай дыбыс толқындары жіберіледі.
Жіберілген дыбыстың жаңғырық түрінде қайта
келу уақытын есептеу арқылы мүхиттың тереңдігі
анықталады.
Мұхиттың тереңдігін анықтау үшін, дыбыс
толқындарының судағы жылдамдығын білу керек.
Ол секундына 1500 метрді құрайды (1500 м/с).
мысал: Кемеден эхолот арқылы жіберілген дыбыс 8 секундтан кейін
жаңғырық түрінде қайтып келсе, мүхиттың тереңдігін тап.
Шешу жолы: Дыбыс толқындары 8 секундтан кейін жаңғырық түрінде кемеге қайтып
келсе, демек, дыбыс толқындарының мүхит түбіне дейін жетуіне осы уақыттың
жартысы кетті. Ол 4 секундқа тең. Енді осы 4 секунд уақытты дыбыстың
жылдамдығына көбейтеміз, сол кезде дыбыстың жүріп өткен жолының
ұзындығы, яғни, мүхиттың тереңдігі белгілі болады:
4 с × 1500 м/с = 6000 м Жауабы: Мұхиттың тереңдігі 6000 метрге тең.
мысал: Кемеден эхолот арқылы жіберілген дыбыс 3,5 секунд ішінде
мұхит түбіне жетті. Мұхиттың тереңдігін тап.
Шешу жолы: Бүл есепте мән беретін нәрсе, дыбыс толқындарының мұхит түбіне жететін
уақыты бірден белгілі болып түр. Демек, сол 3,5 секундты бірден дыбыстың
судағы жылдамдығына көбейтеміз:
3,5 с × 1500 м/с = 5250 м Жауабы: Мұхит тереңдігі 5250 метрге тең.
§3.2. Судың тұздылығын анықтау
Судың туздылығы дегеніміз - су
құрамындағы туздың мөлшері, ол промилле
(‰) арқылы өлшенеді.
Дүниежүзілік мұхиттың орташа
тұздылығы 35 промилле (%о). Демек,
Дүниежүзілік мұхиттың 1 л суында 35 г тұз
бар, ал 1 тонна суында 35 кг тұз бар.
процент % - 100-ден 1 бөлігі промилле %о - 1000-нан 1
бөлігі
7 m3 = 1 тонна = 1000 литр
1 литр = 1000 грамм
1-мысал: Erep Өлі теңіздің орташа тұздылығы 270 промилле (‰) болса,
онда Өлі теңіздің 1 литр суында неше г тұз бар?
Шешу жолы: 1 литр суда 1000 г бар. Erep тұздылық 270 промилле (‰) болса, демек осы
1000 грамның 270 грамы тұз деген сез.
Жауабы: Өлі теңіздің 1 литр суында 270 грамм тұз бар.
2-мысал: Erep Атлант мұхитының тұздылығы 32 промилле (‰) болса,
онда Атлант мұхитынын, 3 м3 суында неше г тұз бар?
Шешу жолы: ші қадам: 1 м3 суда 1 тонна / 1000 литр су бар. Erep тұздылық 32
промилле (‰) болса, демек 1 тоннаның 32 килограмм тұз деген сөз.
ші қадам: 1м3 судағы тұз мөлшері 32 кг екені анықталды. Енді 3 м3 суда
неше кг тұз бар екенін табу үшін 32 кг-ды 3-ке көбейтеміз:
32 ×3 = 96 кг Жауабы: Атлант мұхитының 3 м3 суында 96 кг тұз бар.
§3.3. Өзен жүйесінің элементтері
§3.3.1. Өзеннің су шығынын, жылдық ағынын, ағысының
жылдамдығын есептеу
Өзеннің су шығыны дегеніміз - өзеннің
көлденең қимасы арқылы 1 секундта ағып өтетін
судың мөлшері (м3). Оны табу үшін өзеннің
көлденең қимасының ауданын өзен суының
жылдамдығына көбейту қажет.
Мысалы: Қызылорда қаласының маңында Сырдария өзенінің ені 80 м,
тереңдігі 4 м, өзен суының жылдамдығы 2,5 м/с болса, өзеннің су шығынын табу
үшін, алдымен өзеннің көлденең қимасының ауданын табамыз.
80 м х 4 м = 320 м2; 320 м2 х 2,5 м/с = 800 м3/с;
Демек, Сырдария өзенінің су шығыны 800 м3/с-қа тең, яғни өзеннің
көлденең қимасы арқылы 1 секундта 800 м3су ағып өтеді.
Өзеннің жылдық ағыны дегеніміз - өзеннің көлденең қимасы арқылы 1
жылда ағып өтетін су мөлшері.
Оны табу үшін өзеннің су шығынын 1 жылдағы секундтар санына
көбейтеміз.
1 жылда 31 536 000 секунд бар (3,15 х 107). 1-мысал: B өзенінің су шығыны 540 м3/с-қа тең болса, өзеннің жылдық
ағынын тап. Шешу жолы: Cy шығынын 1 жылдағы секундтар санына көбейтеміз:
540 m3∕c × 3,15 х 107c = 1701 х 107 м3 немесе 17 млрд м3 Жауабы: B өзенінің жылдық ағыны 17 млрд M3 - қа тең, яғни, B өзенінің
көлденең қимасы арқылы 1 жыл ішінде осынша мөлшерде су ағып өтеді.
Өзен ағысының жылдамдығын анықтау үшін, өзеннің су шығыны мен
өзеннің көлденең қимасының ауданы керек.
2-мысал: E өзенінің су шығыны 290 м3/с-қа тең, ал көлденең қимасының
ауданы 90 м2. Өзен ағысының жылдамдығын тап.
Шешу жолы: Өзен ағысының жылдамдығын анықтау үшін, су шығынын өзеннің
көлденең қимасының ауданына бөлеміз:
290 m3∕c (су шығыны)
Өзен ағысының жылдамдығы = 3,2 м/с; 90 м² (көлденең қиманың ауданы)
Жауабы: E өзенінің ағыс жылдамдығы 3,2 м/с-қа тең.
§3.3.2. Өзеннің еңістік деңгейін жне өзен торының жиілігін анықтау Табиғатта, су жоғарыдан төменге қарай ағады. Оның да әртүрлі деңгейлері
бар. Мысалы, кейбір өзендер биік таулардан бастау алады, сәйкесінше, өзеннің
еңістік деңгейі де жоғары болады, ал кейбір өзендер бастауын көлдерден немесе
аласа таулардан алады, ол өзендердің еңістік деңгейі де төмен болады.
Сонымен, өзеннің еңістік деңгейі - өзеннің түсу биіктігінің өзен
ұзындығына қатынасы.