Геграфиялық есептер Ұбт-ға дайындалуға арналған кітапша


Жауабы: Tay шыңында қысым 640 мм сынап бағанасына тең. 2-мысал



бет6/22
Дата15.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#122784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Өмірзақ Н Б Географиялық есептер

Жауабы: Tay шыңында қысым 640 мм сынап бағанасына тең.
2-мысал: Салыстырмалы биіктігі 2600 м тау шыңында атмосфералық
қысым 380 мм сынап бағанасына тең. Tay етегіндегі қысымды тап.
Шешу жолы:

  1. ші қадам: Tay шыңынан етегіне қарай 2600 м темен түскен кезде, қысым
    260 мм-ге (р 10 м сайын 1 мм-ге) артады.

  2. ші қадам: Tay шыңындағы қысым 380 мм, тау етегіне түскенде 260 мм-
    ге артса, демек, 380 мм-ге 260 мм-ді қосамыз. Сол кезде, тау етегіндегі қысым
    белгілі болады.

Жауабы: Tay етегіндегі қысым 740 мм сынап бағанасына тең.




§2.2. Aya температурасын анықтау


Күннен келетін энергия, ең алдымен, жердің беткі қабатын жылытады.
Жердің беткі қабатының жылынуы нәтижесінде, жерге жақын ауа қабаттары
біртіндеп жылына бастайды. Сол себепті, ауа температурасы жердің беткі
қабатынан жоғары көтерілген сайын төмендейді.
Әр 100 м биіктікке көтерілгенде, ауа температурасы 0,6 °С-қа төмендейді,
ал əp 1 000 м (1 км) биіктікке көтерілген сайын, температура 6 °С-қа төмендейді.
Мысалы, жер бетінде температура+16 0C болса, 100 м биіктікте температура
0,6 ()С-қа төмендеп, +15,4 0C болады. Ал, 1000 м биіктікке көтерілгенде,
температура 6 °С-қа төмендеп, +10 0C болып қалады.
1-мысал: 5500 м биіктікте ұшып келе жатқан ұшақ сыртындағы ауа
температурасы -30C. Жер бетіндегі ауа температурасын тап.
Шешу жолы:

  1. ші қадам: 5500 м биіктен жер бетіне дейін төмен түскенде, температура
    неше градусқа артатынын табу керек. Ол үшін 0,6°С-ты 55-ке көбейтеміз, себебі
    5500 метрде 55 жүздік бар. Сонда 33 0C болады.

  2. ші қадам: Енді ұшақтың сыртындағы -30C температураға 33 °С-ты
    қосамыз, себебі төмендеген сайын ауа температурасы артады. -30C+330C= +3OoC.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет